Лабораториялық диагностика.
Зерттеу материалдары:
-сілекей
-қанның сары суы
-несеп
-ликвор
Зерттеу әдістері:
1.Вирусологиялық
2.Серологиялық РСК,РТГА,ИФА
3.Экспресс диагностика РИФ
1.РИФ (иммунды флюоресцентті реакция)
2.РТГА (гемагглютинацияны баяулатушы реакция)
3.РСК (комплементі байланыстыру реакциясы)
4.ИФА (иммундық ферментті агглютинация).
Алдын алу.Белсенді арнайы алдын алу шарасы тірі моновакцинасын немесе ассоциацияланған паротит, қызылша және қызамыққа арналған вакцинаны 1 жастан кейінгі балаларға егеді.
Құтыру
3.Құтыру (синонимдері: rabies,lyssa,hydrophobia – судан сескену )- адам мен жылы анды жануарлардың аса қауіпті жұқпалы ауруы,індетке шалдыққан жануарлармен жанасу ( тістеу,микрожаралардың сілекейленуі ) кезінде таралады, ОЖҚ зақымдануымен және өліммен аяқталуымен сипатталады .
Құтырудың вирустық этиологиясын 1903 жылы П. Ремленже дәлелдеді.
Таксономиясы.Құтыру вирусы – РНК- құрамды вирус,rhabdoviridae тұқымдығына ( грек сөзі rhabdos – шыбық ), Lyssavirus туыстығына жатады. Осв туыстыққа тағы 5 вирус кіреді (lagos,Mocola, Duvenhage, Kotonhan,Obodhiang). Бұлар африкада әртүрлі жануарлар мен құрт-құмысқалардан бөлініп алынған ,құтыру вирусына ұқсас келеді .
Морфологиясы және химиялық құрамы. Вириондардың пішіні оқ тәрізді, гликопротеидті табиғатты тікенегі бар, липопротеидті қабықшамен қоршалған жүрекшеден тұрады . РНК – минус жәңе бір жіпшелі. Типтік спецификасы бар G гликопротеині вирустың адсорбциялану және жасушаға өтуіне жауапты, антигендік және имунногенді қасиетке ие. Осы антигенге тузілген антидене вирусты бейтараптайды және бейтараптау реакциясымен анықталынады. Рибонуклнопротеидті антиген топтық специфиқалық қасиетке ие, КБР, ИФР, ИФТ, әдістерімен анықталады.
Дақылды өсіру. Құтыру вирусын ақ тышқандардың, сириялық аламандардың,орқояндардың, егеуқұйрық, теніз шошқасы, қойлардың милық тінінде өсіреді. Жұқтырылған жануарлардың аяқтарында сал дамиды, кейн олар өледі. Құтыру ирусы біріншілік және ауыспалы жасуша дақылдары мен тауық эмбрионында бейімделуі мүмкін. Вирус жұққан жануарлардың бас миының жасуша цитоплазмасында немесе тіндік дақылдарында спецификалық қосындылар пайда болады, оларды алғаш В. Бабеш (1892) пен (1903) анықталған, сондықтан Бабеш-Негри денешіктері деп аталады. Қосынды сфералық немесе сопақша пішінді, қышқыл бояулармен жақсы боялады, құрамында диагностиқалық манызы барвирустық антиген орналасады.
Достарыңызбен бөлісу: |