«Медбикелік іс» мамандығы 0302033 «Жалпы практикадағы медбике» біліктілігі бойынша



бет44/97
Дата01.03.2024
өлшемі315.93 Kb.
#493646
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   97
«Микробиология және вирусология» пәнінен ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

Лабораториялық диагностика.
Зерттеу материалдары:
-мұрын-жұтқыншақтан, дақтардан сүртім;
-қан
-несеп
Зерттеу әдістері:
а) Патологиялық материал және жұқтырылған дақылдан вирусты табу үшін РИФ, РТГА және нейтрализация реакциялары қолданылады.
б) серологиялық диагностика жүргізу үшін РСК, РТГА және нейтрализация реакциялары қолданылады.
1.РИФ (иммунды флюоресцентті реакция)
2.РТГА (гемагглютинацияны баялатушы реакция)
3.Нейтрализация (бейтарптану реакциясы)
4.РСК (комплементті байланыстыру реакциясы)


Алдын алу. Белсенді арнайы алдын алу шарасы- тірі қызылша вакцинасын 1 жасқа дейінгі балаларға парентералды енгізеді. Қызылша ошағында әлсіз балаларға адамның қалыпты иммуноглобулинін егеді.

Парагрипп вирусы-Respirovirus RubuIavirus
Вирусты 1956 жылы П.Ченок ашқан.
Ультрақұрылымы. Пішіні сфера тәрізді, диаметрі 150-300 нм. Сыртқы қабықшасында гликопротеинді тікенекшелері бар. Вирионның ортасында спираль тәрізді капсид және суперкапсид орналасқан. Капсид қабықшасы М (матриксті)-ақуызынан тұрады. Суперкапсид қабықшасы –N-.H-.F-ақуыз және липидті клеткалардан тұрады. N-нейраминидаза, H-ақуыз-нейраминидаза, F-ақуыз (бірігу ақуызы)-гемолизге жауап береді.Парагрипп вирусы РНК -құрамды вирус.
Антигендік қасиеттері.Паротит вирусының гемагглютинациялық, нейраминидазалық және гемолитикалық белсенділігі бар. Суперкапсидті қабфықшасының сыртқы антигендерінің құрылымына қарай 5 серологиялық типке бөлінеді. Парагрипп вирусының ішкі нуклеопротеидпен байланыстағы S антигені және екі компоненттен тұратын (N,H) сыртқы V антигені бар.
Эпидемиологиясы және патогенезі.Парагрипп-антропонозды инфекция. Инфекция көзі-ауру адам және микробтасымалдаушы. Вирус ауа-тамшысы арқылы жұғады. Адамның вирусқа сезімталдығы өте жоғары. Вирусемия және инфекцияның ауыр формасы болуы мүмкін, әсіресе балаларда. Парагриптік ауру-тыныс алу жолдарын, көбіне жұтқыншақты зақымдайды (жөтел, тамақтың қырылдауф, мұрын бітуі).
Жеңіл түрі- тұмау ауруына ұқсас, кейде бронхит ауруы, интоксикация құбылысы пайда болуы мүмкін. Ересек дамдарда ауру-ларигит ауруы түрінде өтуі мүмкін. Бұл вирус педиатриялық стационарларда ауруханаішілік инфекцияны тудырушы рөлін де атқаруы мүмкін. Иммунитеті тек ауру тудырған түріне ғана сақталуы мүмкін, ақ уақытқа. Иммунопрофилактика жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет