Магистранттың жеке жұмыс жоспары мұсабекова М. С



Дата03.01.2024
өлшемі2.87 Mb.
#488400
түріДиссертация
Мұсабекова отчет


МАГИСТРАНТТЫҢ ЖЕКЕ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
Мұсабекова М.С.
7М01501-Математика 1 курс магистранты
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ.
Ғылыми жетекшісі:профессор м.а., ғылым кандидаты Айтжанов С.Е.

Магистрлік диссертация тақырыбы:


Болашақ математика мұғалімдеріне дифференциалдық есептеулер теориясын оқыту әдістемесі.
Методика обучения теории дифференциальных исчислений будущих учителей математики.

Зерттеу өзектілігі: Дифференциал ұғымын естігенде жоғары оқу орнында оқитын студенттер, оның ішінде болашақ математика мұғалімдеріне оқып жатқан студенттер де үрейленіп жатады. Себебі, олар үшін дифференциалдық теңдеулер курсы математиканың қиын саласы болып көрінеді. Өз араларында: Дифференциалдық теңдеулер? Бұлар бізге не үшін керек? Бұларды қалай шығарамыз? – деген сияқты сұрақтар жиі қойылып жатады. Осыдан бұл курсты меңгеруде студенттерге қиыншылық тудыратынын көруге болады. Ол өз кезегінде болашақ математика мұғалімдеріне білім беруде, қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды пайдаланудың қажеттігіне алып келеді. Ақпараттық технологияларды пайдалануды меңгерген болашақ мұғалімнен жан-жақты дамыған, саналы оқушылар шығады. Сондықтан дифференциалдық теңдеулер курсында ақпараттық технологияларды пайдаланып оқыту арқылы, болашақ математика мұғалімдерінің қызығушылығын арттырып, тақырыпты жоғары деңгейде меңгерту.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері:

Мақсаты: Болашақ математика мұғалімдеріне дифференциалдық есептеулер теориясын оқытуда ақпараттық технологияларды пайдалануды зерттеу.


Міндеттері:
  • Болашақ математика мұғалімдеріне дифференциалдық есептеулер теориясы туралы жалпы түсінік беру.
  • Дифференциалдық теңдеулер курсында қолданылатын ақпараттық технологиялармен таныстырып, қолданылуын көрсету;
  • Болашақ математика мұғалімдеріне дифференциалдық теңдеулер курсын оқытуда дәстүрлі оқыту және ақпараттық технологияларды пайдаланып оқыту бойынша зерттеу жүргізу;
  • Зерттеудің нәтижелерін саралап, қорытынды шығару.


Kuppalapalle Vajravelu- Innovative Strategies for Learning and Teaching of Large Differential Equations Classes (Үлкен дифференциалдық теңдеулер кластарын оқу мен оқытудың инновациялық стратегиялары) мақаласында математика сабақтарында оқушылардың үлгерімі мен есте сақтауын жақсартуда инновациялық тепхнологияларды пайдаланатын тәсілдердің қажеттігі айтылады. Баршамызға белгілі, дифференциалдық теңдеулерді
түсінуде оқушыларға қиындықтар туындайтындығы, және ол өз кезегінде заман талабына сай ақпараттық технологияларды пайдаланып оқыту әдісінің қажеттігін алға қояды. Ең бастысы, студенттерді пәнге қызықтыратын және олардың түсінігі мен пайымдауын арттыратын әдістің қажеттігі туралы айтылады. Бұл мақалады дифференциалды теғдеулерді оқытуда Canvas, WileyPlus бағдарламаларын пайдаланып оқытқан, нәтижесінде студенттердің тақырыпты меңгеру үлгерімі 55%-дан 82%-ға өскендігі айтылады. Зерттеуде дәстүрлі аудиториялық әдістер (49 студентпен) және екіншісі ақпараттық технологияларды пайдаланып (112 студентпен) тәжірибе жүргізілген.
Әдеби шолу
БЕЗРУЧКО АННА СЕРГЕЕВНА - МЕТОДИКА ОБУЧЕНИЯ РЕШЕНИЮ ДИФФЕРЕНЦИАЛЬНЫХ УРАВНЕНИЙ БУДУЩИХ УЧИТЕЛЕЙ МАТЕМАТИКИ, ОСНОВАННАЯ НА ИСПОЛЬЗОВАНИИ ИНФОРМАЦИОННЫХ ТЕХНОЛОГИЙ. Бұл диссертациялық жұмыста дифференциалдық есептеулер курсын оқытуда Dfield, Pplane, Odesolve бағдарламаларын қолданып оқытқан, зерттеу 2011-2013 жылдар аралығында 35 студентке жүргізілген. Нәтижесі Вилкоксонның (Манна-Уитни) U-критерий арқылы бағаланған. Бағалаудың нәтижесі график арқылы берілген, онда ақпараттық технологияларды пайдаланып оқыту дәстүрлі оқытуға қарағанда жоғары нәтиже көрсеткендігін көруге болады.
Әдеби шолу
  • Осы әдеби шолудағы зерттеулерді негізге ала отырып, ақпараттық технологиялардың дифференциялық есептеулер курсында оқытуда алатын орны мен маңыздылығын ашу
  • Maple бағдарламасы арқылы Абай педагогикалық университеті немесе Қыздар педагогикалық университетінің бакалавр студенттеріне тәжірибе жүргізу
  • Зерттеу нәтижелерін бағалау, оң нәтиже берсе дифференциялық есептеулер курсын ақпараттық технологиялар арқылы оқыту әдістемесін жасау.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет