Мамандғы: мейірбике ісі пән: информатика курс


Excel қосу. Жаңа жұмыс кітабын құру



бет3/5
Дата25.05.2024
өлшемі112.5 Kb.
#501832
түріСабақ
1   2   3   4   5
MS Excel кестелік процессор. Пайдаланушы интерфейсі. Блоктармен жұмыс

Excel қосу. Жаңа жұмыс кітабын құру.
Excel келесі меню көмегімен қосылады: Пуск - Программы - Microsoft Excel. Экранда стандартты Книга 1 атты жаңа жұмыс кітабы пайда болады.
Шаблон құру.
«Шаблон» файлы "Книга 1" файлының атын өзгерту арқылы жасалады. Excel-дің әрбір жұмыс кітабының бастапқы 3 беті болады. Шаблонға біреуі де жеткілікті. Сондықтан қалған екеуін алып тастау керек.
Кестені көріктілеу ету үшін әртүрлі форматтау (пішімдеу) элементтерін кіргізуге болады. Шрифтті және оның өлшемдерін өзгертуге болады, бұл мәтіндік мәліметтерге ғана емес, сандық мәліметтерге де жатады. Excel-дегі жұмыс кітабын ашқанда шрифт автоматты түрде Arial Cyr, ал өлшемі 10 болады.
Кестелерді құрудың негізгі ережелері.
Excel-де кестелерді құру жұмыс бетінде орындалады. Жұмыс кітабын ашқанда бірінші беттің А1 ұяшығы белсенді болады. Белсенді ұяшықтың баған мен жолдың тақырыпшаларының тізбегінен тұратын адресі формула жолының сол жағында – атөрісінде көрсетіледі.

Жұмыс кітабында әрқашанда ұяшыққа нұсқағыш болады. Ұяшықты белсенді ету үшін, оны шерту керек. Ұяшық нұсқағышын пернетақтаның көмегімен жылжыту үшін курсорды басқару пернелері қолданылады.
[Page Up] пернесін басқанда кестенің көрінетін бөлігі бір экранға жолдар нөмірлері азайған жаққа қарай көтеріледі, ал [Page Down] пернесін басқанда – кері жаққа көтереді. [Alt + Page Down] пернелер комбинациясын басқанда кестенің көрінетін бөлігі бағандар нөмірлерінің өсу жағына қарай ауысады.
Белгіленген ұяшықтар.
Ұяшықты белгілеу үшін тышқанмен шерту жеткілікті. Шерткен кезде тышқан нұсқағышы ашық түсті қасу белгісі түрінде пайда болуы қажет..
Ұяшыққа мәлімет еңгізу.
Ұяшықтын біреуіне мәлімет еңгізу үшін оны белгілеу қажет, және курсордың нұсқағышының пайдаболуын күтпестен пернетақтадан мәлімет еңгізуге болады. Жалпы электрондық кестенің мәтіндік редактордан айырмашылығы ұяшыққа мәліметті еңгізгеннен кейін бекіту керек. Сіз программаға нақты бір ұяшыққа мәліметті еңгізіп болғанынызды түсіндіру қажет. Мәләметтерді бекітудің бірнеше жолдары бар:
Enter батырмасын басу арқылы.
Тышқан батырмасымен басқа ұяшықты басу арқылы.
Пернетақтада орналасқан басқару батырмаларын қолдану арқылы.
Сонымен мәліметтерді ұяшыққа еңгізу ғана емес, оларды бекітуіміз қажет.


Формула жолы.
Ұяшыққа мәліметті еңгізгеннен кейін формула жолында үш функционалды батырмалар пайда болады:

– «Қайтару» командасын орындау үшін қызмет көрсетеді.


– «Енгізу» командасын орындау.
–формуа енгізуге мүмкіндік береді.


Жолдармен бағандарды белгілеу.
Бағанды толығымен белгілеу үшін баған тақырыбын тышқанмен шерту жнткілікті. Жолды толығымен белгілеу үшін жол тақырыбын тышқанмен шертеміз.
Ұяшық аралықтарын белгілеу.
Ұяшық аралықтарын екі жолмен белгілейміз:

  1. Тышқан көмегімен: тышқанның солжақ батырмасын басып тұрып, нұсқағышты ұяшықтың аралық шегінің жоғарғы көлденнен және оң жақ тігінен батырмасын басып отырып ұяшық аралықтарын көрші екі жағына кескін жүргізуге болады.

  2. Пернетақта көмегімен нұсқағыш батырмаларын қолдана отырып жоғарыдағыдай әдісті қолдануға болады.



Ұяшық мазмұның толықтыру.
Егер мәліметі бар ұяшықты белгілеп, және сол ұяшыққа пернетақтадан жаңа мәлімет енгізетін болсақ онда ұяшықта жаңа мәлімет қалып, соңғы мәлімет өшіріліп қалады.
Ұяшыққа мәліметтерді толықтырудың екі жолы бар:

  1. Ұяшыққа тышқанды екі рет шерту арқылы мазмұның редактірлеу режиміне түсуге болады. Бұл ұяшықта мәтіндік курсор пайда болады. Енді өзгерту енгізіп, мәліметтерді бекітуге болады.

  2. Ұяшықтың мазмұны Формула жолында қайталанады. Мәтіндік курсорды Формула жолында тышқанмен екі рет шерту арқалы орнатуға болады. Енді Формула жолына өзгертулер енгізуге болады. Содан кейін мәліметтердің қорытынды нұсқасын формула жолындағы жасыл белгісі бар «Енгізу» батырмасын басу арқылы бекіту қажет.

Егер мәтін ұзын стандартты жол бойымен болса, онда ұяшықтын толық мазмұның Формула жолында қарап шығуға болады. Ол үшін мазмұның көргініз келген ұяшықты белгілеп, Формула жолынан қарап шыға аласыз.
Сонымен, Формула жолының мүмкіндіктері:

  1. ұяшық мазмұнына өзгерістер енгізуге болады;

  2. Егер мәлімет толық көрінбесе, ұяшық мазмұның көріп шығуға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет