Масимова хуршидам ташболатовна



Pdf көрінісі
бет21/68
Дата05.04.2024
өлшемі4.3 Mb.
#497779
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   68
жетісітк бағалау

Гносеологиялық қызмет – білім беру үдерісін жобалау нысаны ретінде 
қабылдауға; бағалау іс - әрекетін жүзеге асыру мақсатында белгілі бір 
технологияны үйренуге; заманауи педагогика, психологияның, оқыту 
әдістемесінің негізгі идеяларын жете түсінуге; педагогтің өзін – өзі тұлға және 
маман ретінде тануына, өзінің жеке - психологиялық ерекшеліктерін кәсіби – 
педагогикалық іс - әрекеттегі өз әлуетін сезінуге бағытталған. 
Гуманистік қызмет – құзыреттілікке бағдарланған білім берудің 
гуманистік принциптерін бағалау іс-әрекеті аясында жүзеге асыру,тұлғалық – 
дамытушылық білім беру ортасын құруда жеке бағалау жүйесінің тиімділігін 
сезіну. 
Жобалаушылық қызмет – педагог тарапынан пән аясында білім алушының 
жетістігін анықтауда білім беру міндеттерін жүзеге асыруға қолайлы 
педагогикалық, әдістемелік тәсілдердің бағалау іс-әрекетінің мазмұны, формасы, 
әдістерінің талдануы. 
Нормативтік қызмет – білім беру стандарттарын мақсатты жүзеге асыруда 
белгілі талаптар жеке бағалау жүйесін қуру тәртіптері,нақты бағалау 
технологияларын қуру және жүзеге асыру бағалау және бақылаудың жалпы 
қабылданған нормаларын сақтау. 
Рефлексивтік қызмет – білім алушының оқу іс-әрекетінен алынған 
нәтижелерді талдау арқылы өзінің педагогикалық іс - әрекетінің тиімділігін 
түсіну; өз қабілеттерін бағалап,қателіктерін мойындап, оны түзету жолдарын 
іздеу,рефлексивтік қабілеттерін дамытуға жағдай жасау [203;42б].


71 
Бағалау жүйесі оқу үдерісінің негізін құрайтын оқудағы проблемалар, кері 
байланысты жүзеге асыруды диагностикалайтын негізгі құрал болып саналады. 
Бағалау жүйесі білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалаудың маңызды 
құралы ретінде оқыту үдерісін кемелдендіру мақсатында объективті және
тиімді болуы қажет.Заманауи білім беруде білім алушылардың оқудағы 
нәтижелерін критериалды бағдарланған амал негізінде бағалау көкейкесті 
саналады. Критериалды амалды қолдану білім алушылардың жетістіктерін 
бағалауда объектівтілік және нақтылықтың болуына ықпал етеді. Оқушылардың 
оқу жетістіктерін критериалды бағалау оқу үдерісінің барлық қатысушыларына 
оқу нәтижелері мен өлшемді критерийлерді анық көруге мүмкіндік беретін кері 
байланысты жүзеге асыруға көмектеседі. Бағалау жүйесінің тиімділігі ол білім 
алушы, педагог, ата – ана арасында білім беру үдерісіндегі жетістіктер туралы 
ақпарат алуда бақылаушы – диагностикалық байланыс орнатады.Бағалау жүйесі 
білім беру үдерісінің сапасын анықтауда, оқытудағы кедергілерді анықтауда, 
жетістіктерді өлшеуде негізгі құрал болып, ол білім мазмұны мен күтілетін 
нәтижелерді бағалау формаларын жақсарту бойынша жаңа стратегияларды дәл 
кезінде анықтап, қолдануға мүмкіндік береді.Критериалды бағалау жүйесінің бір 
неше қызметін бөліп көрсетуге болады.
Нормативтік қызмет – бекітілген мемлекеттік стандарт бойынша білім 
алушылардың жетістіктерін белгілейді, педагог жұмысының сапасын, 
мектептегі сыныптардың дайындық деңгейін, білім алушылардың үлгерімін 
қадағалайды; 
Ақпаратты – диагностикалық қызмет – оқу үдерісінің барлық
қатысушылары арасында мазмұнды байланысты, білім алушылардың мазмұнды 
және эмоционалды рефлексиясын қамтамасыз етеді.
Бағалау жүйесі әр бір нақты білім алушының жетістіктерін көруге мүмкіндік 
береді.Бычик 
С.А 
өз 
зерттеуінде 
педагогтің 
бағалау 
іс-әрекетінің 
диагностикалық, білім берушілік, дамытушылық, тәрбиелеушілік, әдістемелік 
қызметтерін атап көрсетеді. 
Диагностикалық қызмет- оқу әрекетін бағалау және нәтижесін анықтауғана 
емес,білім және тәрбие беру үдерісін жақсарту жолдарын айқындауға 
көмектеседі. 
Білім берушілік қызмет - бұрын алған білім мен жаңа білімнің бір - бірін 
толықтыруына ықпал етіп, оқу әрекетін дурыс жолға қоюға көмектеседі. 
Дамытушылық қызмет - бар білімді жүйелеп, салыстырып, қорытынды 
шығарып жады, ой,зейіннің қалыптасуына ықпал етеді. 
Тәрбиелеушілік қызмет - білім алушының өз ісіне жауапкершілік пен 
қарауына, үздіксіз белсенді оқу әрекетін жүзеге асыруын қамтамасыз етеді. 
Бағалау іс - әрекетінің әдістемелік қызметі білім алушының күшті және әлсіз 
тұстарын анықтауға мүмкіндік береді [204;
б
55]. 
М.И Томилованың ғылыми жұмысында Амонашвилидің еңбегі негізінде 
педагогикалық баға қызметтерінің төмендегі түрлері көрсетілген: 


72 
 
 
Сурет 12 - Педагогикалық баға қыземеттері
Ескерту - Дереккөз [205;40б] 
Біздің зерттеу жұмысымыздың мақсаты негізінде біз В.А Дегальцеваның 
педагогтің бағалау іс - әрекетінің қызметтерін жүйелеу бойынша ойы мен және 
Томилованың атап көрсеткен педагогикалық баға қызметтері мен келісеміз.
Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалауда әр бір тұлғаның жеке 
мүмкіндіктері мен қабілеттері ескерілуі қажет.Педагогтің бағалау іс - әрекетінде 
нормативтік және тұлғалық амалдар бірін – бірі толықтырып келгенде ғана 
педагогтің жетістігі мен оның қателіктері айқындалады.Тұлғаның жетістіктері 
оқу үдерісінде оның жүзеге асырған іс-әрекеттері негізінде бағаланады.Білім 
алушы педагогтің оны ынталандыруы барысында өз мүмкіндіктерінің деңгейін 
анықтап, жетістікке жету жолдарын анықтайды. Педагогтің бағалау іс-әрекеті 
білім беру үдерісі субъекттерінің бағалаушылық пікірін қалыптастыруға 
мүмкіндік беретін іс-әрекет. Білім алушы үшін педагогикалық баға 
ақпараттандыру қуралы ғана есмес,ынталандырушы қурал болып саналады. 
Педагогтердің бағалау іс-әрекетінің негізі оқыту мақсаттарын, жетістікке 
жету қуралдарын анықтау, педагогикалық стратегияларды айқындау. Педагогтің 
мақсатқа жету үшін қолданған ресурстары білім алушының жетістікке жетуге 
болған ынтасын оятады. 
Педагогтің бағалау іс - әрекеті төмендегі төрт міндетті жүзеге асыруды 
көздейді: 
- Оқыту мақсаттарын құрастыру; 
- Оқыту мақсатына жету жолдарын құрастыру; 
- Педагогикалық қарым – қатынасты түзету; 
- Ақпарат беру және ынталандыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет