ӘОЖ 51.8
Қазақстан Республикасы
Білім және Ғылым министрлігі
Нұрлыбек Ағеділ Нұрлыбекұлы
Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау университеті КеАҚ, Педагогикалық институты, МФИ (математика, физика, информатика) кафедрасы, 6B01509 математика физика 2курс студенті
Жетекшісі Ермаганбетова Сауле Каировна
Математика мен шахмат байланысы
Аннотация: Математика үлкен ғылым, және оған әр түрлі теңеулер жасауға болады. Бұл мақалада математикалық тақырыптарды шахмат ойыны арқылы көрсету, немесе шахмат тастарының шахмат тақтасындағы қозғалыстарын математикалық амалдармен көрсету әдістерімен танысамыз. Шахмат ойыны арқылы математикалық тақырыптар, соның ішінде түзу, түзудің теңдеуі, тригонометриядағы бірлік шеңбер т.б. тақырыптарды қарастырамыз. Білім алушыларға математиканың барлық жерде кезсетіндігін, барлық жайт үшін математикалық заңдылық табуға болатындығын көрсетеміз.
Кілттік сөздер: шахмат, шахмат тастары, шахмат тақтасы, математика, теңдеу, түзу, Декарттық координата жүйесі, вектор.
Кіріспе
Тақырып өзектілігі: математика үлкен ғылым, және оған әр түрлі теңеулер жасауға болады. Бұл мақалада математикалық тақырыптарды шахмат ойыны арқылы көрсету, немесе шахмат тастарының шахмат тақтасындағы қозғалыстарын математикалық амалдармен көрсету.
Зерттеу мақсаты: білім алушыларға математиканың барлық жерде кездесетіндігін, барлық жайт үшін математикалық заңдылық табуға болатындығын көрсету.
Зерттеу міндеті: шахмат ойынында математиканың кездесу түрлерін, қолдану әдістерін, түзу мен теңдеу, вектор, тригонометрия градустары тақырыптарын шахмат ойыны арқылы визуалды көрсету,
Зерттеу обьектісі: шахмат ойыны және осы ойында кездесетін математикалық амалдар, тастардың жүру бағыттары, қозғалу теңдеулері.
Зерттеу пәні: математика
Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы: шахмат ойыны арқылы математикалық тақырыптар, соның ішінде түзу, түзудің теңдеуі, тригонометриядағы бірлік шеңбер т.б. тақырыптарды білім алушыларға визуалды көрсету.
Негізгі бөлім
Шахмат ежелден бері өзтанымалдылығын жоғалтпаған ойындардың бірі. Шахматты біздің дәуірімізден 1000 жыл бұрын Үндістан математиктері ойлап тапқан деседі. Бұл ойын өзінің шапшаң қимылдау, тез ойлану, логикалық ойлау, есепке жүйрік болу сынды талаптарымен ерекшеленеді. Бұл ойын тұнып тұрған математика деп айтсақ қателеспеспіз. Ойын ережесі қарапайым. Ойынға екі ойыншы қатысады. Ойын тақтасы 64 шаршыдан тұрады. Әр қабырғасы 8 шарыдан құралған. Екі ойыншығада бірдей тастар беріледі. Әрбір тастың өзіндік ерекшелігі бар. Тастар 6 түрден тұрады. Бір патша, бір уәзір, екі тура, екі піл, екі жылқы, сегіз сарбаз. Олар өз кезегінде 1-суреттегідей орналасады. Егер тақтаның дәл ортасында қиылысатын түзулерді белгілесек онда піл, тура, жылқы тастары әр ширекте біреуден орналасады. Ойынның басты мақсаты қарапайым. Қарсылас ойыншының патшасына мат қою. Әрине мақсаты жеңіл көрінуі мүмкін. Бірақ бұл ойында ойлау қабілетіңіз жоғары болмаса, немесе тәжірибеңіз аз болса ойын жеңіл болмасы анық.
Сурет
Шахмат ақыл ойды жақсартады. Ойыншыға шапшаңдылықпен логикалық ойлауды ұштастыруға көмек береді. Адамда кеңінен ойлау қабілеті пайда болады, және одан әрі дами түседі.
Тастардың координатасы
Шахмат тақтасының әрбір қабырғасында тастардың координатасын анықтауға көмектесетін сандар мен әріптер бар. Екі ойыншыға жақын қабырғалар латын тілінің бас әріптерімен белгіленеді. Екі жанында орналасқан қабырғаларында сандар жазылған. Сегіз әріп, сегіз сан болады. Осы белгілер арқылы координатасын тауып үйренейік.
Сурет
Осы 2-сурет арқылы қара түсті жылқының координатасын тауып көрейік. Егер жылқының орналасқан шаршысынан ортақ қабырғалары болатын шаршыларға бағыттап түзу жүргізсек, вертикаль жүргізілген түзідің екі ұшыда F әріпіне келіп тоқтайтынын байқауға болады. Ал горизонталь жүргізілген түзу 3 санын көрсетіп тұр. Сонда бізде жылқының координатасы F3 деп айтылады. Бұл әдіс декарттық координата жүйесінде нүктені бейнелеуге ұқсайды.
Тастардың қозғалысының теңдеуі
Егер біз тастың орналасқан координатасын анықтай алсақ, онда біз оның жүрісінің бағытының теңдеуінде анықтай аламыз. Патша жүрісі бірнеше теңдеудің бірі арқылы жүре алады. Егер патша координаталар бас нүктесінде орналасса онда ол y=x, y=-x, y=0, x=0 теңдеулері арқылы көрші шаршыларға қадам баса алады. Уәзір де дәл осы теңдеулер арқылы қозғала алады.[1] Бірақ патшадан қарағанда уәзір ойын тақтасының шеткі шаршыларына дейін бара алады. Піл y=x, y=-x теңдеуі бойынша тақтаның шеткі шаршыларына дейін жүре алады. Тура (тастың аты) жүрісі y=0 немесе x=0 теңдеулерін қанағаттандырады. Сарбаз тек өзінің алдынғы шаршысына ғана қадам баса алады. Ал жылқы y=3x, y=-3x, y=0,(3)x, y=-0,(3)x теңдеулерін қанағаттандыратын қадаммен қозғалады.
Тастар қозғалысының жасайтын бұрышы
Біз сіздермен әрбір тастың жүрісінің теңдеуін көрсеттік. Егер теңдеуді декарттық координата жүйесінде графигін салар болсақ түзулер пайда болады. Барлық түзілер Х және У осьтерімен бұрыш жасайтыны белгілі. Демек біз әрбір тастың қозғалысының ХОУ осьтерінен қандай бұрыш жасап өтетіндігін анықтайық. Декарттық координата жүйесіне бірлік шеңбер енгізіп, градусты анықтайық. Патша жүрісі 45°, 90°, 135°, 180°, 225°, 270°, 315°, 360° көрші шаршыларға қадам баса алады. Уәзірде дәл осылай, бірақ тақта шетіне дейін қозғала алады. Піл 45°, 135°, 225°, 315° градустармен қозғалса, тура 90°, 180°, 270°, 360° градуспен қозғалады. Сарбаздар тек 90° бұрышпен алдыға жылжып отырады. Жылқы жүрісі жуық шамамен 18°, 71°, 108°, 161°, 198°, 251°, 288°, 341°, 360° бұрышпен қозғалыс жасайды.
Тастар қозғалысына бағыттас вектор
Егер тастардың жүрісіне түзудің теңдеуін табар болсақ, онда біз түзуге бағыттас вектордыда таба аламыз. Бірақ бұл тапсырманың қиыншылығы тастар сегіз түрлі бағытта жүретін болғандықтан, оның жүру мүмкін бағыттарын жекелеп жазу ұзақ уақытты алады. Біз ойын тақтасының ортасында қиылысатын екі түзуді Х және У осьтері деп алатын болсақ, онда әрбір тастың жүрген жолына бағыттас вектор таба аламыз. Әрине бұл әдіс пайда әкелмейді.
Бірақта білу артық етпейді.[2]
Шахмат ойынына еліктеу ойлау қабілетінің жақсарып, алға қойған мақсатқа жетудегі қасиеттерді арттыратыны сөзсіз. Сондықтан шахматқа мектеп қабырғасынан бастап көңіл беру керек деп ойлаймын. Шахматқа қызығушылық тудырған бала математика пәнінен де алшақтамайды, яғни жақсы көрсеткіш көрсетеді. Қазіргі таңда мектептерде шахматқа көңіл аударылып, жеке шахмат үйірмелер ашылуда. Мысалы ретінде, жақында ғана Зеренді селосында Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп гимназиясында инетеллектуалды сынып ашылып, шахмат үйірмесі жұмыс жасайтындығы айтылған болатын. Бұл салтанатты ашылуға ауыр атлетика чемпионы Илья Ильин мен рекордсмен Сергей Цырульников келген болатын.[3] Осы жайтқа қарап, мемлекет тарапынан шахматқа назар аударылғанын көруге болады. Бірақ шахматты үйірме ғана емес, пән ретінде де қарастырса деп ойлаймын. Себебі, шахматты жастайынан зерттеген бала логикасы дамып, математика сынды күрделі пәндерге көзқарасы өзгеріп, болашаққа деген қадамына елеулі өзгеріс енетініне сенемін.
Қорытынды
Біз бұл мақалада сіздермен шахматқа адамдар математиканы не үшін қажет деп айтатынын қарастырдық. Шахмат жоғырыда айтып өткен математикалық амалдарданда басқа амалдарды қамту мүмкін. Ықтималдылық, тәуелділік т.б. және осы арқылы көптеген ойындарды математика арқылы зерттеуге болатындығын байқадық. Шахматты тіпті мектепте оқушыларға математиканың кейбір тақырыпты түсіндіругеде қолдануға болады. Себебі балалар құлақпен естігеннен қарағанда көзбен көргенде жақсы түсінеді. Сонымен қатар шахматты шамамен барлық бала біледі. Бұл білім беруде уақытты тиімді пайдалануға көмектеседі.
Пайдаланылған әдебиеттер
Гик - Е. Шахмат и математика
Жуков В. - математика везде
Zakon.kz сайты
Референс
https://infourok.ru/matematika-shahmat-tatasinda-ilimi-zhoba-928267.html
https://www.geogebra.org/classic
https://kk.wikipedia.org/wiki/Шахмат#:~:text=Ежелден%20қалған%20аңыздар%20бойынша%2C%20шахматты,басталады%20деген%20тоқтамға%20келіп%20жүр
https://martebe.kz/te-deuler-ys-a-merzimdi-saba-zhospary/
https://kopilkaurokov.ru/nachalniyeKlassi/uroki/tien
Республика Казахстан
Министерство образования и науки
Нурлыбек Агедил Нурлыбекович
НАО Кокшетауский университет им. Ш. Уалиханова, педагогический институт, кафедра МФЦ (математика, физика, информатика), студент 6B01509 математика физика 2курс
Руководитель Ермаганбетова Сауле Каировна
Достарыңызбен бөлісу: |