Масимова хуршидам ташболатовна



Pdf көрінісі
бет28/68
Дата05.04.2024
өлшемі4.3 Mb.
#497779
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   68
жетісітк бағалау

 
 


89 
2
ПЕДАГОГТЕРДІҢ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ЖАҒДАЙЫНДА 
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҒАЛАУ ІС-ӘРЕКЕТІН 
ДАМЫТУДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ- ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ 
2.1 Педагогтердің біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу 
жетістіктерін 
бағалау 
іс-әрекетін 
дамытудың 
психологиялық 
– 
педагогикалық шарттары
Заманауи білім берудегі күрделі мәселелердің бірі ол – білім алушылардың 
оқу жетістіктерін бағалау мәселесі.Білім берудегі реформалар аясында 
оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың мақсат, міндеті, бағдарының 
өзгеруі, оқу үдерісінде педагогтердің бағалау іс - әрекетінің қызметін, 
мүмкіндіктерін, ұстанымдарын өзгертті. Педагогтердің кәсіби іс - әрекеті 
олардың өзінің кәсіби міндеттерін кезеңдік шешуді қамтиді.Сондай міндеттердің 
бірі ол – оқыту үдерісінде оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс - әрекетін 
ұйымдастыру болып табылады.
Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» заңында – 
«педагог – педагогтік немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білімі бар 
білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, 
білім беру қызметін әдістемелік қолдау немесе ұйымдастыру бойынша 
педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыратын адам» - делінген[237] 
Демек,педагог білім алушыға білім және тәрбие беріп қана қоймай,оқыту 
үдерісін ұйымдастырушы қызметін атқарушы.Оқыту үдерісі кезеңдерінің тиімді 
жүзеге асуы педагогтің кәсіби біліктілігіне және кәсіби - шығармашылық
шеберлігіне байланысты.Алайда, педагогтің кәсіби шеберлігі оның рефлексияға 
қабілеттілігі, белсенділігі, өзін - өзі дамытуға бейімі, коммуникативтік, 
ұйымдастырушылық, ақпараттық біліктерінің жиынтығы екендігі мәлім. 
Педагогтердің жаңа қоғам талаптарына сай кәсіби дамуы олардың үздіксіз білім 
алуы арқасында мүмкін болады. 
Біздің ғылыми зерттеуіміздің негізгі мәселесі ол педагогтердің біліктілікті 
арттыру жағдайында оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс-әрекеті және сол 
іс - әрекетті жүзеге асыруда педагогтерге қажетті біліктерді анықтап, дамыту.
Біз өз зерттеу жұмысымыз аясында педагогтердің біліктілікті арттыру 
жағдайында оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс-әрекетін дамытуға ықпал 
ететін психологиялық – педагогикалық шарттарды анықтауға тырыстық.
Педагогтердің біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу 
жетістіктерін бағалау іс-әрекетін дамыту белгілі бір шарттардың жүзеге асуы 
мен байланысты болатындығы анық. Осы орайда,біздің ғылыми зерттеуіміз 
аясында сол шарттар жиынтығын анықтап, олардың тиімділігін тәжірибеде 
сынақтан өткізу міндеті тұр. 
Педагогтердің біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу 
жетістіктерін бағалау іс -әрекетін дамытуды тиімді ететін шарттарға тоқталмас 
бұрын, «шарт» ұғымына ғылыми еңбектерде берілген түсініктер негізінде оның 
мәнін ашып алу орынды. 


90 
Философиялық сөздікте «шарт» ұғымы нәрсенің қоршаған әлемге болған 
әсері және бір нәрсенің екінші бір нәрсеге тәуелділігі ретінде сипатталады. 
«Шарт»: 
- Өзіне тәуелді ететін жағдай; 
- Іс – әрекеттің қандайда бір саласында орнатылған ереже; 
- Бір жағдай жүзеге асатын ахуал [238;588б]. 
Демек, белгілі бір шарттар жағдайдың пайда болуы, жүзеге асуы, дамуына 
әсер етеді. 
Н.М Борытко шарт түсінігін философиялық категория ретінде қарастырып, 
шарт нәрсенің өзі оныңсыз өмір сүре алмайтын айналадағы құбылыс,объективті 
дүниенің көпқырлылығы, - деп санайды [239]. 
«Шарт» түсінігінің этимологиясы бұл ұғымды белгілі бір нәрсе тәуелді 
болған жағдай немесе бір нәрсе жүзеге асырылатын жағдаят ретінде анықтауға 
мүмкіндік береді. 
Психологияда «шарт» ұғымы психологиялық даму мәнмәтінінде 
түсіндіріледі және даму үдерісіне оның динамикасы мен соңғы нәтижесіне әсер 
ететін немесе оның дамуын бәсеңдететін, адамның психологиялық дамуын 
анықтап ,ашуға мүмкіндік беретін ішкі және сыртқы себептердің жиынтығы 
ретінде қарастырылады [240, 270-271б]. 
Педагогикада болса,шарт В.М Полонскийдің анықтамасы бойынша 
адамның физикалық, рухани, психикалық дамуына оның іс – әрекетіне, тәрбиесі 
мен оқуына, тұлғалық қалыптасуына ықпал ететін табиғи, әлеуметтік ішкі және 
сыртқы әсерлер [241,36 б]. 
Ал В.И. Андреевтің көзқарасы бойынша, шарттар – бұл «мақсатты түрде 
таңдалатын, құрастырылатын және қолданылатын мазмұн элементтерінің, 
әдістерінің (тәсілдерінің), сонымен қатар мақсатқа қол жеткізу үшін қажетті 
оқытудың ұйымдастырушылық түрлерінің нәтижесі» [242]. 
Шарт ұғымы жалпығылыми ұғым болып, адамның қалыптасуы мен 
дамуына әсер ететін себеп, жағдай, нысандардың жиынтығы болып саналады. 
Бұл жиынтық адамның тәрбиесі, білімі, тәртібіне әсер етеді. 
Психологиялық – педагогикалық шарттар оқу үдерісі субъекттеріне тікелей 
әсер етіп, олардың белгілі бір бағытта қалыптасып, дамуына ықпал етеді. Біздің 
зерттеу жұмысымыз жағдайында шарт –педагогтердің біліктілікті арттыру 
жағдайында оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс-әрекетін дамытуға ықпал 
ететін жағдайларды сипаттап, оларды жүзеге асыру тетіктерін нақтылайды.
Ғылыми еңбектердегі «шарт» ұғымына байланысты мәліметтерді жинақтап, 
саралай отырып, біз «шарт» – оқыту үдерісі қатысушыларының белгілі бір 
біліктері мен дағдыларының қалыптасуы мен дамуына әсер ететін жағдайлар 
деп санаймыз.Зерттеу жұмысымыздың мақсатына сәйкес педагогтердің 
біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс -
әрекетін дамытуға ықпал ететін шарттарды педагогтердің бағалау іс – әрекетіне 
қойылатын заманауи талаптар аясында талдай отырып, төмендегідей тізбектеуді 
дұрыс деп шештік: 
- Біліктілікті арттыру жағдайында білім беру бағдарламалары мазмұнының


91 
педагогтердің бағалау іс - әрекетін дамытуға бағыттылығы;
- Педагогтердің біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу 
жетістіктерін бағалау іс-әрекетінің дамуын тиімді ететін инновациялық 
технологиялар, тренингтер, озық тәжірибелер, әдістемелік семинарларды 
қолдану. 
(Оқытуды педагогтің білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудағы 
қиындықтар аймағы мен сәйкестендіре ұйымдастыру;)
- Педагогтердің оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс -әрекетін тиімді 
ететін эталондар мен ресурстарды құрастыру және қолдану. 
- Педагогтердің 
бағалау іс – әрекетін үздіксіз психологиялық, 
педагогикалық, әдістемелік сүйемелдеу. 
Енді осы шарттардың сипаттамаларына тоқталып өтейік. Педагогтердің
кәсіби дағдыларын дамытып,оларды заман талабына сай даярлау,қайта даярлау 
педагогикалық ЖООлар, колледждер және біліктілікті арттыру ұйымдарының 
негізгі міндеттерінің бірі. Педагогтердің бұрын алған кәсіби білімдері мен 
дағдыларын жаңа білімдер мен толықтыру, тереңдету мақсатында ғылым мен 
техниканың, экономиканың дамуына сәйкес олардың қажеттіліктерін 
қанағаттандыру қажет. 
Біз ғылыми жұмысымызда зерттеп отырған педагогтердің біліктілікті 
арттыру жағдайында оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс-әрекетін жаңа 
білім парадигмасы аясында дамыту мәселесі ғылыми тұрғыдан жеткілікті 
дәрежеде қарастырылмаған.Оның себебі, педагогтердің оқушылардың оқу 
жетістіктерін бағалау іс-әрекеті мәселесінің білім беру саласында жаңа бағыт 
екендігі, оқу жетістіктерін бағалауда әлі де қайта қарастырылуға тиіс 
мәселелердің орын алуы болып табылады. Ендеше, бұл мәселені тиімді ету үшін 
алғашқы кезеңде педагогтерді даярлау және қайта даярлау,олардың біліктілігін 
арттыруда оқыту мазмұнын жаңа талаптар негізінде жаңарту арқылы білім беру 
мазмұнын қайта жобалау қажеттілігі туындайды. 
Білім беру мазмұны – жеке адамның біліктілігін жан-жақты дамыту үшін 
негіз болып табылатын білім берудің әрбір деңгейі бойынша білімдер жүйесі 
(кешені). Білім беру мазмұны білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті 
стандарттары негізінде әзірленетін білім беретін оқу бағдарламаларымен 
айқындалады. Біздің жағдайымызда, білім беру педагогтердің біліктілігін 
арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу, сондай- ақ педагогтің қызметін 
курстан кейінгі қолдау қағидалары негізінде, ҚР «Білім туралы» заңына сәйкес
жаңарту,толықтыру маңызды. 
Білім мазмұны педагог қызметкерлердің біліктілігін дамытуда 
қолданылатын білік және дағдылар жүйесі, құзыреттіліктер, бағалау іс – әрекеті, 
креативті іс – әрекет, коммуникативтілік болып табылады. Білім мазмұны жеке 
тұлғаны заман талабына сай жан – жақты дамытуға бағытталады.
Педагогтердің бағалау іс – әрекетін дамыту бойынша білім мазмұны 
төмендегі бағыттарды өз ішіне алуы тиіс деп санаймыз: 
- білім беру саласында қолданылатын негізгі ұғымдар,терминдер және 
ғылыми білімдер; 


92 
- білім мазмұнын айқындауға мүмкіндік беретін нормативтік - құқықтық 
құжаттар; 
- көтерілген мәселеге байланысты ғылыми дәлелдер, фактілер; 
- мәселенің маңыздылығын айқындайтын озық тәжірибелер; 
- бағалау нормалары туралы білімдер; 
- тиімділігі дәлелденген әдіс – тәсілдер мен жұмыс формалары туралы 
білімдер; 
- білім берудегі жаңа әдістемелер. 
Біздің жағдайымызда аталған бағыттардың ішінде білім алушыны 
жетістікке мотивациялау, оқыту үдерісінде бағалауды жүзеге асыру бойынша
әдіс – тәсілдер маңызды болып табылады. Демек, бұл мәселелер арнайы 
қарастырылатын біліктілікті арттыру курсының оқу бағдарламасында болуы 
тиіс. Бұл біліктілікті арттыру жағдайында педагогтердің оқушылардың оқу 
жетістіктерін бағалау іс - әрекетін дамытудың алғышарттарының бірі.Сол 
себептен, педагогтерге бағалау мәселелерін, бағалауды ұйымдастыру бойынша 
тәжірибелік жұмыстарды ғылыми зерттеулер мен тәжірибені ұштастыра отырып 
түсіндіруге мүмкіндік беретін біліктілікті арттыру курсының мазмұнын 
құрастыруды мақсат еттік. 
Педагогтерді даярлау және олардың біліктілігін арттыруда оқыту 
бағдарламалары мазмұнының педагогтердің бағалау іс - әрекетін дамытуға 
бағыттылығын жүзеге асыру мақсатында құрастырылған «Жаңартылған білім 
беру жағдайында педагогтің бағалау іс - әрекетінің психологиялық – 
педагогикалық негіздері» атты қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курсы біздің 
зерттеу жұмысымыздың когнетивтік блогын құрайды. Ал технологиялық блогқа 
педагогтің бағалау іс-әрекетін дамытуға мүмкіндік беретін тәжірибеге 
бағытталған арнайы семинар – тренингтер, технологиялар мен әдістерді 
қолдану, психологиялық - педагогикалық, әдістемелік сүйемелдеу жатады. 
Төменде «Жаңартылған білім беру жағдайында педагогтің бағалау іс - 
әрекетінің психологиялық – педагогикалық негіздері» атты білім беру 
бағдарламасының оқу – тақырыптық жоспары келтіріледі.Бұл білім беру 
бағдарламасы инвариантты және вариативті блоктан құралған болып, модульдік 
қағидаға негізделген.Бағдарлама Заманауи білім берудің психологиялық – 
педагогикалық және нормативтік аспектілері, білім беру сапасын арттыру 
ахуалында бағалау үдерісін ұйымдастыру,
педагогтердің ІТ құзыреттілігін 
дамыту,
вариативтік модульдрден құралған және барлық санаттағы жалпы орта 
білім беру ұйымдарының гуманитарлық бағыттағы пәндер педагогтерінің 
біліктілігін арттыруға арналған. 
Барлық санаттағы гуманитарлық бағыттағы пәндер педагогтеріне арналған 
біліктілікті арттыру курсының мақсаты педагогтердің бағалау іс - әрекетінің 
ерекшеліктерін, принциптерін, бағалаудың психологиялық – педагогикалық 
негіздерін айқындау, кәсіби құзыреттіліктерін дамыту болып табылады. 
Білім беру бағдарламасының мазмұны аясында педагогтердің бағалау іс - 
әрекетін дамытудың міндеттері: 


93 
- жаңартылған білім беру жағдайында педагогтің бағалау іс – әрекеті туралы 
теориялық және тәжірибелік білімдерін өзектендіру; 
- оқу және оқыту үдерісінде білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау
біліктерін дамыту; 
- педагогтің бағалау іс - әрекетінің психологиялық - педагогикалық 
негіздерін айқындау; 
- бағалаудың инновациялық әдістерін ендіру бойынша дағдыларын 
жетілдіру. 
Біліктілікті арттыру курсының соңында тыңдаушылар (педагогтер): 
1.Оқу және оқыту үдерісінде білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау 
мәселесіне арналған нормативтік құжаттарды қолданады;
2.Оқыту үдерісінде оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс – әрекетін 
тиімді жүзеге асырады;
3.Бағалау құралдары мен ресурстарын, бағалау стратегияларын оқыту 
үдерісінде тиімді қолданады; 
4.Оқу және оқыту үдерісінде білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау 
дағдылары дамиды.
Бұл білім беру бағдарламасы бойынша күндізгі оқу курсы 80 академиялық 
сағатты құрайды: 
Кесте 12 - «Жаңартылған білім беру жағдайында педагогтердің бағалау іс – 
әрекетінің психологиялық – педагогикалық негіздері» тақырыбындағы курстың 
оқу – тақырыптық жоспары 
№ 
Сабақтың тақырыптары 
Дә
рісте
р 
Т
аң
да
уд
әрісі
Т
әж
іри
бе
лік
са
ба
қ 
Т
ре
ни
нг
С
ем
ин
ар
Дөң
ге
ле
күс
тел
Өз
ін
дік
ж
ұм
ы
с 
Ж
об
а 
қорғ
ау
Т
ес
ті
ле
у 
Б
арлы
ғы









10 
11 
12 
Модуль атаулары 
32 


12 
16 



80 
І 
Заманауи білім берудің психоло 
гиялық – педагогикалық және 
нормативтік аспектілері 


12 
1.1 
ҚР білім беруді және ғылымды
дамытудың 
мемлекеттік 
бағдарламалары 


1.2 
Жаңартылған 
мазмұндағы 
(бастауыш, негізгі және жалпы орта 
білім беру) мемлекеттік жалпыға 
міндетті білім беру стандарттарында 
оқу 
жетістіктерін 
бағалауға 
қойылатын талаптар 


1.3 
Білім 
алушылардың 
оқу 
жетістіктерін 
бағалаудың 
психологиялық – педагогикалық 
негіздері 





94 
12 – кестенің жалғасы 

2







10 
11 
12 
1.4 
Оқу жетістіктерін бағалау үдерісінде 
білім алушыларға психологиялық 
қолдау көрсетудың маңызы 



ІІ 
Білім 
беру 
сапасын 
арттыру 
ахуалында 
бағалау 
үдерісін 
ұйымдастыру 
24 


16 



56 
2.1 
Білім 
алушылардың 
оқу 
жетістіктерін 
критериалды 
бағалаудың маңызы 


2.2 
Жалпы орта білім беру жүйесінде 
білім 
алушылардың 
оқу 
жетістіктерін 
бағалаудың 
концептуалды негіздері


2.3 
Критериалды 
бағалау: 
қалыптастырушы 
бағалау 
және 
жиынтық бағалау 



2.4 
Жаңартылған мазмұндағы білім 
беруде педагогтің бағалау іс - 
әрекетінің 
мәні, 
мазмұны, 
қызметі, ұстанымдары



2.5 
Метапәндік нәтижелерді бағалау 
жолдары 


2.6 
Оқу 
жетістіктерін 
бағалауда 
педагогтің рефлексивтік іс -
әрекеті және оның ерекшеліктері 



2.7 
Құзыреттілікке 
бағдарланған 
тапсырмалар 
және 
оларды 
бағалау. 



2.8 
Сабақты жобалау және бағалауды 
жобалау(тәжірибелік алаң) 



2.9 
Жиынтық бағалауға арналған 
тапсырмалар 
және 
олардың 
ерекшеліктері 



2.10 
Бағалаушылық пікірдің білім 
алушы мотивациясына әсері 



2.11 
Бағалау 
іс 

әрекеті: 
таным,үдеріс,дамыту,тәрбие 


2.12 
Бағалау үдерісінде педагогтің 
ұйымдастырушылық 
және 
коммуникативтік іс -әрекеті 



2.13 
Қашықтықтан оқыту жағдайында 
педагогтің бағалау іс – әрекетінің 
ерекшеліктері 


2.14 
Қалыптастырушы бағалау - сыни 
талдау дағдыларының тиімді құралы 
ретінде 




95 
12 – кестенің жалғасы 









10 
11 
12 
2.15 
Әлеуметтік қарым – қатынас 
(педагог, білім алушы, ата – 
ана,қоғам) аясында педагогтің 
бағалау іс – әрекетінің рөлі


2.16 
Мұғалімдердің 
кәсіби 
құзыреттіліктерінің 
қалыптасу
деңгейін анықтау (Қорытынды) 



2.17 
Рефлексия және біліктілікті арттыру 
курсын қорытындылау


ІІІ 
Педагогтердің ІТ құзыреттілігін 
дамыту 


3.1 
Цифрлық 
ресурстар 
және 
виртуалды лабораториялар мен 
құрылғыларды қолдану әдістерін 
үйрену (BilimLand (БілімЛэнд)
және т.б.)


3.2 
Білім беру ұйымдарында сандық 
білім 
беруді 
ұйымдастыру: 
электронды үкімет порталымен 
жұмыс 
(EGov) 
«Күнделік» 
автоматтандырылған ақпараттық 
жүйемен жұмыс


Вариативтік модуль 


4.1 
Б.Блумның танымдық деңгейлері 
негізінде тапсырмалар құрастыру 
және оларды бағалау 


4.2 
Критериалды бағалау:Дескриптор 


4.3 
Бағалау – тұлғаның жеке қасиеттерін 
қалыптастыру қуралы ретінде


Барлығы: 
32 


12 
16 



80 
«Жаңартылған мазмұндағы білім беру жағдайында педагогтің бағалау іс - 
әрекетінің психологиялық – педагогикалық негіздері» атты біліктілікті арттыру 
курсының маңызы зор.Бұл біліктілікті арттыру курсы педагогтердің біліктілікті 
арттыру жағдайында оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс -әрекетін 
дамытуға негіз болады деп санаймыз. 
Педагогтердің біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу 
жетістіктерін бағалау іс -әрекетін дамытудың біз ұсынып отырған келесі шарты: 

Педагогтердің біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу 
жетістіктерін бағалау іс-әрекетінің дамуын тиімді ететін инновациялық 
технологиялар, тренингтер, озық тәжірибелер, әдістемелік семинарларды 
қолдану. 
(Оқытуды педагогтің жетістікті бағалаудағы қиындықтар аймағы мен 
сәйкестендіре ұйымдастыру)
Заманауи біліктілікті арттыру жүйесі әлемдік білім беру ресурстарын өз 
тәжірибелеріне кіріктіріп, педагогтердің күнделікті тәжірибелеріне керекті 


96 
инновациялық технологияларды ұсынуы шарт.«Инновациялық технология» 
ұғымы бүгінгі таңда білім берудің барлық салаларында қолданысқа ие болған 
заманауи ұғым. 
Қазақстанда ең алғашқы болып «Инновация» ұғымына қазақ тілінде 
анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов.Ғалымның пікірінше
«Инновация, инновациялық үрдіс— білім беру мекемелерінің жаңалықтарды 
жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі» 
Н.Нұрахметов «Инновация» білімнің мазмұнында, әдістемеде, технологияда, 
оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады 
деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін 
бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке — дара, бір-бірімен байланыспаған); 
модульдік түрі (жеке — дара кешені, бір-бірімен байланысқан); жүйелі түрі 
(мектепті толық қамтитын). 
Инновациялық педагогикалық технологиялар – оқу үдерісін тиімді ететін 
кешенді іс – шаралар болып табылады.Оқыту технологиялары оқыту үдерісін 
басқаруға мүмкіндік береді және білім алушы іс - әрекетін ұйымдастыру және 
сол іс - әрекетті бақылауды қамтиді. 
Л.Н Шульгинаның пікірінше педагогикалық технологиялар - өзгермелі 
жағдайда оқу – тәрбие үдерісін болжанған нәтижеге жетуде инструменталды 
қамтамасыз ететін реттелген әрекеттер жиынтығы[243;7] Демек,инновациялық 
педагогикалық технологиялар оқыту үдерісін тиімді ету мақсатында 
қолданылады. 
Біздің зерттеу жұмысымыз жағдайында біз әдістемелік инновацияларды 
қолдануға тоқталамыз.Себебі, біліктілікті арттыру жағдайында педагогтердің 
бағалау іс - әрекетін дамыту біліктілікті арттыру үдерісінде инновациялық 
технологияларды тиімді қолдану арқылы мүмкін болады деп санаймыз. 
Әдістемелік 
инновациялар 
оқыту 
үдерісіне 
жаңа 
педагогикалық 
технологияларды кіріктіру, енгізу мен сипатталады. 
Біздің ойымызша, әдістемелік инновациялар бұл оқу - оқыту үдерісінде 
инновациялық әдістерді қолдану мен сипатталады.Ендеше, біздің зерттеу 
жұмысымыз аясында қолданылатын әдістемелік инновацияларға сипаттама 
берейік.
Сурет 16 - Әдістемелік инновациялар 
Педагогтің бағалау іс – әрекетін дамыту процесін ұйымдастыруда
қолданылатын технологиялардың бірі ол – кейс технологиясы немесе Casy stady. 
Әдістемелік 
инновациялар
Қашықтықтан 
оқыту 
технологиясы
кейс 
технологи
ясы
рөлдік,
іскерлік 
ойындар
ақпараттық 
коммуникац
иялық 
технологиял
ар
Модульдік 
оқыту 
технологияс
ы
СТО 
технологияс
ы


97 
Кейс технологиясы білім беруде нақты мәселе немесе жағдаяттарды сыни 
талдауға, білім алушының білім , біліктерін дамытуғағана емес, сондай – ақ, 
зияткерлік және коммуникативтік әлеуетін дамытуға негізделген. 
Кейс әдісінің технологиялық ерекшеліктері: 
- зерттеушілік және аналитикалық технологияның бір түрі ретінде зерттеу 
процесі мен аналитикалық рәсімдерді өз ішіне алады; 
- кейс әдісі ұжымдық оқыту технологиясы ретінде топта, шағын топтарда 
ақпаратпен өз ара бөлісуге негізделген; 
- кейс әдісі синергетикалық технология ретінде топтарды белгілі
жағдаяттарға шөгіру арқылы білімді дамытуға негізделген; 
- Casy stady жобалау технологиясының бір түрі ретінде қолданылады, 
сонымен бір қатарда дамыта оқытуды өз ішіне алады; 
- Тыңдаушыларды белсенді іс – әрекетке жұмылдыру арқылы жетістік 
жағдаятын тудырады. 
Біздің зерттеу жұмысымызда Casy stady технологиясы педагогтердің 
бағалау іс – әрекетін дамытуға негізделген оқыту жағдаяттарының шешімін 
табуда қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет