КАРТАЛАР СЕРИЯСЫ
Мақул Нұрдәулет, Мыңжасар Орынкүл- АП-20-6к2 тобының студенттері
Жұматаева Мадина-магистр. аға оқытушы
Географиялық атлас - географиялық карталарының немесе планета бөлімдерінің (әдетте жер планетасы) жиынтығы. Бірақ күн жүйесіндегі басқа планеталар мен олардың серіктеріне арналған атластар да бар. Әдеттегі атластар кітап түрінде, ал қазіргі таңдағы атластар электронды түрде беріледі. Жер туралы тереңірек мағлұмат алу үшін атласқа жер бедерін көрсететін физикалық карталар, саяси, климаттық, діни (діндердің әр таралу аймақтары), әлеуметтік (халықтың орналасу тығыздығы, орташа табыс мөлшері, өлім-жітім), экономикалық (өнеркәсіп салаларының дамуы) карталарды енгізеді.
Атлас – карталар, кестелер, диаграммалардың және т.б. жинақ тары, атластардың негізгі үлгілері :
анатомиялық атлас, мысалы Синельникованың адам анатомиясы атласы
георгафиялық атлас - георгафиялық карталардың жиынтығы.
Карталардың сериялары екі түрде болады:
- бір территорияға арналған, бірақ тақырыбы әртүрлі;
- тақырыбы бір, бірақ әртүрлі территорияларға жасалған.
1. Бірінші серияға жататын карталар территорияның мінездемесін жан-жақты береді, барлық карталардың мазмұнын бір ғана маңызды мәселеге арнайды, мысалы экологиялық мәселелер немесе бір деңгейдегі оқушыларға (бір сыныптың) қойылатын бағдарламалық талаптар. Мысал ретінде Мәскеу облысының әртүрлі экологиялық тақырыптарына сай карталардың серияларын келтірсек болады – батпақтану, ауаның, топырақтың, жерасты және жерүсті сулардың ластану дәрежесі, т.б. Әртүрлі тақырыптарды қамтитын 10 сыныптарға арналған карталар да карта сериясының бірінші түріне жатады.
Бір территорияға арналған, бірақ тақырыптары әртүрлі карталар сериясынының мынадай ерекшеліктері болады:
- бірыңғай математикалық негіз (проекция, масштаб)
- бірыңғай географиялық негіз (карталардың мазмұны бірдей өзен, елді мекен, жол, шекара каркасын т.б. бейнелейді)
- шартты белгілер мен мәліметтер белгілі бір келісілген жүйемен беріледі.
Барлық карталар серияларында қосымшалар кездеседі: кестелер, графиктер, түсіндірме жазбалар.
2. Екінші серия түріне жататын карталар (тақырыбы бір, бірақ территориясы әртүрлі) құбылыстардың, шартты белгілердің және мәліметтерді беру әдістерінің біртекті топтасуымен (жіктелуімен) ерекшеленеді. Барлық карталар сериясы бірдей жасалады (бір бояу, бір өлшем, т.б.). Екінші түрге жататын карталар сериясында бірыңғай математикалық, географиялық негіз болмайды. Бірақ осы серияларды жасайтындар бұрмалану жағдайына байланысты біртекті проекцияларды, бірдей немесе еселік масштабтарды қолдануға тырысады. Географиялық негіз бірдей генерализация дәрежесін иеленеді. Екінші түрге жататын карталар сериясына мектептегі материктердің физикалық немесе экономикалық, аудандардың экономикалық картасын т.б. жатқызуға болады.
Пайдаланылған әдебиеттер
Кошкарев, А.В. Геоинформатика / А.В. Кошкарев , В.С. Тикунов. – М.: Картоцентр-Геоиздат. – 1993ж(64,67бет)