“Математика-Экономика” факультеті



бет6/35
Дата17.06.2016
өлшемі4.19 Mb.
#141951
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35

10-лекция


Тақырыбы: Инкассаланған операция

(1-сағат)
Жоспар:
  1. Инкассоланѓан ќома –ќол аќшалар

2 . Касса тексеруі

Банкте жұмыс күні аяқталғаннан кейін клиенттерден ақша қабылдау үшін кешкі касса ашылуы мүмкін. Кешкі кассаға түскен қолма-қол ақша клиенттердің шотына келесі операциялық күннен кешіктірілмей есепке алынады. Кешкі кассалар кәсіпорындар мен үйымдарға жақсы қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді, бір күн ішінде түскен ақшалай түсімді өткізуге мүмкіндік береді, банкке ақшаның түсуін жеделдетеді және олардьщ сақталуын қамтамасыз етеді. Сондықтан банк клиенттердің шотына ақша қаражатын уақытында есепке алу үшін және клиенттерге жағдай жасау үшін ақша айналымын жеделдету мақсатында сауда және басқа да кәсіпорындар мен үйымдардың ақшалай түсімін инкассолау бойынша жүмыстарды орындайды.

Инкассолау - бұл кәсіпорын, үйымдар мен мекемелердің кассасына қолма-қол ақша мен құндылықтарды жинау. Барлық банктерде инкассаторлық аппарат, сонымен қатар құндылықтарды тасымалдау үшін арнайы көлік күралдары болады.

Ақшалай түсім кәсіпорындар, үйымдар мён мекемелердің шарты бойынша инкассоланады. Инкассолау шарты жасалған әрбір ұйымға түсім көлеміне байланысты реттік нөмірі бар сомалар беріледі. Келісілген уақытта банктің инкассаторлары ұйымдарды аралап шығады.

Кешкі кассаға қолма-қол ақшаны қабылдау аяқталған бойда қабылданған қолма-қол ақшаны кассалық журнал мәліметтерімен немесе кассалық аппараттың бақылау лентасын кіріс қүжаттарының сомасымен салыстырады.

Келесі күннің ертеңінде қабылданған ақша мен қүжаттар касса меңгерушісіне өткізіледі. Салыстырып тексеруден кейін барлық мәліметтер сәйкес келген жағдайда, қүжаттарды оларды шотта көрсету үшін бухгалтер-бақылаушыға өткізеді. Касса меңгерушісі құжатындағы мәліметтер мен нақты қабылданған сомалар сәйкес келмеген жағдайда акт толтырылып, себебін анықтайды.

Осыдан келіп кәсіпорын, ұйымдар мен мекемелер жолдау тізім-демесі бойынша пломба салынған қалтада кешкі кассаға ақша өткізу туралы банктермен келісімшартқа отыруларына болады, содан кейін банк кәсіпорындарға, үйымдарға инкассаторлық қалталардың белгілі бір көлемін береді және бекітілген тәртіпте белгіленген пломб таңбаларының үлгісін алады. Әрбір өткізілетін ақшалай инкассаторлық қалтаға клиент үш данада жолдау тізімдемесін жазып береді, олардың біріншісі калтаға салынады, ал екіншісі мен үшіншісі кешкі касса журнальша тіркеу үшін өткізіледі. Операциялық күн аралығында инкассоланған түсімді кайта есептеу кез келген сағатта, ал кейбір кездерде операциялық күн соңында аяқталады. Операция басында қайта есептеу кассасы инкассаторлық калтаға салынған валюталық және басқа да құндылықтарды көрсете отырып, жүкқүжаттарын операциялық бөлімге береді.

Түсімді қайта есептегенге дейінгі тізімдеме сомасы (13-қо-сымша) транзиттік шоттардың дебет шотына және бөлек клиенттердің кредит шотына жаткызылады:

Дт 1870 «Банктің өзге де транзиттік есепшоттары» Кт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары». Одан кейін жүкқұжаттары кайта есептеу кассасына қайтары-лады, оны жүзеге асырғаннан кейін нәтижелерді кассалық кіріс журналына жазу үшін кассадан операциялық бөлімге калта жүкқұжаттары беріледі, сонымен қатар шоттар корреспонденциясы қүрылады:

Дт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»

Кт 2870 «Банктің өзге де транзиттік есепшоттары».

Инкассолаумен байланысты банк шығындарын төлеу кезінде:

Дт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»

Кт 4608 «Өзге де комиссиялық кірістер».

Клиенттердің инкассоланған колма-қол сомалары жетіспеген кезде:

Дт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»

Кт 2870 «Банктің өзге де транзиттік есепшоттары».

Артық сома анықталған кезде:

Дт 1870 «Банктің өзге де транзиттік есепшоттары»

Кт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары».

10.2 Құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету және кассалық кызметті дұрыс үйымдастыру үшін банк мекемесіндегі кассалық операциялар жүйелі түрде бақыланып немесе тексеріліп отырады.

Банк кассасында сақталатын барлық банкноттар, шақа (монета) және басқа да құндылыктар келесі жағдайларда жүргізілетін дүркін-дүркін тексерістен өтіп отыруы қажет:



  • тоқсанына бір реттен сирек емес, оның ішінде 1 қаңтар жағдайы бойынша жыл сайын;

'- лауазымды және материалдық жауапты тұлғалар ауысқан кезде;

- банк басшылығының қарауы бойынша (кұндылықтар және


тағы басқаларға тексеріс жүргізу).

Барлық құндылықтарды сондай дәйектілікпен тосыннан бір күнде тексеруден өткізу - талан-таражға салу мен ақша және құндылықтардың кем шығуын жасыру мумкіндіктерінен айыру болған болар еді. Сол күні тексеру мақсатымен және ұрлауды жасыру мүмкіндігі мен құндылықтардың және ақшаның кем шығуын болдырмайтьш негізде жүзеге асырылады. Осындай тексеріс кезінде барлық қүндылықтардың қолда болуы, олардың банктің есеп мәліметтеріне сәйкес келуі, сақтау тәртібі белгіленіп, сонымен қатар касса жүмысындағы жетіспеушіліктер анықталады.

Банк басшысы тексеру жүргізу үшін жазбаша өкім шығарады, оның негізінде комиссия құрылады. Тексеруді құндылықтарға байланысты операцияларды жүргізумен байланысы жоқ, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде кассалық операцияларды жүргізу тәртібін және кассалық жұмыс бойынша Үлттық банктің басқа да нормативтік-қүқықтық актілерін жақсы білетін қызметкер ғана жүргізе алады.

Тексеру міндетті түрде материалдық жауапты тұлғаның қатысуымен жүргізіледі, егер ол тұлғалар қатыспаған жағдайда актіде ол туралы ерекше белгіленеді. Жасалған акт комиссияның барлық мүшелері және материалдық жауапты түлғалардың қолымен расталады. Тексеру нәтижесі бойынша жасалатын актілерде касса жүмысында анықталған жетіспеушіліктері көрсетіледі, есеп мәліметтері мен нақты құндылықтар арасында аныкталған сәйкессіздіктер келтіріледі, анықталған жетіспеушіліктердің орнын толтыру үшін үсыныстар беріледі.

Банкте тексеруді жүргізу мен қүндылықтарды тексеру банк клиенттеріне дүрыс кассалык қызмет көрсетуді бүзбауы қажет. Тексеруді дұрыс ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін орындауға тексеру басшысы жауапты.

Ақша және басқа да қүндылықтардың кем немесе артық шығуын тексерушілер актіде көрсетулері қажет, одан басқа тексеруді жүргізушілер сәйкессіздік себептерін анықтап, сәйкес шаралар қабылдайды.

Кассалық операцияларды тексеру кезінде қолма-қол ақшалардың жетіспеушілігі немесе артықшылығы аныкталуы мүмкін. Ол жағдайларда кемшіліктер мен артықшылықтарға акт жасалады.

- Артық шыққан сомаға:

Дт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша» Кт 4920 «Өзге кірістер»

- Кем шыққан сомаға:

Дт 1001 «Кассадағы крлма-қол ақша»

Кт 1860 «Банк қызметі бойынша өзге кредиторлар».


11-лекция

Тақырыбы: Есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік есебі

(1-сағат)


Жоспар:
1. Банктік шот туралы түсінік және оны ашу

2. Есеп айырысу операциялары және жіктелуі

11.1 Кәсіпорын және ұйымдардың ақшалай қаражаты банкте олар-дың қызмет сипатына сәйкес ағымды және есеп айырысу шоттарында сақталады. Шаруашылык қызмет үрдісінде субъектілер арасында анықталған талаптар мен міндеттемелер пайда болады, оларды реттеу үшін төлем жүйесін ұйымдастыру қажет. Бұл кезде төлем борышқордың өз міндеттемелерін орындау үрдісі болып табылады, ал оның соңғы кезеңі - есеп айырысу.

Осы есеп айырысу міндеті - қолма-қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз нысанда төлем айналысына қызмет ету болып табылады. Кәсіпорын және үйымдар арасындағы төлем айналысы негізінен екінші деңгейлі банктерде ашылған банктік шоттар жүйесі арқылы қолма-қол акшасыз түрде жүзеге асырылады.



Банктік шот - бұл банк тәжірибесінде қалыптасқан іскерлік қатынас салтында қолданылатын заңдылықтар мен келісімшарттарда қарастырылған, клиентке банктік қызмет көрсетуді жүзеге асырумен байланысты депозитті қабылдау және банктік операцияларды жүзеге асыру бойынша банк пен клиент арасындағы келісімшарттық каты-насты бейнелеу әдісі.

Клиенттің есеп айырысу шоты банктік шот келісіміне немесе есеп айырысу-кассалык қызмет келісімшартына сәйкес жүргізіледі (1-қосымша). Келісім клиенттің шот ашуға жазған өтініші негізінде жасалады (2-қосымша). Осы келісімшартқа сәйкес банк клиентке есеп айырысу және басқа да шоттарды ашады, оған түскен қаржыны есепке алады, клиент тапсырмасы бойынша шоттан қаржы алады, клиенттен қолма-қол ақша қабылдайды, босатады, қалдықты сақтағаны үшін пайыз төлейді және шот бойынша басқа да операцияларды жүргізеді.

Банктік келісімшарттың негізгі деректемелері келесілер: келісім мәні; салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетілген салық кызметі органдарында есепке түрғандығын куәландыратын құжат; банктегі ақшалай қаражатты қолдану тәртібі, сондай-ақ банк көрсететін қызмет пен оны төлеу тәртібі. Банктік келісімшарт екі тарап келі-сетін басқа да шарттарды қарастыруы мүмкін.

Банктік шот ашу үшін Қазакетан Республикасының резидент занды тұлғалары келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:



  • клиенттің салық есебіне тұрғандығын растайтын салық қызметі берген қүжаттың түпнұсқасы;

  • мемлекеттік тіркеуден өткендігін растайтын құжат көшірмесі;

  • жарғының нотариалды бекітілген көшірмесі, ал оқшауланған бөлімшелер үшін - бекітілген ереженің көшірмесі;

  • қол қойылып, мөр басылған карточка үлгісі (3-қосымша). Бұл кезде бір данасы банктің операциялық қызметтерінде, ал екінші данасы банк клиентінің іс құжатында сақталуы тиіс.

Банктер теңге және шетел валютасында шот ашуға, жүргізуге құқылы, олар: ағымды, жинақтық және байланыстырма (корреспо-нденттік) шоттарға бөлінеді. Ағымды жэне жинақтық шоттар -занды және жеке түлғалардың, заңцы тұлғалардың оқшауланған бөлімшелерінің банктік шоттары, ал байланыстырма (корреспо-нденттік) шоттар - банк операцияларының жекелеген түрлерін өткізетін банктік емес мекемелермен банктердің банктік шоттары.

Егер клиент банкте бірнеше шот ашқысы келсе және егер банктік шот алгашқы шот ашылған банкте немесе филиалында ашылса, сондай-ақ құжаттарының толық бар екендігі туралы бек-ітімі болса, онда банк күжаттарды қайта талап етпеуі мүмкін.

Кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын заңды немесе жеке түлғаға шот ашқан жағдайда, банк салық қызметін 3 жұмыс күні ішінде хабардар етуі тиіс. Қазіргі кезде екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банктік операцияларды өткізетін ұйымдар қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударымдарын клиентке банктік шот ашпастан жүргізе алады. 2000 жылы 13 қазанда қабылданған №395 Қазақстан Республикасы аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдер мен аударымдар жасау ережесінде көрсетілген, банктік шот ашпай жүргізілетін төлемдер мен ақша аударымдарына, ақша жіберуші мен бенефициардың банктік шоттарды қолданбай, ақша аударымы үшін қолма-қол ақша енгізіп және жіберуші көрсеткен бенефициар1 есебіне қолма-қол ақшасыз тәртіппен немесе банктік шотқа қатыссыз бенефициардың қолма-қол ақшаны алуы саналады.

Занды тұлғалар мен оның бөлімшелерінің қолма-қол ақшасыз төлемі және ақша аударымы, олардың банктік шот ашып, салық және бюджетке міндетті төлемдерді, сондай-ақ зейнетақы жарнасын төлегеннен соң жүргізіледі.

Есеп айырысу шоты арқылы жүргізілген операциялар бойынша банк клиентке шот көшірмесін ұсынады (4-қосымша). Есеп айы­рысу шотынан көшірме келесі деректемелерден тұрады: клиент аты, есеп айырысу шотының нөмірі, соңғы операция датасы, корреспон­денток шот нөмірі, қүжат нөмірі, сомасы. Көшірмеде берілген жазба бойынша тиісті құжаттар үсынылады. Көшірме клиентке сенімхат негізінде беріледі (5-қосымша). Бенефициар - ақша алушы тұлға.

Банктік шот ашпастан жүргізілетін қолма-қол ақшасыз төлем және ақша аударымдарына, қолма-қол ақша қабылдауға негіз болатын түбіртек, қолма-қол жарнаға хабарландыру, хабарлама шоттар және басқа да құжаттар қолданылады. Аталған қүжаттар төлем кұжаттары немесе төлем хабарламалары болып табы-лады. Олар банкке банк бекіткен операциялық күн ағымында кабылданады және Қазакстан Республикасы Ұлттық банкінің норма-тивтік құқықтық актілерімен бекітілген төлем хабарламасының ны-саны болмаса, алушы-банк бекіткен немесе іскерлік қатынаста қалыптасқан нысанда қабылданады.



Төлем хабарламаларында міндетті түрде келесі деректемелер болуы қажет:

  • төлем хабарламасының аты;

  • төлем хабарламасының нөмірі, күні, айы, жылы;

  • ақша жөнелтуші және бенефициар жеке тұлғаның фами-лиясы, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе акша жөнелтуші немесе бенефициар занды тұлғаның ұйымдық-құкықтық нысанын қоса алғандағы толық атауы;

  • ақша жөнелтушінің немесе бенефициардың дербес сәйкес-тендірілген коды. Жеке тұлғаның дербес сәйкестендірілген коды болмаған жағдайда, оның жеке басын куәландыратын құжат деректері, сондай-ақ пошталық мекен-жайы (елі, қаласы, индексі, көшесі, үй және пәтер нөмірі) көрсетіледі;

  • банк, жөнелтуші және бенефициар банктің ұйымдастыру қүқылық нысандарын қоса толық атауы, олардың сэйкестендірілген коды;

  • ақша жөнелтуші коды - «КОД», бенефициар коды - «КБЕ», толем тағайындауы және оның Қазақстан Республикасының ¥лттық банкі нормативтік-құқыктық актілерімен белгіленген кодтық белгілеуі;

  • санмен және сөзбен корсетілген төлем сомасы;

  • салық төлеушінің тіркеу номірі (СТН), егер ақша жөнелтуші немесе бенефициардың дербес сәйкестендірілген коды корсетілмес-тен аудару жасалатын болса;

  • егер жөнелтуші заңды тұлға болса, оның окілетті тұлғала-рының аты-жөні, қолы, мекеме морі. Егер жөнелтуші жеке тұлға болса оның қоры;

  • Қазақстан Республикасының заңдылығында қарастырылған басқа да деректемелер. Алушы-банк ақша жонелтушіден толем хабарламасын алады және оны акцептейді. Толем хабарламасын алу кезінде алушы-банк жонелтушіге қолма-қол ақшаны кабылдағаны туралы тиісті бекітімді береді. Толем хабарламасын акцептей отырып, алушы-банк бенефициар есебіне акша аударымдарын жүзеге асыруға міндеттеме қабылдайды, алушы-банк оны Қазақстан Республикасының заң актілері белгілеген мерзімде орындайды. Банктік шот ашпастан орындалған клиенттік төлемдер мен ақша аударымдары бойынша банк комиссиялық сыйақы ұстайды. Егер бұл алушы-банк пен ақша жөнелтуші арасындағы келісімде қарастырылмаса, сыйақы еш уақытта төлем сомасынан ұсталмайды. Банк ақша жөнелтушіден келесі жағдайларда төлем хабарлама-ларын кабылдаудан бас тартуы мүмкін:

  • төлем хабарламасы Нағыз ереженің және ақша аударымы келісімінің бекітілген шарттары мен талаптарынан бұрмаланып толтырылса және ұсынылса;

  • аударымды жүзеге асыруға қажетті ақша сомасы жөнелтуші қолында болмаса;

  • төлем хабарламасы нда санмен және сөзбен көрсетілген со-маның банкпен сәйкессіздігі анықталса;

  • Қазақстан Республикасының бекітілген ережелері және ақша аударымы туралы келісімшарттарының талаптары орындалмаған болса.

Банктік шотты ашпастан ақша аударымын жасау үшін алушы-банк жәнё жөнелтуші ақша аударымы туралы келісім жасайды. Сондықтан бір тарап (алушы банк) екінші тараптың тапсырысы бойынша (ақша жөнелтушінің) оған дербес сәйкестендірілген код белгілеместен үшінші тарапқа ақша аударымын жүргізеді. Келісімде қатысушы тараптар аударымды жүзеге асыру тәртібін, соның ішін-де комиссиялық сыйақы алу ретін және өз құқықтарын, міндеттерін және жауапкершіліктерін келісуі тиіс. Сондай-ақ банк ақша жөнелтушіні төлемдерді жүзеге асыру тәртібімен және осы қызметті көрсеткені үшін алынатын езіндік тарифтерімен таныс-тыруы тиіс.

Ақша аударымын жүзеге асыру үшін жөнелтуші-банк төлем хабарламасы негізінде сәйкес төлем құжаттарын рәсімдейді. Егер банк банктік шоты жоқ бенефициар есебіне ақша қабылдаса, онда ақша қабылдағандығы туралы, банк бекіткен нысанда толтырылған хабарлама жолдау аркьілы оны хабардар етуі тиіс.

Егер бенефициардың банктік шоты болмаса, онда ақша ау­дарымы ақша жолдаушының төлем хабарламасына сәйкес, бенефи­циар банктің бенефициарға қолма-қол ақша босатуымен немесе оның есебіне ақша түсімі кезінде бенефициардың банктік шоты бойынша бухгалтерлік жазу жасалғаннан бастап аяқталған болып саналады. Бенефициар банк бенефициар жеке тұлғаға оның жеке басын куәландыратын қүжатымен танысқаннан кейін ғана қолма-қол ақшаны бере алады. Бұл кезде банк оган төлем жүр-гізілгендігін растайтын және ақша жөнелтушінің төлем хабарлама-сының шарттарын белгілейтін кұжатты ұсынуы тиіс. Бенефициар қолма-қол ақша алу кезінде банктің сәйкес қүжаттарына жеке басын куәландыратын құжаттағы аты-жөнін, сондай-ақ алған ақша сомасы мен төлем валютасын көрсетіп, қолын қоюы тиіс.

Бенефициар келмеген жағдайда, банк екінші деңгейлі банктер-дің бухгалтерлік шоттар жоспарында қарастырылған тиісті банктік шоттарға төлем хабарламасына сәйкес аталған соманы банктің бек-ітілген ішкі ережелеріне сәйкес есепке алуы тиіс. Егер аударымды жүргізу мүмкін болмаса, ақша жөнелтуші банк және бенефициар банк ақшаны жөнелтушіге қайтару үшін тиісті шараларды қабылдауы керек.

Аударым қате жүргізілсе, оның сомасы ақша жөнелтушінің банкіне келесі операциялық күннен кешіктірілмей, себептері көр-сетіле отырып қайтарылуы тиіс. Қате аударылған сома ақша жөнел-тушінің банктік шоты бар болып, жөнелтуші банкіне қайтарыл-ғанда, сома жөнелтушінің банктік шотына құйылады, ақша жөнелтушінің банктік шоты болмаған жағдайда сома, екінші деңгейлі банктердің бухгалтерлік есепшот жоспарына сәйкес банктік шотқа есепке алынады.

Ақшаны қайтарған жағдайда банк жөнелтушіні үш банктік күн ішінде хабардар етуі тиіс.

Егер ақша, ақша аударымы қате белгіленуі себебімен қайта-рылған болса, онда жөнелтуші банк ақша жөнелтушіні ақшаның қайтарылғандығы туралы хабардар етпеуге құқылы және құжат қайтарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бенефициар банкке төлем құжаттарын тиісті деректемелерімен жолдайды. Егер жөнелтушінің банктік шоты болмаса, онда аударымның қабылдан-ғандығы туралы банк белгісін қойып, тиісті құжаттарымен жөнелтушіге ақша касса арқылы қайтарылады.

Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес банк шот-тары бойынша шығын операциялары осындай қүқыққа ие өкілетті ұйымдардың шешімі негізінде тоқтатылады.

Бұл операциялардың банктік шот бойынша қалпына келтірілуі, өкілетті ұйымдардың банктік шоттағы ақшаны тұтқындау немесе банктік шоттағы шығын операцияларын тоқтату туралы шешімдерін өзгерту туралы жазбаша хабарлауы негізінде жүргізіледі.

Клиенттердің банктік шоты бойынша барлық операция тек олардың келісімдері бойынша жүргізіледі.

Банктік шоттың жабылуы клиенттің шотты жабу себебін көрсеткен өтініші негізінде жүзеге асырылады. Егер банк клиенті -заңды тұлға таратылып немесе қайта құрылса, шотта бір жылдан аса мерзімде қаржысы болмаса, ал жеке тұлғаларда - үш жылдан аса, онда орындалмаған талаптар бойынша шотты жабуға тоқтау жасалады. Банк кәсіпкерлік қызметті жүргізуші занды немесе жеке түлғаның банктік шотының жабылғандығы туралы 10 күн мерзімде салық қызметінің тиісті органдарын жазбаша хабардар етуі тиіс.

11.2 Қатысушыларға байланысты банктің есеп операциялары негізгі екі топқа бөлінеді:



  • клиенттік есеп айырысу операциялары, мұнда негізгі субъект ретінде банк және оның клиенттері қатысады;

  • негізгі субъект банк болып табылатын, таза банктік есеп айырысу операциялары және банкаралық есеп айырысулар (9-кесте).



9. Жіктелу критерийлері


Қатысушылар

Төлем кұралдары

Операциянын аткарымдык

Есеп айырысу

күрамы




бағыты

нысандары

Банкаралық

Төлем тапсырмалары-

Шот ашу бойынша

Аккредитивах




мен есеп айырысу

операциялар

операциялар

Клиенттік

Төлем-талап тапсырма-

Шот жүргізу бо-

Аударым




ларымен есеп айырысу

йынша операциялар

операциялары

Ішкі банктік

Чекпен есеп айырысу

Кассалық

Инкассолық







операциялар

операциялар




Вексельмен есеп айы-

Акцептік

Клирингтік




рысу

операциялар

операциялар




Карточкамен есеп

Талаптарды беру







айырысу

операциялары

Авальді операциялар






Есеп айырысу нысандарындағы ерекшеліктерге байланысты банктің келесі есеп айырысу операцияларын бөліп көрсетуге болады:

  • аккредитивтік операциялар;

  • инкассолық операциялар;

  • аударым операциялары;

  • клирингтік операциялар.

Есеп айырысу операцияларында қолданылған төлем құралдары-на байланысты есеп айырысу операциялары былайша жіктеледі:

  • толем тапсырмаларымен есеп айырысу;

  • чектермен есеп айырысу;

  • вексельдермен есеп айырысу;

  • толем карточкаларымен есеп айырысу;

  • қолма-қол есеп айырысу.

Атқарымдық негіздеріне, есеп айырысу мәні мен жүзеге асыру кезендерше қарай банктің есеп айырысу операциялары былайша бөлінеді:

  • ағымды, мерзімдік есеп айырысу және баска да шоттар
    операциялары;

  • әр түрлі шоттарды жүргізу, каржыларды өтеу және қосу, сыйақы мен комиссиялық ақылар қосу операциялары;

  • кассалық операциялар (колма-қол ақшаны крлма-кол емес акшаға айналдыру операциялары және керісінше);

  • тиісті құжаттарды төлеуге төлеушінің келісімін (немесе қарсылығын) алуға байланысты акцептік операциялар;

  • төлем алу құқығын беруге байланысты операциялар: факторингтік, есептік, индоссациялық (банк индоссант болып табылатын кездегі);

  • банк төлемге келіп немесе тапсырыс беруші болып табылатын, банктің авальді (кепілді тапсырмасының) операциялары.

Банктегі есеп айырысу операцияларын ұйымдастыру 2000 жылғы 25 сәуірдегі № 179 «Қазақстан Республикасы аумағында қолма-қол емес төлем және ақша аударымдарын жүзеге асырудың төлем қүжаттарын қолдану ережелеріне» сәйкес реттеледі. Осы ережелерде есеп айырысу құжаттарын рәсімдеу және есеп айыры-суды жүзеге асыру тәртібі көрсетілген.

Банк аударым операцияларының үлкен көлемін жүзеге асырады, яғни заңды және жеке тұлғалардың қаржы аударымдарын жүзеге асыру тапсырыстарын орындау бойынша операциялар.

Аударым операцияларын жүзеге асыру үшін банкте төлеуші мен алушы арасындағы есеп айырысудың келесі нысандары қолданылады:


  • төлем тапсырмаларымен;

  • төлем талап-тапсырмаларымен;

  • инкассолық өкімдермен;

  • чектермен;

  • аккредитивтермен;

  • вексельдермен;

  • банктік карточкалармен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет