Массаж жасаушының негізгі міндеттеріне мыналар жатады



Дата08.03.2024
өлшемі8.62 Kb.
#494738
Қазіргі таңда массаж жеке


Массаж жасаушы – бұл адамның қал-жағдайын жақсартып, денесіне үстірт механикалық әсер беретін маман. Массаж жасаушыны алаңдататын басты мәселе – адамға зиянын тигізіп алмау.


Массаж жасаушының бойында сабырлық және өзіне-өзі деген сенімділік, жауапкеркершілік, көпшілдік, мейірімділік және әрбір пациенттің бабын таба білу, ілтипаттылық, салмақтылық, үнемі даму мен оқуға ұмтылу сияқты қасиеттер болуы керек. Жұмысы көп жүктемемен байланысты болғандықтан, дене күші мен төзімділігінің маңызы зор.
Массаж жасаушының негізгі міндеттеріне мыналар жатады:

-клиентті процедураға дайындау;


-массаждың қажетті түрін қолмен немесе -арнайы құрылғылардың көмегімен орындау;
-массажды мануалды терапиямен, емдік -дене шынықтырумен немесе дәрігер тағайындаған басқа да процедуралармен үйлестіру;
-процедура кезінде пациенттің жағдайын бақылау;
-келушілерге кеңес беру;
-кабинетте гигиеналық нормаларды және қауіпсіздік техникасын сақтау;
-тиісті құжаттаманы жүргізу;
-қажет болған жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсету.

Жоғары деңгейдегі маман болу үшін 3 жыл қажет.


Қазіргі таңда массаж жеке
дара емдеу әдісі ретінде
танымал. Массаждың
мақсаты ауруға шалдыққан
немесе жарақатқа
ұшыраған организм
ағзаларының қызметін
қалпына келтіру, науқасты
оңалту болып табылады.
3. Массаж бөлмесінде емдік процесті ұйымдастыру
Массаж жасаудың тиімділігі бірқатар
жағдайларға байланысты, соның
ішінде массаж жасайтын бөлменің
техникалық жабдықталуы, бөлменің
жалпы жағдайы, массаж жасаушы
адамның дайындығы, науқас
организмінің функциялық жағдайы
мен сырқатының ауырлығы, сонымен
қатар емшараның ұзақтығы.
4. Массаж бөлмесінің жабдықталуы:
Массаж жасау үшін көлемі 8-10
м2 ,жақсы жарықталған, жылы,
ауасы жаңарып отыратын жеке
бөлмені жабдықтайды.
Бөлменің температурасы + 20
градустан төмен түспеуін,
бөлменің іші құрғақ болуын
қадағалайды. Көршілес массаж
бөлмелері өткелдермен
жалғасады. Егер бір бөлмеде
бірнеше массаж жасаушы жұмыс
істесе, онда әрбірінің жұмыс
орыны оқшауланады. Осы
мақсатта ұзындығы 2,2 м2 , 3,4
м2 кабиналар жабдықталады.
5.
6.
Диаметрі 20 см, ұзындығы 50-60 см болатын аяқты қоюға
арналған білікше жастықшалар (валик) қажет. Олар аяқты
орта физиологиялық жағдайда орналастырғанда
қолданылады. Мысалы, науқас етпетінен жатса білікшені
сирақ табан буыны астына, ал шалқасынан жатқан
науқастың тізесінің астына орналастырады.
7.
8.
Сонымен қатар бөлмеге
бұрандалы орындықтар,
аяққа арналған орындықтар,
ақ жайма, халат , орамал,
массажға арналған
құралдарды сақтауға
арналған шкаф қойылады.
9.
Дәрі дәрмектер салынған қобдишаның болуы қажет
онда мақта мата , йодтың спиртті ерітіндісі,
брилиантты жасыл ерітінді, лейкопластрь, камфора
валерианды тамшылар, майлар, себетін ұнтақтар,
термометр, тальк, балалар жақпасы сақталады.
10.
Сонымен қатар
массаж бөлмесінде
суық, ыстық сумен
жабдықталған
қолжуғыш, сабын,
дезинфекция
жасайтын ерітінділер
мен қолды өңдеуге
арналған құралдар,
ішетін суға арналған
ыдыс, ширма болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет