Математиканы



бет6/48
Дата28.04.2022
өлшемі346.28 Kb.
#456790
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
25-каз
коммутация лекция, коммутация лекция, ғылыми жұмыс, Н с аулар Методические указания к изучению дисциплин Геотехника , практ 1, kgasu metrologiya, Еңбекті қорғау, реферат, Камазаврик менеджмент, Презентация Microsoft Office PowerPoint, МАЗМҰНЫ, Силлабус Физика, Электр тізбектер теорирясы РЭТ Силлабус, 1.ИУП CC 122 Муса Наурызбек Оразмбетұлы (1)
Теорема. Параллелограмның диагональдары қиылысады және қиылысу нүктесінде қақ бөлінеді.
ABCD параллелограмын сызып, диагональдарын жүргіземіз. Олардың қиылысу нүктесін О деп белгілейміз (2-сурет). Теорема шартын жазамыз.
В С


А

2-сурет
Берілгені: ABCD-параллелограм, АС және BD оның диагональдары.


О- диагональдардың қиылысу нүктесі.
Дәлелдеу керек : AO=OC, BO=OD. Теорема шарты мен қорытындысын қайталаймыз.
Дәлелдеуі:

  • нені дәлелдеу керек?

  • кесінділердің теңдігі, әдетте қандай жолмен дәлелденеді?

  • қай үшбұрыштарды қарастыру қолайлы?

Осы үшбұрыштарды зерттейік. Үшбұрыштардың қандай элементтері тең?

  •  АВО=  CDO екенін көрсететін теорема қалай айтылады.?

  • Бұл үшбұрыштардың теңдігінен не шығады?

  • Дәлелденген теореманы қалай тұжырымдауға болады?

Мұнда, берілген сұрақтарға қайтарылған жауаптар тақтаға әрі дәптерге жазылады. Әңгімелесудің соңында:

  • дәлелдеу бойынша қандай сұрақтар бар?

- осы нәтижені алу үшін дәлелдеу барысын қалай өзгертуге болады?- деген сияқты сұрақтар берілуі мүмкін.
Эвристикалық әдіске тән сипат - мұғалім мен оқушылардың арасында тура әрі кері байланыстың болуы. Мұның нәтижесінде метериалды сыныптың қалай игергенін байқауға кез келген оқушының, өз қабілеті мен инициативасын көрсетуге жағдай туғызуға, селқостар мен ынтасыздарды жұмысқа тартуға мүмкіндік береді. Эвристикалық әдісті қолданғанда берілетін сұрақтар жүйесі логикалық жағынан мінсіз, материалдық мазмұны мен дәлелдеуін түгел қамтуы тиіс және қысқа, әрі анық болуы керек. Сондықтан мұғалім эвристикалық сұрақтарды алдын ала дайындап алғаны жөн. Бағдарламалап оқыту әдісі - оқу материалын арнайы бағдарлама бойынша мұғалім шағын бөліктерге бөлшектейтін және әрбір оқушының іс-
әрекетінің сипаты мен ретін анықтайтын, сондай-ақ оқытылатын материалды меңгеру барысын ұдайы бақылауға көмектесетін дидактикалық жүйені түсінеді. Бағдарламалап оқыту, әсіресе компьютер көмегімен бақылау бүгінгі таңда барлық оқу орындарында кеңінен пайдаланылады. Қазіргі уақытта компьютердің көмегімен жоғары оқу орындарында студенттердің білімдерін тексереді және емтихандар өткізіледі. Кейінгі жылдары оқу процесін басқаруға арналған компьютерлер дүниеге келді. Қазіргі таңда компьютерлік техниканы жаппай меңгеру, бұл техниканы оқып үйрену объектісі ретінде қараумен бірге, оқыту құралы ретінде де қарастыруға жол ашты. Бағдарламалап оқытудың ерекшеліктері мынадай: 1) бағдарламалап оқыту әдісі оқытуды жекелеп жүргізу қағидасына негізделген. Оқу материалын оқушылардың өздігінен меңгерулері жүзеге асады. Оқушылар оқу құралы бойынша өз бетімен оқып үйрену үшін бар қабілетін, ақыл-ойын жұмсайды. Оқу құралында оқушыларға қажетті бар теориялық материал, оқушы ойланып шешімін табатын тапсырма, сұрақтар келтіріледі; 2) оқу материалы оқып үйренуге ыңғайлы бірнеше шағын бөліктерге бөлініп беріледі; 3) әрбір бөліктің соңында, оқушылардың қаншалықты меңгергендерін тексеретін сұрақтар қойылады; 4) оқушы жауабының дұрыстығын бірден оқу құралындағы эталон жауаппен салыстырып тексеріп отырады. Осылайша өз- өзіне бақылау жасау жүзеге асады. Ішкі кері байланыс - оқу үрдісін өзін-өзі басқарудың негізгі факторы екені мәлім. Егер оқушының жауабы эталонмен сәйкес келсе, ол оқушы бағдарлама бойынша ілгері жүреді. Жауап қате болған жағдайда, оқушы оқу материалымен жұмыс жасап, қатесін тапқаннан кейін ғана келесі бөлікке көшеді. Бағдарламалап оқыту әдісі осы келтірілген талаптардың әрқайсысы біртұтас орындалуын қажет етеді. Мектеп тәжірибесінде оқыту бағдарламасының негізгі екі түрі: сызықтық және тармақтық бағдарламалау қарастырылады. Сызықтық бағдарламалаудың айырықша белгісі жаңа материалдың бір үлесінен кейін сұраққа жауап беру (есеп шығару) ұсынылады, нұсқаушы сұрақтар мен түсініктемелер бермейді. Сызықтық бағдарламалап оқытуда бірнеше жауаптың берілуі мүмкін (оқушы дұрысын көрсетуі тиіс). Алайда дұрыс жауап бірден сұрақтан кейін берілсе, бағдарламалау өз мағынасын жоғалтуы ықтимал. Сондықтан сұрақ пен жауап арасында оқушының өздігінен ізденуге мүмкіндік туғызатын үзіліс жасап, сұрақтың дұрыс жауабын жасырып қояды. Әдетте дұрыс жауаптан кейін ғана келесі үлес беріледі. Оқушы өзін-өзі тексеру үшін бағдарламаланған құралдан дұрыс жауап алуы тиіс. Бұл жауап оқушының білімін одан әрі дамытады, болмаса берілген оқу материалының үлесін одан әрі нақтылай түсуге нұсқау береді, сөйтіп жіберілген қатені жоюға жағдай жасайды. Тармақталған бағдарлама оқу материалын сатылап түсіну үшін және меңгеру қағидасы бойынша жүзеге асырылады. Оқушы бірінші үлесті оқып үйреніп, сызықтық бағдарламалау сияқты, бақылау сұрақтарына жауап береді немесе ұсынылған жауаптардың біреуін таңдайды. Егер дұрыс әрі
толық жауапты таңдаса, онда ол оқу материалының келесі үлесіне көшеді, ал егер ол толымсыз немесе қате жауапты таңдаса, онда оқушының бағдарламаланған құралдың тиісті бетіндегі түсініктемелер «қайтарылады» немесе компьютер қажетті кеңестер береді, яғни тармақталған бағдарлама бұрыс жауаптың қателігіне оқушының көзін жеткізеді.
Мысалдар:

  1. Екі санның қосындысы 35-ке тең, ал олардың ең кіші ортақ еселігі 60-қа тең. Осы сандарды табыңыз. Жауабы: 1а) 15 және 20

  2. 45-тен 90-ға дейінгі барлық натурал сандардың қосындысын табыңыз.

Жауабы: 2а) 3105

  1. Аргументтің қандай мәнінде y=-0,4x+5 функциясының мәні 13-ке тең болады? Жауабы: 3а) -20




  1. Теңдеуді шешіңіз:

3х  2х  576
Жауабы: 4а) 2+4log62




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©dereksiz.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет