Мақта егістігіндегі арамшөптерге қарсы жаңа гербицидтердің әсері



Дата14.06.2016
өлшемі66 Kb.
#135811
ӘОЖ 338.43

Мақта егістігіндегі арамшөптерге қарсы жаңа гербицидтердің әсері

Биғараев О.,Үмбетаев И., Қостақов А., МШҒЗИ., Атакент қ.


Мақта егістіктерінде арамшөптердің көбеюі мақтадан сапалы өнім алуға айтарлықтай кері әсерін тигізетіні белгілі.

Арамшөптерге қарсы күрес дер кезінде жүргізілмей, тиісті шаралар қолданылмаса ол шаруашылыққа экономикалық орасан зор зиян келтіреді. Арамшөптің шитті мақта өніміне келтіретін зияны 25-30 пайызға жетіп, кейде одан да асады.

Мырзашөл өңірінің байырғы суармалы жерлерінде арамшөптер орасан көп зиян тигізуде. Бұл аймақтардың мақта егістік жерлерінде құмай, ажырық сияқты өте зиянды арамшөптердің көп болуына жол беріліп келеді. Жоғарыда айтылған бұл арамшөптер тез өсіп, көбейетін өсімдік болып табылады. Арамшөптер ерекше жағдайды қажет етпейді және олар өсімтал, өмірге бейім келеді, сондықтан оларға қарсы күрес үнемі және қатаң түрде жүргізілуі керек. Арамшөптер әсіресе мақта далаларында тез өсіп, тез жетіледі. Мысалы, мақта далаларында құмай, ажырық, шырмауық сияқты шөптерді өте жиі кездестіруге болады. Мұндай жағдайда жоғары не болмаса тіпті орташа да өнім күтуге болмайтындығы өзінен-өзі түсінікті. Ал арамшөптермен күресудің ең негізгі шарасына химиялық әдіс жатады.

Осыған байланысты мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының мақта егістігінде жаңа гербицидтердің әсерін анықтау мақсатында сынаудан өткізілді. Тәжірибелік сынақ 3 қайталаудан 5 нұсқадан тұрды, олар:



  1. «Бақылау» өңдеусіз

  2. «Которан» 80% с.п. – 1,5 кг/га (эталон)

  3. «Ураган-Форте» 50% с.е. – 2,0 л/га

  4. «Гезагард» 50% с.к. – 3,0 л/га

  5. «Фюзилад-Форте» 15% м.қ. – 0,75 л/га

Тәжірибелі алқаптың жалпы көлемі – 3024 м2

Алаңқайлардың көлемі – 100,8 м2

(7,2 м х 14 м = 100,8 м2 х 5 (нұсқа) = 504 х 3 (қайталау) = 1512 м2 х 2 фон = 3024)

Тәжірибелік жердің топырағы ашық сұр топырақ, жер асты суы 2,5-3,0 м тереңдікте. Қыста сор шаю кезінде жер асты сулары көтеріліп, жаздың соңына қарай төмен түсіп отырады, осының салдарынан тұздануға бейім. Гумус 0,7-0,9%, рН – 6-7. Арамшөптерге қарсы гербицидтер көрсетілген мөлшерлерде әр түрлі кезеңдерде қолданылды. Атап айтқанда «Ураган-Форте» 50% с.е. гербицидін 2 л/га мөлшерінде мақта дақылын егуден алдын ерте көктемде қолданылды, «Которан» 80% с.п. – гербицидін 1,5 кг/га мөлшерінде мақта егерден алдын топыраққа ендірілді, «Гезагард» 50% с.к. препаратын 3,0 л/га мөлшерінде мақта дақылын еккеннен кейін, бірақ дақыл көктеп жер бетіне шықпай жатып қолданылса, «Фюзилад-Форте» 15% м.қ. гербицидін 0,75 л/га мөлшерінде мақта көктеп жер бетіне шыққаннан кейін астық тұқымдас арамшөптерге қарсы қолданылды.

Ал гербицидтердің арамшөптерге әсерінің есебін үш мезгілде жүргізілді, олар 1-ші қатараралық өңдеуден алдын, 2-ші қатараралық өңдеуден алдын және өнімді жинаудан алдын. (кесте 1).
Кесте 1 – Гербицидтердің арамшөптерге әсерінің түрлі мерзімдердегі

көрсеткіштері




Нұсқалар

Арамшөптердің саны, дана/м2

Өңдеуге дейін, дана

1-ші қатараралық өңдеуден алдын (12.V)

2-ші қатараралық өңдеуден алдын (05.VI)

Өнімді жинаудан алдын (09.IX)

бір жыл-дық

көп жыл-дық

бар-лығы

дана


бір жыл-дық

көп жыл-дық

бар-лығы

дана


бір жыл-дық

көп жыл-дық

бар-лығы

дана


Бақылау

20,0

17,0

4,75

21,75

18,8

9,25

28,05

23,0

12,0

35,0

Которан 80% с.п. – 1,5 кг/га

12,0

4,9

(72,1)


4,1

(13,6)


9,0

(58,6)


5,9

(68,6)


8,2

(11,3)


14,1

(49,7)


11,8

(51,0)


11,3

(5,5)


23,19

(33,7)


Ураган-Форте 50 с.е.–2,0 л/га

17,5

3,2

(81,2)


0,8 (83,1)

4,0 (81,6)

4,0 (78,7)

2,0 (79,0)

6,0 (78,6)

8,25 (64,1)

4,1 (65,0)

12,35 (64,7)

Гезагард 50% с.к.– 3,0 л/га

12,2

4,35

(74,4)


4,34 (8,6)

8,7 (60,0)

4,85 (74,2)

8,6 (7,0)

12,5 (55,4)

13,5 (41,0)

11,4 (5,0)

24,4 (30,3)

Фюзилад-Форте15%м.қ. – 0,75 л/га

9,0

6,5

-


4,0

-


10,5

-


9,2 (51,0)

5,3 (42,7)

14,5 (48,3)

15,7 (31,5)

7,7 (35,8)

23,4 (33,3)

(Ескертпе: жақшаның ішінде арамшөппен залалдану пайызының төмендеуі келтірілген).


Жоғарыда кестеде байқағанымыздай, 1-ші қатараралық өңдеуден алдыңғы есеп мерзімінде, «Бақылау» нұсқасын басқа гербицид ендірілген нұсқалармен салыстырғанда, «Которан» гербициді бір жылдық арамшөптерге 71,2% әсер көрсетсе, ал көп жылдық арамшөптерге гербицидтің әсері болмады, «Ураган-Форте» гербицидінің әсері бір жылдық арамшөптерге де және көп жылдық арамшөптерге де жоғары болып, ол 81,2 және 83,1%-ы құраса, «Гезагард» гербицидінің әсері бір жылдық арамшөптерге 74,4%-ы құрап, ал көп жылдық арамшөптерге гербицид әсерін көрсете алмады. Ал «Фюзилад-Форте» гербицидін бұл есеп мерзімінде әлі ендірілмегендіктен оның әсерін көрсете алмаймыз.

Мақтаға 2-ші қатараралық өңдеуден алдыңғы арамшөптердің санына есеп бойынша, гербицидтердің әсері 1-ші қатараралық өңдеуден алдыңғы есеппен салыстырғанда аздап төмендегені байқалды. Тек мақта дақылы көктеп жер бетіне шыққаннан кейін қолданылған «Фюзилад-Форте» гербицидінің әсері жайында айтатын болсақ, ол бір жылдық астық тұқымдас арамшөптерге 51%-ды, ал көп жылдық астық тұқымдас арамшөптерге 42,7%-ды құрады.

Ал өнімді жинаудан алдыңғы арамшөптердің санына жүргізілген есеп бойынша «Бақылау» нұсқасымен салыстырғанда гербицидтердің арамшөптерге әсері «Которан» нұсқасында бір жылдықтарға 51%-ды құраса, ал көпжылдықтарға гербицидтің әсері байқалмады. «Ураган-Форте» гербициді бір жылдық арамшөптерге 64,1%, ал көп жылдық арамшөптерге 65,0%-ы құрап өзінің тиімділігін көрсетсе, «Гезагард» гербициді тек бір жылдық арамшөптерге қарсы осы есеп мерзімінде 41%-тиімділік байқатып, ал көп жылдық арамшөптерге гербицид өз әсерін көрсетпеді. «Фюзилад-Форте» гербициді, ол бір жылдық астық тұқымдас арамшөптерге 31,5%, ал көп жылдық астық тұқымдас арамшөптерге 35,8% әсер етті.

Бұл бақылаулардан бөлек Которан 80% с.п. – 1,5 кг/га, «Ураган-Форте» 50% с.е. – 2,0 л/га, «Гезагард» 50% с.к. – 3,0 л/га, «Фюзилад-Форте» 15% м.қ. – 0,75 л/га гербицидтерін көрсетілген мөлшерде арамшөптерге қарсы ендіруде мақтаның өніп-өсуіне әсері тиісті фенологиялық бақылаулар арқылы жүргізілді, 2 кесте.

Басты сабақтың биіктігін өлшеу 01.V; 01.VI; 01.VII айларында, нағыз жапырақтардың саны есепке мамырдың бірінші жұлдызында (01.V), ал түйнектердің санын есептеу шілденің бірінші жұлдызында (01.VII), және көсектеу санын есептеу аралығында тамыздың бірінші және қыркүйектің бірінші жұлдызында жүргізілді.

Екінші кестеден байқап отырғанымыздай бақылау нұсқасымен гербицидтер ендірген нұсқалары арасында бас сабақтың өсуі жағынан аздаған айырмашылық байқалды. Егер 1-ші қыркүйекте бақылау нұсқасындағы бір өсімдікте орташа 11,1-19,8-дің арасында көсек болса, ал гербицид ендірілген нұсқаларда ол орташа 11,4-21,1 дана көсекті құрады. Бұл жағдайды былай түсіндіруге болады, гербицид ендірілген нұсқаларға бір жылдық немесе көп жылдық арамшөптердің санының біршама төмендеуіне қол жеткізіледі, соның барысында мақта біршама ыңғайлы жағдайда өсіп нәтижесінде көбірек өнімге отырады. Жалпы алғанда қолданылып отырған гербицидтер тәжірибе жүргізіліп отырған мөлшерлерінде мақтаның өсіп-өнуіне кері әсерін тигізген жоқ.


Кесте 2 – Гербицидтердің мақтаның өсіп өнуіне әсері




Нұсқалар

Өсімдіктің биіктігі, см

Саны (дана 1-өсімдікте)

1.VI

1.VII

1.VIII

1.IX

1.V

1.VII

көсектер

1.VIII

1.IX

1

«Бақылау» (гербицидсіз)

10,7

47,7

94,9

98,2

5,0

8,9

11,1

19,8

2

Которан 80% с.п. – 1,5 кг/га

10,9

47,6

95,6

100,5

5,0

9,2

11,4

20,4

3

Ураган-Форте 50 с.е. – 2,0 л/га

11,5

8,2

97,1

101,9

5,1

9,5

11,9

21,1

4

Гезагард 50% с.к. – 3,0 л/га

11,0

47,5

95,9

100,8

5,1

9,4

11,5

20,6

5

Фюзилад-Форте15% м.қ. –

0,75 л/га



11,3

47,9

96,2

101,3

5,0

9,4

11,7

20,9


Қорыта келгенде, арамшөптерге қарсы қолданылған гербицидтердің арасында, осы жүргізілген мерзімдердегі есептердің қорытындысы бойынша, ең жоғарғы тиімділікті «Ураган-Форте» 50% с.е. гербициді көрсетіп, ол арамшөптерге қарсы 1-ші есеп мерзімінде жалпы 81,6%, 2-ші есеп мерзімінде 78,6%, ал 3-ші есеп мерзімінде 64,7% тиімділік көрсетті. Ал әсер ету пайызының төмендеуі мен арамшөптердің санының көбейуін, гербицидтерді ендіргеннен кейін уақыт өткен сайын әсер ету күшінің төмендеуімен және арамшөптердің тұқымының ағын сумен және құстармен т.б. егіс алқаптарына келуімен түсіндіруге болады. Сонымен қатар «Ураган-Форте» 50% с.е. гербицидін 2,0 л/га мөлшерінде мақта дақылын екпей тұрып ерте көктемде ендіру, «Гезагард» 50% с.к. гербицидін 3,0 л/га мөлшерінде мақта көктеп жер бетіне шықпай тұрып қолдану және, «Фюзилад-Форте» 15% м.қ. гербицидін мақта жер бетіне шыққаннан кейін арамшөптерге қарсы 0,75 л/га мөлшерінде қолдану мақтаның өніп-өсуіне кері әсерін тигізбегені анықталды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет