Мазмұны 1 Студенттердің танымдық белсенділіктерін арттыруда халық педагогикасы арқылы дамытудың ғылыми-теориялық негіздері


Тұрмыс-салт жырларындағы құқықтық әдет пен әдеп



бет14/18
Дата15.08.2023
өлшемі241.04 Kb.
#476068
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
сапаркулова

Тұрмыс-салт жырларындағы құқықтық әдет пен әдеп
Тұрмыс-салт жырларында ең әуелi еңбек ету құқығы төрт түлiк мал туралы жырлардан және тақпақтардан айқын көрiнедi. Тойбастар, жар-жар, беташар, сыңсу, қоштасу, Наурыз жырларынан жеке тұлғалар мен жалпы халықтың және отбасы мен туыстас адамдардың әлеуметтiк-теңдiк құқықтары, сыйласымдық және туыстық, жекждегенқ қарым-қатынастағы заңды құқықтары жырланады. Той жасау, некелесу, жақын жандарды сыйлау, туған жердi, өскен елдi құрметтеу, т.б. құқықтық нормалар мен әлеуметтiк әдеп, құқықтық мiндеттердi жырға қосу арқылы құқықтық идеология мақсаттары орындалады.
Қазақ халқы өзiнiң тұрмыс-тiршiлiгiне, әдет-ғұрпына, салт-санасына байланысты тұрмыс-салт жырларын шығарып, жер өрнектерiн өмiр өзегiне пайдаланып, сол арқылы жастарды әдет-ғұрып, дәстүрлерiн қастерлеуге тәрбиелеп келедi.
Тұрмыс-салт жырларын: төрт түлiк мал туралы жырлар, әдет-ғұрыпқа байланысты жырлар, мұң-шер жырлары, наным-сенiмге байланысты жырлар деп топтауға болады.
Жыр – өлең (шығарма) сөзiмен мәндес. Жыр шығарушыны – жырау, жырды жаттап айтушыны жыршы (термешi) деп халық, жыр атаулыға жоғары мән берiп, оны бағалап, жаттап, жадында сақтай бiлдi. Қазақ халқының бiр ерекшелiгi, жаттау қабiлетi ерекше болған, сондықтан жырдың барлық түрлерi (әсiресе батырлар жырлары мен ғашықтық жырлар) қарапайым халық өкiлдерiнiң жатқа айтуымен ғасырлардан ғасырларға өңделе түсiп, сары алтындай сақталып келе жатыр.
Әдет-ғұрыпқа байланысты жырлардан шiлдехана жырлары мен жұбату, бесiк жырларын балалар жырлары деп, жоғарыда бөлiп қарауымыздың мәнi бар, өйткенi ол жырлар бал тiлдi баланың тiлiне үйiрiледi, ойына оралады – жеңiл айтылады. Ал тойбастар, жар-жар, беташар, сыңсу, қоштасу, Наурыз жырларын, көбiнесе жыршылар өз мақамымен (әуенiмен) айтады.
Тойбастар думан-тойдың мәнiн маңызын әсерлi әуенмен жеткiзiп, тыңдаушының көңiлiн сергiтедi, өнер өрнектерiне қызықтырады, ықыластандырады, өнерпаздыққа тәрбиелейдi.
Жар-жар жыры жас жұбайларды құрметтеп, құттықтаумен олардың алдына iзгi ниеттi талап-тiлектер қояды: тату-тәттi өмiр сүрiп, ата-ананың арман-тiлегiн, ананың сүтiн ақтауды мiндет етедi.
Беташар жыры жас келiнге елiн сүюдi, ата-енесiн ардақтауды, тұрмыс құрудың ауыр сындарынан мүдiрмей өтудi уағыздайды, әдет-ғұрып бойынша, инабдеген, иманды болып, жақын жұртқа сәлем етудi, әдептiлiктi талап етедi.
Ал сыңсу, қоштасу жырлары өткен заманда, көбiнесе ерiксiз, малға сатылып бара жатқан ерiксiз қыздың еңiреп жылаған мұңын бiлдiредi.
Наурыз жырлары – жаңа жылда айтылатын мерекелiк жырлар. Ол, көбiнесе бата, тiлек мағынасында айтылған. Қазiргi Наурыз жырлары жаңаша тiлек, жаңаша өмiр талаптарын уағыздайды.
(арнайы сабақ үшiн деректi жеке келтiрдiк).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет