Масимова хуршидам ташболатовна



Pdf көрінісі
бет27/68
Дата05.04.2024
өлшемі4.3 Mb.
#497779
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   68
жетісітк бағалау

Аксиология – құндылықтар туралы ілім ретінде адам іс-әрекеттерінің 
бағыттарын анықтайды. 
Аксиологиялық тұғырдың мәні педагогикалық іс-әрекеттің тұлғаны ізгілікті 
дамытуға бағдарлануынан көрініс табады.Аксиологиялық тұғыр педагогика мен 
психология мәнмәтінінде негізгі тұғырлардың бірі саналады, себебі, білім беру 
үдерісі қатысушыларының әр бірін іс-әрекеттің субъекті ретінде қарастырады 
және субъект – субъекттік қарым – қатынасты және жағымды психологиялық 
ортаны құруға ықпал етеді. Аксиологиялық тұғыр ізгілік педагогикасына тән 
болып,адам қоғамның ең маңызды құндылығы саналады. Бұл орайда, аксиология 
білім беру философиясы мен заманауи педагогика әдіснамасының негізі ретінде 
қарастырылады. 
В.А Сластениннің пайымдауынша педагогикалық құндылықтар білім беру 
саласына байланысты қалыптасқан қоғам көзқарасы мен педагогтің іс - әрекетін 
байланыстыру үшін қызмет ететін және танымдық – әрекеттік жүйе ретінде 
қарастырылатын, педагогикалық іс-әрекетті реттейтін нормалар[218]Бұл 
нормалар тарихи қалыптасып, педагогикалық ғылымда қоғамдық сана 
формасының айрықша көрінісі түрінде сипатталады. Педагогикалық 
құндылықтарды игеру педагогтің тұлғалық - кәсіби дамуының көрсеткіші 
ретінде тек педагогикалық іс - әрекетті жүзеге асыру үдерісінде мүмкін болады.
И.Ф Исаев педагогтердің кәсіби құндылықтарын төмендегідей жіктейді: 
1.Құндылықтар – мақсаттар – педагогтің кәсіби – педагогикалық 
әрекеттері мақсаттарының мәнін, мағынасын айқындайтын құндылықтар. 
2.Құндылықтар – қуралдар – кәсіби – педагогикалық іс-әрекетті жүзеге 
асыру қуралдарының мағынасын ашатын құндылықтар. 
3.Құндылықтар – қарым – қатынас – тұтас педагогикалық іс - әрекет 
қызметінің негізгі тетігі ретінде қарым – қатынастың мәнін, мағынасын ашатын 
құндылықтар. 
4.Құндылықтар – білім – педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыру үдерісінде 
психологиялық – педагогикалық білімнің мәнін ашатын құндылықтар. 
5.Құндылықтар – сапа –педагогтің кәсіби іс - әрекет субъекті ретіндегі бір 
– бірі мен байланысты жеке, тұлғалық, коммуникативтік, кәсіби қабілеттері, өз 
әрекетін жобалау және оның нәтижесін болжау қабілеті, шығармашылыққа 
болған бейімділік қатарлы арнайы қабілеттерден т.б көрініс табатын педагогтің 
тұлғалық ерекшеліктерінің мәні мен мағынасын ашатын құндылықтар [219;77-
78]. 
Біз өз зерттеу жұмысымызда аксиологиялық тұғырға сүйене отырып, 
педагогтердің біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу жетістіктерін 
бағалау іс - әрекетін дамытуда оқытылатын пән бағыты негізінде бағалау іс-
әрекетін жүзеге асырудың жолдары, педагогикалық инновацияларды қолдану, 
педагогтің заманауи білім талаптары негізінде үздіксіз өзін – өзі дамытуы, кәсіби 


84 
дамуы, кәсіби білім, бағалау іс - әрекетін жүзеге асыру қуралдары мәселелерінің 
мәнін аштық. Педагогтің білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауда 
ұйымдастырушылық, 
коммуникативтік 
дағдыларының 
маңыздылығын 
айқындадық.Педагогтің бағалау іс - әрекетін оқыту үдерісінде тұлғаның дамуына 
ықпал ететін іс-әрекет ретінде анықтадық.Зерттеу жұмысымыз аясында осы 
мәселелердің мәнін айқындауда аксиологиялық тұғырды басшылыққа алдық.
Ғылыми зерттеу жұмысымыздың мәнін ашуда қолданылған келесі тұғыр - 
акмеологиялық тұғыр
«Aкme» көне грек тілінен аударғанда «биік, шың, табыс, logos – ілім» 
ретінде анықталады.Гректер «акме» сөзімен адам өміріндегі есейген жастық 
кезеңді белгілейді, жастық шақтың осы кезеңінде адам өз қабілеттерінің жоғарғы 
шыңына жетеді, осы кезең адам күштерінің нығайып, қанат жайған кезі болып 
саналады. 
Е.П. Бочарова акмеология – әрекетті кемелдендірудің жолдарын іздеп табу 
үрдісінде түрлі білім жүйесіндегі оқытушылар тарапынан қалыптастырылған 
ғылым деп қарап, оның психология, педагогика, әлеуметтану және басқа 
гуманитарлық ғылымдар тоғысында пайда болып, адамның кәсіп шыңына 
жетуін зерттейтін ғылым екендігін атап көрсетеді. 
Ересек адамдардың дамуы туралы ғылым ретінде пайда болған акмеология 
ғылымы пән мен әдістерді танудың дифференциациясы негізінде ғылым 
жүйесіне айналды. (Б.Г Ананьев, Н.В Кузьмина, А.М Зимичев, В.Н Максимова 
т.б). 
Білім берудегі акмеологиялық тұғыр білім беру саласында адамның өзін – 
өзі дамытуы бір деңгейден екінші деңгейге жетуі шығармашылықта акмеге 
жетуіне бағытталған.Акмеологиялық тұғыр білім берудегі ізгілендіру идеяларын 
нақтылайды және заманауи тәрбие идеологиясының негізін құрастыруға 
мүмкіндік береді. 
Акмеология білім беру жүйесі жағдайында ересек адамның тұтас дамуын 
жоғары жетістіктерге бағдарлайтын теориялық – әдіснамалық тұғыр ретінде 
қолданылады. 
Акмеологиялық тұғыр негізінде қарастырылатын мәселелер: 
1.Білім беру жүйесінде ересек адамның өмірде индивид, тұлға, субъект 
ретіндегі дамуын тұтас зерттеу. 
2.Жетістікке мотивациялау,білім беру үрдісі субъектілерінде жетістікке, 
жоғары нәтижеге, шығармашылыққа болған қажеттілікті өзектендіруге
педагогикалық жағдай жасау. 
3.Әр бір жеке тұлғаның шығармашылық және интеллектуалды әлуетін 
ұйымдастыру. 
4.Синергетикалық білім жүйелерінде педагог пен білім алушының өзін – өзі 
дамыту, өзін - өзі кемелдендіру қатарлы интегративті позициялары негізінде 
білім беру сапасын қарастыру.Соның ішінде: шығармашылық ерекшелік адам 
дамуының жоғары деңгейі ретінде; денсаулық адамның өмірлік күшінің 
интегралды критерийі ретінде; шығармашылық адамның жоғары белсенділік 


85 
деңгейі ретінде; кәсібилік адамның кәсіби іс - әрекетіндегі күшін тәжірибеде 
жүзеге асырудың жоғары деңгейі ретінде; руханилық[220;23-24]
Педагогтердің біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу 
жетістіктерін бағалау іс - әрекетін дамытуда акмеологиялық тұғырдың маңызы 
зор. Педагогтің кәсіби ерекшеліктерін анықтайтын негізгі әдіснамалық тұғыр ол 
– акмеологиялық тұғыр.Себебі, кәсібилік акмеологияның негізгі категориясы 
болып табылады. 
Акмеологиялық тұғыр педагогтің кәсіби жетістікке жетуін қамтамасыз 
ететін шарттар, әдістердің ұсынылуы арқылы сипатталады.Педагогтің 
акмеологиялық позициясы ол педагогтің өзін өзі дамыту және кемелдендіруінің 
нәтижесі ,кәсібилігінің сапасы. Акмеологиялық позиция педагогикалық үдеріс 
және оның нәтижелерін,білім сапасын дамытады. 
Білім беруді модернизациялаудың басты бағыттарының бірі педагогтердің 
кәсіби біліктерін дамыту болып табылады.Оқыту үдерісінде педагогке қажетті 
кәсіби біліктер ретінде төмендегілерді атап көрсетуге болады: 
Сурет 15 - Педагогтердің кәсіби біліктері 
Ендеше, осы аталған біліктерді заманауи педагогтің бойында дамыту үшін 
акмеологиялық тұғырдың маңызы зор.Сызбадан белгілі болғандай біздің зерттеу 
жұмысымыздың нысаны болған педагогтердің біліктілікті арттыру жағдайында 
оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс - әрекеті кәсіби біліктің негізгі 
бағыттарының бірі. 
Біздің зерттеу жұмысымыз аясында педагогтердің біліктілікті арттыру 
жағдайында оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс - әрекетін дамыту 
барысында біз акмеологиялық тұғырды пайдалана отырып, педагогтердің 
бағалау іс - әрекетін дамытуға негіз болатын педагогикалық шарттарды 
анықтадық. Сонымен бір қатарда, педагогтердің бағалау іс - әрекетін дамытуға 
Заманауи 
педагогтің 
кәсіби 
біліктері
Педагогикал
ық үдерісті 
ұйымдастыру
ды білу
Тұлғаның 
психологиялық 
ерекшеліктерін 
анықтай алу
Жоғары кәсіби 
креативтілік
оқу 
жетістіктерін 
бағалау 
үдерісін 
ұйымдастыра 
алу
рефлексия 
жасай алу
Білім берудегі 
инновациялық 
технологиялар
ды қолдану
АКТды 
қолдану 
ақпараттарға 
талдау жасау
қашықтықтан 
білім беру 
негіздерін білу


86 
ықпал ететін біліктілікті арттыру курсының білім беру бағдарламасын 
құрастырып,оқыту формаларын, әдістерін нақтыладық. 
Педагогтердің біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу 
жетістіктерін бағалау іс - әрекетін дамыту бойынша ғылыми зерттеу 
жұмысымыздың барысында біз синергетикалық тұғырға сүйендік.
«Синергетика» ұғымы Герман Хакен тарапынан енгізілген болып, жаңа 
ғылым ретінде танылған, педагогикада синергетикалық тұғыр 1993 жылы
Н.М Таланчук тарапынан алғаш қолданылған. Оқыту үдерісінің 
синергетикалық мәнге ие болуы андрагогика ғылымында маңызды саналады. 
Себебі,білім беру саласында өз білімін жетілдіру, өзін – өзі ұйымдастыру,өзін – 
өзі басқару әрекеттері ересектерге білім беруде кеңінен қолданылады. 
Синергетикалық тұғыр оқыту үдерісіндегі ішкі және сыртқы факторлар мен 
реттеліп бұл факторлар субъектке әсер етеді және басқалар мен қарым – қатынас 
жасау үдерісінде өзін – өзі дамыту және өзін – өзі кемелдендіруге 
ынталандырады. 
Ғылымда синергетика ұғымы кең мағынаға ие болып, көптеген 
гуманитарлы – философиялық сөздіктерде өзін – өзі ұйымдастырудың заманауи 
теориясы, әлемге болған жаңа көз қарас ретінде қарастырылады. Көне грек 
тілінен аударғанда «synergos» бірге әрекет ету деген мағынаны білдіреді және 
ынтымақтастық, серіктестік ұғымдары мен мағыналас келеді.
В.И Андреев [221] синергетиканы педагогикадағы метапринцип ретінде 
қарастырса, В.Г Рыднак [222] өз зерттеулерінде білім берудегі синергетикалық 
тұғырды, П.И Третьяков [223], Л.А Баев [224], Т.М Давыденко [225], И.Б 
Сенновский [226], Ю.В Шаронин [227]– білім беру жүйесін басқарудағы 
синергетикалық тұғырды сипаттайды.Білім беру кеңістігінің синергетикалық 
тұғыр негізінде қарастырылуы М.В Богуславский[228], Л.Я Зорина [229], Л.И 
Новикова [230], С.С Шевелева [231]қатарлы ғалымдар еңбектерінде 
қарастырылады. 
Ғалымдар тарапынан білім беруде синергетиканы қолданудың үш бағыты 
айқындалған: 
- Синергетика білім үшін – білім берудің түрлі кезеңдерінде синергетика 
негіздерін оқыту; 
- Білім берудегі синергетика - әр түрлі пәндерге синергетикалық идеяларды 
енгізу; 
- Білім синергетикасы яғни оқыту үдерісінің өзінде, тұлға және білімді 
жетілдіру процесінде қолданылатын синергетика.
Бұл бағыттар Л.Ш Абдулова [232], В.Г Буданов [233], А.И Бочкарев [234] , 
М.А Федорова [235]қатарлы ғалымдардың ғылыми зерттеулерінде көрініс 
тапқан. 
Синергетикалық тұғыр көптеген зерттеулерде синергетика идеяларын түрлі 
оқыту пәндеріне енгізу арқылы қарастырылады.Сондай-ақ, оқыту үдерісінің өзін 
синергетикалық деп қарастыру қалыптасқан. 
Білім беру жүйесіне синергетикалық тұғырды енгізудің мәні оның оқыту 
үдерісі субъекттерінің серіктестікте жұмыс жасауын талап етуінде. Біліктілікті 


87 
арттыру жүйесінде оқыту үдерісі субъекттерінің бірлесе әрекет етіп, өз іс - 
әрекеттерін реттеп, рефлексия жасау арқылы өзін – өзі дамытуына ерекше назар 
аударылады.Синергетикалық амал оқыту үдерісі қатысушыларының (педагог, 
білім алушы), сонымен бір қатарда оқыту үдерісінің нәтижелеріне қызығушылық 
білдіретін тараптардың (мектеп әкімшілігі, ата- аналар, білім беруді басқарушы 
органдар) бір – бірімен тығыз байланыста әрекет етуін талап етеді. 
Синергетикалық тұғыр – бұл бір реттік қолданыста болатын педагогикалық 
әдіс емес,ол сабақтың шеңберінен шығып, тұтас оқу – оқыту үдерісін және 
белгілі бір ұйымның білім беру жүйесін өз ішіне алады.Бұл тұғыр оқыту үдерісін 
жеңілдетіп,оқытушы мен білім алушының ұтқырлығын қалыптастырып, таңдау 
жасауға мүмкіндік береді.Білім алушы түрлі дағдарыстық жағдайларда топта 
және жеке жұмыс жасауды үйренеді [236;203].
Педагогикалық 
синергетика 
күрделі 
жүйелердің 
өзін 
– 
өзі 
ұйымдастыруының 
заңдылықтары 
мен 
принциптері 
көрініс 
тапқан 
педагогикалық білім және көз қарастардың аймағы ретінде анықталған. Білім 
беруде педагогикалық әрекеттің синергетикалық заңдылықтары анықталып, 
синергетикалық тұғыр негізінде өзін –өзі дамыту, өзін – өзі тәрбиелеу, өзін – өзі 
басқару арқылы оқу – оқыту үдерісінде субъекттердің бір – бірі мен қарым – 
қатынасқа түсіп, өзін – өзі жетілдірілуіне назар аударылады. 
Біліктілікті арттыруда педагог іс-әрекетінде синергетикалық тұғырдың 
жүзеге асырылуы оқыту мазмұнының, оқыту әдістері мен формаларының 
жаңартылуына, ашықтық, өзін – өзі ұйымдастыру,өзін – өзі дамыту, басқару 
және өзін – өзі басқару, креативтілік және креативті ой қатарлы факторлардың 
әсер етуі мен байланысты. 
Біздің зерттеу жұмысымыз аясында синергетикалық тұғыр педагогтердің 
біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс - 
әрекетін дамытуды заманауи білім талаптары негізінде жүзеге асыруға 
мүмкіндік берді. Педагогтердің бағалау іс - әрекетін дамыту үдерісін 
синергетикалық тұғыр мәнмәтінінде ұйымдастыру, мұғалімдердің кәсіби 
құзыреттіліктерін дамыту, білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды 
жүзеге асыру деңгейін анықтап, талдау жасау, озық тәжірибелер мен таныстыру, 
практикалық білімдерін шыңдауға ықпалын тигізді. 
Педагогтердің біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу 
жетістіктерін бағалау іс – әрекетін дамыту мақсатында қолданылған тәжірибелік 
сабақтар және тренингтер, семинарларда синергетика принциптері жүзеге 
асырылды. 
Біздің зерттеу жұмысымыз аясында синергетикалық тұғыр педагогтердің 
кәсіби біліктілігінің бір бағыты болған бағалау іс - әрекетін ұйымдастыруда 
көрініс тапты. 
Педагогтердің біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу 
жетістіктерін бағалау іс – әрекетін дамыту үдерісінде синергетикалық тұғыр 
бізге педагогтердің бағалау іс – әрекетін дамытуға,рефлексивтік дағдыларды 
дамытуға, бағалау әдістерін меңгертуге мүмкіндік берді.Сонымен бір қатарда, 
бағалау іс - әрекетін дамытуға ықпал ететін тиімді жұмыс түрлері жеке, жұптық, 


88 
топтық жұмыстарды ұйымдастырдық.Синергетикалық тұғыр негізінде 
педагогтердің бағалау іс - әрекетін дамыту барысында біз педагогтердің бағалау 
іс - әрекетін дамытуда тренинг, әдістемелік семинар, дөңгелек үстел, рөлдік 
ойындар, шағын топтардағы жұмыс, шағын сабақты жоспарлау қатарлы оқыту 
әдістері мен формаларының тиімді екендігін анықтадық. 
Зерттеу жұмысымызда жүйелілік – іс - әрекеттік, аксиологиялық, 
акмеологиялық, синергетикалық амалдарға сүйенуіміз ғылыми жұмысымыздың 
ғылыми – теориялық мәселесін шешуге, сол проблема аясында оны шешудің 
жолдарын табуға, педагогтің бағалау іс-әрекетін теориялық тұрғыда қарастырып, 
оның нәтижелерін эксперимент арқылы дәлелдеуге мүмкіндік берді.
Білім алушының жетістікке жетуін қамтамасыз ететін ол – педагогтің 
бағалау іс - әрекетінің дұрыс ұйымдастырылуы.Педагогтің бағалау іс-әрекетінің 
мәні білім алушыны жетістікке апаратын тиімді жолдарды анықтап, оқыту 
үдерісінде тиімді қолдану арқылы өмір сүруге қажетті дағдылары қалыптасқан 
тұлғаны жетілдіру деп санаймыз. 
Диссертациялық жұмысымыздың келесі тарауында жоғарыда аталған 
әдіснамалық тұғырларды негізге ала отырып, педагогтердің біліктілікті арттыру 
жағдайында оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс – әрекетін дамытудың 
ұйымдастырушылық - әдістемелік негіздерін қарастыратын боламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет