Макала ОҚО, Мақтаарал ауданы, Жетісай қаласы



Дата13.06.2016
өлшемі45.49 Kb.
#133956
макала

ОҚО, Мақтаарал ауданы, Жетісай қаласы

Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық – техникалық колледжінің биология пәнінің оқытушысы, педагогика ғылымының магистрі

Телходжаева Нұржамал Балтабайқызы

Оқушылардың бойына азаматтық – патриоттық тәрбиені қалыптастыру
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық дамуы барысында саяси – идеологиялық, мәдени тұрғыдан жаңаруына сай жас ұрпаққа отансүйгіштік тәрбие беру үкіметіміздің жаңа стратегиялық бағдарламасының басым бағыттарының бірі болып отыр.

Бүгінігі таңда ғасырлар қойнауында ұлттық тәрбиенің озық әрі өнегелі дәстүрін, асыл қасиеттерін оқушылардың бойында қалыптастыру, этнопедагогика мен этнопсихология материалдарын ұтымды пайдалану – аса маңызды міндеттердің бірі. Көп ұлтты Қазақстанның бүгінгі жаңару бағыты – жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтардан сусындаған, ұлттық дүниетанымы, мінез – құлқы қалыптасып, жан – жақты жетілген парасатты азаматтар тәрбиелеу.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде «біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндетіміз – Қазақстандық Отансүйгіштікке тәрбиелеу, әрбір азаматтың өзін- өзі айқын билеуін қалыптастыру. Шынайы Отансүйгіштікті, нағыз азаматтықты қалыптастыру жеке бастың өзін саяси тұрғыдан айқын сезінуін, өз Отанын саналы түрде таңдауын көздейді»,- делінген.

Қазіргі кезеңде ұстаздар қауымының алдына қойылатын міндет – жастарға рухани – адамгершілік тәрбие беру және осы мақсатта ұлтымыздың ұлы мұраларын жаңғырту, яғни ұлттық құндылықтарымызды басшылыққа алу.

Бүгінгі ғаламдастыру дәуірінде әл-Фараби бабамыз айтқандай, шәкірттерімізге білімнен бұрын тәрбие беру ұстаздардан терең білім мен тәрбиенің сан алуан қырын игеруді талап етеді. Ертеңгі күннің бүгінгіденде нұрлырақ болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға қарай жетелейтін күш тәрбие мен білім.

Халқымыз әрқашанда ұстаз мәртебесін көтеріп, аса жоғары қастерлеп, бағалаған. «Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға», «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады» деп айтқан ұлы Абай. Ал чехтің педагогы Я.А.Коменский: «Мұғалім мәнгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдыңдәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз жалын иесі» деп ұстаздар қауымын жоғары бағалаған.

Қазақстан Республикасының егеменді ел болуы жас ұрпақтың жан – жақты дамуын, дүниежүзілік алдыңғы қатардағы ақыл – ой мен тәжірибені өскелең өмір талабына жеткізуін, халқымыздың көп жылдар бойы тұншығып келген тілін, мәдениетін, тәлім - тәрбиесін жаңартуды талап етеді.Өмірде баланы тәрбиелеудің мазмұнын белгілеу жетекші орын алады.

Мектеп табалдырығын аттаған жас бала ертеңгі ел тұтқасы десек, оларды парасатты, саналы азамат етіп тәрбиелеу - әрбір ұстаздың борышы. Бүгінгі мұғалім кіші мектеп оқушыларына тек білім беріп қана қоймай, оларды халықтық педагогиканың нәрлі қайнарымен сусындату, әрбір оқушы бойында ұлттық мінез – құлық, адамгершілік, сыпайылық пен кішіпейілділік қасиеттерін қалыптастыруға, баланың жан дүниесін рухани қазыналарымен байытуға, қазақ халқының әдет – ғұрпын, салт – дәстүрін меңгертуге тиіс.

Соңғы кезде қазақ мектебінің білім мазмұнының тұжырымдамасында тәлім - тәрбие мазмұнының негізгі сегіз жағы: азаматтық –патриоттық тәрбиесі, адамгершілік тәрбиесі, ақыл – ой тәрбиесі, дене тәрбиесі, еңбек тәрбиесі, эстетикалық тәрбиесі, экономикалық тәрбиесі, экологиялық тәрбиесі көрсетілген. Аталған тәрбие түрлерінің мақсаты дүниенің шындығын өз мәнінде танитын, эстетикалық сезімі, талғамы жоғары, іс - әрекетке жарамды, өзгелермен қарым – қатынас жасауға бейім, үлкенге ізет, кішіге қамқорлық жасайтын жастарды тәрбиелеу. Қазіргі кезде баланың бойында ұлттық намыс пен қайырымдылық сезімін қалыптастыру айырықша орын алады. Өйткені әрбір адам ана тілінде өз халқының тәлім – тәрбиесін алуы арқылы өзге ұлттың өкілі алдында өзінің дамығандығын көрсете алады. Бұл тәрбие саласындағы өзін - өзі дәріптеу емес, терезесі тең ұлт ретінде өзінің әдет – ғұрпын, салт – дәстүрін өзгелерге таныту, оның ықпалынан болған қасиеттерін мақтаныш ету.

Оқушылардың бойында азаматтық – патриоттық тәрбие үнемі жүргізіліп отыратын үздіксіз процесс. Қазақстанда тұратын әрбір азамат өзінің елін, жерін құрметтеп, сүюді бала – бақшада, мектеп қабырғасынан бастап үйренуі керек. Бүгінгі тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан – мектеп, ұстаз. Өйткені, ел болашағының кілті – бүгінгі жас ұрпақ қолында. Жас ұрпақтың тағдыры оларға білім мен тәрбие нұрын себуші ұстаздың қолында. Елбасы алдымызға бәсекелестікке қабілетті алдыңғы қатарлы 50 елдің құрамына кіру мақсатын қойды.

Біздің елімізде жастарды азаматтық, патриоттық тәрбиелеу қазіргі уақытта жастар саясаты бағдарламасы шеңберінде жүргізіледі. Патриоттық рухта тәрбиелеу – жастарды ерлікке, Отан сүйгіштікке, ар – намысты қорғауға, адамгершілікке уағыздайды. Осындай халықшылдық идея, елжандылық сезім жастардың жүрегінен терең орын алып, оларды белсенді іс - әрекетке баулиды. Оқушылар тәрбиесі ең алдымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нышандарын саяси және рухани жағынан пайымдаудан басталады. Бұл жастарды азаматтық өзіндік сана – сезімге, ұлттық нышандарды ар – намысын, борыш – парызым деп құрметтеуге үйретеді. Мемлекеттік нышандардың көмегімен азаматтарда еліне деген мақтаныш пен патриоттық сезім табандылықпен тәрбиелене түседі.

Қазақстан мемлекетінің тарихында болып жатқан түбегейлі әлеуметтік – экономикалық және саяси қайта құрулар қоғамдық сана мен қоғамның рухани өміріне үлкен өзгерістер алып келді. Патриотизм өз - өзінен қалыптаспайды, ол оқу – тәрбие үрдісінде мемлекеттік саясат негізінде жүргізілу керектіген бүгінгі заманның өзі талап етіп отыр. Қазақстандық патриотизм әр азамат өзін осы елдің төл басы, нағыз азаматы ретінде сезінгенде ғана қалыптасады. Патриотизм ұғымының мәніне үңілсек, патриотизм әлеуметтік – саяси феномен ретінде адамзат өркениеттің барлық кезінде пайда болып отырған. Тарихты парақтасақ, қазақ патриотизмі ерте кезден бастап қалыптасты.

Оқушылардың бойында азаматтық – патриоттық сана – сезім, іс -әрекет адам бойына өздігінен қалыптасатын қасиет емес екендігін, оның өзі білім мен тәрбие барысында Отанды ұлағаттау, халықтың төлтума мәдени – рухани әлеміне терең бойлау арқылы қалыптасатынын теория мен тәжірибе дәлелдеп келеді.

Патриоттық тәрбие берудегі жауапкершілікті неғұрлым терең сезініп, бар мүмкіндікті пайдаланып, шыныққан да шымыр отансүйгіш азаматтар даярлау ісінде тәрбие орталықтарының жұмысына үлкен талап қойылады, сонымен қатар жан – жақты білімді болуы шарт.

Тәрбие бағыттылығының дербес идеясы мұғалімнің балаға ерекше көңіл аударуын қажет етеді. Ол педагогикалық жұмыстың ең жоғары мақсаты. Сондықтан баланы зор ұқыптылықпен зерттеген жөн. Барлық тәрбие жұмысының барысында еске алатын басты тұлға – бала екендігін ұмытпауымыз қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстаның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде» Қазақстан халқына Жолдауы.

2. «Тәрбие құралы» журналы 2006 жылы №6 саны.

3. ҚР Білім туралы Заңы



4. А.Құсайынов Қазақстандағы патриоттық тәрбие берру идеологиясы мен мәні. Алматы, 2003ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет