Масимова хуршидам ташболатовна



Pdf көрінісі
бет34/68
Дата05.04.2024
өлшемі4.3 Mb.
#497779
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   68
жетісітк бағалау


 С.И Змеев ересек білім алушылардың оқу үдерісіндегі келесі 
ерекшеліктерін атап көрсетеді:
1. Ересек адам өзін дербес, өзін – өзі басқара алатын тұлға ретінде сезінеді; 
2. Ересек адам өзінің және әріптестерінің білім алуында маңызды дереккөз бола 
алатын үлкен өмірлік (тұрмыстық,кәсіби,әлеуметтік) тәжірибелер қорын
жинақтайды; 
3.Ересек адамның оқуға болған дайындығы (мотивация) оның оқу әрекеті 
арқылы өмірдегі маңызды мәселелерді шешіп, нақты мақсатқа жетуіне болған 
құлшынысын анықтайды
4. Ол тұлғалық ерекшеліктері мен құндылықты бағдарларын алған білім, білік, 
дағдыларын кідіртпей жүзеге асыруға тырысады; 
5.Ересек адамның оқу әрекеті әлеуметтік, кәсіби, тұрмыстық, кеңістік, уақыттық 
факторлар (шарттар) мен байланысты [260;96]. 
Ересек адамдарды оқыту үдерісі олардың физиологиялық, психологиялық 
ерекшеліктеріне негізделе отырып ұйымдастырылады.Ересек адамдарды оқыту 
үдерісіндегі негізгі тұлға ол білім алушы.Бұл орайда, оқытушының қызметі
білім алушының жеке тәжірибесіне сүйене отырып оның білімін анықтау, 
жүйелеу, түзету, толықтыру болып табылады. 
Ересектерге білім беру мәселесін зерттеген ғалымдар - Б.Г. Ананьев, Б.М. 
Бим-Бад, А.П. Владиславлев, С.Г. Вершловский, В.Г. Воронцова, М.Т. Громкова, 
А.В. Доринский, С.И. Змеев, Ю.Н. Кулюткин, Л.Н. Лесохина, Э.М. Никитин, В.Г. 
Онушкин, А.П. Ситник, Г.С. Сухобская т.б өз еңбектерінде ересектерді 
оқытудың теориясы мен практикасының келесі тұжырымдарын анықтаған: 


121 
1.Құндылықты өмір.Ересектерді оқыту үрдісінде олардың өзін – өзі позитивті 
дамытуы үшін білім беру субъекттері іс-әрекетінің негізі болған 
құндылықтардың маңызын түсінуге мүмкіндік беретін жағдаяттарды құрастыру 
оларды түсіну және қабылдау үрдісінде эмоционалды түрде бастан кешіру -
«өмір сүру» жағдаятын құру қажет.Адам өзі бастан кешірмеген нәрсе әрекеттік 
деңгейде қабылданбайды.Ересектерді оқыту үрдісі олардың өмірлік 
тәжірибелері мен байланысты жүзеге асуы қажет. 
2.Оқытудың белсенді әдістерін қолдану.Ересек білім алушы өз құндылықтары 
және кәсіби стереотиптерін оларды әрекеттік деңгейде және тәжірибеде 
ауыстыру және олардан бас тарту керектігін сезінбегенше ұстанады.Бұл мәселені 
шешу үшін белсенді оқыту формаларын - топтық жұмысттарды қолдану қажет. 
Шағын топтарда жұмыс жасау түрлі өмірлік және кәсіби тәжірибесі бар, түрлі 
психологилық ерекшеліктері мен мұқтаждықтары бар ересек адамдардың 
бірлескен нәтижелі жұмысын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
3.Оқыту үрдісінің «аяқталуы» оның нәтижелерінің рәсімделуі.Бұл оқу үрдісіне 
болған жоғары мотивацияны дамыту және оны сақтаудың бір жолы.Оқу – оқыту 
үрдісінің нәтижесіне технологиялар, кәсіби әрекет бағдарламаларын, әдістеме 
және авторлық бағдарламалар, бағдарлама және жобалар,таныстырылымдарды 
жатқызуға болады.Сонымен бір қатарда ғалымдар, педагогтердің ғылыми көз 
қарастарын өз тәжірибесімен салыстырып, талдау жасауға мүмкіндік беретін 
рефераттар дайындату тәжірибесіде маңызды. 
4.«Шөгерілу». Бұл оқу әрекеті белгілі бір уақыт аралығында негізгі болып келген 
кезде қолданылады.Шөгіру оқыту үрдісінде қалыптасқан ортадан арылту,зейінді 
мақсатқа жетуге аудару қатарлы әрекеттердің жүзеге асуын қамтамасыз етеді.
5.Білім беру нәтижелері мен оның кезеңдерін рефлексивтік сүйемелдеу.Бұл 
жағдайда ересек адам өз әрекетін жоспарлайтын, ұйымдастыратын, талдайтын 
басқару объекті «Мен - орындаушы», және басқару субъекті «Мен - бақылаушы» 
ретінде әрекет етеді. 
Ғылыми зерттеу тәжірибелерінде анықталғандай ересек білім алушылар 
өз кәсіби іс – әрекетін талдау барысында қиындықтарға тап болады.Өз әрекетіне 
рефлексия жасаудың орнына жағдаяттар талданады және бұл жоғары 
эмоционалдық шиеленіске әкеледі.Олар өз әрекетінің сәтсіздікке ұшырауын 
«сыртқы себептер»-басшылардың жамандығы, елдегі ахуал т.б әсерінен деп 
біледі. Оқыту үдерісінде рефлексивтік сүйемелдеу әдістерін үйрену арқылы 
оқыту үрдісі субъекттері өз сәтсіздіктерінің «ішкі» себептерін іздей бастайды.
6.Келісілген коммуникативтік мәдениет.Ересек адамдар оқуға өздерінің өткен 
кәсіби және өмірлік тәжірибесі,түрлі коммуникативтік субмәдениетке ие болып 
келеді. Бұл жағдайда, тек қалыптасқан коммуникативтік мәдениеттің болуы 
диалог арқылы бірлескен ұжымдық әрекетке қосылуға мүмкіндік береді. 
Ересектер арасында тиімді қарым – қатынасты орнатуды үйрететін маңызды 
қурал ол – нақты жағдаяттарға негізделген тренингтер болып саналады.
7.Оқыту үдерісін ұйымдастыруда модульдік оқытуды қолдану.Оқытудың 
модульдік принципі білім алушылардың талаптарына сүйене отырып, олардың 


122 
қажеттіліктерінің өзгеруіне байланысты оқытуды қайта өзгертуге мүмкіндік 
береді. 
Аталған тұжырымдар педагогтерді оқыту үдерісін ұйымдастырудың жаңа 
моделін құрастыруға мүмкіндік береді. Біліктілікті арттыру жағдайында 
педагогтердің бағалау іс - әрекетін дамыту үдерісін ұйымдастыру барысында 
оқытушы (андрагог) ересектерді оқытудың психологиялық, педагогикалық, 
андрогогикалық принциптерін негізге алуы қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет