«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



Pdf көрінісі
бет108/134
Дата30.05.2023
өлшемі2.89 Mb.
#474470
түріБағдарламасы
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   134
АДЕБИ ЖАДИГЕРЛЕР 1 том

БІЛГЕ ҚАҒАН ЕСКЕРТКІШІ
БК.І.1: 1) «böd» (қараңыз: Күлтегін түсініктемесі. КТ.ІҮ.11: 47 а,б,в)
2) «[al]ty esir»=алты (тақ). (Қараңыз: «esir» Күлтегін түсініктемесі КТ.ІҮ.11: 47ª). 
В.Томсен «[…..] tisi er» (249. 122), В.В.Радлов (112. 15), С.Е.Малов (98. 15) «[......] tysy 
er» деп транскрипциялап «. . . . мужи» деп аударған. Мұнда (л) əріпінен соң үш əріп 
эрозияға ұшыраған. Оны 
деп жазған. Біз бұл сөзді «[al]ty esir» деп жаңғыртып 
оқыдық.
Білге қаған сөзін арнап тұрған алты тақтың иелері кімдер? Қандай тайпалар? 
Тоғыз-оғыз, едіз жерінің күлік бектерін олармен теңестіріп ерекше атаған. Бұндағы 
алты тақ иелері Құтлұғ Елтеріс, Білге қағанға дейін ұлы қағанат құрмаса да, кіші 
хандық құрып таққа отырғандар болуы мүмкін. Олардың иелік еткендері түркі 
бірлігінде үлкен орны бар түркі текті тайпалар еді. Олар кімдер?
Б.з. V–VІІІ ғғ. аралығында тарихқа мəлім түркі текті тайпалық үлкен бірлестіктер: 
қыпшақ, тоғыз-оғыз, басмыл, қарлуқ, түргеш, отыз-оғыз. Осы алтауы ғана. Осы 
алтауы – Түркі төрінің алтын бағанасы. Бұл алтауы бірлік-ынтымақта болса, қағанат 
айбарлы, қаһарлы. Алтауы араз болса, қағанат əлсіз. Түркі қағанатының көк туының 
астына жиналғанға дейін олардың өзді-өзінің қағанаты болған.
«Алты тақ иегерлері» деп Білге қаған сондықтан да ерекше атап отыр. Осы алты 
кіші хандықтың ордасы не деп аталған? Таңғаларлығы соншалық, кіші ордаларды 
М.Қашқари «алачу» (alaиu) деп жазыпты. ХІ ғасырға дейін халық санасында 
қалыптасып, ХІ ғасырдың басында жазылып хатқа түскен атау. «Alaču» – кіші орда. 
(МК.І.136–12; ІІІ.205.16). Бұл тарихи дерек. Алты үлкен тайпалар одағы алты кіші 
хандық құрып тұрған.
Түркілер қағанат орталығын Орда деп атаса, хандықтардың орталығын «алачу» 
(алаш) деп атаған. Олай болса, байырғы түркілердің осы алты тайпасы кейін «Алты 
Алаш» атанып, күні бүгінге дейін халық жадында сақталып қалған. Бұл атау Еуразия 
құрлығындағы ұлы дала көшпелілерінің ұранына айналған, бүтін оғыз, қыпшақ, 
қарлуқ, басмыл, он-оқ түргештердің кейінгі ұрпағы – қазақ халқының ұранына 
айналған. «Алты Алачу» көк түріктердің ұраны болуы да мүмкін. Ол заманда «Алты 
Алачу» деп ұран салып ту көтергенде, бүкіл түркі бір тудың астына жиналған да 
болар. Олай болса, алты есірдің (тақ) Алты Алашы көк Түркінің аналогы болмақ. 
Біздің бұл ойымыз əлі де тереңірек зерттей түсуді қажет етеді.
3) «toquz oγuz idi, ediz jer külüg begleri». В.Томсен: «toquz oγuz iki ediz? ker külig 
begler» (249. 122) деп оқыса, В.В.Радлов: «toquz oγuz jedinik er, külüg begler» (112. 15) 
(С.Е.Малов, В.В.Радловты қайталаған) – деп оқыған. 
Біз осы жалғыз сөйлемді анықтау үшін Білге қаған ұстынын қайта-қайта 
көшірумен, алғашқы көшірмемізді тексерумен болдық. Мəтіннің бұл сөйлемі аздап 
эрозияға ұшыраған, əрі «oγuz» деген атаудан кейінгі «idi» сөзінің кескінін деп 
оқығаннан қате кеткен. В.В.Радлов бұл əріпті мүлдем оқи алмаған. «Еdiz» сөзін 
В.Томсен дұрыс оқыса, В.В.Радлов соңғы əріпін деп түсініп «z» əрпін «n» əрпіне 
ауыстырып алған. Соңғы «jer» сөзінің кескінін В.Томсен да, В.В.Радлов та кескіні 
деп ұғып, «j» əріпін «k» əрпімен шатастырған. Бұрысы: «toquz oγuz idi, ediz jer külüg 
begleri...» – «тоғыз-оғыз иесі, едіз жерінің күлүг (даңқты) бектері...».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет