МАССИВТЕР
Сілтемелік тип туралы мағлұмат
C# тілінде айнымалылардың екі типі бар:
- Мәнді. Мәнді типтегі айнымалылар сәйкес типте деректер мәнін сақтайды .
- Сілтемелік. Сілтемелік айнымалылар компьютер жадының физикалық адресін сақтайды, физикалық адпес бойынша компьютер жадында деректердің сәйкес мәндері орналасады.
Деректерді сақтау үшін мәнді типтегі айнымалыларға жады бағдарлама компиляциясы кезінде орындалады.
Кейде мәнді типтегі айнымалылар үшін компьютер жадын үлестіруді жадының статикадық үлестіруі деп атайды.
Мәнді типтегі барлық айнымалылар бағдарламалық стекте орналасады
Сілтемелік типті айнымалыларға жады new операторының көмегімен бағдарлама орындалу барысында бөлінеді.
Сілтемелік типті айнымалыларға компьютер жадысын үлестіруді – жадының динамикалық үлестіруі деп аталады.
Сілтемелік тип әдетте құрылымы күрделі деректерді ұйымдастыру үшін қолданылады:
- массивтер,
- жолдар,
- кластар типіндегі деректер.
Барлық осы деректер үйінді (куча) деп аталатын компьютердің арнайы жадында сақталады. Сілтемелік типті айнымалылар - операциялық жүйе басқаратын үйіндіде орналасады.
.
Массив'>МАССИВТЕР
Сілтемелік тип туралы мағлұмат
Массив дегеніміз – бір айнымалы арқылы бір типтегі айнымалылар тобын сипаттау формасы.
Массив - деректер жинағын сақтау үшін пайдаланылатын ең негізгі тип.
Массив элементтерді қамтиды және оларға тік жақшалар [] арқылы индекс сілтеме жасайды.
Массив ұғымы
МАССИВТЕР
Массивке біріктірілетін барлық айнымалылар 0-ден n-ге дейін нөмірленеді және әрбір айнымалыға өз нөмірі - индексә сәйкес қойылған.
Нақты бір массив айнымалысын қолдану үшін массив атауын және айнымалы индексін көрсету керек. Сондықтан массив айнымалысын индексті айнымалы деп жиі атайды.
Бағдарламада массивті сипаттау екі кезеңнен тұрады:
- массивті жариялау
- массив инициализациясы.
Массивті жариялауда айнымалы типі мен аты анықталады, мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: |