142
Модельдеу ғылыми зерттеу әдістерінің бірі болып, педагогикада кеңінен
қолданылады. Модельдеу әдісі педагогикалық зерттеудегі эмпирикалық және
теориялық тұжырымдарды біріктіруге мүмкіндік беретін интегративті әдіс.
Біздің зерттеу жұмысымыз жағдайында модельдеудің
мақсаты белгілі бір
педагогикалық нысан бойынша қорытынды жасау арқылы жаңа білімді алу.
Зерттеу мәселесіне байланысты құралатын құрылымдық – мазмұндық
модель мақсаты – педагогтердің білктілікті арттыру жағдайында оқушылардың
оқу жетістіктерін бағалау іс - әрекетін дамыту. Зерттеу моделін құрастыру
барысында модельдеу үдерісінің негізгі принциптерін басшылыққа алдық.
Модельдеу үдерісінің принциптері ретінде төмендегілерді көрсетуге болады:
- Адекваттылық принципі – модельдің қорытынды мақсат, міндеттерге
сәйкестігі;
- Дамытушылық принципі – құрастырылған жүйенің жаңа парадигмалар
негізінде үздіксіз дамуын қамтамасыз етеді;
- Даралық – үдерістің әр бір қатысушысының қажеттіліктерін
қанағаттандыру.
Модельдеудің бұл принциптері негізінде заманауи модельдерге
қойылатын негізгі талап ол икемділік және өзгермелі қоғам талаптарына
үйлестіру мүмкіндігінің болуы.
Ғылыми зерттеу жұмысымыздың мазмұны мен нысанының арасындағы
байланысты жүйелеу арқылы құрастырылатын модель педагогтердің біліктілікті
арттыру жағдайында оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс – әрекетін
дамытуға негіз болады деп санаймыз.
Ғылыми зерттеу жұмысымыздың теориялық
бөлімінің нәтижесі ретінде
педагогтердің оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс - әрекетін дамыту
бойынша құрылымдық – мазмұндық модельді құрастыру барысында зерттеу
мәселемізге байланысты бір қатар ғылыми еңбектердегі модельдердің
өзгешеліктерін қарастырып, талдау жасадық.
А.Г Пачина бастауыш сынып мұғалімдерінің бағалау іс - әрекетін дамыту
құндылықты – бағдарлы,мазмұнды – операционалды және рефлексивтік
компоненттер негізінде мүмкін болады,- деп санайды және А.И Мищенко, Л.С
Подымова, В.А Сластениннің пікірлері мен келісіп отырып, бағалау іс - әрекетіне
дайындық құндылықты – бағдарлы, когнетивті, мазмұндық – операционалды
және рефлексивті компоненттердің бірлігі мен ерекшеленеді деп тұжырымдайды
[275;14]. Пачинаның пікірінше педагогтің бағалау іс
- әрекетін басқару
білікітілікті арттыру курстары аясында мүмкін болады.
Н.Ю Волковинская болса, мұғалімнің бағалау іс - әрекетін біліктілікті
арттыруда қалыптастыруды М.Т Громкова, С.И Змееваның зерттеулері негізінде
қарастырып, мотивациялық, мақсаттық, мазмұндық, технологиялық, нәтижелік
компоненттерді бөліп көрсетеді [74;67].
Л.А Баландина мектепке дейінгі ұйымдар басшыларының бағалау іс -
әрекетін
қалыптастыруда
мотивациялық
–
мақсаттық,
мазмұндық,
технологиялық, зерттеушілік компоненттерді негізгі компоненттер ретінде
қарастырады[78;17].
Баландина
тарапынан
құрастырылған
модельдегі
143
зерттеушілік компонент педагогтің педагогтермен, білім алушылармен қарым –
қатынас жасауда өзін – өзі басқару,бақылау бойынша
білім және біліктерді
игеру,педагогикалық қарым – қатынас жасау жағдаяттарында өз тәртібін
басқару, түзету, өзін – өзі бағалау, жүйелі түрде өз әрекетін талдау, өзін – өзі
дамыту мәселелерін өз ішіне алады.
Е.В Иващенконың болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін оқушылардың
оқу жетістіктерін бағалауға дайындау бойынша құрастырған моделінің негізін
мақсаттық, мазмұндық, технологиялық, критериалды –
нәтижелі блоктар
құрайды [83;13]. Критериалды – нәтижелі компонент С.А. Осокина, В.Л.
Синебрюхова, Е.Л. Перькова, А.П. Тарасова, Е.В. Шаталованың кәсіби –
педагогикалық іс - әрекетке дайындықты анықтау бойынша құрастырылған
критерийлер жүйесіне негізделген болып, бағалау іс - әрекетіне болған
эмоционалды – құндылықты қарым – қатынас,оқушылардың оқу жетістіктерін
бағалауға
қажетті білімінің қалыптасуы,технологиялық біліктері, рефлексивтік
әрекеті қатарлы критерийлерден құралған.
Зерттеу
жұмысымыз
моделінің
мақсаты
анықталғаннан
кейін
педагогтердің оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс - әрекетінің теориялық
- әдіснамалық негіздерін қарастырамыз. Педагогтердің біліктілікті арттыру
жағдайында оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс - әрекетін дамытудың
құрылымдық – мазмұндық моделін құруда 1.3- тармақшасында айқындалған
жүйелілік – іс - әрекеттік, аксиологиялық,
акмеологиялық, синергетикалық
тұғырларды негізге аламыз.
Педагогтердің бағалау іс - әрекетін дамытуға негізделген ғылыми – зерттеу
жұмыстарын талдай отырып, өз зерттеу жұмысымыздың мақсат , міндеттеріне
сәйкес, біз педагогтердің білктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу
жетістіктерін бағалау іс - әрекетін дамытуда келесі төрт компонентті негізге
аламыз:
Достарыңызбен бөлісу: