Мазмұны кіріспе 6 негізгі бөлім



бет5/26
Дата18.05.2023
өлшемі145.15 Kb.
#473927
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Диплом жұмысы Тақырыбы; Модульдік оқыту тәсілін математикадан өз бетінше білім алу және оқып-үйрену сапасын жақсартуда пайдалану ерекшеліктері Орындаған; Елеуова Г.М

1-сурет.

S1


S

S

S2


S3
S

S1 S1


S2


  1. S= S1+S2 б) S=S1-S2 в) S=S1-S2-S3


S1

S2

S
S1

S2


S3


  1. г) S= S1=S2 д) S=S1-S2+S3

2 -сурет.



3-
3-сурет.

3-мысал. Трапецияның орта сызығы туралы теореманы дәлелдегенде үйге бұл теореманы басқа жолмен дәлелдеуге мынандай суреттер ұсынуға болады (2-сурет).


4-мысал. Параллелограмның ауданының формуласы туралы теореманы дәлелдегенде үй тапсырмасы ретінде В.Ф. Шаталовтың осы теореманы дәлелдегенде пайдаланған төмендегі суретін ұсынуға болады (3-сурет).
Суреттен қысқа түсінік берейік. Екі пунктирлік төртбұрыштар тең. Сондықтан олардың аудандары да тең. Бұл екі тең төртбұрыштан штрихталған ортақ бөлігін алып тастасақ, онда тең екі төртбұрыш қалады. Оның біреуі тік төртбұрыш. Тік төртбұрыштың ауданы аһ –қа тең.
Өздік жұмыстардың тағы бір түрі оқушылар оқулықтың текстін өздері оқып шығу. Бұның екі түрі болуы мүмкін. Мұғалім түсіндіргеннен кейін оқып шығуға және оқушылардың өздігінен оқып шығуға арналған текст. Бұл екі текстің бір-бірінен айырмашылығы болуы керек.
Бірінші жағдайда текст тұтас, ықшамды, мұғалімнен алған мәліметті тұжырымдайтындай (қорытындылатындай), екінші жағдайда ол текст көлемділеу, түсіндірме мысалдары, түсініктемелері айқын болуы қажет. Мұндай материалды мұғалім өзі белгілеуі керек. Оқушылардың оқулары үшін бүтіндей бір параграф алу міндетті емес. Ол параграфтың бір бөлігі, жекелеген теорема немесе жеке бір тұжырым болуы ықтимал. Математикалық тексті өзіндік оқуға өте күрделі мәселе екенін жоғарыда айттық. Сондықтан, әсіресе мектептің орта буынындағы оқушылары үшін кейбір нұсқаулар беру, тексті бөліктерге бөліп беру, жетекші сұрақтар беру артық болмайды. Себебі, математика сабағында өздік жұмыс ұйымдастырудың кемшіліктері де бар. Егер оқушы алдына қойылған тапсырманы орындауға дайын болмаса, онда оқушының еңбегі далаға кетеді де , ол өзінің жұмысынан ешқандай нәтиже алмайды. Оқушының өздік жұмыс орындау барысында жіберген қатесі тек қана жұмыс аяқталғаннан кейін, оның сапасын тексеру барысында ғана анықталады. Сондықтан, оқушы жаттығуларды өз бетінше орндағанда бір қатені мысалдан мысалға қайталауы мүмкін. Сөйтіп, міне осыдан барып дұрыс емес алгоритм оқушының сана –сезіміне сіңіп қалады.
Іс жүзінде өзіндік жұмыс әрбір сабақ сайын өткізіледі десек болады. Сондықтан өзіндік жұмысқа оқушыларды мұқият дайындап алып өткізу керек екендігін мұғалімдер әр уақытта есте сақтауы қажет.
Оқушылар өздік жұмыс істегенде олардың материалды толық игеру деңгейі өте маңызды талап. Теориялық материалды толық игертіп алмай, оқушыларға өздік жұмыс ұсынуға болмайды. Өздік жұмыс жақсы нәтиже беру үшін, оның мазмұны мен көлемі дұрыс анықталуы керек. Әрі ол тым ауыр да, жеңіл де болмауы керек. Егер де тапсырма тым ауыр болса, онда оқушының уақыты босқа кетіп, ол өзінің күшіне сенбеушілікпен қарайтын болады, ал мұндай жағдай бұдан жеңіл есептерді шығарғанда кедергі жасауы мүмкін. Ал тым жеңіл есеп оқушының ойлау қабілетін дамытпайды. Сондықтан, тапсырма әрбір оқушының дайындық деңгейін, іскерлігін, қабілетін ескере отырып жеке-жеке берілгені жөн.
Өздік жұмыстың нәтижелі болуының міндетті шартының бірі – оның қорытындысын тексеруді дер кезінде және дұрыс ұйымдастыру, тексеру. Көптеген жағдайда жабақ тақтада күні бұрын дайындалған немесе пленкада жазылған тапсырманың дұрыс шешілуі киноскоп арқылы оқушыларға көрсетіледі. Оқушылар өздері шығарған есепті тақтадағымен салыстырады. Есепті осылай тексеру оны орындағандар үшін немесе қате жібергендер үшін пайдалы. Ал есепті қалай шығаруды білмейтін оқушылар үшін дайын есепті көшіргеннен оның шығару әдісін игеруге беретін пайдасы шамалы. Сондықтан тексеру есептің шығарылу жолын көрсетумен шектелуге болмайды. Есеп шығару барысында жасалған түрлендірулерге, қосымша салуларға т.с.с. түсінік беру қажет. Егер варианттар көп болса, онда олардың біреуіне түсінік беріп, ал қалғандарының жауаптарын тексеріп өтуге болады.
Оқушыларға өмірде қажетті іскерліктің бірі – алған мәліметтерінің негізгі маңызды жерлерін бөліп ала білу. Ол өздік жұмысты орындаудағы жоғары көрсеткіштердің бірі болып табылады. Ал оқып шыққан текстінің ішіндегі негізгі жерлерін бөліп алу үшін оқушыларды сұрақтарға жауап құра білуге үйрету керек. Ол үшін оқушы берілген материалдан жаңа түсініктерді және фактілерді өз беттерімен бөліп шығарып және бұл материал ертеректе өткен қандай түсініктерге сүйенетінін анықтай білу қажет.
Мысалға, «Вектордың түсінігі», «Абсолют шама және вектордың бағыты» тақырыбын өткенде оқушыларға мынадай негізгі түсініктер ұсынылады:
1.«Вектордың» түсінігі
2.Вектордың өрнектелуі
3.Бірдей бағытталатын векторлар
4.Вектордың абсолют шамасы(модулі)
5.Нөлдік вектор
6.Тең векторлар
Осы тақырыпты өткенде оқушылар материалдың жаңа емес екенін түсіну керек. Берілген мәліметтер оларға негізінен физика курсынан таныс екенін, мұнда тек қана вектордың өрнектелуі мен берілу әдістерін физикаға қарағанда айқын топтастыра білуде екенін ұғынуы керек. Осыдан оқушыларда жаңа материалдың негізгі жерлерін бөліп ала білу қабілеті қалыптасады. Оны мына төмендегідей сұрақтар беруден бастау керек.
1.Бұл бөлімде қандай таныс түсініктер пайдаланылған?
2.Жаңа материалды түсіндіргенде қандай таныс фактілерге сүйенген?
3.Қандай жаңа түсініктер қарастырылған?
4.Қандай жаңа фактілер берілген?
Оқушылар мұғалімнің басқаруымен жаңа материалдың маңызды жерлерін өздігінен бөліп алуға үйренгеннен кейін, өтіп жатқан жаңа материал бойынша сұрақтарға жауап берудің жоспарын өздігінен құруға кіріседі. Мысалы, VІ сыныпта «Көпмүшеліктер» тақырыбын өткенде оқушылар бұл тақырып бойынша мына сұрақтарға жауап берудің жоспарын құра білулері керек:
1.Көпмүшеліктің түсінігі, анықтамасы.
2.Стандартты түрдегі көпмүшелік.
3.Көпмүшелікті стандартты түрге келтіру.
4.Бүкіл мүшелері стандартты түрдегі көпмүшелікті стандартты түрдегі деп атауға бола ма?
5.Ұқсас мүшелері жоқ көпмүшеліктерді стандартты түрдегі көпмүшелік деп атауға бола ма?
6.Стандартты түрдегі көпмүшеліктің дәрежесі.
7.Берілген таңбаларына қарай жақшаларды ашу ережелері.
Оқушылар жаңа материалдың маңызды түсініктерін бөліктеп алуды үйренгеннен кейін, енді жаңа мәліметті өздігінен еске түсіру қабілетін қалыптастыруына болады. Мұны сұрақтардың жауабының жоспарын құрудан бастайды. Әбден қалыптасып алғаннан кейін жоспарларды оқушылардың ауызша да құруына мүмкіншілік беру керек. Оқушылардан өздігінен оқып шыққан материалды қалай ұққанын тексеру үшін, оны түгел басынан аяғына дейін айтып шығуы міндет емес. Ол үшін олардан оқыған текст туралы сұрақтарға жауабының жоспарын немесе бірнеше бақылау сұрақтарға жауабын тексеру жеткілікті.
Мысалы, ІХ сыныпта «Векторды санға көбейту» тақырыбын өткенде мынандай тапсырма ұсынылады:
1.Оқулықтың текстін өздерің оқып шығыңдар;
2.Жауап берудің жоспарын құрыңдар;
3.Құрылған жоспарды оқып шығып, талқылаңдар;
4.Жоспардың әрбір пункті бойынша кеңейтілген жауаптың сызба-нұсқасын беріңдер;
5.Жоспардың кейбір пункттеріне жауап беріңдер.
Оқушылар жоспар құруға кірісердің алдында олардан осы тақырыптың маңызды түсініктерін атап өтуді талап етуге болады.
Оқушылар мынандай мәселелерді бөліп шығаруға тиіс:
1.Вектордың санға көбейтуінің анықтамасы.
2.Вектордың санға көбейтудің қасиеттері.
3.Коллинеар векторлардың анықтамасы.
4.Векторлардың коллинеарлығының шарты.
Оқушыларды оқыту барысында ұсынатын өздік шығармашылық жұмыстардың ішінде сөзді есептер маңызды орын алады. Себебі сөзді есептер біраз оқу-тәрбиелік функциялар атқарады. Математикалық сөзді есептер оқушылардың өздік жұмыс істеу қабілетін шыңдап қана қоймай, бұл есептерді шығару барысында математиканың практикалық қолданбалы рөлін ашып көрсетіп, оқушылардың математикалық білімін және білігін қалыптастырады. Оқушылар сөзді есепті шығарғанда мынандай үш кезеңнен өту керек екенін түсінеді:
1.Есептің шартын математикалық тілде жазу;
2.Алгебралық есепті таныс әдіспен шығару;
3.Есептің шығарылуын оның шартымен салыстыру.
Оқушы есепті шығару барысында жұмысты өздігінен жоспарлап іске асыруды үйренеді.
Есептің шығарылуын жазбаша түрде дайындауға қойылатын талап бірдей емес. Есепті шығару барысын бір ретке келтіру үшін оның кезеңдерге бөлген дұрыс. Методикалық құралдарда есептің мазмұнын қысқаша жазу туралы ұсыныстар беріледі, себебі бұдан қате кетсе есеп дұрыс шығарылмауы мүмкін. Келесі есептің мысалында сөзді есептердің жазбаша өрнектеуінің варианттарының бірін көрсетейік.
Есеп. Поездың 16 мин. кешігуін жою үшін 80 километрлік аралықтағы оның жылдамдығы 10 км/сағ арттырылды. Кесте бойынша поездың жылдамдығы қанша?
Есеп оқылғаннан кейін оған талдау жасалады. Жасалған талдау есептің шартын мынадай кесте түрінде өрнектейді.

Шамалар

Поездың қозғалысы

Кесте бойынша

80 км-лік аралығы

Поездың жылдамдығы, км/сағ.
Жұмсаған уақыты, сағ.

Х




х+10




Есептің шарты бойынша сағ. сағ. Қарағанда 16 мин. кіші. Яғни




 
  немесе 
Поездың жылдамдығы теріс сан болмайтындықтан, есептің шартын бір ғана түбір қанағаттандырады.
Жауабы: Кесте бойынша поездың жылдамдығы 50км/сағ. Оқушылар алдын ала берілген теңдеудің шешіміне келіп тірелетін өздігінен есептер құрастыруларына да болады. Есепті шығарудың әрбір кезеңінде оқушылар өздерінің қадамдарын тексеріп, бақылап отырулары керек.
Жалпы алғанда оқушыларды өз бетімен есептер шығаруға үйреткенде мұғалім өз сыныбының мүмкіншілігіне, әрбір оқушының жағдайына, уақыттың мүмкіншілігіне т.с.с. шарттарға назар аударуы керек. Мұғалім сыныпта оқу процесін ұйымдастыру барысында есепті жалпылай тақтада шығару мен өзіндік шығару жұмысын қажетті пропорция бойынша ұйымдастыра білуі де маңызды.
Өздік жұмыстың маңызды түрлерінің бірі – үй тапсырмасы. Сабақта өткен теориялық материалды үйге берілген есептер мен жаттығуларды шығару арқылы пысықтамай, оқушылардың математиканы жақсы деңгейде игеруін ұйымдастыру қиын. Мұндай жұмыс сапалы болу үшін қайсыбір есептерді сыныпта, ал қайсыбірін үйде шығару керектігі күні бұрын жоспарлануы керек.
Үй жұмысы сапалы болуы үшін, яғни тапсырманы оқушы өз күшімен толық орындап шығуы үшін дайындық деңгейі төмендеу оқушыларға тапсырмаларды орындау барысында қандай теоремаларға және қандай тұжырымдарға сүйену керек екендігі туралы түсінік беріп жіберу керек. Жалпы үй тапсырмасын оқушылар өздігінен орындап, теориялық материалды тереңірек түсінулері үшін үй жұмысы олардың дайындық деңгейіне сай дифференциалды турде берілуі қажет.
Жалпы алғанда өткен жаңа тақырып сабақ үстінде есеп шығару барысында пысықталып, ал үйге сыныпта шығарылған есептерге ұқсас есептер берілуі керек. Жаңа теориялық материалды оқушылар толық игергеннен кейін ғана оларға күрделілеу(қиындау) сыныпта шығарылмаған есептер ұсынуға болады. Үй тапсырмасы сыныптағы жұмыстың жалғасы болғандықтан, оны орындауға оушылар сабақ үстінде дайындалуы керек. Үй тапсырмасы өзінің білім берудегі рөлін атқару үшін, оқушылар оны орындауға жауапкершілікпен қарауға тәрбиеленуі керек.
Үй жұмысн орындаудағы дербестігі жылдан-жылға, оқушының жасы ұлғайған сайын молая беруге тиіс.
Мұғалім оқушының тапсырмасын орындау сапасын үнемі бақылап отыруы керек. Бақылаудың көптеген әдістері бар:
1.Үй тапсырмасын класта тексеру;
2.Үй тапсырмасын сабақтан тыс уақытта тексеру;
3.Оқушылардың дәптерлерін тексеру т.с.с.
Жазбаша үй жұмысына мыналар жатады: есеп шығару, оқушының сұрақтарына жазбаша жауап беру, математикалық шығармалар, мұғалімнің тапсырмасы бойынша материалды конспектілеу.
Мектепте қалыптасқан тәжірибе бойынша үйге тапсырма сабақ сайын келесі сабаққа орындап келуге есептер мен жаттығулар беріледі. Орындалмаған жағдайда оқушыға екілік баға қойылады. Үй жұмысының орындамаудың әр түрлі себептері болуы мүмкін: өткен материалды түсінбеу, есепті шығаруға уақыты жетпеу, еріншектік т.б.
Сабаққа селқос қарап, оқушылар көзбояушылық жасап жолдастарынан есептердің шешімін көшіріп алуы мүмкін. Бұл жағдайда оқушылардың білімдеріндегі кемшіліктер сабақтан сабаққа ауысып молая түседі, оқушылар мұғалімнің түсіндіруін ұғудан қалады. Бара-бара оқушы үй тапсырмасын көшіріп алудан да қалады. Бұдан шығудың жолдарын В. Ф. Шаталов ұсынады. Оның методикасы бойынша бір оқу жылында шығаратын есептердің тізімін оқу жылының басында немесе оқулықтың әрбір тарауының басында теориялық материалды өтуге сәйкес беруге болады. Бұл есептерді оқу жылының аяғына дейін өз беттерімен шығаруды ұсынады. Оқушылар бұл есептерді қашан, қаншасын шығаруды өздері біледі. Оқушылардың бұл өздік жұмыстарының барысы күнделікті өтетін сабақта тексеріледі.
Бұл сабақтарда оқушылардың өз бетімен шығаруға тиісті тапсырмалардың ішінен мұғалім ұсынған есептер шығарылады. Оқушының өздік есеп шығаруын бұлай бақылау көшіріп алуды жояды немесе көшіріп алған күнде де түсініп көшіруге мәжбүр етеді.
Үй есептерін шығаруға сыныпта әрдайым ілініп тұрған «Шығарылған есептерді тіркеу тізімі» ынталандырылады. Әрбір оқушының үй тапсырмасындағы есептерді шығару жетістіктері бүкіл сыныпқа, мұғалімдерге және ата-аналарға белгілі болады. Үй тапсырмасын шығаруды бұлай ұйымдастыру оқушылар арасында жарыс туғызады. Мұғалім оқушыларға дер кезінде нұсқау беріп, нашарлау оқитын оқушыларға көмек ұйымдастырып бұл жұмысты бағыттап отырады. Бұл методиканың ерекшелігін мұғалім мен оқушының арасында түсінушілік, тілектестік қарым-қатынас орнайды. Бұл методика бойынша оқушыны үй тапсырмасын орындауға қинаудың қажеті жоқ, оқу процесін ұйымдастыру жүйесі оқушыны жұмыс істеуге жетектейді. Сондықтан бұл үй тапсырмасын орындау методикасына мұғалімдер көңіл аударған жөн сияқты. Үй тапсырмасы ретінде оқушыларға есептер мен жаттығулар ғана беріліп қоймайды, сабақта түсіндірілген жаңа материалды оқып келу, дәлелденген теореманы пысықтау, жаңа әдіспен пысықтау, дәлелдеу тапсырылады. Көптеген жағдайда теореманы дәлелдегенде оқушылар мұғалімнің берген дәлелдеуін сөзбе-сөз қайталап шығады. Суреттің әріптері өзгеріп кетсе теореманы өздігінен дәлелдей алмайды. Яғни, теореманың дәлелдеуін жасанды түрде ұғады. Сондықтан, оқушыларды тоермалардың дәлелдеуін сапалы түрде игеруге үйрету керек. Ол үшін сызбалар бойынша теоремаларды дәлелдеп келуді үй жұмысы ретінде ұсынуға болады. Осындай тапсырмалардың мысалдары жоғарыда келтірілген. Бірақ та үй тапсырмасын жоспарлағанда мұғалім мына жайды есте сақтауы керек. Үй жұмысн орындауға жіберілетін уақыт бағдарлама бойынша сыныпта істелетін жұмыстың 40-50 процентінен аспауы қажет. Яғни, мұғалім оқушылардың шамадан артық үйде жұмыс істемеуін әрқашан да бақылап отырғаны жөн. Оқушылар бағдарламада жүйеленіп белгіленген негізгі білімді сыныпта алулары керек екендігін мұғалім әр уақытта есіне сақтауы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет