Қазақ ауыз әдебиетiндегi құқықтық нормалар
Қазақ халқының құқықтық санасын қалыптастыруда ең әуелi оның ауыз әдебиетi зор әсер етiп, ұлттың құқықтық мәдениетiн дамытудағы өз рөлiн көрсеттi.
Құқықтық мәдениеттiң ұлттық құндылығын арттыруда, әсiресе, шешендiк сөздер ерекше орын алады. Бұл асыл қазына ұлттық құқықтық заңдары мен ережелерiн айқын көрсетiп, соған байланысты құқықтық мiндеттердi сөзсiз орындау жолдарын көрсетедi.
Шешендiк сөздердiң құқықтық мәнi
Шешендiк сөздер – ел құралып, халық тәжiрибесiне пайдаланып келе жатқан, билер мен хандардың, ақындар мен шешендердiң, ел ағасы болған данышпандардың, жастайынан жалындап өскен өткiр ойшылдардың аузынан шыққан дуалы, өнегелi, қисынды, қасиеттi сөздер: өмiр заңдылығының көрсеткiштерi.
Тарихта Тәуке хан, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Сырым батыр тағы басқа белгiлi адамдармен қатар, Жиренше шешен аңыздары және Досбол, Жидебай, Сауытбек, Қылышбай, т.б. шешендердiң аты белгiлi. Халық шешендiк сөздердi заман өткен сайын әрлеп, әсерлi етiп, ұрпақтан-ұрпаққа құқықтық кодекс ретiнде жеткiзуде. Қазақ ауыз әдебиетiндегi шешендiк сөздердi мазмұнына қарай: шешендiк арнау, шешендiк толғау, шешендiк дау деп үш топқа бөлуге болады, өлеңмен айтылған шешендiк сөздер – термелi, қара сөзбен айтылғандары пернелi деп аталады.
Арнау шешендiк сөздерi: әзiл, сықақ, сын, бата, алғыс, естiрту, қөңiл айту. Шешендiк толғау: өсиет, насихат. Шешендiк дау: жер дауы, жесiр дауы, мал дауы, ар дауы.
Шешендiк сөздер халықтың түсiнiк сөздерiмен баяндалады. Ол түсiнiк (кiрiспе) сөздердiң құрылымының көркемдiк дәрежесi шешендiк сөздерден төмен болуы мүмкiн, дегенмен түсiндiрме сөздер шешендiк сөздердi жеткiзе айтудың құралы болып табылады.
Жиын-тойда, мәжiлiстерде, бас қосу рәсiмдерiнде сөз жүйесiне шешендiк сөздердi арқау етiп сөйлеу – қазақ қарияларының дәстүрiне айналған құбылысы.
Отбасында ата-ана бала тәрбиесiне үлгi етiп, шешендiк сөздерден мысал келтiрiп, баланы әңгiмеге тартып, ойын оятып отыруға мiндеттi, шешендiк сөздердi таңдап отбасында оқуды әдетке айналдырып, әдеттен дағды, дағдыдан әдет-ғұрып, одан әдептi, дәстүрлi қалыптастыру ләзiм.
Шешендiктiң мәнiн жан-жақты ұғындыратын алуан түрлi әдеби жұмыстарды ұйымдастыруға болады: пiкiрталас, пiкiрсайыс, бiлiм жарыстыру, сахналық қойылымдарды ұйымдастыру, т.б. Мысалы, қазақ халқының шешен билерi Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би – халықтың ұлттық бiрлiгiн нығайтып, халықтығын сақтауға зор әсерiн тигiзген данышпан ақын, шешен, ойшыл, гуманист көсемдер. Солардың бейнелерiн сахнада көрсетiп, сөздерiн өнеге етiп, қастерлi қойылымды былай ұйымдастыруға болады:
Әдеби пәндiк, тiлдiк – мерекелiк кештерде шешендiк сөздердi көп бiлетiндерге сыйлық ұйымдастырып, шешендiк айтыс ұйымдастыру қызықты болады. “Өнерпаздар мен ой тапқыштардың” өнер жарысында шешендiк сөздердi пайдаланудың мәнi зор: шешендiк сөздерден үзiндi келтiрiп, оны айтушы кiм екенiн айқындау да бiлiмдарлыққа байланысты.
Қазiргi кезде ел аузында көбiрек айтылып жүрген “қандеген сөздер” де шешендiк сөздердiң бiр түрi болып табылады. Сондықтан халықтың шешендiк үлгiлерiн тәрбие iсiне пайдалана бiлудiң маңызы ерекше зор.
Шешендiк сөз шешендiкке үйретедi, адамгершiлiкке тәрбиелейдi, ұлттық мақтаныш сезiмдi оятып, ұрпақтың тiлдi, асыл сөздердi қадiрлеу борышын баянды етедi. Құқықтық мәдениеттi қалыптастыруда, шешендiк сөздердiң әсерi мол.
Қазақ халқының шешендерi мен билерi, хандары, данышпандары ұлттық құқықтық нормаларын терең бiлген. Сөйтiп олар әлеуметтiк әдеппен ұлттық психологияны, құқықтық мәдениеттi қалыптастыруда зор еңбек сiңiрген болатын.
Олар қылмыстық жарғылар мен дiни қадистердi, құқықтық уәждердi ұлылықпен ұсынып, халықтың құқықтық мiндеттердi орындауын талап етiп отырды, оны мақсдеген әрекетте қолдануды уағыздады.
Достарыңызбен бөлісу: |