Мазмұны түсінік хаты



бет45/78
Дата06.09.2024
өлшемі6.35 Mb.
#503432
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   78
Қазақ әдебиеті тапсырмалар (2) (копия)

«Жалған дүние» романы
Смағұл Елубай «Ақ боз үй» роман –трилогия
I. «Ақ боз үй»
II . «Мінәжат»
III. «Жалған дүние» деп аталатын үш бөліктен тұратын роман желісі 20 ғасырдың бас кезіндегі халықтың басынан өткерген зорлық-зобалаң, аштық тақырыбында өрбиді.
Бірінші бөлімінде басты кейіпкерлер Пахраддин, Әзберген,Хансұлу, Шеге,Қозбағар бейнелерімен бір-біріне қарама-қарсы тап өкілдерінің арасындағы талас-тартысқа нүкте қойылған «бай- кулактарды» қуғындау іс-әрекетімен роман шымылдығын түреді. Аузы дуалы, бай, елдің ұйытқысы болып отырған Пахраддин қаладан керуен артып келе жатып інісі Әзбергенмен шекісіп қалады. Сондағы себеп Пахраддин кеңес өкіметінің орнауына еш қарсылық білдірмей, керісінше «малым жанымның садағасы» деп қолынан келгенін өкіметтен аямауы сотқар да, долы Әзбергеннің шамына тиеді. Өкіметке берілмей, елдігімізді сақтап қалайық деп жаңа заманның тууынан қашуы кертартпалық, мал бағып қана өмір сүретін сахара тіршілігін аңсауы ақыры ағайындылар арасына сызыт түсіреді. Нелер заманның куәсі болған Асан Қайғыдай ел кезіп жүретін Лабақ ахун теріс кеткен заманды ұнатпайды. Көші- қонмен ғана күн кешіп жүрген халықты тез арада бірлестікке қабылдап, колхоздастыру жұмыстарын жүргізу елгезек құр айқайшылдардың ермегіне айналды. Ондай өзгеріске дайын емес халық бірден үдере көшіп, бас сауғалап, күн көруге зар болды. «Бай» деп қуғынға түскен Пахраддин басын аман алып қалғысы келгенімен іштей ірітіп жүрген қулар жеке бастарының күншілдігімен оны ақыры қуғынға ұшыратады. Белсенділердің асыра сілтеуі әсерінен халық аштықта қалып, күн көріс үшін бас сауғалап талан-таражы шыққан ауылдың жұты ғана қалып, ақыры босып Түрікменстан, қарақалпақ жағына созылған құмдар арасында аштықтан қырылған халықтың ауыр тұрмысы сөз болады. Кеңес өкіметін орнатуға бел шешіп кіріскен Шегеге де кулактың қызы Хансұлуға үйленді деп айып тағылып түрмеге қамалады.
Автордың үміт күттірген жаңа заманның жаршылары болған Шеге мен Ждақай бірінші бөлімде тек балаң жігіт ретінде көрініс табады. Ал екінші бөлімде нағыз тартысқа түскен арландарға айналады. Пахраддин мен Сырға құмдар арасында шөп-шалам жеп бұралып қаза табады. Әрең аман қалған Хансұлу Шеге түрмеден қайтқан соң жаңа өмір бастайды. Едәуір саясаттан хабары бар, әрі көргені мен білгені көп Шеге түрмеден қайта оралғанда жасында жолдасы болған Ждақайдың ішін араздық құрты кеміре бастайды. Шопан болып тыныш тіршілік құрып жүрген Шегеге Ждақай ақыры жала жауып, Сұржекейді ықтап Сібірге жер аудартады. Ақ жаулығы желпілдеп анасы жылап, әйелі боздап қала береді. Талай қыспақта батылдық көрсеткен Хансұлу қазақ әйелінің тамаша шыдамдылығы мен арлы бейнесінің жиынтығы.
Роман желісі бойынша Дамир Манабаевтің режиссерлігімен 1991 жылы «Сұрапыл Сұржекей» (Суржекей -ангел смерти) атты көркемсуретті фильмі түсірілді.Фильм 1992 жылы Ашхабад, 1996 жылы Анкарада өткен кинофестивальдың бас жүлдесін иеленді. Фильмді осы сілтемеден қарай аласыз http://kitap.kz/video/5852-surapyl_surzhekej_surzheke..



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет