ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
География және табиғатты пайдалану факультеті
География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы
«5В090300 – Жерге орналастыру» мамандығы
MZ 3301 « Шаруашылық аралық жерге орналастыру» пәнінен
қорытынды емтихан бағдарламасы
АЛМАТЫ 2021
«5В090300 – Жерге орналастыру» мамандығы бойынша MZ 3301 « Шаруашылық аралық жерге орналастыру» пәнінен қорытынды емтихан бағдарламасын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының аға оқытушы Дабылова Б.Е. дайындады.
Бағдарлама география және табиғатты пайдалану факультетінің география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының мәжілісінде қарастырылды.
Хаттама № 7___ «09» 11.2021 ж.
Кафедра меңгерушісі ___________________ Г.Н. Нюсупова
ҚОРЫТЫНДЫ ЕМТИХАНДЫ ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕЛЕРІ МЕН ТҮРІНІҢ СИПАТТАМАСЫ
«5В090300 – Жерге орналастыру» мамандығы бойынша MZ 3301 « Шаруашылық аралық жерге орналастыру» пәнінен қорытынды бақылау (емтихан) тестілеу түрінде өткізіледі.
1. Қорытынды емтиханды өткізу ережелері пән бойынша тестілеу ұйымдастырылатын жүйеде орналастырылатын болады:
СДО Moodle жұйесіндегі, ПОӘК-дегі, «Пән бойынша қорытынды емтихан бағдарламасы» қосымша бетінде;
Ережелерді жүйеге жүктегеннен кейін, мессенджер чатында студенттерге «қорытынды емтиханды өткізу ережелерімен» қандай жүйеде танысуға болатындығы туралы хабарланады.
Чаттағы әр студент кестемен, ережелермен, прокторинг нұсқауларының талаптарымен танысқанын растауы керек.
Кесте бойынша жоспарланған күні студенттерге емтихан туралы еске салынады.
Достарыңызбен бөлісу: |