Машина шығару технологиясы пәнінен 5В071200 – «Машина жасау»


Механикалық өңдеудің технологиялық үрдісін жасау



бет4/8
Дата17.07.2016
өлшемі1.74 Mb.
#205237
1   2   3   4   5   6   7   8

4.15 Механикалық өңдеудің технологиялық үрдісін жасау

Технологиялық үрдісті жасаған кезде келесі қағидаларды ұстанады:

- ең алдымен келесі өңдеу кезінде негізгі болып табылатын беттерді өңдейді;

- одан кейін әдіптері ең үлкен беттерді өңдейді;

- технологиялық үрдістің басында көрінбейтін дефектерге (сызат, қаяу және т.б.) байланысты ақаулықтардың пайда болуын күтуге болатын операцияларды орындау қажет;

- беттердің бір-біріне қатысты (осьтілігі, перпендикулярлығы, параллельдігі және т.б.) орналасуының дәлдігімен және шақтамаларымен байланысты беттерді өңдеу;

- қара және таза жону өңдеулерін бір операцияда үйлестіруге болмайды;

- ең алдымен дәлдік талаптары аз қойылатын беттер, содан кейін жоғары дәлдік талаптары қойылатын беттер өңделеді;

- тасымалдау кезінде кездейсоқ зақымдауды азайту мақсатымен таза өңдеу жұмыстары технологиялық үрдістің соңында орындалады.

Термиялық өңдеу операциялары қара жону алдында, қара жонудан кейін және таза өңдеу операциялардың алдында өткізіледі.

Мысалы, шойыннан жасалған дайындамалар механикалық өңдеу алдында бет қабатының қаттылығын төмендету және өңдеуді жақсарту мақсатымен босаңдату өткізіледі.

Болаттан жасалған дайындамалар жақсартылады, осының нәтижесінде илемділік пен тұтқырлық жоғарлайды, болат кесумен жақсы өңделеді.

Әдіптің үлкен шамасы кесілетін қара операциялардан кейін дайындамалардың бетінде қақталма және ішкі кернеуді реттеу пайда болуы мүмкін. Бұл дайындаманың деформациясына әкеліп соқтырады, сондықтан ішкі кернеуді тұрақтандыру үшін және өңдеуді жақсарту үшін ескіруді, қалыптандыруды және жақсартуды қолданады.

Пайдаланушылық қасиетерді жоғарлату үшін термиялық операция – шынықтандыру орындалады.

Дайындама құрылымын және жасау технологиясының ерекшеліктерін ескере отырып, келесі операциялар енгізіледі: түзету, жуу, слесарлық және т.б.

Жасалған технологиялық үрдістің толық көрнекілігі үшін курстық жобаның графикалық бөлігінде орындау реті бойынша өңдеу эскиздері көрсетіледі. Мұнда операцияның нөмірі мен мазмұны, қолданылатын жабдық, беттердің кедір-бұдырлығы, базалау нүктелері мен шақтамалары бар алынған өлшемдер көрсетіледі.


4.9-кесте – Тетікті механикалық өңдеу дің технологиялық үрдісінің сұлбасы

Операция нөмірі

Операцияның атауы мен мазмұны

Өңдеудің эскизі

Жабдықтың атауы мен белгіленуі

Айлабұйымның атауы мен белгіленуі

Кесу құралының атауы мен белгіленуі

Өлшеу құралының атауы мен белгіленуі

1

2

3

4

5

6

7




















Операция нөмірі үш санмен белгіленеді: 000, 005, 010, 015... және т.б.

Операцияның атауында қолданылатын жабдықтың түрі көрсетіліп, атау септігінде сын есіммен жазылу керек, мысалы: жону, бұрғылау, жоңғылау, тісқыру және т.б. МЕСТ 3.1702-79

Операцияның мазмны әрекеттерден тұрады. Әрекеттің мазмұнына ену керек:

- өңдеу әдісін сипаттайтын, етістік болатын басты сөз, мысалы: жону, бұрғылау, жоңғылау және с.с.

- өңделетін беттің, құрылымдық элементтердің атауы, мысалы: бетті, тесікті, қиықжиекті, дайындаманы және с.с.

- кесу өңдеуімен өлшемдер туралы ақпарат

- біруақытта немес тізбекпен өңделетін бетердің санын, өңдеу сипатын сипаттайтын қосымша ақпарат, мысалы: соңғы, ретпен және т.б.




4.5-сурет – Жону білдегінде дайындаманың эскизі
Операцияның мазмұны:

- 1 және 2 өлшемдерін сақтап бетті жону;

- 3 өлшеміне қиықжиекті жону;

- 4 және 5 өлшемдерін сақтап бунақты жону.

Әрбір эскизде көрсету керек:

- жұмыс жағдайындағы дайындаманы;

- берілген операцияда өңделіп жатқан бетті қалың сызықтармен белгілеу;

- технологиялық базалардың шартты белгіленуі;

- өңделген беттердің кедір-бұдырлығын белгілеу;

- берілген операцияда алынатын шақтамалары көрсетілген өлшемдер.

Өңдеудің эскизі еркін масштабта орындалып, барлық эскиздерде бірдей сақталады. Бунақтарды, ойыңдарды, ойықтарды рілеу етіп көрсетуге болады.
4.16 Әдіптерді есептеу

Әдіптердің өлшемі дайындаманы жасау дәлдігімен қамтамасыз етіледі. Жоғарлатылған әдіптер өңдеудің еңбексыйымдылығына, лектрэнергиясының шығынына, кесу құралының тозуына әкеліп, металл қалдықтарын көбейтеді.

Төмендетілген әдіптер ақауы бар бет қабатын толық жоюды және беттің қажетті дәлдігі мен кедір-бұдырлығын алуды қамтамасыз етпейді.

Әдіптің өлшемі төменде келтірілгендерге байланысты:

- зақымдалған бет қабатының қалыңдығынан, яғни құймалар үшін қабыршығының және илем мен қалыптау үшін көміртексіздірілген қабаттың қалыңдығына;

- жазықтық ауытқымасының шамасына (қисықтық, тесіктердің эксцентриситеті, шалыстық, ығысу, осьтілік емес және т.б.);

- айлабұйымда орнату қателігіне.

Әдіптің өлшемі кесу кезінде дайындаманың әртүрлі ақаулары жойылатындай және алдыңғы операцияда алынған қателіктерді қайыру үшін жеткілікті болу керек.

Механикалық өңдеуге операциялық және аралық әдіптерді есептеу үшін екі әдіс қолданылады: есептеу-аналитикалық және статистикалық (кестелік).

Көптеп және ірісериялы өндірісте анлитикалық әдіспен есептеген жөн, бұл материалды, электрэнергиясын және өндірістің басқа да шығындарын үнемдеуді қамтамасыз етеді.

Сериялы және бірлік өндірісте әдіптерді анықтаудың кестелік әдісі пайдаланылады, бұл өндірісті тез дайындауды қамтамасыз етеді.

Есептеу-аналитикалық әдіс дайындаманы нақты өңдеу шарттары кезінде пайда болатын өндірістік қателіктерді талдауға негізделеді.

Әдіптің шамасы төмендегі формула бойынша анықталады:

- тегіс беттер үшін


(4.47)
- айналу денелері сияқты беттер үшін
(4.48)

мұнда RZi-1 – алдыңғы әрекетте алынған микротегіс еместіктің биіктігі,

Ti-1 – алдыңғы әрекеттен кейін ақау қабатының тереңдігі,

- алдыңғы әрекетте пайда болған жазықтық ауытқыманың шамасы,

- орындалып жатқан әрекетте орнату қателігі,

iорындалып жатқан әрекет,

i-1 – алдыңғы әрекет.
Аралық әдіптерді және шекті өлшемдерді есептеу белгілі бір ретпен жүргізіледі:

- технологиялық үрдіске сәйкес технологиялық әрекеттерді орындау реті анықталады;

- әрекеттер қара дайндамадан соңғы өңдеуге дейін орындалу реті бойынша есепеу картасына жазылады;

- анықтамаларда , , , әдіп элементтерінің мәндерін табады;

- дайындама дәлдігінің дәрежесі мен әрбір операция үшін орнатылған дәлдік квалитетіне сәйкес дайындама мен аралық өлшемдерге мәндер таңдайды.

Соңғы технологиялық әрекеттерге беттің шақтамалары мен кедір-бұдырлығын тетіктің жұмыс сызбасы бойынша алады.

Әдіптерді есептеу үшін бастапқы берілгендер болып табылады:

- дайындаманы алудың таңдалған тәсілі (илем, қалыптау, құйма);

- өңдеудің технологиялық үрдісі;

- дайындаманы айлабұйымда орнату және бекіту әдістері.


4.10-кесте – Технологиялық әрекеттер бойынша өңдеуге әдіптерді және шекті өлшемдерді есептеу реті

Сыртқы беттер үшін

Формула

1

2

1 Тетіктің жұмыс сызбасы мен технологиялық үрдістің картасын пайдалына отырып, технологиялық әрекеттерді тізім ретімен жазу




2 , , , мәндерін жазу




3 Барлық технологиялық әрекеттер бойынша өңдеуге минималды әдіптерді есептеу

Айналу денелері үшін:

Тегіс беттер үшін:





4 «Есептеу өлшемі» бөліміне соңғы әрекет үшін тетіктің сызбасы бойынша ең кіші шекті өлшемін жазу

dрасч i=dmin по черт

5 Соңғы әрекеттің алдындағы әрекет үшін сызба бойынша ең кіші шекті өлшемге есептелген әдіпті 2Zmin i қосып, есептеу өлшемін анықтау

dрасч i-1=dрасч i+2Zmin i


6 Есептеу әдіпті қоса отырып, әрбір әрекет үшін есептеу өлшемдерін ретпен анықтау

dрасч i-2=dрасч i-1+2Zi-1

4.10-кестенің жалғасы – Технологиялық әрекеттер бойынша өңдеуге әдіптерді және шекті өлшемдерді есептеу реті

1

2

7 Барлық әрекеттерге шақтама мәндерін жазу, Т




8 Есептеу өлшемдерін дөңгелете отырып, барлық әрекеттер бойынша ең кіші шекті өлшемдерді жазу

dmin i = dрасч i

9 Ең кіші шекті өлшемге шақтамаларды қоса отырып, ең үлкен шекті өлшемдерді анықтау

dmах i = dmin i+ Т i

10 Әдіптердің шекті өлшемдерін жазу:

2Zmах i – алдыңғы және орындалып жатқан әрекеттердің ең үлкен шекті өлшемдерінің айырымы ретінде

2Zmin i – алдыңғы және орындалып жатқан әрекеттердің ең кіші шекті өлшемдерінің айырымы ретінде


2Zmах i= dmах i-1- dmах i

2Zmin i =dmin i-1- dmin i


11 Аралық әдіптерді қоса отырып, жалпы әдіптерді есептеу

2Z о mах= 2Zmах i

2Z о min =2Zmin i

12 Орындалған есептеулердің дұрыстығын тексеру

2Zmах i -2Zmin i= Т i-1- Т i


4.17 Аралық әдіптерді статистикалық әдіспен есептеу

Дайындамалар беттерін өңдеуге әдіптерді статистикалық (кестелік) әдіспен анықтау кезінде сәйкесті стандарттарды кестелері, нормативті материалдар мен техникалық анықтамалардың мәліметтерін пайдаланады. Әдіптің өлшемі өңдеудің өзіндік құнына қатты әсер етеді: жоғарытылған әдіп материалды пайдалану коэффициентін төмендетеді, еңбек, кесу аспабы мен электрэнергиясының шығындарын жоғарылатады, төмендетілген әдіптер металлдың бұл ақаулы қабаттарын жоқ қылуға және өңделетін беттердің қажетті дәлдігі мен кедір-бұдырлықты алудың мүмкіндігін қамтамасыз етпейді.

Әдіптің шамасы дайындаманың әртүрлі ақаулары (түзу еместіктер, тапсырылған өлшем мен қалыптан ауытқу, көміртексіздендірілген қабат және т.б.) шеттетілген болатындай үшін қажетті болуы керек, сонымен қатар орнату мен тетіктерді операцияда базалау қателіктерін және оның алдындағы операцияда алынған түр мен өлшемдердің қателіктерін өтеу. Бұйымның әрбір бетіне жалпы әдіптің шамасы нормативтердің арнайы кестелерінен таңдалады, дайындаманың өлшемдерін алады, кейін операциялар аралық әдіптер кестелері бойынша өңдеудің сәйкесті түрлері үшін әрбір операцияға әдіптің шамасын анықтайды және операция аралық өлшемдердің анықтауын өткізеді. Аралық әдіптер мен шақтамаларды әрбір операция үшін ақырғы операциядан бастап бастапқыға қарай анықтайды, яғни дайындаманы өңдеу технологиялық үрдісінің жүрісіне қарсы бағытта.

Әдіптерді есептеу үшін бастапқы мәліметтер болып келеді:

- дайындаманы алудың қабылданған тәсілі (илем, қалыптау, құю және т.б.);

- өңдеудің қабылданған технологиялық үрдісі;

- тетікті әрбір операцияда орнату мен бекіту әдістері;

- әрбір операция үшін қабылданған айлабұйымдар мен кесу аспаптары;

- дайындаманың салмағы;

- материал;

- күрделілік дәрежесі;

- дайындаманың габаритті өлгемдері.


4.11-кесте – Әдіптерді, шақтамалар мен операция аралық өлшемдерді технологиялық перекодтар бойынша есептеу кестесі

Технология-лық операциялар мен бетті өңдеу әрекет

Әдіптің ең кіші мәні

Есептеу өлшем, мм

Шақтама, мм

Шекті өлшемдер, мм

Шекті әдіптер, мкм

Ең үлкен

Ең кіші

Zmax

Zmin

1

2

3

4

5

6

7

8
























1 баған. Дайындамадан басталып соңғы операцияға дейін барлық операциялар мен әрекеттер бойынша өңделетін бет үшін өңдеудің технологиялық үрдісін пайдалана отырып толтырылады.

2 баған. Ең кіші әдіптің мәнін анықтмалардан әрбір әрекет (немесе операция) үшін анықтайды. Бұл бағанға алдымен ақырғы әрекет үшін тетіктің өлшедерін жазады:

а) білік немесе сыртқы бет үшін сызба бойынша ең кіші шекті өлшем;

б) тесік немес басқа ішкі бетті өңдеу үшін ең үлкен шекті өлшем.

Алдыңғы операцияның (әрекет)өлшемін бұл операция үшін әдіптің ең кіші шекті өлшеміне қосу жолымен алады – егер бұл біліктер немесе сыртқы бет болса. Егер де тесіктер немесе ішкі беттер болса, онда ең үлкен шекті өлшемнен ідіп алынады.

4 баған. Ақырғы өлшемге шақтама сызба бойынша тетіктің өлшеміне шақтамаға тең боулы керек. Операциялық өлшемдерге шақтамалар анықтамалардан таңдалады.

5 баған. Білік үшін ең үлкен шекті өлшемдерді ең кіші шекті өлшемге әдіпті қоса отырып анықтайды. Тесік үшін ең үлкен шекті өлшемдер есептеу өлшемі 6 ретінде 3 бағанға жазылады.

6 баған. Білік үшін ең кіші шекті өлшемді есептеу өлшемі ретінде жазады. Тесіктер үшін ең кіші шекті өлшемді сәйкесті шақтамадан ең үлкен шекті өлшемді айыру жолымен анықтайды.

7 баған. Білік үшін ең үлкен әдіп алдыңғы және орындалатын әрекеттердің ең үлкен шекті өлшемдері арасындағы айырмашылық ретінде анықталады. Тесік үшін ең үлкен әдіп алдыңғы және орындалатын әрекеттердің ең кіші шекті өлшемдердің арасындағы айырмашылық ретінде анықталады.

8 баған. Білік үшін ең кіші әдіп алдыңғы және орындалатын әрекеттердің ең кіші шекті өлшемдерді арасындағы айырмашылық ретінде анықталады. Тесік үшін ең кіші әдіп орындалатын және алдыңғы әрекеттердің ең үлкен шекті өлшемдері арасындағы айырмашылық ретінде анықталады.

Барлық есептеулерді орындағаннан кейін жасалған есептеулердің дұрыстығын келесі формула бойынша тексеру қажет:


(4.49)
Жоғарытылған және қалыпты дәлдікті қалыптанған соғылмалардың сұлбасы төрт негізгі параметрден тұрады.

- соғылманың массасы;

- болат маркасы;

- күрделілік дәрежесі;

- өлшемі.

1 мысал. Сатылы біліктің l = 350 мм ø40h6 (-0,016) бетке аралық өлшемдер мен өңдеуге әдіптерді есептеу.

Дайындама – соғылма.

Дәлдік тобы – 2-ші.

Материал – болат 45, М1.

Дайындаманың массасы – 4,6 кг.

Күрделілік дәрежесі – С3.

4.12-кесте – Технологиялық бірізділік қаралық, тазалық қыру мен ажарлаудан тұрады. Тетікті центрлерде бекіту.



40h6(-0,016) өңдеудің технологиялық операциялары мен әрекеттері

Әдіптің ең кіші мәні

2 Zmin, мм



Есептеу өлшемі dесеп, мм

Шақтама Т, мкм

Шекті өлшемдер, мм

Шекті әдіптер, мм

dmax

dmin

2Zmax

2Zmin

1

2

3

4

5

6

7

8

Дайындама

-

43,284

2400

45,684

43,284

-

-

Қаралық жону

2

41,284

820

41,904

41,284

3,78

2

Тазалық жону

1

40,284

170

40,454

40,284

1,45

1

Ажарлау

0,3

39,984

16

40

39,984

0,454

0,3
















Жалпы әдіптер

5,684

3,3

1 баған. Технологиялық үрдісті пайдалана отырып, дайындамадан бастап ақырғы операцияға дейін 1 бағанды толтырамыз.

2 баған. Анықтаманы пайдалана отырып, жалпы әдіптің мәнін анықтаймыз: 2Zжалпы = 3,3 мм (248 [2])

а) қаралық жону үшін:

2Zmin 2 = 2 мм (жалпы әдіптен шамамен 70%)

б) тазалық жону үшін:

2Zmin 3 = 1 мм

в) ажарлау үшін:

2Zmin 4 = 0,3 мм

3 баған. Ақырғы әрекеттен бастап әдіпті қосу жолымен есептеу өлшемдерін анықтамыз.

а) ақырғы әрекет, яғни ажарлау үшін

dесеп = dmin сызба бойынша = 40 – 0,016 = 39,984 мм

б) тазалық жону үшін

dесеп 3 = dесеп 4 + 2Zmin 4

dесеп 3 = 39,984 + 0,3 = 40,284 мм

в) қаралық жону үшін

dесеп 2 = dесеп 3 + 2Zmin 3

dесеп 2 = 40,284 +1 = 41,284 мм

г) дайындама үшін

dесеп 1 = dесеп 2 + 2Zmin 2

dесеп 1 = 41,284 + 2 = 43,284 мм

4 баған. Дәлдік квалитетіне сәйкес шақтамалар тағайындалады.

а) ажарлау үшін шақтама мәні 16 мкм тең (сызбалық өлшем)

Т4 = 16 мкм

б) тазалық жону үшін

Т3 = 170 мкм

в) қаралық жону үшін

Т2 = 620 мкм

г) дайындама үшін

Т1 = () = 2400 мкм

5 баған. Дайындаманың ең кіші шекті өлшемдері есептеу өлшемдерінің мәніне тең

dmin i = dесеп

а) dmin 4 = dесеп 4 = 39,984 мм

б) dmin 3 = dесеп 3 = 40,248 мм

в) dmin 2 = dесеп 2 = 41,284 мм

г) dmin 1 = dесеп 1 = 4 3,284 мм

6 баған. Ең үлкен шекті өлшемдер ең кіші өлшемдерге шақтаманы қосу арқылы анықталады.

dmax I = dmin i + Ti

a) ажарлау үшін

dmax 4 = dmin 4 + T4 = 39,984 + 0,016 = 40 мм

б) тазалық жону үшін

dmax 3 = dmin 3 + Ti = 40,284+0,17 = 40,454 мм

в) қаралық жону үшін

dmax 2 = dmin 2 + Ti = 41,284+0,62 = 41,904 мм

г) дайындама үшін

dmax 1 = dmin 1 + Ti = 43,284+2,4 = 45,684 мм

7 баған. Ең үлкен әдіптің мәні алдыңғы және орындалатын әрекеттердің өлшемдері арасындағы ең үлкен шекті өлшемдердің айырмашылығы ретінде анықталады

2Zmax і = dmax i-1 – dmax I

а) ажарлау үшін

2Zmax 4 = dmax 3 – dmax 4 = 40,454-40=0,454 мм

б) тазалық жону үшін

2Zmax 3 = dmax 2 – dmax 3 = 41,904-40,454=1,45 мм

в) қаралық жону үшін

2Zmax 2 = dmax 1 – dmax 2 =45,684-41,904=3,78 мм

8 баған. Ең кіші әдіптің мәні алдыңғы және орындалатын әрекеттердің ең кіші шекті өлшемдері арасындағы айырмашылық ретінде анықталады.

2Zmin і = dmin i-1 – dmin i

а) ажарлау үшін

2Zmin 4 = dmin 3 – dmin 4 = 40.284-39.984=0.3 мм

б) тазалық жону үшін

2Zmin 3 = dmin 2 – dmin 3 = 41,284-40,284=1 мм

в) қаралық жону үшін

2Zmin 2 = dmin 1 – dmin 2 = 43,284-41,284=2 мм

Тексеру:

2Zmax і - 2Zmin і = Ti-1 - Ti

а) ажарлау үшін

2Zmax 4 - 2Zmin 4 = T3 - T4

0,454-0,3 мм =170-16 мкм

0,154 мм = 154 мкм

б) тазалық жону үшін

2Zmax 3 - 2Zmin 3 = T2 – T3

1,45-1 мм = 620-170 мкм

0,45 мм = 450 мкм

в) қаралық жону үшін

2Zmax 2 - 2Zmin 2 = T1 - T2

3,78-2 мм = 2400-620 мкм

1,78 мм = 1780 мкм

2 мысал. Диаметр 50Н9(+0,062) тұрқы тесігі үшін аралық шекті өлшемдер мен өңдеу үшін әдіптерді есептеу

Дайындама – құйма І дәлдік классты

Салмағы – 3,5 кг, габаритті өлшемі l=120 мм

Материал – С15 МЕСТ 1412–70


4.13-кесте – Өңдеудің технологиялық бірізділігі екі операциядан тұрады: қаралық және тазалық жону.

Бетті

ø50Н9 (+0,062)

өңдеудің технологиялық оепрациялары


Әдіптің ең кіші мәні

2 Zmin, мм



Есептеу өлшемі Dесеп, мм

Шақтама Т, мкм

Шекті өлшемдер, мм

Шекті әдіптер, мм

Dmax

Dmin

2Zmax

2Zmin

1

2

3

4

5

6

7

8

Дайындама

-

47.562

400

47.562

47.162

-

-

Қаралық жону

1.8

49.362

160

49.362

49.202

2.04

1.8

Тазалық жону

0.7

50.062

62

50.062

50

0.798

0.7

1 баған. Технологиялық үрдісті пайдаланы отырып, ақырғыдан бастап операциямен толтырамыз.

2 баған. Анықтаманы пайдалана отырып, жалпы әдіптің мәнін таңдаймыз.

2Zmin = 2,5 мм [2, 204б]

а) қаралық жону үшін

2Zmin 2 = 1,8 мм

(жалпы әдіптен шамамен 70%)

б) тазалық жону үшін

2Zmin 3= 0,7 мм

3 баған. Ақырғы әрекеттен бастап әдіптердің мәндерін айыра отырып, есептеу өлшемдерін анықтаймыз.

а) тазалық кеулейжону үшін, яғни ақырғы әрекет үшін диаметр сызба бойынша ең үлкен өлшемге тең

Dесеп 1 = Dесеп 2 - 2Zmin 2 = 49,362 – 1,8 = 47,362 мм

Dесеп 3 = Dmax сызба бойынша = 50,062 мм

б) қаралық кеулейжону үшін

Dесеп 2 = Dесеп 3 - 2Zmin 3 = 50,062 – 0,7 = 49,362 мм

в) дайындама үшін

4 баған. Әрбір әрекеттің әдіптерінің мәндері дәлдік квалитетіне сәйкес кестелер бойынша бойынша қабылданады.

а) тазалық кеулейжону үшін әдіптің мәні 62 мкм тең (сызбалық өлшем)

T3 = 62 мкм

б) қаралық кеулейжону үшін

T2 = 160 мкм

в) дайындама үшін

T1 = ± 0,2 = 400 мкм [2, 204б]

5 баған. Ең үлкен шекті өлшемдер есептеу өлшемдердің мәндеріне тең.

Dmax I = Dесеп i

Dmax 3 = Dесеп 3 = 50,062 мм

Dmax 2 = Dесеп 2 = 49,362 мм

Dmax 1 = Dесеп 1 = 47,562 мм

6 баған. Ең кіші шекті өлшемдер ең үлкен шекті өдшемнен сәйкесті әдіпті айыру жолымен анықтайды

Dmin і = Dmax і = Tі

а) тазалық кеулейжону үшін

Dmin 3 = Dmax 3 = T3 = 50,062-0,062 = 50 мм

б) қаралық кеулейжону үшін

Dmin 2 = Dmax 2 = T2 = 49,362-0,16 = 49,202 мм

в) дайындама үшін

Dmin 1 = Dmax 1 = T1=47,562-0,4 = 47,162 мм

7 баған. Ең үлкен шекті әдіптің мәні орындалатын және ақырғы әрекеттердің ең кіші шекті өлшемдерінің арасындағы айырмашылық ретінде анықталады.

2Zmax і = Dmin і – Dmin і-1

а) тазалық кеулейжону үшін

2Zmax 3 = Dmin 3 – Dmin 2 = 50-49,202 = 0.798 мм

б) қаралық кеулейжону үшін

2Zmax 2 = Dmin 2 – Dmin 1 = 49,202-47,182 = 2,04 мм

8 баған. Ең кіші шекті әдіптің мәні орындалатын және алдыңғы әрекеттердің ең үлкен шекті өлшемдері арасындағы айырмашылық ретінде анықталады.

2Zmin і = Dmax і – Dmax і-1

а) тазалық кеулейжону үшін

2Zmin 3 = Dmax 3 – Dmax 2 = 50,062-49,362 = 0,7 мм

б) қаралық кеулейжону үшін

2Zmin 2 = Dmax 2 – Dmax 1 = 49,362-47,662 = 1,8 мм

Тексеру

а) тазалық кеулейжону үшін



2Zmax 3 – 2Zmin 3 = T2 – T3

0,198–0,7 мм = 160-62 мкм

0,098 мм = 98 мкм

б) қаралық кеулейжону үшін

2Zmax 2– 2Zmin 2 = T1 – T2

2,04-1,8 мм = 400-160 мкм

0,24 мм = 240 мкм
3 мысал. l=14h12(-0,18) беті үшін аралық өлшемдер мен өңдеуге әдіптерді есептеу

Дайындама – құйма 1 дәлдк классы

Масса 6,2 кг

Материал – болат 45Л

Габарит өлшемі l=120 мм
4.14-кесте – Технологиялық бірізділік бір ретті жонғылаудан тұрады

l=14h12(-0,18) бетті өңдеудің технологиялық оепрациялары

әдіптің ең кіші мәні Zmin, мм

Есептеу өлшемі lесеп, мм

Шақтама Т, мкм

Шекті өлшемдер, мм

Шекті әдіптер, мм

lmax

lmin

Zmax

Zmin

1

2

3

4

5

6

7

8

Дайындама

-

16,82

600

17,42

16,82

-

-

Жонғылау

3

13,82

180

14

13,82

3,42

3

1 баған. Технологиялық үрдісті пайдалана отырып, 1 бағанды толтырамыз.

2 баған. Анықтаманы пайдалана отырып, жалпы әдіпті табамыз Zжалпы=3мм [2, 208б]

3 баған. Ақырғы әрекеттен бастап әдіпті қосу жолымен есептеу өлшемдерін анықтамйыз,

а) ақырғы әрекет үшін (жонғылау)

lесеп 2 = lmin сызба бойынша = 13.82 мм

б) дайындама үшін

lесеп 1 = lесеп 2 + Zmin 2 = 13,82 + 3 = 16,82 мм

4 баған. Дәлдік квалитетіне сәйкес әдіптерді тағайындаймыз.

а) жонғылау үшін әдіптің мәні 180 мкм тең (сызбалық өлшем).

б) дайындама үшін δ = ±0,3 мм

5 баған. Ең кіші шекті өлшемдер есептеу өлшемдерінің мәндеріне тең lmin = lесеп і

а) lmin = lесеп і = 13,82 мм

б) lmin = lесеп і = 16,82 мм

6 баған. Ең үлкен шекті өлшемдер ең кіші өлшемдерге әдіпті қосу жолымен анықталады.

lmах і = lmin і + T1

а) жонғылау үшін

lmах 2 = lmin 2 + T2 = 13,82+0,18 = 14мм

б) дайындама үшін

lmах 1 = lmin 1 + T1 = 16,82+0,6 = 17,42мм

7 баған. Ең үлкен әдіптің мәні алдыңғы және орындалатын әрекеттердің ең кіші шекті өлшемдерінің арасындағы айырмашылық ретінде анықталады.

Zmах і = lmахі-1– lmах і

а) жонғылау үшін

Zmах 2 = lmах 1– lmах 2 = 17,42-14 = 3,42 мм

8 баған. Ең кіші әдіптің мәні алдыңғы және орындалатын әрекеттердің арасындағы ең кіші шекті өлшемдері арасындағы айырмашылық ретінде анықталады.

Zmin і = lmin і-1– lmin і

а) жонғылау үшін

Zmin 2 = lmin 1– lmin 2= 16,82-13,82=3 мм

Тексеру

Zmах і = Zmin і = Tі-1 – Tі



Zmах 2 = Zmin 2 = T1 – T2

3,42 -3 мм = 600 – 180

0,42 мм = 420 мкм



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет