МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
пәнінен өздік жұмыс тапсырмалары
1-нұсқа
1. Тригонометриялық функциялардың графиктерін тұрғызу әдістемесі.
2. 5-6 сыныптарда математикалық үйірме
жұмысын ұйымдастыру,
жоспарлау және өткізу әдістемесі.
3. Алгебра курсында көрсеткіштік функцияны үйрету әдістемесі.
4. 10-11 сыныптар алгебра мен анализ
бастамаларын оқытуда тарихи
мағлұматтарды пайдалану.
Әдістемелік нұсқаулар:
1. y = = sinx функциясының графигін тұрғызуға үйрету
әдістемесін
сипаттаңыз. Осы графикті қандай геометриялық түрлендірулер арқылы келесі
функциялардың графиктері салынады: у = sinx + 1, y = sin2x, у = 2sin x, y = sin
(x+1). Мына y = sin|x| функциясының графигін тұрғызыңыз,
қысқаша
түсініктеме беріңіз.
2. 5-6 сыныптарда математикалық үйірме сабақтарын өткізудің түрлі
формаларын қарастырыңыз. Жұмыс жоспарын және бір сабақты келтіріңіз.
3. Көрсеткіштік функцияның қасиеттерін үйрету және графигін тұрғызу
әдістемесін сипаттаңыз. Оның практикалық қолданысына тоқталыңыз.
Көрсеткіштік функцияның графигін тұрғызуға мысалдар келтіріңіз және оның
қасиеттерін қолдануға бірқатар жаттығуларды қарастырыңыз.
4. 10-11 сыныптар алгебра мен анализ бастамаларын оқытуда тарихи
мағлұматтарды пайдаланудың тәрбиелік және білім берерлік маңызы туралы
сұрақтарды қараңыз. Осы тақырып бойынша әңгімелердің жоспарын құрыңыз.
2-нұсқа
1. Математика сабақтарын жоспарлау.
2. Алгебра мен анализ бастамалары курсында туынды ұғымын енгізу
әдістемесі.
3. Математика сабақтарындағы оқушылардың эстетикалық тәрбиесі.
4. Тригонометриялық теңдеулерді үйрету әдістемесі.
Әдістемелік нұсқаулар:
1. Математика сабақтарынының негізгі формаларын сипаттаңыз. Мұғалімнің
сабаққа дайындалу мәселесіне тоқталыңыз.
Сабақтардың тиімділігін
көтерудің негізгі жолдарын қарастырыңыз. Сабақ жоспарын жасаңыз.
2. Тақырыпты оқып үйренуді жоспарлау туралы сұрақты қарастырыңыз.
Туынды ұғымын енгізу әдістемесін, оның
физикалық және геометриялық
мағынасын ашып көрсету әдістемесін сипаттаңыз. Көбейтіндінің туындысын,
дәрежелі функцияның туындысын оқып үйрену әдістемесіне тоқталыңыз.
Дифференциалдауға бірнеше мысал келтіріңіз.
3. Оқушылардың эстетикалық тәрбие жұмыстарды өткізудің нақты жолдары
мен мүмкіндіктерін ашып көрсетіңіз.
4.
Тригонометриялық
теңдеуді
енгізу
әдістемесін,
қарапайым
тригонометриялық
теңдеулерді
шешу
әдістемесін
сипаттаңыз.
Тригонометриялық теңдеулердің негізгі түрлерін қарастырыңыз. Оларды
шешуге
мысал келтіріңіз, қысқаша түсініктеме беріңіз.
3-нұсқа
1. Негізгі мектепте алгебраны оқытуда тарихи мағлұматтарды
пайдалану.
2. Тригонометриялық функциялардың туындыларын үйрету әдістемесі.
3. Дәрежелі функцияны оқып үйрену әдістемесі.
4. Алгебра мен анализ бастамалары курсында интеграл ұғымын енгізу
әдістемесі.