Мағжан ЖҰмабаев педагогика



Pdf көрінісі
бет69/76
Дата26.09.2023
өлшемі1.6 Mb.
#478693
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   76
мағжан жұмабаев педагогика

ҚАЙРАТ 
Б
із кітабымыздың басынан бері жан кѳріністерінен 
ақыл һәм ішкі сезім кѳріністерін баяндадық. Енді 
жан кѳріністерінің үшінші түрі қайратқа кѳшеміз.
Қайрат ұғымы. Біз ақыл кѳріністері арқылы сырт-
қы заттар туралы, яғни олардың ѳзі, ісі һәм күші ту-
ралы білім аламыз. Ішкі сезімдер арқылы жанымызда 
түрлі күйдің болғанын білеміз, һәм ол күйді жағымды 
не жағымсыз деп бағалаймыз. Ал енді жанымызда тағы 
бір күш, тағы бір кѳрініс бар. Жан бір нәрсені істеуге, 
болдыруға ұмтылады, яки істемеске, болдырмасқа ұм-
тылады. Және бұл ұмтылу соқыр ұмтылу емес, аңды, 
саналы ұмтылу. Міне, осы бір мақсатқа жету үшін 
жанның аңды ұмтылуы қайрат деп аталады. Әрине, 
жан құр ұмтылып қана қоймайды, сол ұмтылғанын 
болдыру үшін денені іске қосады. Жанның қайрат күші 
арқылы істелетін іс ерікті іс деп аталады. Ал енді адам-
ның қайрат қатыспай, еріксіз істейтін істері де болады. 
Мысалы:
1) Импульс ісі. Яғни кейбір істерді сырттан ешбір 
әсер болмай, белгілі бір мақсатсыз істейді. Мысалы, 
ұйқыдан оянғанда адам керіледі, созылады.


144
«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі
2) Рефлекс ісі. Яғни сыртқы бір әсерге адамның аңы 
қатыспай, денесінің ғана жауап беруі. Мысалы, кѳз-
ге бір затты жақындатсаң, кірпік жабылады, тоңсаң, 
дірілдейсің.
3) Соқыр сезім (инстинкт) ісі. Атадан қалған мұра 
бойынша адамның аңын қатыстырмай істейтін істері. 
Соқыр сезім адамның ѳзінің һәм тұқымының аман бо-
луына қызмет қылады. Мысалы, бала ешкім үйретпей, 
емшек емеді. Яки құс қыс жақындағанда жылы жаққа 
ұшып кетеді.
Ал енді адамның қайрат туғызған ісіне аң қатыспай 
болмайды. Мысалы, менің жазғым келсе, аңменен, ой-
менен қағаз алам, қалам алып, сияға малам һәм осылар 
сықылды басқа тиісті істер істеймін. Міне, бұл қайрат 
ісі. Қайраттың бет алысы екі жақ: жан кѳріністері һәм 
сыртқы дүние. Мысалы, мен қайрат жұмсап бір ойды 
еске түсіремін. Яки жерде жатқан бір нәрсені кѳтеру 
үшін еңкейем.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет