Мазмұны кіріспе микроэкономика пәні және методологиясы


Бағалардың мемлекеттік реттеуі



бет11/92
Дата03.03.2023
өлшемі1.67 Mb.
#470298
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   92
Микроэконом каз

4. Бағалардың мемлекеттік реттеуі

Нарық тепе-теңдігі тұтынушыға да, өндірушіге де пайдалы (олжалы). Микроэкономикада мұндай пайдалар тұтынушылар мен өндірушілердің артықтары деп аталады. Тұтынушы мен өндіруші артықтарының сомасы қоғамдық пайданы құрайды. Тұтынушының артығы – нақты тұтынушының тауарға сұраныс бағасы мен тауар үшін төлеген баға арасындағы айырма. Мысалда түсіндіріп көрейік1. 14-ші суретте белгіленген тауарға нарық тепе-теңдігінің моделі (үлгісі) көрсетілген, тепе-теңдік бағасы – 100 доллар, ал сұраныстың тепе-теңдік мөлшері – тауардың 5 данасы. 180 доллар тұратын тауарға сұраныс 1 құрайды (график бойынша), яғни бір тұтынушы осы тауарды 180 долларға алуға дайын, бірақ, іс жүзінде ол тауарды тепе-теңдік бағамен (100$) сатып алады. 180$ – сұраныс сомасы, ал сұраныс бағасы мен тепе-теңдік баға араларындағы айырым тұтынушының артығын (немесе оның ұтымын) құрайды.


Осы тәсілмен басқа тұтынушылардың артықтары анықталады, ал сомалық артық (180 – 100) + (160 – 100) + (140 – 100) + (120 – 100) = 200 құрайды. Артық шамасы АРЕ Е үшбұрыш көлемімен бірдей, (дәл келеді).
200 A S
180
160
140
120
100 PE E
D
1 2 3 4 5
14 сурет. Тұтынушы артығы

Өндірушінің сомалық артығы – оның тауар үшін алынған нарық бағасы мен ұсыныс бағалары, яғни тауар сатуға дайын бағалар араларындағы айырма. Оны сәйкес мысалмен көрсетуге болады. (15 сурет); өндірушінің сомалық артығы құрайды (100 – 20 + (100 – 40) + (100 – 60) + (100 – 80) = 200. Графикте өндіруші артықтарының шамасы ВРЕЕ үшбұрыштың көлемімен белгіленеді.


S
100 PE E
80
60
40 D
20
B 1 2 3 4 5
15 сурет. Өндірушінің артығы

Тұтынушы мен өндіруші артықтарының талдауы парето – нәтижелілік түсінігіне келтіреді. Жоғарыда қаралған модель (үлгі) көрсеткендей, нарық тепе-теңдігі механизмнің арқасында тұтынушылар төмен баға бойынша тауардың шамалағаннан көбіректеу даналарын сатып алады, сол уақытта өндірушілер алдында келісілгеннен тауардың көбірек даналарын жоғарылау баға бойынша сатады. Мұндай жағдай экономикада парето – нәтижелілік деп аталады (итальяндық экономист В. Паретоның атымен). Нарық баға белгілеуіне ықпал келесі түрлерде жүзеге асырылуы мүмкін:


1) баға белгілеу бағалардың үстіңгі немесе төменгі шегін немесе бағалар «коридорын» орнату. Тепе-теңді бағалардан төмен қылып кесімді бағаны орнату тұтынушылардың табысы аз топтарын қолдау немесе инфляциямен күрес мақсатында жасалады. Бұл шараның нәтижесінде тепе-теңдік баға мен мемлекет белгілеген баға арасындағы айырма шамасына тұтынушы артығы өседі. Бірақ оның жағымсыз салдары болуы мүмкін, олардың ең бастысы – тауар тапшылығының пайда болуы. Тепе-теңдік бағалардан жоғары баға белгілеу өндірушілерді қолдау немесе ерекше маңызы бар тауарлардың өндіруін ынталандыру шарасы болып табылады. Өндірушіде шыққан артықты мемлекет сатып алады.
2) сұраныс пен ұсынысқа ықпал ету жолымен нарықты реттеу тура немесе жанама шаралар арқылы жасалады. Жанама шараларға жәрдемақылар, дотациялар (кәсіпорындарға берілетін жәрдемақылар), салықтар жатады. Сұранысты жанама шараларымен реттеу графикте сұраныс қисық сызығының сұраныстың өсуінде жоғары оңға немесе азаюында төмен солға жылжумен көрсетіледі. Сұранысты тура шаралармен (шектеу лимиттері, айыппұл санкциялары (шаралары) және т.б.) реттеу сұраныс қисығы пішінін өзгертеді, ол тік болып кетеді де (икемді сұраныс), бағаның құбылуына әкеледі. Ұсынысты реттеу үшін қолданатын жанама шаралар ұсыныс қисық сызығының жылжыуына себеп болады (сұраныс қисық сызығының жылжуына сәйкес). Ұсыныс реттеуінің тура шаралары нәтижесінде ұсыныс қисық сызығының сынық түрі көрінеді. Мысал ретінде импортқа квота (норма) енгізілуі қаралады: квота алдындағы ұсыныс қисық сызықтың еңкіштігі оңды жағымды (ұсыныс өседі), ал квота енгізгеннен кейін қисық сызық тік болып кетеді (ұсыныс бағасы икемді емес).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   92




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет