МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
І бөлім. Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі акциз салығының экономикалық мәні
1.1 Қазақстан Республикасы салық жүйесі 5
1.2 Акциз салығының экономикалық мәні 13
1.3 Акциз салығын салуда шетел тәжірибесі 15
ІІ бөлім. Акцизделетін қызмет түрлерін есептеу және рәсімдеу тәртібі
2.1 Акцизделетін қызмет түрлеріне салық салу 19
2.2 Акцизделетін қызмет түрлерін есептеу және рәсімдеу әдісі 25
ІІІ бөлім. Акциз салығын салуда кездесетін мәселелер мен шешу жолдары
3.1 Акциз салығының мемлекеттік бюджеттің қалыптасуындағы
алатын орны. 29
3.2 Акциз салығын салуда кездесетін мәселелер мен
шешу жолдары 33
Қорытынды 36
Қолданылған әдебиеттер 37
Кіріспе
Президенттің Қазақстан халқына Жолдауына қойған біздің мемлекеттің кең ауқымды мақсаты – тәуелсіз гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды орнату үшін шекті ұзақ мерзімді басымдықтарды жүзеге асыру керек:
-
Ұлттық қауіпсіздік;
-
Ішкі саяси тұратылық және қоғамның үйлесімі;
-
Шетелдік инвестициялар мен ішкі жиналымдардың жоғарғы деңгейімен бірге ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өркендеу;
-
Республика азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты;
-
Энергетикалық ресурстар;
-
Инфрақұрылым;
-
Көлік пен байланыс;
-
Кәсіби мемлекет.
Осынау басымдықтарды іске асыру мемлекеттен орасан зор қаржылық ресурстарды жұмылдыру мен тиімді қолдануды талап етеді, ал ол өз кезегіндегі барлық қаржылық жүйені одан әрі реформалауды көздейді.
Қазақстандық бюджет республиканың стратегиялық басымдықтарын жүзеге асырудың негізгі құралы болып келеді, өйткені ол елдің ең маңызды қаржы ағымдарының қозғалысын реттейді. Келешек көкжиектегі салықтық-бюджеттік аяны реформалаудың негізгі бағыттарына салықтық әкімгерлеуді жақсарту және бюджеттік бағдарламау тәсілдерін өндіру кіреді.
Үкімет 2003 жылға дейін салық реформасын жалғастыру және салықтық әкімгерудің тиімділігін арттыру есебінен салық түсімдерін ішкі жалпы өнім көлеміне шаққанда 14-15 пайызға өсіруді көзеп отыр:
-
Салық органдарын міндеттілік дәйектері бойынша жаңарту;
-
Салық төлеушілерді есепке алудың біртұтас ұлттық жүйесін құру;
-
Салық қызметтерін компьютерлеу;
-
Салық мағлұмдамаларының ықшамдалған нысандарын жақсарту және өндіру, Әділет министрлігі, кеден және Салық комитеттері арасындағы ақпаратты тиімділікпен, ретімен ұйымдастыру, кенді пайдалану мен мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі келісім-шарттарда салықтық сараптау жүйесін енгізу, оларды орындау мониторингі, шаруашылық субъектілеріне кешенді салықтық тексерулер жүргізу жөнінде нұсқаунамаларды жасақтау.
Бұл жерде акциз туралы айта кету жөн. Акциз, қалыптасқан қағида бойынша, тұрғындарға арналған және мемлекеттің монополиясы болып табылатын тапшы, жоғары рентабедьді тауарлар мен өнімдерге салынады. Мемлекет акциз салығы сұраным мен ұсынымды реттеуге, сонымен бірге мемлекеттік бюджетті толықыру үшін пайдаланады.
Акциз салығы, салыстырмалы түрде азғантай тауар түрлеріне салынады. Саналмаған тауарлар бойынша акциз нарығын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті бекітеді, олар республиканың бүкіл территориясында бірыңғай болады және календарлық жыл бойы өзгертуге жатпайды.
І бөлім. Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі акциз салығының экономикалық мәні
1.1 Қазақстан Республикасы салық жүйесі
Қазақстан территориясындағы салық пен салық салу дамуының өзіндік, спецификалық теориясы бар. Бұл Карл Маркстың, көшпелі тайпалар мен халықтардың отырықшыларға қарағанда меншік, айырбас және ақша қатынасы ерте дамиды деген белгілі ережесімен байланысты.
Жеке меншіктің пайда болуы мен жерді жеке меншікке иеленудің қалыптасуы туралы б. з. д. І мыңжылдықтан сақталған материалдық (қабір, тиындар) және жазбаша түрдегі мәліметтер бар.
Ерте орта ғасырдағы мемлекеттердің (Батыс Түрік және Түргеш Қағанаты) дамуы кезеңінде жеке меншіктің пайда болу салдары ретіндегі борыштылық мәселелері жазбаша мәліметтерде кеңінен қамтылған. Борыштылықтың негізгі түрі әскери борыштылық (басқаша "қан салығы") болды. Бұл кезде вассал тайпаларының барлық еркек жауынгерлері сюзерена тайпасының құрамына кірді. Олар алым төлеу арқылы бағынды. Бағындырылған құлдардан, әскери кезеңде тұтқындалған адамдардан құлдар категориясы қалыптасты. Алайда "раб-нул" терминін "классикалық" түрде түсінбеу керек. Құл-тайпалар – вассал тайпалар, олар сюзерен-тайпаларға елтірі, аң терісі түрінде алым-салық төлеуге міндетті болды.
Кейінгі орта ғасырдың дамуы кезеңінде (Х-ХІҮ) феодалдық негізде орнаған және басқа мемлекеттерге экономикалық, әлеуметтік жағынан ұқсамаған Қараханидтер қағанатының мемлекеттік-әкімшілік жүйесі қызық түрде болды.
Қараханид мемлекетіндегі негізгі әлеуметтік-саяси институт әскери лендік жүйе болды. Хандар өз туыстары мен жақындарына аудан, облыс және қала халықтарынан бұған дейін мемлекет пайдасына түскен салық алу құқығын алып беріп отырды. Бұл қағида "инта" деп аталды, ал оны ұстанушы адам "мукта" (араб термині) немесе "иктарар" (парсы термині) деп аталды.
Иктаның Қазақстан территориясында жайылуы туралы дерекнамаларда тек жанама мәліметтер сақталған. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірінің шаруашылық және саяси өмірінде икта институты маңызды роль атқарды. Икта мазмұны мен иктадорлар құқығын регламенттеу нақты белгіленеді. Низам-Әл-Мүлканың айтуынша, "Мукта заңды түрде өзіне жүктелген алым-салықты халықтан жинауы керек, алым-салық төленгеннен кейін халық, оның мүлкі, әйел мен бала, олардың заттары мен иеліктері қауіпсіздікте болғай" (Сиасет-Наме "Книга о правлении вазира ХҮ в. столетия Низам Аль Мулька" Москва, 1949. 34 бет).
Сонымен, икта институты (жерді иелену түрі) шаруалардың иктаратқа заңды ресімделген түрде тіркелуін алдын ала ескермеді, әйтсе де иктадарлардың көбі өздерінің шартты ұстанымын (икта) бекітуге тырысты. Көшпелі иеленушінің жүйелі табыс алуын қамтамасыз ете отырып, икта ұстаушының белгілі жерде үнемі тұрақтануын талап етпеді. Көшпелі иктадар өмірін өз бетінше жалғастырып, табысты жергілікті халықтан және қаладан ауылшаруашылық табысы түрінде жүйелі алып отырды. Иктаны иеленушілер алым-салық алуды ғана емес, сонымен қатар жер мен салық салынатын шаруаларды өз қарамағына алып, шартты жер беруді мұрагерлік меншікке айналдыруға тырысты. Иктаның дамуында, феодалдардың жерге деген құқығының кеңеюінде феодалдық жер меншігін нығайту және табыс алу құқығын жер рентасын алу құқығына айналдыру тенденциясы жатыр.
Иктамен қатар жерді иеленудің басқа да түрлері болды. Қараханид басшылары қазынаға салық түсімі ретінде және шартты, уақытша жер беру қоры болып саналған үлкен жер учаскелерін иеленген. Бұл қарахан династиясының жауларынан конфискелеген, сонымен қатар кейде мемлекетпен алынған жерлер болды.
Мұсылман дін басыларының ірі жерлерді иеленумен қатар негізгі материалдық базасы вакфтық жерлер (атақты және бай жер иеленушілерімен немесе көшпелі әскери басшыларымен діни мекемелер пайдасына өсиет етіп қалдырған учаскелер) болды. Вакфтық жерлерден мемлекет пайдасы үшін салық алынбады. Орта Азиядағыдай, Оңтүстік және Оңтүстік-шығыс Қазақстанның отырықшы егіншілік жерлерінде эксплуатацияның (қанаушылық) бір түрі үлестестік болды. Парсы-тәжік дерекнамаларында үлескерлерді – "музари" немесе "барзигар" деп атады. Үлестіктің мәні: мұрагерлік жер иеленушілердің немесе мемлекеттің жері шаруаларға жалға берілді. Үлескер егіннің көп бөлігін мемлекетке және жер иеленушісіне немесе вакир басқарушысына (вакфтық жерлер де жалға берілді) салық түрінде беруге міндетті болды.
Х-ХІІ ғғ. Коммендация институты дамыды (Қараханидтер мемлекетінің құрамына кірген Қазақстанның территориясы – Жетісу, Шығыс Түркістанның бөлігі - Қашғар).
Коммендацияның мәні: ұсақ меншік иесі алым-салықтан сақтанып, басқа феодалдар мен шенеуніктер жағынан озбырлық көрмеу үшін жерді байлардың қамқорлығына беріп, сол үшін салық төлеген. Коммендацияны қабылдағандардың мүлік жағдайы көбінде олардың феодалға бағыну деңгейін анықтады:
-
біреулер салық жарнасымен шектелді
-
әскерді басқалар жеткізіп тұрды
-
феодалдардың шаруашылығына қызмет етті және т. б.
Сонымен, Қараханид мемлекетінде құрылған жер иелену түрлері, басқа да түрлі салық міндеттіліктері сияқты, одан әрі дамыған жоқ, мысалы, Қараханид мемлекеті құлағаннан кейін (ХІІ ғ. 40 ж. басы) кифани шапқыншылары икта институтын теріске шығарды, яғни, жерге деген меншік түрлері онымен бірге салық түрлері де ауысып, түзелді.
Әлеуметтік-экономикалық жоспардағы өзгеріс моңғол шапқыншылығынан кейін болды. Бағындырылған халыққа салықтың жаңа түрлері салына бастады:
-
ауыртпалық болып әскери міндеттілік саналды (халық моңғол жасақтарына әскер жеткізіп тұруға міндетті болды)
-
көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын халық хан сарайының пайдасына купчур төледі
-
отырықшы халық жер салығын (харадж) төледі
-
зекет – діни салық
-
ушур – малға салынатын салық
-
ясан
-
сыбаға
Құн төлеуден мемлекеттік жүйе салық белгілеу және жинауға көшу өзекті мәселе болды. Тәжірибелік қажеттіліктердің шарасыздан ғылыми теорияны талап етуді қажет етті. Салық салу проблемалары түрлі экономистердің, философтардың, мемлекеттік қайраткерлердің негізгі мәселесі болды.
Салық – қоғамдағы сатып алушылықтың даму қажеттілігімен мемлекеттің болу фактісімен анықталған объективті қажеттілік болып табылады. Өз қызметтері мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекеттің шаруашылықтандыру субъектілері мен азаматтардың ұлттық табыстың белгілі үлесін міндетті жарна түрінде алуы салықтың маңызын құрайды.
Мемлекет қазынасының жарнасын өндірістің негізгі қатысушылары: материалдық және материалдық емес игіліктерді өз еңбегімен жасайтын және белгілі табыс алатын қызметкерлер, сонымен қатар шаруашылық субъектілері, капитал иеленушілері жүзеге асырады. Салық жарнасының есебінен бюджетте шоғырланған мемлекет ресурсы құрылады, кейін ол терең білімнің дамуы үшін, әлеуметтік-экономикалық, әскери-қорғаныс, құқық қорғау және басқа да мәселелерді шешу үшін пайдаланылады.
Салық төлеушілердің бюджетпен өзара қатынас жүйесі, бір жағынан – салықты бюджетте шоғырландыру бойынша өзара қатынасы, басқа жағынан – түрлі саланы бюджетпен қаржыландыру бойынша өзара қатынасы.
Қазақстан Республикасындағы салық салуды құқықтық реттеу өз дамуында үш кезеңнен өтті.
Салық реформасының бірінші кезеңі (1992 жылдан 1995 жылдың маусымы аралығында).
Республикада салықтың 40-тан астам түрі әрекет етті:
-
Жалпымемлекеттік салықтар;
-
Жалпыға міндетті жергілікті салықтар;
-
Жергілікті салықтар.
Салық реформасының екінші кезеңі (1995 жылдың шілдесінен 1999 жыл аралығында).
Бұл кезеңде салықтар саны 11-ге дейін қысқарды. Олар жалпымемлекеттік және жергілікті салықтарға бөлшектенді. 1996 жылдан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Заңына 30-дан астам өзгерістер мен қосымшалар енгізілді. Салықтар мен жиындардың саны 18 түрге дейін өсті.
Салық реформасының үшінші кезеңі (2000 жылдан осы уақытқа дейінгі аралықта). Жаңа Салық Кодексі салық жобасының әзірленуі. Заңның қабылдануына жобаның ғалымдармен, салық органдары мен салық төлеушілердің өзімен талқылануы бойынша үлкен жұмыс әсер етті.
1-кезең
Қазақстанның салық жүйесін құруға өзіндік тәжірибесі болмағандықтан, көбінде көрші мемлекеттер тәжірибесі, бәрінен бұрын Ресей Федерациясының тәжірибесі пайдаланылды. 1991 жылдың 24 желтоқсанында қабылданған "Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы" тәжірибелік заңы Ресей заңының көшірілген нұсқасы ретінде саналды. Нәтижесінде, Қазақстан федерациялық мемлекет ке тән үш фазалы салық жүйесі құрылды.
Ол салықтың үш тобынан тұрды:
-
Жалпымемлекеттік;
-
Жалпыға міндетті жергілікті салықтар мен жиындар;
-
Жергілікті салықтар мен жиындар.
Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің даму тарихында 1994 жыл ерекше орын алады.
Дәл осы жылы салық жүйесін реформалау жолында алғашқы нақты қадам басылды. Екі ірі салық: жеке адамдардан алынатын табыс салығына және кәсіпорын пайдасының салығына өзгерістер енді. Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар "Жеке тұлғалар табысына салық салу туралы" және "Заңды тұлғалар пайдасы мен кірісі салығы туралы" Жарлықтары қабылданды. Көрсетілген заң шығару актілерінің қабылдануымен екі негізге салықты есептеу радикалық өзгерістер қалыптасты.
Заңды тұлғалар бөлігінің келесі аспектілерінде өзгерістер болды: пайда салығы ставкасының дифференциасының жойылып, 30 пайыз барлық заңды тұлғалар үшін және 45 пайыз банктер мен сақтандыру ұйымдары үшін екі ставка бекітілді. Алғаш рет салық төлеушілер құрамына кәсіпкерлік қызметтен алынған табыс бөлігіндегі бюджеттік ұйымдар кірді, жеңілдіктер ретке келтірілді және т. б.
1994 жылы Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінде болған өзгерістерді талдау, олардың фискалды сипатының нәтижесін ашуға мүмкіндік туғызады. Сонда да, іскерлік шаралар қолданылмаған, ВВп-ғы салық түсімдерінің үлес салмағы 1993 жылдың 14,8%-нан 1994 жылы 8,4% төмендеді.
Салық ставкалары жоғары бола тұра, салық салу базасының қысқаруы кәсіпорын бөлігінің жасырын бизнеске кетуі нәтижесінде, олардан түскен түсімнің төмендеуінен, қатаң салық саясаты "салық қақпанына" әкеп соқты. Осыдан келіп, салық реформасының негізгі идеялары Қазақстан Республикасында келесі кезеңдер өсе бастады.
-
Нарықтық қатынастарды ынталандыру, дәлірек айтқанда:
-
кәсіпкерлікті белсенді қолдау;
-
жеке салық төлеушілерді алған табысын кәсіпкерлік қызметке салуға ынталандыру;
-
салық салуға кең заң шығару базасын белгілеу;
-
табысқа екі рет, үш рет салық салудан сақтау механизмін құру.
-
Салық салуда белгілі әділеттілікке қол жеткізу, дәлірек айтқанда:
-
жағдайы нашарларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету;
-
табыс көзінен тыс салық салудың біртұтас шақаласын құру;
-
мемлекеттің ұлттық және территориялық мүддесін есептеу;
-
салық салу жүйесін құрудың әлемдік тәжірибесін творчестволық пайдалануға ұмтылу.
Осы мақсаттарға сай Қазақстан Республикасының жалпы салық жүйесін өзгерту және оны әлемдік стандарттарға жақындату туралы әрекет жасалды.
2-кезең
Кезеңнің міндеттері: салық ауыртпалығын төмендету, салық санын қысқарту, Қазақстанның салық жүйесін әлемдік стандартқа жақындату. Бұл тараптарға көбінде Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 24 сәуірдегі №2235 заң күші бар "Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер" Жарлығы жауап берді.
1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалпымемлекеттік салықтар мен жиындарға: жол салығы, әлеуметтік салық, әлеуметтік қамсыздандыру үшін алынатын жиын мен автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасы территориясына кіру үшін алынатын жиын кірді. Бұрын бұл төлемдер бюджеттен тыс қордың көзі ретінде саналды, кейін жол салығы мен әлеуметтік қамсыздандыру жиыны жойлды.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі №440-1 Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 24 сәуірдегі №2235 заң күші бар "Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер" Жарлығы Қазақстан Республикасының Заңы статусын иеленді. Қазақстан Республикасының салық жүйесінде жоғарыда көрсетілген құжатқа сәйкес келесі салықтар, жиындар мен басқа да міндетті төлемдер кіреді:
-
Заңды және тұлғалардан алынатын табыс салығы, қосылған құнға салық, акциздер;
-
Бағалы қағаздар эмиссиясын тіркеу жиыны және мемлекеттік тіркеуге жатпайтын бағалы қағаздар;
-
Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемі мен салығы;
-
Әлеуметтік салық;
-
Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының территориясы бойынша жол құру жиыны, жер салығы, заңды және жеке тұлғалар мүлігінің салығы, көлік құралдарына салынатын салық, біртұтас жер салығы, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды және заңды тұлғаларды тіркеу жиыны;
-
Қызметтің жеке түрімен айналысу құқығының лицензиялық жиыны;
-
Аукциондық сату жиыны, нарықта тауар өткізу құқығының жиыны;
-
Заңды және жеке тұлғалардың фирмалық атауда, қызмет ету белгілерінде, тауар белгілерінде Алматы қаласының символикасын пайдалану үшін алынатын салық;
-
Заңды (мемлекеттік кәсіпорын, мемлекеттік мекеме мен коммерциялық емес ұйымдардан басқа) және жеке тұлғалардың фирма атауында, қызмет ету белгілерінде, тауар белгілерінде "Қазақстан", "Республика", "Ұлттық" сөздерін пайдалануы үшін жиын.
3-кезең
Үшінші кезеңнің негізгі міндеті – бюджетке қатынасы бар мемлекеттік органдар мен фискалды органдардың және салық төлеушілердің арасындағы өзара қатынастың құқықтық аспектілерін күшейту болып табылады. Жалпы, 1995 жылғы салық құрылымы барынша оңтайлы.
Дегенмен, 1995 жылғы салық реформасын жүргізгеннен кейінгі ел экономикасында болған өзгерістер, елдегі салық қатынастарын реттейтін салық жөніндегі барлық ережелер мен нормаларды жүйелеу және өзіндік қорғау мен жауапкершілікті нығайту мақсатында салық органдары мен салық төлеушілердің өзара қатынасын заңды регламенттеу қажеттілігі есебінде әрекеттегі салық заңы базасында Салық кодексін әзірлеу қажеттігін көрсетті.
1.2 Акциз салығының экономикалық мәні
Акциз – жанама салықтың ежелгі формаларының бірі. Ол туралы алғашқы ақпарат Ежелгі Рим эпохасына жатқызылады. Тұз және басқа да бұқара халық пайдаланатын тауарларға сол кездің өзінде акциз салынды. Тауар-ақша қатынастарының дамуымен акциз салығы бірінші орынға шығады, бірақ кейін, тікелей мүліктік-табыс түсімдерінің дамуы, акциз рөлін бірте-бірте шектеді. Дегенмен, акциз күні бүгінгі дейін сақталып, бүкіл елдердің салық жүйесінде қолданылады және мемлекеттің қаржы ресурсын құруда маңызды орын алады. Тарихи қалыптасқан қағида бойынша акциз тұрғындарға арналған, жоғары рентабельді тауарлар түрлеріне саналды, бұл жағдай оның фискалдық маңызын анықтайды.
Бұрынғы КСРО-да акциз 60 жыл бойы өзінің дербестік маңызы болмай, айналым салығына енгізілген болатын. 1992 жылы елімізде өткізілген реформадан кейін акциз жеке дара салық ретінде саналды. Бюджеттің барлық деңгейлерінің құралуында акциз маңызды орын алады.
Акциз – жанама салықтың түрі, бірақ бірқатар спецификалық өзгешіліктермен айқындалған.
Біріншіден, акциз санаулы тауарлар мен қызмет түрлеріне салынатын жеке дара салық.
Екіншіден, салық салу объектісі болып санаулы акцизделетін тауарлар айналымы болып табылады.
Үшіншіден, акциз негізінен өнеркәсіп саласында алынады, ал ҚҚС - өнеркәсіп саласында және айналымда.
Ежеогі Қазақстан тарихына көз жүгіртетін болсақ, акциз салығының тікелей формасын емес, оның бастапқы формаларын көреміз. Мысалы, он қап бидай өндірген шаруа, оның бір қабын байға беруге тиісті болды. Ертедегі Рим және Грецияда жанама салықтың әртүрлі формалары болған. Ондағы салық жүйесін реформалауды Гай Юлий Цезарь бастаған. Ол тікелей салықты тоұтатып, жанама салықты ғана қалдырды. Әрбір қоғамға белгілі бір сома бөлінді, сол соманы төлеуге міндетті болды. Салық сомасы төмендетілді, өйткені мемлекет бұл салықты өзі жинады, сөйтіп жемқорлардың қалтасына ақшаның түсуі тоқтатылды. Рим провинциялары кірістерінің басты қайнар көзі болып жерге салынатын салық болды. Орташа ставкасы оннан бір бөлігі болды, өзгеше салық салу формалары да болды. Мысалы, ағаштағы жемістердің көлеміне байланысты.
Ежелгі Ресейдегі қаржы жүйесі кейін құрыла бастады. Жанама салық салу сауда және сот төлемдері ретінде өмір сүрді.
"Мыт" төлемі тауарды тауарлық бекіністен өткені үшін алынды, "өткізу" төлемі - өзеннен өткені үшін, "гостинная" төлемі – қоймаларды ұстағаны үшін, "торговая" төлемі – сауда орындарын ұстағаны үшін, "вес" және "мера" төлемі тауарды өлшегені үшін төленді.
Сот төлемі "вира" өлтіргені үшін алынды, "продажа" төлемі – басқа да қылмыстар үшін алынды. Сот төлемі 5-80 дейін гривенді құрады. Жанама салықтар сату жүйесі арқылы алынды, олардың негізгісі кеден төлемдері болды.
ХҮІІ ғ. орта кезінде саудашылар үшін ортақ төлем енгізіліп, оның төлемі – 10 денег (5 копеек) құрады.
Жоғарыда айтылғанға көз жүгіртіп, жанама салық болып табылатын акцизге анықтама беретін болсақ, акциз – тауар бағасына енгізілген және сатып алушы төлейтін жанама салықтың ежелгі формаларының бірі болып табылады. Ресми түрде акциздер бұрынғы КСРО-да 30 ж. дейін болды. 30 ж. бастап акциздер, басқа салық түрлері сияқты айналым салығына енгізілген болатын.
Акциз қалыптасқан қағида бойынша, тұрғындарға арналған және мемлекеттің монополиясы болып табылатын топты, жоғары рентабельді тауарлар мен өнімдерге салынады. Мемлекет акциз салығын сұраным мен ұсынымды реттеуге, сонымен бірге мемлекеттік бюджетті толықтыру үшін пайдаланады. Акциз салығы салыстырмалы түрде азғантай тауар түрлеріне салынады. Саналмаған тауарлар бойынша акциз нарығын Қазақстан Республикасының Министрлер кабинеті бекітеді, олар республиканың бүкіл территориясында бірыңғай болады және календарлық жыл бойы өзгертуге жатпайды.
1991 жылы 24 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының "Акциз туралы" Заңына сәйкес спиртті ішімдікке, шарап-арақ бұйымдарына, сыраға, бекіре мен қызыл балық уылдырығына, темекі бұйымдарына салу тәртібі белгіленген.
1.3 Акциз салығын салуда шетел тәжірибесі
Батыс Еуропа елдеріндегі салық жүйесі бір-біріне ұқсас болып келеді. Бұған себеб өткен ғасырдың 80 ж. бұл елдерде болған реформалар.
Мысалы Италия жалпы рынокқа кірмес бұрын өзінің салық жүйесін күрт өзгертіп, оны басқа елдердің жүйелеріне жақындатты. Бұл тарауда мен Еуропадағы бірқатар елдердің акциз салығының салу тәртібімен, оның бюджеттегі орнын көрсетуге тырысамын.
Мысалы Ұлыбританияда жанама салық бойынша екінші орында акциз. Акцизделетін тауарларға алкоголь өнімі, жанармай, темекі бұйымдары, автокөлік құралдары жатады. Алкоголь өнімі мен жанармайға акциз тауар бірлігіне (литр) қатаң нысанда белгіленеді. Ал темекі бұйымдарына тауар құнына пайыз қосымша ретінде белгіленеді. Акциз бойынша пайыз ставкалары 10%-30% дейінгі аралығын қамтиды.
Германиядағы акцизге келетін болсақ, ол негізінен федералдық бюджетке аударылады. Бюджетке едәуір табысты минералдық отынға салынатын акциз, оның үлесі 31,8 млрд. марк 1994 жылы, одан кейін темекі бұйымдарына салынатын акциз 15,5 млрд., кофеге салынатын акциз сомасы 2 млрд. марка.
Федералдық акциз ставкалары келесі:
Бензин - 0,98-1,08 марка 1 л үшін
Мазут - 9,4 пфенинг 1 кг үшін
Темекі - 13 пфенинг 1 дана үшін
Алкоголь өнімі – 2550 марка 100 л үшін
Испания мемлекетінде акциз маңызды орын алады. Оның бюджеттегі үлесі 1872,6 млрд. песет немесе 13,2%. Акцизделетін тауарлар тізбесі Еуропа елдеріне тән: алкоголь өнімі, темекі бұйымдары, отын және т. б. тауарлар. Италиядағы жанама салық болып табылатын акциз спецификалық тауар түрлеріне салынады. Оларға: алкоголь өнімі, сыра, сіріңке, банан, құрылыс материалдары, электр энергиясы, мұнай және мұнай өнімдері. Осындай ретпен салынатын жанама салықтар бұл елдердегі бюджетке түсетін табыстың басым көпшілігін құрайды.
Францияда ҚҚС жанама салықтың түрі акцизбен толтырылады. Олардың кейбіреулері мемлекет пайдасына, қалғаны жергілікті бюджет қазынасына өткізіледі. Акцизделетін тауарлар қатарына алкоголь өнімі, темекі бұйымдары, сіріңке, бағалы металдардан жасалған бұйымдар, қант, шоколад, сыра және минералды су, автомобильдердің кейбір түрлері және т. б. жанама салықпен, сонымен қатар электр энергиясы (жергілікті басқару органның пайдасына), теледидар жарнамасы. Кейбір аудандарда, мысалы туризм және табиғи көздерінің аймағында орналасқан аймақта, жергілікті басқару органдары туризм төлемдерін енгізген. Кеден төлемдерін де жанама салыққа енгізуге болады. Кеден төлемдерінің негізгі мақсаты – пайда табу емес, ішкі рынокты қорғау, ұлттық өнеркәсіп пен ауылшаруашылықты дамыту. Бұл төлемдер мемлекеттің экономикалық саясатының кілті ретінде саналады. Олар елге импортталатын және ішкі рыноктың дәл сондай тауарлардың арасындағы тауар бағасын теңестіру керек. Бірақ кейде спецификалық талаптар қойылады: көлемі, салмағы және т. б. Мұндай төлем түрлері сусынға, темекі бұйымдарына, кинофильдерге қолданылады.
АҚШ-тың саясаткер және қоғам қайраткері Бенжамин Франклин айтқандай: "Өмірде екі қағида даусыз ол өлім мен салық". Ал акциз салықтың бір түрі болғандықтан, оның болуы өмір талабы.
Еуропа елдерінің акциз салығы бойынша ұқсастықтарын еліміздегі салық жүйесімен іздеп көрейік. Бұны мен келесі тарауда ашып көрсетуге тырысамын.
Жоғарыда айтылып кеткенді схема түрінде көрсететін болсақ.
|
Елдер
|
Акцизделетінтауарлартізімі
|
Ұлыбритания
|
Германия
|
Италия
|
Испания
|
Франция
|
1. Алкоголь өнімі
2. Жанар май
3. Темекі бұйымдары
4. Автомобиль құралдары
|
1. Алкоголь өнімі
2. Темкі бұйымдары
3. Кофе
4. Бензин
5. Мазут
|
1. Алкоголь өнімі
2. Темекі
3. Бензин
4. Сыра
5. Сіріңке
6. Банан
7. Құрылыс материалдары
8. Электр энергиясы
|
1. Аклоголь өнімі
2. Темекі
3. Бензин
4. Автомобиль
|
1. Алкоголь өнімі
2. Темекі бұйымдары
3. Сіріңке
4. Бағалы металдан жасалған бұйымдар
5. Қант
6. Шоколад
7. Сыра
8. Минерал суы
9. Автомобиль
|
Достарыңызбен бөлісу: |