Мазмұны кіріспе 6 негізгі бөлім



бет21/26
Дата18.05.2023
өлшемі145.15 Kb.
#473927
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Диплом жұмысы Тақырыбы; Модульдік оқыту тәсілін математикадан өз бетінше білім алу және оқып-үйрену сапасын жақсартуда пайдалану ерекшеліктері Орындаған; Елеуова Г.М

Математика 5 сынып.
Тақырып: Ондық бөлшектер. Мақсат: 1. Ондық бөлшек ұғымын меңгеру, ондық бөлшектерді оқу және жазу, бөлшектерді бір жазылу түрінен басқа жазылу түріне ауыстыру.
Жалпы сағат саны: 6 сағат Модуль құрылысы:
Модуль құрылымы Сабақ реті Сабақ мазмұны, түрі Уақыт Күні
Кіріспе
1-ші сабақ. Ұйымдастыру кезеңі Модуль құрылымымен таныстыру Мақсаттары мен міндеттерін анықтау Дәріс арқылы жаңа сабақ оқыту
Сөйлесу
2-ші сабақ. Ұйымдастыру кезеңі Модуль құрылымына оралу Мақсаттары мен міндеттерін анықтау «Қарлы кесек» ойыны
3-ші сабақ. Ұйымдастыру кезеңі Модуль құрылымына оралу Мақсаттары мен міндеттерін анықтау «Қарлы кесек» ойыны
4-ші сабақ. Ұйымдастыру кезеңі Модуль құрылымына оралу Мақсаттары мен міндеттерін анықтау Жеке-топтық жұмыс (деңгейлік тапсырмалар орындау)
5-ші сабақ. Ұйымдастыру кезеңі Модуль құрылымына оралу Мақсаттары мен міндеттерін анықтау Жеке-топтық жұмыс (деңгейлік тапсырмалар орындау)
Қорытынды.
6-ші сабақ «Брейн-ринг» ойыны.
Сонымен, №1-сабақтың өтілу барысы. Дәріс сабақ Сабақтың типі: жаңа сабақ оқыту. Сабақтың түрі: дәріс сабақ. Оқу құралдары: кесте, тірек конспект.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушыларды түгендеу, жоқтарының себептерін анықтау
2. Модулімен таныстыру.
3. Мақсатын анықтау.
ІІ. Ой-түрткі кезеңі «Миға шабуыл» Жұмбақтарды шеш:
1) Санау үшін адамды, малды, талды
Ертеден мұра болып қалды.
Көбейтіп, қосып, азайтып, бөлеміз
Күнделікті сол санды (Натурал сан)
2) Дүниеде бүтін нәрсе бола бермейді
Көңілге армандаған қона бермейді
Бүтін нәрсе бөлігін көрсететін
Қандай сан бар, достым, пікір демейді. (Бөлшек сандар)
3) Біз қандай санбыз
Сызықпен бөлінген
Математиканы ұқпас адамға,
Құбыжық болып көрінген
Дүрыс, бұрыс, аралас
Ондық болып көрінген? (Жай бөлшек)
4) Жай бөлшекті қалай табамыз?
5) Олар қалай оқылады?
6) Оның бөліктерін ата.
7) Қандай амалдар қолдануға болады?
ІІІ. Проблемедық сұрақтар:
1. 1/10 бөлшек нені білдіреді?
2. Бұл санды МК-ға енгізуге болады ма?
3. Бөлшек сызығы нені білдіреді?
4. 1:10 МК – мен есепте
5. Не шықты? (0,1)
6. 7:10 МК-мен есепте (0,7)
7. 0,1;0,7 ондық бөлшектер
Модульге кіру
IV. Ондай жай бөлшектерді МК-ға енгізе алмағандықтан, қандай сандарды енгізуге болады? Ондық бөлшектерді. Онда осы сандармен танысуымыз керек пе? Калай жазылады, оқылады, неден құрастырылады? Олай болса, «Ондық бөлшектермен» танысайық.
Кластердің оң жағын ашу. Сұрақтар:
Ондық блшектер қай бөлшектерден пайда болды?
Жай бөлшектердің бөлімі 10 селік сандар болып келсе, бұл сандарды бөлімсізжазуға келісілген. 7/10 –ның орнына 0,7 жазды. «0 бүтін оннан жеті» -деп оқылады. Ең алдымен бүтін бөлігі, содан соң бөлшек бөліктен үтірмен айырады.
V.Тарихи мәліметтер:
Ондық бөлшектерді есептеу натурал сандарды есептеуге ұқсастығына қарай және қарапайымдылығына байланысты ғылымдағы, өндірістегі, күнделікті өмірдегі есептеулерде жиі пайдаланылады. Ондық бөлшектер және ондық бөлшектерге амалдар қолдану туралы ортаазиялық ғалым Әль-Каши өзінің
«Арифметика кілті» (1437ж)атты кітабында жазды. Сондықтан ол тарихқа ең алғаш пайдаланған, бірақ ол үтірдің орнына тік сызық қойған.
Ондық бөлшектердің бүтін бөлігін бөлшек бөлігінен ажыратуды шотландия математигі ДЖ. Неппер (1550-1617ж) және неміс аспан әлемін зерттеушісі И.Кеплер (1571-1630ж) енгізген.
VI. Жұмбақты шешу. Кластермен жұмысты жалғастыру (ІІ бөлігі )
Бүтін бөлшек бөліктерден
Үтір айырып тұрады,
Осы санды кім біледі
Аты қандай болады? (Ондық бөлшектер)
Онда кластерге қайта оралыпәрі қарай жалғастыру керек.
А) жай бөлшектердің дұрыс, бұрыс болуының шартын қайталап, оның «ондық бөлшектерге» ұқсастығын айту
Ә) «жай бөлшектерді» сандық осьте кескіндегенде үлкені оңға қарай, кішісі солға қарай орналасуын қайталап, «ондық бөлшектердің» де кішісі солға қарай орналасуының ұқсастығын көрсету.
Б) «Жай бөлшектердің » қайсысының шамасы үлкен болатынын қайталап, «ондық бөлшекке» де осы сәйкес келетінін көрсету. Қайсысының шамасы үлкен болса, сол бөлшек болғандықтан стрелкасы
Былай орналасады.
VII. Үйге тапсырма: (Үлгі арқылы шешу)
VIII. Қорытынды: Кластерді қайтадан қарастырып, қорытынды жасау


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет