«Медбикелік іс» мамандығы 0302033 «Жалпы практикадағы медбике» біліктілігі бойынша


-тапсырма. Мына есептерді шығарыңыз



бет66/97
Дата01.03.2024
өлшемі315.93 Kb.
#493646
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   97
«Микробиология және вирусология» пәнінен ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

6-тапсырма. Мына есептерді шығарыңыз.
ЕСЕП №1
Тері венерологиялық диспансерге ер адам зәр жібергенде ауырсынып жүргесін қаралуға келеді. Дәрігерге жыныс мүшесінен ірің бөлінетінін айтады. Осы жағдайы 3 аптаға созылды. Дәрігер венерологиялық аурудың бір түріне күдіктеніп, материалды зерттеуге тапсыру үшін қаралу бөлмесіне жолдамамен жібереді.Медицина қызметкері жағынды алған кезде материалы жағылған заттық әйнегін жерге түсіріп сындырып алады. Науқасты қайтадан шақырып, зерттеу материалын тапсыру қажет екенін айта алмайды.
Сұрақтар:
1.Сіздің әрекетіңіз қандай?
2.Сынық заттық әйнектегі материалдан зерттеуге болады ма?
3.Ауру қоздырғышының анықтау үшін кедергі бар ма?

ЕСЕП № 2
Науқас әйел диспансерге қаралып, зертханаға қан тапсырды. Зертханашы резеңке қолғапсыз асығып қанды зерттеуге кірісті, қалған қанды төгіп алды.Бірнеше уақыттан кейін зерттеу нәтижесі дайын болады. Микроскопиялық көріністе: ұсақ бұрамалары бар, бұрама саны 8-12 бактериялар көрді, дәрігер зертханашы көрсеткен кезде мерез ауруы деп диагноз қойды.


Сұрақтар:
1.Зертханашының қателігі бар ма?
2.Сіз сол зертханашының орнында болсаңыз қандай шешім қабылдар едіңіз?
ЕСЕП № 3
Сіз жұмысқа ерте келдіңіз. Залалсыз материалдарыңыз дайын емес. Танысыңыз жұмысқа асығып тұрғанын айтып, дереу зәрді тексеріп беруді өтінеді. Сіз арнайы киімдеріңізді кимегеніңізді, жұмыс жасауға дайын еместігіңізді айттыңыз. Досыңыздың көңілін қимай алып келген шыны ыдысындағы несепті алып, қақпағын ашқын кезде аздап төгіп алдыңыз. Несепті зерттеуге 10 мл пробиркаға құйып центрифугаға құйған кезде де қолыңызды, жұмыс үстеліңізді несеппен бүлдіріп алдыңыз. Зарарсыздандыруға арналған ерітінді жарты сағаттан соң дайын болғасын сүртіп тазалап алдыңыз. Несепті зерттеу барысында тұнбасынан бір талшығы бар қозғалмалы қарапайымдылар типіне жататын талшықты паразит трихоманаданы байқадыңыз.
Сұрақтар:
1.Сіздің әрекетіңіз қандай?
2.Паразит қандай класқа жатады,бұл ауру қалай жұғады?
3.Несеп тұнбасында және боялған жағынды препаратта қалай орналасады?

ЕСЕП № 4
Мерезге күдіктенген науқас ауруханаға келіп,капрологиялық талдау,жалпы несеп талдау және биохимиялық талдауға қан тапсырды. Осы талдау нәтижелері науқасқа диагноз қою үшін жеткілікті деп ойлап, басқа зерттеулерге жолдама берілген жоқ.


Сұрақтар:
1.Мерез ауруына диагноз қою үшін қандай биологиялық материал маңызды деп ойлайсыз?
2.Қоздырғыштың морфологиялық және клиникалық белгісіне сипаттама беріңіз.
ЕСЕП № 5

4 жастағы баланың анасы баласында диспепсиялық бұзылыстар, аллергиялық реакциялар, жыныс мүшесінің қышуына шағымданды. Педиатр баланың нәжісін бактериологиялық зерттеуге және жыныс мүшесінен жағынды алу керек екендігін айтады. Анасының айтуынша бала екі ай бойы антибиотиктер қабылдаған. Зерттеу нәтижесінде Candida тұқымдастығына жататын саңырауқұлақтарды кездестірді.


Сұрақтар:
1.Осы қорытындыға қарап, диагноз қоя аламыз ба?
2.Баланың бұндай жағдайы ненің нәтижесінде болды?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет