Мазмұны кіріспе микроэкономика пәні және методологиясы



бет33/92
Дата03.03.2023
өлшемі1.67 Mb.
#470298
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   92
Микроэконом каз

ТАУАРЛАР МЕН ҚЫЗМЕТТЕР
НАРЫҒЫ
38 сурет. Табыстар мен шығындар айналымының моделі (үлгісі)
Сонымен, үй шаруашылықтары өндіріс факторларының негізгі жеткізушілері болып табылады, осы тақырыпта соны қарастырамыз, бірақ тұтыну теориясы тұрғысынан. Әр жеке адамның қарамағында белгіленген уақыты бар (ол уақыт шектеулі, аптада 7-24 сағат). Осы уақыттың жартысында адам жұмыспен айналысады, жартысы – бос уақыты. Жеке адам бос уақыттан (демалыстан) және барлық басқа тауарлардан алатын пайдалылықты талдай аламыз. Сол тауарларды алу үшін адамның табысы болу керек, сондықтан бос уақытының жартысын жұмысқа арнауға тура келеді. Әрине, жеке адам таңдау алдында тұр: қанша уақытын жұмысқа, ал қаншасын демалысқа арнау керек? Біздің мақсат: ең жоғары пайдалылық беретін табыс пен демалыстың сәтті үйлестіру амалын табу. Солай біз үй шаруашылықтардың еңбек ұсыну моделін (үлгісін) қарастырып, сол тұрғыдан капитал ұсынысын да талдаймыз. Сонымен, өндіріс факторларын ұсыну мәселесі оңтайлы таңдау мәселесі екен: өндіріс факторларымен байланысты шығындар мен пайдалар жөнінде ақпаратқа ие болып, жеке адам оның пайдалылығын көбейтетін оңтайлы (ұтымды) шешім қабылдайды. Сондықтан үй шаруашылығын өндіріс факторларын жеткізушісі ретінде талдағанда, оны тауарлар тұтынушысы рөлінде зерделеу үшін қолданған методологиялық аппарат пайдаланады.


2. «Табыс – демалыс» моделі (үлгісі)

Жоғарыда айтылып кеткендей, «табыс – демалыс» моделін салу (құру) мақсаты: (кейбір көздерде ол «тұтыну – демалыс» немесе басқаша аталады), оларды пайдаланудан пайдалылық деңгейін көтеретін осы игіліктердің жиынтығын табу болып келеді. Ең алдымен қол жетерлік табыс пен демалыстың үйлесуін сызайық, яғни бюджеттік шектеудің сызығын, мұнда «бюджет» ретінде жеке адамның қарамағындағы табыс пен демалыс арасында бөлінетін уақыты. Абцисс өсі бойынша демалысқа кеткен сағат санын санап, оларды n деп белгілейік, сағат санының жоғарғы шегі – уақыт салымын Т деп белгілейік (39 сурет).


Табысты координаттар өсі бойынша орналастырайық: егер 1 сағат істеген жұмыстың табысы 10 доллар болса, уақыттың кез келген кезеңіндегі табысты 10 доллар жұмыс сағатының санына көбейтіп есептей аламыз (жеке адам мүлде жұмыс істемесе, оның табысы 0 тең, ол І нүктесіне сәйкес келеді). Т және І нүктелерін қосып бюджеттік шектеу сызығын шығарамыз, оның еңкіштігі теріс белгімен алынған жалақының тарифтік мөлшеріне тең. Бюджеттік сызықтың еңкіштігі бір тауардың баламалық құнын көрсетеді (басқа тауар бірліктерінде көрсетілген). Мұнда бір демалыс сағаттың баламалы құны – бұл сағатта жұмыс істемей, тұтынушы бас тартқан тауарлардың бірқатар саны болып келеді, ол сан бойынша жалақының тариф мөлшеріне тең. Алынған (шығарылған) бюджеттік сызықтың теңдеуі стандартты бюджеттік шектеуге ұқсайды, бірақ бір айырмасы: оның оң жағында табыстың белгіленген (көрсетілген) сомасы бар.
Т абыс
I
T
Бос уақыт
39 сурет. Бюджеттік шектеу сызығын шығару (сызу)

Сонан соң бюджеттік шектеу графигіне жеке адам үшін бірдей пайдалылығы бар табыс пен демалыс үйлестіруін көрсететін талғаусыздық қисық сызықтарын салсақ, оның тепе-теңдік нүктесін табамыз (40 сурет).


Т абыс
Е I1
I0
I2
Бос уақыт
40 сурет. Табыс пен демалыстың тепе-теңдік жиыны

Енді салыстырмалы статиканың методологиясын қолданайық. Жалақы мөлшері төмендеді дейік, ол демалыс бір сағат баламалы құнының төмендеуіне әкеледі. Ахуалдың өзгеруі табыс әсері мен ауысу әсерінің ара қатынастарына тәуелді. Егер ауысу әсері табыс әсерінен басым болса, бұл жұмыс сағаттарының қысқаруына әкеледі. Керісінше, ауысу әсерінен басым болып тұрған табыс әсері жұмыс сағаттарын көбейтеді. Бұл жағдай жай, кәдімгі тауарлармен байланысты жағдайға қарама-қарсы болып келеді. Жеке адам сататын тауарға бағаның төмендеуі (тауар – ол еңбек, оның бағасы – жалақы) нақты табыстың азаюына әкеледі, ал жеке адам сатып алатын (тұтыну тауарлары) тауарларға бағаның төмендеуі, оның нақты табысының көбеюіне әкеледі. Сондықтан, осы ахуалдағы табыс әсері мен ауысу әсерінің әрекеттері Хикс пен Слуцкой ұсынған әдістеріне ұқсамай, қарама-қарсы болып келеді. Жай сөзбен айтқанда, ауысу әсерінің табыс әсерінен асып кеткен жағдайында жеке адамның ойы былай болады: «Жалақы мөлшерінің төмендеуімен жаңа ақы үшін бұрыңғыдай уақыт кетірудің мәні жоқ», ал табыс әсерінің ауысу әсерінен асып кеткен жағдайында: «Жалақы мөлшерінің төмендеуімен табыстың бұрыңғы деңгейін қамтамасыз ету үшін мен одан да көп жұмыс істеуім керек».


«Баға – тұтыну» қисық сызығынан сұраныстың жеке қисық сызығын алған тәсіл енді жеке адамның демалысқа сұранысының қисық сызығын салу (сызу) үшін де жарайды. Ол жалақы мөлшерінің өзгеруіне байланысты демалысқа деген сұраныстың өзгеруін көрсетеді. Т тең уақыт салымының белгіленген (көрсетілген) мағынасында бұл қисық сызық еңбекті (жұмысты) ұсынудың қисық сызығы. Ол жалақы мөлшеріне байланысты еңбек ұсынысындағы өзгерістерді көрсетеді (41 сурет).
41-б суретінде еңбек ұсынысының қисық сызығы көрсетілген (оны алу үшін координат өсі бойынша жалақы тариф мөлшері салынады, абцисс өсі бойынша – жұмыс уақытының ұзақтығы). Бұл жағдайда ауысу әсері табыс әсерінен асып түседі, сондықтан еңбек ұсынысы қисық сызығының оң еңкіштігі бар (бұл ұсыныс қисық сызығына тән нәрсе). Егер табыс әсері ауысу әсерінен асып тұрса, қисық сызық теріс еңкішті болады (жалақы мөлшерінің төмендеуі еңбек ұсынысын көтереді (көбейтеді)) (42 сурет).
Бір аптадағы тұтыну Бір аптадағы тұтыну

E3


E2
E1

а) n1 n2 n3 Бір аптадағы а) n1 n2 n3 Бір аптадағы


демалыс сағаттары(Т) демалыс сағаттары
Жалақы Жалақы
w3
w2 w1
w1 w2
w3

б) T-n1 T-n2T-n3 Жұмыс сағаттары б) T-n1 T-n2T-n3 Жұмыс


жұмыс сағаттары сағаттары
41 сурет. Оң еңкіштігі бар ұсыныс 42 сурет. Теріс еңкіштігі бар
қисық сызығын салу (сызу) ұсыныс қисық сызығын
салу (сызу)
Ж алақының төмен деңгейінде оның жоғарылауы жұмыс уақыт ұзақтығының ұзаруына әкелетін ахуал мүмкін (ауысу әсері басым болғанда). Бірақ белгіленген деңгейге дейін: жалақының одан ары өсуі табыс әсерінің басымдығына әкеліп – жұмыс уақыты қысқарады. Одан ұсыныстың қисық сызығының түрі мынадай болады:
Жалақы мөлшері

Жұмыс уақытының ұзақтылығы


43 сурет. Еңбек ұсынысы қисық сызығының пішіні
Бірақ, нақты шындықта (өмірде) «табыс - демалыс» үлгісінің нәтижелерін қолдану көбінесе мүмкін емес. Ең бірінші де басты себебі: «табыс - демалыс» үлгісінде негізгі шарты ретінде жұмыс уақыт ұзақтығының икемділігі болуы мүмкін. Тәжірибеде (өмірде) жұмыс уақытының ұзақтығы – қатал белгіленген шама (бастықпен немесе келісім- шартпен). Модельдің (үлгінің) ең жоғары тәжірибелік құндылығы: ол өз еңбегін еңбек нарығында ұсынатын адамдардың мінез-құлқын зерттеуге тұрақты теориялық негіз болады. Солай, американдық ғалымдар жұмыс жөнінде шешім қабылдауын талдағанда, алынған мәліметтер негізінде жалақы мөлшері бойынша еңбекті ұсынудың икемділігін зерттеді. Сол орайда 2 маңызды үрдіс байқалды:
1. 20-60 жасқа дейіңгі ер адамдар үшін жұмыс уақытының ұзақтығына жалақы мөлшері өзгеруінің ықпалы аз. Икемділік көрсеткіші 0,2 → 0 дейіңгі шектерде құбылуда. Адамдардың бұл тобы үшін еңбек ұсынысының қисық сызығы теріс еңкішті (табыс әсері ауысу әсерінен асып түседі).
2. тұрмыстағы әйелдер жұмысының ұзақтығы және еңбек ұсынысымен байланысты олардың шешімдері, керісінше, жалақы мөлшерінің өзгеруіне өте сезімтал. Мұнда икемділік коэффициенті 0,2→1,0 шегінде өзгереді. Бұл топ үшін ауысу әсері табыс әсерінен асып түседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   92




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет