Мазмұны кіріспе 6 негізгі бөлім



бет1/26
Дата18.05.2023
өлшемі145.15 Kb.
#473927
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Диплом жұмысы Тақырыбы; Модульдік оқыту тәсілін математикадан өз бетінше білім алу және оқып-үйрену сапасын жақсартуда пайдалану ерекшеліктері Орындаған; Елеуова Г.М


МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ 6


НЕГІЗГІ БӨЛІМ 1 Оқушылардың математикадан өзіндік жұмысын тиімді ұйымдастырудың өзекті мәселелері 8

    1. Өзіндік жұмыс оқушылардың білім алу қабілетін көтерудегі ең басты тәсіл 10

    2. Оқушылардың танымдылық ынтасын қалыптастырудағы өздік жұмыстың орны 12

    3. Оқушылардың өз бетімен жұмысты орындау қабілеттерін арттыру мәселелері 21

    4. Өздік жұмысты ұйымдастыру мәселесі 24

2 Модульдік оқыту тәсілінің ерекшелігі және оның негізгі құралы оқулық элементті оқушылардың математикадан білім сапасын жақсартуда пайдалану мәселелері 27


2.1. Модульдік оқытудың мәні мен маңызы 31
2.2. Модульдік оқытудың негізгі компонентасы – оқулық элемент 40
2.3. Оқулық элементті дайындау технологиясының әдістемелік
ерекшелігі 42
2.4. Математика курсынан өзіндік жұмысқа арналған оқулық элементтер дайындау үлгілері 45
2.5. Ақпараттық коммуникативтік технологияларды алгебра сабағында қолдану 48
2.6. Математика сабақтарында модульдік оқыту технологиясының тиімділігі 52
2.6.1.Математиканы оқытудағы модульдік оқыту технологиясы 57
2.6.2.Математиканы оқытудың блоктық-модульдік технологиясының теориясы 60


ҚОРЫТЫНДЫ 68
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 70


КІРІСПЕ


Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Қазіргі заманғы кредиттік және қашықтықтан оқыту технологиялары, ақпараттық технологиялар талаптарына сәйкес оқушы, студент өз бетінше білім алу бағытын мейлінше белсендендіруі тиіс.
Ақпараттық оқыту технологиялары негізінен оқушының, студенттің жеке өз бетінше оқып білім алуына арналатын болғандықтан, оның оқулық қызметіне әдістемелік тұрғыда да мүмкіндігінше комфортты жағдай жасалғаны дұрыс болар еді.
Осы жазылып отырған дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты өз бетінше білім алғысы келетін оқушыға да, студентке де әдістемелік тұрғыда оның нақты пәнді, біздің жағдайда математика пәнін оқып үйренуіне ыңғайлы, тиімді жағдай жасау.
Мысалы, бұл мәселе, әсіресе, кредиттік және қашықтықтан оқыту, білім алу технологияларын пайдалану және іске асыруда да өзекті мәселеге айналып отыр.
Біздің осы дипломдық жұмыста ұсынып отырған модульдік оқыту тәсілінің ерекшелігі және оның негізгі құралы оқулық элементті оқушылардың математикадан білім сапасын жақсартуда пайдалану оқушының, студенттің теориялық материалды нақты, саналы түсінуіне және оны мазмұнды бекітуіне, өз бетінше біліктілігін тиімді қалыптастыруына, машықтануына толық мүмкіндік жасай алатындығын практика көрсетіп отыр. Мысалы, осы тәсілді пайдалану бір семестрдің ішінде 3 және 4 курс студенттерінің нақты академиялық топтарының біліктілігін біршама жақсартуға мүмкіндік берді. Студенттерге бұл оқыту тәсілі ұнады және тиімді сұранысқа ие болып отыр.
Модульдік оқыту тәсілінің басты ерекшелігі – оның нәтижелігінде. Оқыту алгоритмдерінің қадамдары тізбегі дұрыс анықталған жағдайда ол міндетті түрде оң сапалы білімдік нәтижеге жеткізеді. Сондықтан, бұл тәсіл бойынша өз бетінше оқып-үйренуге және теориялық білімді бекітуге арналған оқулық материалдарды пән мұғалімінің өзі дайындағаны және ұсынғаны жөн. Өйткені, ол өзі оқытып және дәріс беріп жүрген академиялық топтарды (сыныптағы оқушыларды) жақсы біледі (білуі тиіс).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет