Мазмұны кіріспе 6 негізгі бөлім


Модульдік оқыту тәсілінің ерекшелігі және оның негізгі құралы оқулық элементті оқушылардың математикадан білім сапасын жақсартуда пайдалану мәселелері



бет9/26
Дата18.05.2023
өлшемі145.15 Kb.
#473927
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26
Диплом жұмысы Тақырыбы; Модульдік оқыту тәсілін математикадан өз бетінше білім алу және оқып-үйрену сапасын жақсартуда пайдалану ерекшеліктері Орындаған; Елеуова Г.М

2 Модульдік оқыту тәсілінің ерекшелігі және оның негізгі құралы оқулық элементті оқушылардың математикадан білім сапасын жақсартуда пайдалану мәселелері

С.И.Ожеговтың пайымдауынша «Модуль дегеніміз – белгілі бір тақырып ішіндегі бөліктердің өзара топтастырылған жүйесі». Ал «технология» гректің «шеберлік» деген сөзі.


Модульдік оқыту – блоктық оқытудың жетілдірілген түрі. Мұнда оқышылар модульдерден тұратын оқу бағдарламасымен жұмыс істейді. Модульді сабақтар мұғалімдерге барлық оқушыларды назарынан тыс шығармауға, олардың білімдеріндегі олқылықтарын дәл мерзімінде анықтауға мүмкіндік берсе, оқушылар сабақ үстінде мұғаліммен тең дәрежеде еркін сөйлеуге, жолдастарымен бірлесе жұмыс жасауға мүмкіндік алады, сабақ олар үшін көңілсіз күңгірттіктен айырылып, көңілді, қызықты іс-әрекетке айналады, үй тапсырмасын орындауға жіберетін уақыттарын өздері қызығатын істерге арнайды. Сонымен, модульді оқыту, модульді технология, модульді бағдарлама деген не? Ол үшін алдымен, "модуль" сөзінің мағынасы қандай екенін анықтайық. Модуль - белгілі бір жүйенің, құрылымның өз бетінше бола алатын, құрылымның өз бетінше бола алатын, бөліне алатын бөлшегі: Оқу модулі дегеніміз - оқу мазмұны мен оны игеруге негізделген технологияның бірі мақсаттағы түйіні. Модуль - оқушының мазмұнды, оқу әдісін өз бетінше игеру деңгейі мен оқу-таным әрекетіне сай жеке оқу бағдарламасы. Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен: кіріспеден, сөйлеу бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады. Әр оқу модулінде сағат саны әр түрлі болады. Бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты. Біздің зерттеулеріміз 7-12 сағаттан тұратын оқу модулінің неғұрлым тиімді екенін көрсетті. Оқу модулін құрудың ерекшеліктері.
Оқу модулінің ерекшелігі - жалпы сағат санына қарамастан, кіріспе және қорытынды бөлімдерге 1-2 сағат беріледі. Барлық қалған уақыт сөйлесу бөлімінің меншігінде болады. Кіріспе бөлімінде мұғалім оқытушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат - міндеттерімен таныстырады. Сонан соң мұғалім осы оқу модулінің барлық уақытына есептелген оқу материалын қысқаша (10-20 минут ішінде), сызба, кесте және т.б. белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді. Оқушылардың оқу материалын қайта жаңғырту деңгейін, қарапайым білік пен дағдыларды және білімін іс жүзінде бірнеше рет қайта қолдануы сөйлесу бөлімі бөлімі сабақтарында жүзеге асырылады. Тақырып мазмұнына (тұтас тақырып немесе тарау бойынша) "өсу" бағытымен қарапайымнан күрделіге, репродуктивтік тапсырмалардан шығармашылық сипаттағы тапсырмаларға, зерттеушілік қызмет элементтеріне қарай бірнеше мәрте қайта оралып отыру әр оқушыға оқу материалын жұмыс істей отырып, өз қабілеттерін, жадын, ынтасын, ойлауын, ауызша және жазбаша тілін дамытуға мүмкіндік береді. Оқушылардың танымдық қызметі әрбір оқушының әр сабақта үш күрделілік деңгейде берілген оқу материалын тыңдау, жазу, көру және айту мүмкіндігі болатындай етіп құрылған. (Адамның екі сигналдық жүйесін қолдану тұлғаның танымдық қабілеттерін де, танымдық процестерді де дамытуға мүмкіндік береді).
Оқытуды ойын түрінде ұйымдастыру және әртүрлі белсенді формаларды (топтық, топтық-жеке және жұппен жұмыс, диспуттар, пікірталастар) қолдану-оқытудың міндетті шарты болып табылады. Сөйлесу бөлімінде алғашында оқу материалын қайта жаңғырту және қарапайым білік пен дағды қалыптастыру мақсатында, кейіннен -алынған білімді талдау, жинақтау және бағалау мақсатында оқытудың белсенді формалары қолданылады. 3,4- сабақтардан бастап оқушыларға стандарт талаптарына сай сараланған тапсырмалар беріледі. (III және II деңгейлер). I деңгей тапсырмалары дарындылықтың екі түріне-интелектуалдық және креактивтік дарынды балаларға арналған. Оқушылар қандай да бір деңгейдегі тапсырмаларды өздері таңдайды. Тапсырмаларды қарапайымнан күрделіге қарапайымнан күрделіге қарай кезең-кезеңмен орындау міндетті емес. Оқушы тапсырманы өзінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдауға ерікті.
Оқу модулінің сөйлесу (даярлық) бөлімінің тағы бір ерекшелігі бар. Зерттеу көрсеткендей, оқытудың белсенді және ойын формаларын кезеңін қолдану оқушылардың оқу материалына бірнеше мәрте - 13-тен 24 ретке дейін қайта оралып, жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. (Оқу материалын оған 7 мәрте қайта оралып, пысықтағанда ғана жүзеге асатынын психологтар дәлелдеп отыр). Оқу модулінің сөйлесу бөлімінде біз оқушылар білімін бағалаудың дәстүрлі бес баллдың (шын мәнінде, үш баллдық) жүйесін емес, тоғыз баллдық жүйені қолдандық, бұл оқушыға бір деңгей тапсырмаларынан екіншісіне жеңіл, көңіліне қаяу түсірмей өтуге мүмкіндік береді, өйткені әр деңгей ауқымында "өте жақсы", "жақсы" немесе "қанағаттанарлық" баға алуға болады. Үшінші, "жеңілдетілген" деңгей тапсырмаларын орындау білім деңгейі төмен оқушыға кейіннен жоғарырақ деңгей тапсырмаларына көшуге мүмкіндік береді. Тапсырмаларын оқу модульінің орта кезеңінде-ақ орындап болған оқушылар, қалауы бойынша, мұғалімге көмекші бола алады. Олар кеңсшілер, жүргізушілер, т.б. рольдерді атқара алады. Оқу модулінің сөйлесу бөлімі оқушылардың өзін-өзі оқытуына және өзін-өзі бағалауына, бірін-бірі оңытуына және бірін-бірі бағалауына құрылған. Бұл әрбір оқушы үшін тек үш деңгейлік тапсырмалар ғана емес, олардың үлгі жауаптарын да даярлау арқылы іске асырылады. Сөйлесу бөлімі сабақтарының ұйымдастыру формасы бойынша әр оқушы өзінің қалай және немен шүғылдануы тиіс, сабақ барысында не істеуі керек екенін біледі, өйткені мұғалім балаларды сабақтың ережелерімен (егер ол оқыта үйрету ойыны болса) немесе оның құрылысымен және жүру барысымен алдын ала таныстырады. Оқу модулніің сөйлеу (даярлық) бөлімін құрудағы мүндай тәсілдің оқушы тұлғасын дамытуға жағымды ықпал ететініне зерттеу нәтижелері мен экспериментік жұмыс көз жеткізіп отыр. Оқу модулінің қорытынды бөлімі - бақылау. Егер сөйлеу бөлімінің барлық сабақтарында оқушылардың бір-біріне көмегі, бірін-бірі оқытуы, түрлі ғылыми көздерді пайдалануы құпталынып келсе, енді қорытынды бөлімінде алған білімін, білігі мен дағдыларын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс.
Оқушы білімін бақылаудың формалары тестілік тапсырмалар, бақылау жұмыстары, сынақ, шығарма немесе диктант оқу пәнінің ерекшелігіне орай қолданылып, оқу модулінің осы қорытынды бөлімінде беріледі. Оқушылардың тақырып немесе тарау бойынша білімін, білігін, дағдысын бағалауда оқу модулінің қорытынды бөлімінде алған бағалары қойылады. : Егер сөйлесу бөлімінде оқушыларға үш деңгейдегі ("жеңілдетілген" стандарт, "стандартты", "стандарттан жоғары") тапсырмалар ұсынса, қорытынды бөлімде барлық оқушыларға бірдей мемлекеттік білім стандартына сай тапсырмалар беріледі. Оқу модулінің тағы бір ерекшелігі - оқушы өз бетінше немесе мұғалім көмегімен модульмен белгілі бір нәтижеге жетеді. Ол мұғалімнен нені есте сақтау, нені жазу, нені қайдан табу, қалай тиімді әрекет ету, нені білу керектігі жөнінде жазылған жазбаша түрде тапсырмалар алады. Модульдік сабақтарды құрастыра отырып, оқу жөнінде ақпаратын беретін; оқулық, қосымша әдебиеттер, кесте, сызбанұсқалар, суретті иллюстрациялар, техникалық жабдықтар, ауызша құралдар пайдалануға болады.
Модульдік сабақтарда тапсырмалар орындау барысы мен білімді меңгеруді тексеретін әр түрлі бақылауларды қолданады. Олар: өзін-өзі тексеру, өзара тексеру, мұғалім тексеруі, ағымдағы және аралық тексеру, т.б. Осылар арқылы игеру деңгейі анықталады. Қосымша жұмыстар жүргізіліп, әр оқушы өз мүмкіндігінше білім алады. Модульдік оқытудың дәстүрге айналған сынып – сабақ жүйесіндегі түсіндіру - иллюстративтік әдіспен қандай артықшылықтары бар? Ең алдымен, оқушы өзінің жеке интеллектін саналы түрде дамыта отырып, оқу мазмүнын жіктеп меңгереді, ал мұғалім тек ұйымдастырушы, координатор (үйлестіруші), көмек беруші, бақылаушы міндетін атқарады. Модульдік оқытудың кептеген идеялары бағдарламалап оқытудан алынған. Ол дәстүрлі оқытудың жоғары дәрежеде ұйымдастырылған баламалы түрі. Сабақ үрдісіне модульдерді біртіндеп енгізген дұрыс. Мысалы, жоғары сыныптарда модульді оқытуды дәрістік әдіспен ұштастырған ете тиімді. Модульге оқушының оқу-таным әрекетін ұйымдастырудың барлық әдістері мен түрлерін пайдалануға болады. Мысалы, жеке, жұптасып, топтасып жұмыс істеу, оқытудың қай жүйесінде де модульді пайдаланып, оның сапасын, тиімділігін арттыруға болады. Модульдік сабақтың жай сабақтан айырмашылығы неде және модульді сабақты өткізу үшін мұғалім не істеу керек?
Модульдік сабақты әзіллеу үшін оның дидактикалық мақсаттарын анықтап, модульдер (ақпараттар блоктарынан тұратын) жиынтығынан тұратын модульді бағдарламаны құрастыру керек. Модульдер шартты түрде үш типке жіктеледі: танымдық (ғылым негіздерін оқығанда қолданылады), операциялық немесе іс-әрекеттік (іс-әрекеттердің әдістерін қалыптастыру және дамыту үшін), аралас. Осы соңғы түрі жиі қолданылады. Содан соң, мұғалім оқу элементтерінің мазмұнын, келемін, ретін, олардың әрқайсысына кететін уақытты, жұмыс түрін анықтайды. Оқушылар үшін сабақтың соңында нені біліп, нені оқу керектігін көрсететін кірістірілген мақсаттарды айқындайды. Қосымша материалдар көрнекі құралдар, тапсырмалар іріктеледі. Ең соңында, мұғалім осы атылғандарды нұсқау - жоспар, кітапша түрінде әзірлеп, барлық оқушыларға таратады. Сабақ кезінде оқушылар нұсқау-жоспармен өз бетінше жұмыс істейді. Ал мұғалім бақылай жүріп, әлсіздерге көмектесіп, күштілерді мадақтап, әр оқушымен жеке байланыс жасайды. Мүмкіндігінше әр модульдің алдында оқушылар білімнің деңгейін анықтап, дәл уақытында түзету жасауға тырысқан жөн. Әрбір оқу элементін аяқтаған соң ағымдағы және аралық бақылауларын жүргізу қажет. Модульдік оқытудың құрылымы Педагогикалық технология негізіне оқу циклін қайта жаңғырту идеясы алынған. Оның мазмұнына:
1. Оқытудың жалпы мақсатын қою;
2. Жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу;
3. Оқушылардың білім деңгейін алдын ала ( диагностикалық) бағалау;
4. Оқу әрекеттерінің жиынтығы (бұл кезеңде жедел кері байланыс негізінде түзету жүргізілуі тиіс);
5. Нәтижені бағалау енеді.
Осының арқасында оқу процесі "модульдік" сипат алып, құрылымы ортақ, бірақ мазмұны әр түрлі жеке блоктардан жасалады. Модульдік оқыту технологиясының осы нұсқасын құруда біз толық меңгеру әдістемесінің негізгі шарттарын, құрылып жатқан педтехнологиялардың негізгі қағидаларын ұстандық. Сонымен қатар, дидактиканың қазіргі талаптарына байланысты бірқатар өзгерістер енгіздік балаларды оқытуға емес, тұлғалық-бағытталған, танымдық қызметін ұйымдастыруға, оқу процесін өзара сөйлесу негізінде құруға және т.б. ұмтылдық.
Осыдан келіп мұғалімнің оқу процесін құрудағы жұмысының өзгеруі туындайды. Толық меңгеру әдістемесінде (Дж.Блок, Л.Андерсен және басқалар) әрбір оқу бірліктері ауқымында мұғалімнің қызметі төмендегіше құрылады:
1. Балаларды оқу мақсаттарымен таныстыру.
2. Сыныпты берілген тарау (оқу бірлігі) бойынша жалпы оқыту жоспарымен таныстыру.
3. Оқытуды жүргізу (негізінен мұғалімнің оқу материалын өзі баяндауы түрінде).
4. Диагностикалық тестіні ағымдағы тексеру.
5. Тексеріс нәтижелерін бағалау және тарау мазмұнын толық меңгерген оқушыларды айқындау.
6. Толық меңгере алмаған оқушылармен түзете оқытуды жүргізу.
7. Диагностикалық тест өткізу және оқу бірлігін толық меңгерген оқушыларды айқындау.
Яғни, модуль – тұтас жүйенің бір бөлшегі, пәннің негізгі заңдылықтарын ашатын ұғымдардың бір-біріне байланысты элементтердің жиынтығы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет