Мазмұны Кіріспе І тарау. Геронтология ғылымы туралы түсінік. Қартаң адамдардың проблемалары. Қартаң адамдардың өмір санасы әлеуметтік проблема ретінде. ІІ тарау. Қарт адамдардың әлеуметтік-психологиялық сипаттамасы


І тарау. 3. Қартаң адамдардың өмір санасы әлеуметтік проблема ретінде



бет2/6
Дата13.06.2016
өлшемі472 Kb.
1   2   3   4   5   6

І тарау. 3. Қартаң адамдардың өмір санасы әлеуметтік проблема ретінде

Ұзақ жасаудың әлеуметтік-медициналық аспектілері. 1995 жылы мемлекетті думада «Ресей Федерациясында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Ресей Федерациясында тұрғындарға қызмет көрсету негізі туралы» заң қабылдады.

Құжаттармен бірге «Қартаң адамдар мен мүгедектерге қызмет көрсету туралы» федералды заң қабылданды.

Аталған заңдар қарт азаматтар мен мүгедектерге әлеуметтік (соның ішінде медициналық) қызмет көрсетуге мамандандырылған органдар үшін құқылы база болып табылады. Солай бола тұра, Ресей заң қабылдаушы құрылымдарының түсінігінше ең жоғары деңгейде «Қартаң не қарт азамат», «Мүгедекпен қатар тұрады. Әлеуметтік жағдайда осындай ресми құрылым екі тіпті басқаша тұрғын топтары». «Қартайған азаматтар» тіпті формальді түрде мүгедектермен тең болмайды (барлық қарттар мүгедек емес; барлық мүгедектер кәрі емес; бұл екі категория азаматтарының қоғамдағы жағдайы да, әлеуметтік маңызы да тіпті және тіпті басқаша). Осыдан келіп бұл заңдардың болуы көптеген ыңғайсыздықтар әкеледі.

Ұзақ жасаушылардың (қартаюшы, қартаң, қарт) әлеуметтік-медициналық проблемалары ең алдымен, өте - әлеуметтік және өте медициналық болып бөлінеді. Бірақ, бұл нәрсе бойынша бөлу емес, форма бойынша бөлу. Екі проблема да цивилизация мен мәдениет басталып келе жатқанда пайда болды.

Қоғамның қартаюға қатынасының негізгі екі дәстүрі бар. Біріншісі, 30 мың жылдай есептеледі – автор оны Көне Египеттің дәстүрі деп атайды. Қартаю «басқа адамдардың ішінде ең сыйлысы», «қартаң адам құдайларға жақын жалғыз адам», «қарттық – бақытты және бүлкіші шақ» және тағы басқа.

Екінші дәстүрлі 3 мың жылдан есепетеледі – автор оны Спартандық дәстүр деп атайды. Спартада «Кәрі болғанша, үйсіз ит болғаным жақсы» дейтін болған. Күшсіз (пайдасыз) қарттарды Спартада жардан лақтырып жіберетін болған, спартандық қарттар өмірдің бұлай аяқталуын табиғи құбылыс деп есептеген.

Осы күнге дейін әртүрлі елдерде қартайған азаматтардан көне египеттік не спартандық моделін көруге болады. Қарттық құбылыс ретінде нені ұсынады? Ең алдымен қартаң адам көптеген хронологиялық ауруларған (орташа 9-13) тұтылады. Олар адам қартая бастағанда пайда болады, 20-30 жаста ауыра бастағанда пайда болады. Патологоанатомдар олардың аурулары чиператониялық ауру болса да, жүректің линиялық не жара аурулары болса да, өздерінің ауруларынан өлмейді (олардың көбі 40-50 жастарында өледі). Көрнекті орыс патологоанотомы И.В. Довыдский барлық хронологиялық аурулардан қартаю белгілерін көруді ұсынады. Бірақ, бұл қарттарға ерекше әдістемесі керек етер еді. Алайда, қартаң хроникамен ауыратын адамдар поликлиникада кезекке тұруын жалғасытыруда және әрбірі екінші-үшінші орын олардың бос емес. Көбінесе, әсіресе ақша бөлмесі ауруды я асырауға, я оның дәрісіне жетпейтін қазіргі Ресейде дәрігерлер оларға «спартандықтарша» қарайды (медиперсональ айлығы біздің елде басқа баяу дамушы елдерге қарағанда төмен).

Қартайған адамның ерекше жағдайы, оның «құдайларға жақындылығымен» тұрады. Қартаң адамның маңызды жағы, оның біртіндеп өлімге жақындап қалған өлім туралы уайым болатынын дәлелдеді. Бұл адаммен бірге туатын психологиялық қорғанышының жасына сай образбен өзгеруі және өз өлімі туралы ес кіретін бағдарламалармен түсіндіріледі. Психологиялық қорғаныш адамға және жазылмайтын аурумен аурушыға өлімнен қашып құтыла алмайтындығы туралы ойларды жеңуге көмектеседі. Автор, әрине, «өлім турады ойлар» психологиялық, патологияның (психотикалық депрессиялар, суицидальды құрылымдар, сандырақ және тағы басқа) симптомы болып табылғанша қатысты.

Ұзақ жасау және психикалық денсаулық әр ұзақ жасаушы (сирек жағдай болмаса) соматикалық хронологиялық аурумен қатар аурады (жүрек түтікшелері, асқазан-ішектік, геникологиялық, урологиялық, тірек-қимыл аппараты ауруларымен және тағы басқа). Егер орталық жүйке жүйесімен байланысты ауруларды былай қойсақта, бұның өзі көптеген қартайған адамдарды «шекарадағы» ауруға жатқызуға жеткілікті. Осыдан келіп, олар психиатрдың не психтерапевтің бақылауын не емдеу коррекциясын керек етеді. Психожұмыстың психотерапия – бұл қартаң алдамды өлімге моральды тұрғыда дайындау, бұл жас әзірге психиатрия бөлігі. Өйткені, тіпті бір-ақ хроникалық аурудың өзі (ол қай кезде пайда болатынын маңызды емес) неврозға ұқсас ауруларға және мінездің ауру деформациясына, тіпті психопатияға дейін әкеледі. Қарттықтың бұл құбылыстарын арнайы бөлім геронтология зерттейді.

Геронтология мен генетика арасында анық шекараны жасау қиын болғанымен, гериантрия (қарттық кезеңдерінде психикалық ауруларымен айналысатын) проблемалары маңызды орын алады.

Әр қартаң адам оңай өмір сүрмейді. (60 жасқа келіп, ешқандай қайғы, ешқандай стресс сезінбеген адамды елестету қиын). Алайда, ерекше ауыр жағдайда глобальды әлеуметтік патаклияциалардың бүкіл қатарын басынан кешірген Ресей қартаң адамдары. Адам үшін ең жаманы - өзінің ішкі құндылықтарын, бағыттарын жоғалтудың күйін басынан кешіру. Қартаң адамдар құндылықтарын қайта бағыттауға, яғни капиталистік әлемнің құндылықтарын қабылдай алмайды. Осы арқылы олар өздерінің арттарынан социопаттардың үлкен армиясын ұсынады. Қартаң адамның мінез-құлқы қартаю күшіне деформацияланады. Бұл деформациядан соң айтарлықтай қиын процесс болады.Әлеуметтік жұмысшылар біраз уақытқа дейін тұқымқуалаушылық арқылы берілген шешуінің жақтарын сақтайды. Жас ұлғайған сайын мінездің кәсіби деформациясы пайда болады, басқаша айтқанда, мінездің белгілі жақтарының акцентуациясы күмәнданғыштық, аушланшақтық, жараланғыштық, қобалжушылық, толқушылық, өкпелегіштік, эмоционалды мобилділік, мінегіштік, долылық, жүдеушілік, тұйықтық, өзінің және айналасындағылардың іс-әрекетін әділетсіз бағалау, стереотипті қайталанатын «жаралайтын ситуацияларда» ақыл-ой қабілеттерінің реактивті регресі және тағы сол сияқты.

Ал егер қартаң адамға өзінің жақын туыстарын, әсіресе жақын немесе балаларын жерлеуге тура келген болса, оның психикасы мен мінезі «қалыпты» бола қоймас. Қартайғанда жалғыз қалу проблемсы, сөзсіз ерекше орын алады. Жалғыз адамдардың психикасының өзгеруі ешқандай синдромды сыйымсыз, өйткені өзінің әр жағдайында ол бірігей және комфортты. Сонда да жалғызбасты қарттардың жағдайын «клиникалық», «геронтологиялық» әлеуметтік норма деп айтуға болмайды.

Бұл жерде тағы да қартайған азаматтардың өзінің әлеуметтік-медициналық ерекшеліктері күйінде ерекше қатар бөлінетін екі категориясын көрсетуге болады. Біріншіден, бұл қартайған мүгедектер (жас кезінде немесе кемелденген кезеңде мүгедек болып, сонда да жасында жақсы бейімделіп; отбасы бала-шағасы, жұмысы және тағы басқасы бар). Екіншіден, бұл қартайған шағында мүгедек болғандар. Қартаң адамдардың психикасы кәсіби шаблондарға жатпайтын әртүрлі характерологиялық жынысымен, аффективті-эмоционалды ерекшеліктерімен өзіндік болып табылады. Бұл жерде индивидуалды әдістеме керек.

Ұзақ жасаушы және оның жанұясы. Ұзақ жасаушылардың отбасындағы қатынасы қалай құрылатынын түсіну үшін, екі негізгі сәтті қабылдау керек, біреуі – микро-әлеуметтік; екіншісі – индивидуальды-психологиялық не дәл сол медициналық. Бірінші фактор: ұзақ жасаушы жанұя мүшелерінің назарында , яғни оның ядросы («қатты» немесе «жұмсақ» - бұл енді басқа сұрақ), «статусы» (яғни, оның жанұясынан және оның мінез құлқынан тәуелсіз) күшінде. Екінші фактор: ұзақ жасаушы үшін «туған» өте кең ұғым.

Автор Л.Н.Толстой қартайғанда айтқан сөзін есіне түсіреді: «Мен үшін нақты адам жоқ. Адам тіпті жоқ сияқты. Әрқайсысы мен кей берліген типке ортақ жақтары бойынша өзіме жақын және туысқан адамдар типі деп қабылдаймын. Сондықтан мен үшін бөтен не жақын, таныс, алыс, жақын және тағы басқа жоқ». Адамдардың «туыс типтері» деп қабылдай отырып, қартаң адам олармен қатынасты (жылдар бойы жасалынған стереотипті қатынасты) оңай құрады, оларға бейімделеді, оларды өздерінің эмоционолды есіне туыс ретінде қосады. Сондықтан да қартаң адамдар әсіресе ұзақ жасаушылар басқа адамдармен олар үшін бір-бірлеп олардың типологиялық статусына жоғары эмоционалды қатынасты жасағысы келмейді. Бұл проблеманың басқа да жақтары бар: белгілі жасқа дейін өмір сүрген соң, қартаң адамдар үшін туыстар бөтен бола бастайды, өйткені бірінші жоспарға дәл сол қартаң адам бағытталып отыратын «маңызды ортақ» типологиялық жақтар шығады. Жоғары да автор мынаны айтады, егер ұзақ жасаушы жанұяда өмір сүрсе, ол әдетте оның ядросы болып табылады. Бұл жанұяның барлық «тогы» мен «күші» ағылатын орталық (ұзақ жасаушы қандай психикалық және физикалық жағдайда болатынын қарамастан). Міне, сондықтан да, ұзақ жасаушы қайтыс болғанда жанұясы жетім болып қалады және айналасындағылардың бәрі жетім болған сияқты. Жанұяның «ядросы» бола отырып, ұзақ жасаушы оның моральды климатының: оның тіл табысуы мен табыспаушылығының бастауы болып табылады.

Зерттеулер көрсеткіші бойынша ұзақ жасаушы тұратын үйде, я олар үйлесімді (үйдің тарлығы, қаражат қиындығына, жанұя мүшелерінің ауруына, олардың жас ерекшеліктерінің әртүрлі болуын немесе жынысына жән тағы басқа объективті факторларға қарамастан), я болмаса, керісінше бұл «себебі» көп болғандықтан, бірақ негізгі себеп ұзақ жасаушының бар екендігін болып табылатындықтан, бұл жанұяларда «нағыз тозақ».

Заттардың мұндай жағдайын әлеуметтік-экономикалық (материалдық) немесе әлеуметтік-психологиялық (ұзақ жасаушының жақсы немесе жаман мінез-құлығы) факторларымен түсіндіруге болмайды. Себептері одан да терең. Л.Н.Толстой жазғандай және әлеуметтік-геронтологиялық зерттеулер қолданған ұзақ жасаушының психикасындағы өзгерістерді тек медицина ғана объективті интерпретациялай алар еді.

Ұзақ жасаушы және оның отбасы – жалпы біздің қоғамда және әлеуметтік медицина бөлігіндегі өзекті мәселелердің бірі. Бұл проблема қоғамдық та, халықтың әлеуметтік қорғанышын нығайтатын үкіметтік шаралармен де, тағы медициналық жолмен тіпті шешілмейтін сияқты. Біздің елімізде пайда болған ұзақ жасаушыларға арналған хоспистер біріншіден, жақсы идеялары үшін қаншама ақша талап ететіндіктен, екіншіден, батысқа қарағанда басқа концепция болғандықтан, әзірге толық көмексіздікті демонстрациялауда. Италия мен Испаниядан басқа Европалық елдерде қалыптасқан. Бұл дәстүр АҚШ пен Францияда да бар. Ресейде ата-ана өз баласының біреуімен тұратын болғандай, яғни отбасылардың біреуімен тұратынындай, Израйльде бөлек тұарды. «Өз үйім» - орыс пен Европалық үшін екі бөлек ұғым: Европалық үшін – бұл, оның бала-шағасы туылған үй, орыс үшін (Италиялық пен Испаниялық сияқты) – бұл, оның өзі туылған үй. Европалық үшін хоспис – оның ата-анасының жақсы (жақсы ақша төлейтін) жағдайға көшуі. Орыстар үшін хоспис қарттар үйінен де жаман, өйткені, бұл табыт алдындағы аралық этап. Қайта құру кезінде біздің елде денсаулық және қойылымдық, өздеріне қартаң адамдарға қарау қызметінің бір бөлігін алатын фондтар пайда бола бастады. Зерттеу барысында автордан, қартаң азаматтар топтарының психикалық ерекшеліктеріне ғана емес, сондай-ақ өмірлері өткен және өтетін олардың әлеуметтік-экономиканың (тұрмыстық, материалдық) жағдайларына тәуелді екендігі байқалады.

Август Вейман (Германия) «Қартаю механизм эволюциясының ескі өз бетімен өмір сүруші организмін тазалаудың бір жолы процесінде жасанды, яғни зақымдалған генетикалық материалы бар дербес организмді өмірлендіреді». Бірақ, екінші жағынан қартаю керек емес, себебі егер консулсия болмағанда дені сау дербес организмдер көп болар еді және бұл тиімді. Медицинаның барлық сәттіліктері өмір ұзарту рамкасын жасартуда, бірақ оның максиальды жалғасуы бұрынша қалуда.



ІІ тарау. 1. Қарт адамдардың әлеуметтік-психологиялық сипаттамасы.

Тұрғындардың демографиялық қартаюы жылдам өсіп келеді. Егде жастағы адамдардың әлеуметтік мәселесін шешу олардың әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін, темпераментін, мінез-құлқын жинақтауын, осы жастағы адамдардың жеке қасиеттерін барынша назар аудара зерттеу қажеттілігін анықтайды.

Тұрғындардың осы категориясынң көптеген әлеуметтік мәселелерін түрлі ғылымдарың зерттеу нысаны болып табылады. Бұл мәселені іртүрлі тарихи кеезңде философтар мен педагогтер, әлеуметтанушылар мен саяси қайраткерлер өз заманында қозғап отырды.

Егде жастарғылардың ең белснеді қорғаушысы Рим саяси қайраткері және философы Марк Тулий Цицирон (106 – 43 б.э.д.) болды, ол «Үлкен катон немесе қартық туралы» 44 жылы диалог жазды. Цицирон адам үшін өмірдің бүкіл қоғам үшін аса құнды деп қарттық жасты шебер қорғай білді жәнемадақтады. Цицирон тіліменайтқанда, ақылды адам үшін өмірдің осы кезеңі ең бағалысы болып саналады, өйткені осы кеезңде адам ақыл ойын эмоция мен құндылыққа жеңілдірмейді. Сондай-ақ, қарт адам өмірлік тәжірибе сияқты байлыққа ие болады.

Марк Цициронның қорытындысы бойынша, адам үлкен биіктіктерді мінез күші мен сауатты ойды меңгере отырып, ақыл-ай арқылы игереді. Оның пікірінше, осы жағынан алғанда қарттар жастардан басым түседі.

Тарихшы-философтар егде жаста жастық шаққа қарағанда аса құнды, асыл текті кезең деп санады, осы себепке байланысты қарттық әлсіздікті тәкаппарлықпен көтере білу керек деп білді.

Сонымен қарттар өздерін қоғам үшін пайдалы деп есептеуді атап өтті, адам өмірі бірқатар мынадай факторларға бағаланады және анықталады деді: саяси, экономикалық және мәдени даму, материалдық өзара қатынас, жергілікті және ұлттық дәстүрлер.

Белгілі бір тарихи дәуірлерде қарттық өлім алдындағы өткел ретінде қабылданды, өлімнің жақындай бастауы оны өзінен алыстату тілегін тудырды. А.Шопенгауэрдің «Жас ерекшелігі туралы» философиялық этюдінде осы туралы қызықты ой қортындылары орын алған. Миф қаһармандары мінездерімен өмір кезеңдерін салыстыра отырып, Шопенгауэр әр кезеңге өз есімін қояды. Алғашқы онжылдықта Меркурий билік етеді: адам өмір бойлап жеңіл және жылдам жүреді. Бұл білім алу, ойын, дүниемен танысу жылдары. Өмірдің 20 жасында махаббат құдайы Венераға бағынады. 30 жасқа қарай күшке, ерлікке ие Марс өмірді ауыстырады. Адам 40 жасында пайдалыққабағынады, Цецера патшалығы күшіне сенеді, 50 жасында адам биліктен ләззат алады, ол тәжірибе мен білімге бай болады. 60 жасында өмірдің Сатурн кезеңі басталады. Құнарлық оты сөнеді, жан тұрақты қалыпқа көшеді. Егер кейбір тін кемшіліктері бомаса, адам тыныштық пен бақытты қарттықты бағалайды. Сондай-ақ, басқаша бір көзқарас табар. Мәселен, Шекспир қарттықты қуанышсыз кезең деп біледі. Оның ойынша қарттық әлсіздік, тісі жоқтық, көзің нашар көруі, нашар естуі, балалыққа берілуі, алжуы, бір сөзбен айтқанда үмітсіздік деп бағалайды. Гете, Л.ТОлстой қарттықты өмірден толық сусындаған, ерік күшіне ие, ақыл-ой қабілетін ие деп сүреттейді. Ақындар жырлаған көптген көркем шығармаларда қарттық күш-қуатты ретінде сүреттеледі. Егер адам осы кезеңде күш-қуатты бола білсе, әрине, қарттық қуаныш сыйлайды деп түсінеді.

Қарттық, әрине, бірден келіп бастамайды, бұл – ұзақ процесс. Қарттықты орта жастан бөліп тұратын әмбебеп шекараны анықтау қиын. Жеке адамдар мен жеке топтардың қартаюы бір уақтта жүремйді: біреулердеол ертебасталса, біреулерде кеш басталады. Сондай-ақ, өмір сүру ұзақтығының ұлғаюы соңғы жылдары жас кезеңдеріне деген көзқарасы өзгеруді.

Көп жағдайларда, бұрын немесе қазірде зерттеушілер қарттықтың хронолоиялық қалпына, белгілі бір өмір кезеңіндегі әлеуметтік және экономикалық статусымен байланыстырады. Түрлі жас ерешкелігі классификацяларын әртүрлі ғалымдар көзқарасымен салыстыру арқылы Б.Ц.Урланис осы кезеңдер шекараны былай суреттейді. Мәселен, ХІХ ғасырдағы француз физиологы және гигиенисті П.Флуранс қарттықтың екі кезеңін бөліп көретеді: алғашқы (70-85) және екінші (85-тен кейінгі). Неміс физиологы М.Ребнер қарттықтың басталуын 50 жасдеп белшіледі, оның пікірінше, 70 жас «құрметті қарттық» деп аталады. Өткен ғасырдағы ағылшын дәрігері және статисті У.Фар былай жеп жорамалдады: 40-60 жас – интеллектілік жас, еңбекті бағалау кезеңі; 80-100 жас – соңғы кезең әрі құрметті қарттық. Сонымен, Фар қарттықтың басталуын 60 жас деп есептеді. ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы орыс статисті және демографы А.Раслевский 45-60 жаста «гүлденген» қарттық деп атады, ал 60-75 жаста «солған» жас дедеі, 75-100 және модан жоғары ұзақ жасдеп белгіледі.

Белгілі кеңес геронтологы академик Э.Ф.Френкель 70 жаста қарттықтың басталуы деп атады. Басқа бір кеңес геронтологы академик А.В.Нагорның қарттықты белгілейтін нақты бір жасты атаудан бас тартты. ОЛ қарттық 60-70 жастан басталады деді.

1962 жылы Ленинградта өткен қарттық пен қартаю кезеңдерінің класификациясыжәне номенклатурасы бойынша симпозиумде егде жастағыларды мынадай кезеңдерге бөлді: 60-74 жастағылар – егде, 75-89 жастағылар – қарттар, 90 және одан жоғарылар – ұзақ өмір сүрушілер. Қазіргі уақытта Бүкіл жүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шешімі бойынша қарт жас – 75 жас болып саналады, ал 60-75 жастағылар – егделер. Белгілі бір тарихи жағдайдағы тұрғындардың сапасының жүйелі шамасы болып оның жас құрылымы қызмет ете алады. Адамдардың ең табиғи қасиет - өмір сүру ұзақтығы, олардың әлеуметтік қасиеттері және байланыстарымен бірлікте болады.

Жас ерешкелгі құрамның оның басқа сапасыжақтарынан сипаттауы үшін осы кезеңдеөмір сүріп жатқан түрлі ұрпақтар жиынтығын қарастыру керек. Осы ұрпақтардың әрқайсысы белгілі бір әлеуметтік санаға ие. Олар былай құралады: біріншіден, өткен өмір қорытындысы, сол ұрпақтың жеке өмір тәжірибесінің сомасы; екіншіден, осы ұрпақ қоғам өмірінде қандай нақты тарихи оқиғаларды бастан кешіргеніне байланысты.

Қарттықтың басталуы денсаулық пен тән күшінің нашарлауы, әлеуметтік-кәсіби рөлдер құрылымы санаының сазаюы және өзгеруі, отбасының өмірден айрысуымен сипатталады. Адамның есеюі де, қартаюы да біркелкі жүрмейді. Бұл оның геронтологияда психо-физиологиялық процестер және әлеуметтік жағдайлардың өзгеруі жақсы зерттелінеді де, ал олардың өзіндік санасы мен ішкі дүниесі аз зерттелген.

Жас өскен сайын адам өзін-өзі бағалуы да өзгеріп оытрады. Егде адамдар өзінің сырқты бейнесіне аз назар аударады, бірақ ішкі және тән қалпына, өзін-өзі сезінуіне жете мән береді. Олар өздерінің зейін қабілетін жастарға қарағнада дұрыс бағалай біледі. Егде адам басқлардың қылығына дұрыс баға береді. Кейбір егде адамдар басқа біреулердің адамгершіліктін тыс қылықтарына жауапкершілік мінез танытады. Кейбір егде адамдар кең дүниетанымға ие бола отырып, жасы келген сайын жұмсаы бола бастайды. Олар өздері бұрын өмір үсрген жағдайдан басқаша өмір сүру принципіне жол береді. Әсіресе, өздерінің немерелеріне жасыга байланысты өзіне деген жалпы сенім де азая түседі, мұның өзі психо-физиологиялық (жадының, дене күшінің, сыртқы диапазоонының тарылуы) өзгерістермен байланысты болады. Бұл адамдардың жеке ерекшеліктерімен қзымет саласына да байланысты. Егде адамдар олардың қоғамдағы өмір жолын кезеңдестіру және соған байланысты жас ерекшелігі стереотиптерін есепке алады. Алайда, өздерін көбі «кәріміз» деп есептемейді, көпшілігі өздерін «орта жастағылармыз» деп есептейді. Өздерін кәрі деп санау көбінесе ауру адамдарда я болмасы соңғы жылдары жағдайы нашарлаған адамдарда кездеседі.

Барлық жалпы алғанда егде адамдар қоғамдық санада қабылданған кәрілік стереотипін мойындайды. Адамның өзіндік «мені» қарттықтың стереотпті образының жағымсыз қасиеттерін ендірмейді. Егде адамдардың уақытша перспективасы өзгеріп отырады. Егде адамдар өзінің жеке, ішкі мәселелрімен қалып қоймайды. Әлем тағдыры оларды жастарға қарағнада көбірек ойландырады. Өткенге көз салу аса қарт адамдарға тән, басқалары болашақ туралы әңгімелейді және ойлайды. Жас ұлғаюына байланысты уақытша перспектива да қысқара түседі.

Балалар санасы сияқты егде адмдарда да жақын болашақ алыс болашаққа үстем орын алады. Жеке өмір перспективаларыда қысқара түседі. Егде адамдар менжастардың уақыт образын салыстыру, біржағынан алғнада өмірдің тез өтуін көрсетсе, екінші жағынан алғанда, түрлі уақиғалардың аз болуымен сипатталады. Көп жағдайда олар өткен өмірлерін еске алады.

Балалар санасы сияқты егде адамдарда да жақын болашақ алыс болашаққа үстем орына алады. Жеке өмір персективалары да қысқара түседеі. Егде адамдар мен жастарыдың уақыт образын салыстыру, бір жағынан алғнада өмірдің тез өтуін көрсетсе, екінші жағынан алғнада, түрлі уақиғалардыңаз болуымен сипатталады. Көп жағдайда олар өткен өмірлерін еске алады.

Алғашықлар үлкен оптимизмге, болшаққа сенімді. Көп жағдайда егде адамдар өмірдің осы кезеңін қайраткерлікті кезең деп біледі. Олар өмірге сеніммен қарсы, көбіне тығыз уақиға ортасында жүргенді қалайды. Қоғамға, қоршаған ортаға пайдалы болғысы келеді.

В.В.Вересаев жасөспірім шағында қартаюдан қатты қорқатын, кейінен мұнығң бәрі бекер екендігін, тәжірибе арқылы жиналған ақылдылық оның орнын толтырғандығын жаздыү Жасөспірім шағындағы қорқынышымды еске аламын, жан-дүниемді аса бөтен қиналыс билеп алған, тәнімді қорқыныш асыр салады, өзімді-өзім түсінбеймін, өмір ағысына қосылып кетудің өзі қиын..., ал қазір жанымынң қақпағы ашылғандай, оны жаралау оңай емес. Қолымда сенмді компас бардай. Рухани көздерім ашылғандай, жанымды өмірге деген нақтылық, сүйіспеншілік билейді.

Адамның қартаюы жанымды (мәселен, үлкен білім жинақтау, жоғары біліктілікке ие болу) және жағымсыз (денсаулық пен күштің нашарлауы, ойлаудың стереотиптілігі) қасиеттерге ие. Өмірде осы екң қасиетте орын алады. Адам өмірінің соңғы кезеңіне орын алған өзгерістер ең алдымен, психолитикалық, жеке мінез-құлық,, қызмет құрылымына байланысты болады. Қазіргі кезде егде адамдар өз алдын жеке қауымды құрайды. Оның құрамына қоғманың түрлі әлеуметтік таптарындағы кілдер енеді. Алайда, зейнеткерлікке, еңбек қызметінен болса да, олар белгілі бір әлеуметтік құрылымна тиісті болудан қалады. әрбір егде адам өзінің жеке қасиет дағдысы мен қажеттілігіне ие индивидиум. Егде жастағы адамдар мәдени білім деңгейі, өмір салты, интеллектілік қабілет, психо-физиологиялық конституциясы, өмір және кәсіби дәрежесін ерекшеленеді. Олар қарымқатынастың, мінез-құлықтың, эмоциялық қасиеттерге ие.

Жас ерекшелігі, денсаулық, өмір салты тұрғысынан алып қарағанда, егде жастағы адамдарды жеке қоғамдық топқа бөлуге болады.

Әлеуметтік әдебиеттерде жас ерекшеліктері елеулі белгіге ие, әлеуметтік жүйеде жас ерекшеліктері кезеңдері бір ізділік маңызға ие. Әлеуметтік жүйеде олардың функциялары ауысып отырады. Л. А. Гардон, Э. В. Клонов сияқты ғалымдар жас ерекшелігі кезеңдерін өмірлік цикл деп атайды. Әрбір кезең ерекше дәуір ретінде, өмір циклының сатысы ретінде қарастырылады. Өмір жолының сатысы деп аталатын атауда қолданылады. Жас ерекшелігі адамның психологиялық дамуы ғана емес, оның биологиялық жетілуі, түрлі толықтырулармен қамтылуы ретінде де қарастырылады. Өйткені, белгілі бір жас кезеңдері үшін адам қызметінің түрлері және белсенділіктің дәрежелері тән болады.

«Биологиялық жас ерекшелік,- деп жазады И. С. Кон,- организм қасиеттері оның жүйелерімен қатынаста болады. Әлеуметтік жас ерекшелігі қоғамдық қатынастар жүйесінде индивидттік жағдаймен бірлікте болады. Психологиялық жас ерекшелігі оның ақыл-ойымен, қызметі қатынаста болады ». Көптеген зерттеулер адамның психологиялық жас ерекшеліктері туралы әңгімелейді. Адамның жас ерекшелігін кезеңдерге бөлу мәселесіне психологиялық тұрғыдан қарайды.

О.И.Даниленко атап өткнедей, бұл жағдайда күрделі мір жағдайларын игеру қабеті адамның жан саулығының шамасы болып табылады. Адам ішкі дүниесі мен өмір сүріп отырған орта арасында келісім табуы керек.

Егде жастағы адамдардың өмір салтына таладу жасау кезінде, оның денсаулық жағдайын бағалау мәнін ескере отырып, Т.В.Карсаевская «денсаулық» ұғымының нақтыландыра түседі. Ол денсаулықты еңбекке қабілеттілігі мен қоғмадық белснеділігін сақтап қалу деп атайды.

Егде адамның денсаулығы оның күш-қуаты, оның психологиялық және адамгершілік жағдайымен өлшенеді, осы арқылы егде адам қоғамға пайдалы қызмет атқара алады.

Қазіргі геронтология «адамның табиғи физиологиялық қартаюын, қартаю жайының ұлғаюы менбелсенді ұзақ өмір сүруін» танып отыр.

Егде адамдардың тиімді өмір алты индивидтің биологиялық мүмкіндіктерін барынша қолдану тәсілі,мезгілсіз қартаюы тосқауыл қою. Егде адамдардың күнделікті жүріс-тұрысы материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру және құндылық бағдарынан еңбекті демалысты ұйымдаструы, әлеуметтік ортмане өзара қарым-қатынасуы – мұның бәрі оның жеке өмір салтын анықтайды. Егде адам үшін өмір салты – бұл оның ақыл-ой қызметі, эмоциясы мен жүріс-тұрысы, еңбегі мен демалысы, тамақтануы және табиғат пен қарым-қатынасы. И.М.Мечников пікірі бойынша, өмір гармониясы «ортобиозға» тыныштық, психикалық сілкіністіңболмауынан болып жатқан оқиғалардан шеттеуі, айналға сезімсіз түрде қарамауы мен қол жеткізілмейді.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> 5 1 Құқықтық норманың түсінігі, мазмұны, құндылығы мен негізгі сипаттары
2013 -> Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңесінің
2013 -> Кіріспе Жұмыстың тақырыбана жалпы сипаттама
2013 -> 1 «Алаш» партиясының құрылуы
2013 -> Шымкент институты
2013 -> Информационные материалы
2013 -> 2012 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының іске асырылуы туралы оперативтік есепке талдамалық жазбахат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет