Мазмұны 1 Студенттердің танымдық белсенділіктерін арттыруда халық педагогикасы арқылы дамытудың ғылыми-теориялық негіздері


Оқушылардың танымын қалыптастырып дамытудың педагогикалық мүмкіндіктері



бет10/18
Дата15.08.2023
өлшемі241.04 Kb.
#476068
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18
сапаркулова

2.2 Оқушылардың танымын қалыптастырып дамытудың педагогикалық мүмкіндіктері

Қазіргі заманғы қоғам дамуының әрекеті, әлемдік және отандық педагогика, психология ғылымдарының жетістіктерін, әсіресе, дамыта оқыту, оқушылардың даму ерекшеліктері туралы проблемалар, ұзақ жылдар бойы екшеліп жинақталған мектептің озық тәжірибесі негізгі мектептің бастауыш сатысында білім беру мақсатының приоритеттерін түбегейлі өзгерту қажеттігін туғызып: бірінші кезекке, бұрынғыша оқушыны пәндік білім, білік, дағдыларының белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде оқушылардың жеке бас тұлғасын тәрбиелеу мақсаты қойылды. Білім беруде оқушының тәрбиесі мен дамуына приоритет берілуі, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңы мен Казақстан Республикасындағы Жалпы білім беретін мектептердің тұжырымдамасына орай мектеп құрылымы мен оның қызметіндегі өзгерістер оқушыларға сапалы білім беруді талап етеді.


Мектептегі оқу жұмысынына сапасы мұғалімнің оқушылардың оқу әрекетін дұрыс ұйымдастыра білуіне, оның тиімділігін мейлінше жетілдіре білуіне байланысты болады. Оқушылар әрекетінің ең басты және жетекші түрі – оқу. Ол алдын-ала жасалған жоспар мен бағдарлама бойынша мұғалімнің басшылығымен жүйелі түрде іске асырылып отырылды. Сондықтан, оқу басқа іс-әрекеттерге қарағанда, оқушылардың таным қабілетін дамытады, дүниеге адамгершілік көзқарасын бірте-бірте қалыптастырады. Оқу - баланың өзінің танымдық белсенді әрекеті.
Ғалым-педагог Л. В. Занков: «Оқыту - оқушының жалпы рухани дамуын қамтамасыз етуі қажет, - дейді.
Көрнекті психолог Л. С. Выготский: «Жақсы оқыту деп, ол баланың дамуынан ілгері жүретін, оны жетекке алатын оқытуды айтады», - деп тұжырымдайды.[53]
Оқушының жұмысты шығармашылықпен ойлауы, оны істей білуі мен танымдық белсенділігін арттыру - қазіргі кезде барлық мұғалімдер қауымын толғандырып жүрген мәселелердің бірі. Бұл сабаққа оқыту жүйесіне жоғары талап қоюды қажет етеді.
Философия тұрғысынан танымға мынадай анықтама берілген: «Таным - ойдың білмеуден білуге қарай дәл емес, білуден неғұрлым толық дәл білуге қарай ұмтылатын ой-өрісінін күрделі үрдісі». Адам танымы байқаудан нақты аңғарудан заңдарды теория жүзінде ашуға, ал сонан кейін ол заңдарды теория практикада қолдануға қарай жүріп отырады.
Практика тұрғысынан оқушылардың танымы - өзіне тән ерекшелігі бар күрделі психикалық үрдіс. Оқушылардың нәтижелі оқуына әсер ететін сыртқы және ішкі күштер немесе себептер болады. Оқушылардың білім алуда ілгері қарай басуына себепкер болатын негізгі күш — түрлі қайшылықтар. Бала білмеуден білуге қадам басқанда әр түрлі қиындықтар мен қайшылықтар кездеседі, оларды шешу, жеңу нәтижесінде оқу міндеттері жүзеге асырылады. Оқыту үрдісіндегі ең негізгі қайшылық, ол — педагогикалық міндет талаптармен оқушылардың мүмкіндіктерінің білімі мен дағдысының және дамуының қазіргі деңгейі арасындағы қайшылық.
Танымдық әрекетінің негізінде оқушыда танымдық белсенділік қалыптасады. Олай болса, танымдық белсенділік дегеніміз, білімді меңгертуді тек байқаумен, сезумен ғана қабылдатып қоймай, керісінше, талданып отырған үрдісті аңғарту арқылы заңдылықтың теория жүзінде қалай ашылғанын байқата, соны білдірте отырып, менгерген білімін практикада шығармашылықпен қолдана білудің дұрыс амал-тәсілдерін үйрету, сол арқылы іскерлігі мен дағдысын арттыру болып табылады. Яғни, оқушылардың оқуға, білімге деген ынта-ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі болып табылады.
Танымдық белсенділіктің үш дәрежесі бар:
1. Дәреже –жаңғыртушы белсенділік шәкірттің материалды жадылап қайта жаңғыртуға, оны үлгі бойынша қолдануға, меңгеруге ұмтылысымен сипатталды. Белсенділіктің 1-дәрежесіне тән көрсеткіш –оқушының бойында білімін тереңдетуге деген ұмтылыстың болмауы.
2. Дәреже - түсіндіруші белсенділік оқушының оқығанын зерделеуге, оны өзіне белгілі ұғымдармен байланыстыруға, білімін жаңа жағдайларда пайдалану жолдарын меңгеруге ұмтылысынан көрінеді. Екінші дәрежеге тән көрсеткіш оқушының бастаған істі аяғына дейін жеткізуге ұмтылуынан, қиындыққа тап болғанда оны жеңудің жолдарын қарастыруынан байқалатын үлкен дербестігі.
3. Дәреже –белсенділіктің шығармашылық дәрежесі-оқушының тапсырманы шешудің тың жолдарын іздестіруге деген ұмтылысымен сипатталды. Бұл дәреженің ерекшелігі – мақсатқа жетудегі табандылық, танымдық ынтаның негіздері мен әр алуандылығы, сөйтіп оқудағы белсенділік –оқушының іс-қимыл жағдайы ғана емес, осы іс-қимылдың сапасы, онда оқушының қызмет мазмұнымен сипатына қатынасымен, өзінің рухани ерік, күш жігерін оқу –танымдық мақсаттарға жетуге жұмылдыруға деген ұмтылысымен айқындалатын тұлғасы көрінеді. Дербестік әрекетке өздігінен икемделудің сапалық көрінісімен; мотивті және белсенді қылықтың оқушыға тән арнаулы нысандарымен тәсілдерін синтездеумен өмір шындығының белгілі бір жақтарына оқушының тұрлаулы, мінез – құлықта тиянақталған қатынасы мен сипатталатын жүйелі білім алу ретінде қарастырылады. А.Е. Әбілқасымованың пікірінше, жеке адамның белсенділігі дегеніміз “серпімді” ізденімпаздық, ал ізденімпаздық- тұрақты белсенділік. Танымдық белсенділік пен ізденімпаздық әлеуметтік белсенділік пен ізденімпаздықтың түрлері болып табылады. Танымдық қажетсіну – белсенділіктің және ізденімпаздықты дамытудың қайнар көзі. [54]
В.И. Селиванов оқушылардың ерік, күшінің түрлі сипатыцн айқындайтын оқу – танымдық әрекеттің мақсатын қоюдың үш нұсқасын бөліп көрсетеді:
1. Оқу - танымдық әрекет мақсатын мұғалім қояды. Оқушы бұл мақсдеген ат үсті қабылдайды. Мұның өзі ерік, күшінің төмен деңгейде болуына алып келеді;
2. Мұғалім тапсырманы немесе тақырыпты хабарлайды, осыған сәйкес оқушының өзі оқу – танымдық әрекетті жүзеге асыруға тиіс, сөйтіп осы негізде оқушы мақсатын өзі немесе мұғаліммен бірге анықтайды. Мақсдегенң қойылуына ізденімпаздық үлесінің көп болуы ерік, күшінің неғұрлым жоғарғы деңгейде екендігін көрсетеді:
3. Оқушы өзінің оқу – танымдық әрекетінің мақсатын өз бетінше анықтайды, бұл - өз бастамасымен өз бетінше жұмыс істеу болып табылады. Мұндай жағдайда ерік күшінің деңгейі неғұрлым жоғары. [55]
Е. Н. Кабапова – Меллер оқушылардың өз бетінше жұмысын белсендіру үшін оларды өз қызметінің нақты бір әдістер жүйесіне оқыту қажеттілігіне назар аударады.(білім жүйесін қалыптастырумен қатар) Н.А. Половикова өз зерттеулерінде танымдық ізденімпаздықты үш деңгейге бөледі, олар: көшіруші, жаңғыртушы – шығармашылық, құрастырушылық – шығармашылық деңгейлер, олардың әр қайсысы танымдық қызмет әдістерінің белгілі бір жәйттерін игеруге сай келеді. Т.И. Шамова оқу мақсатын танымдық ізденімпаздықтың көшіруші, ішінара іздестіруші және зерттеуші деңгейлеріне ажырату үшін негіз болады деп есептейді. [56]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет