БАРЫҚ-II (Е-6) БІТІКТАСЫ
Жуық мөлшермен VIII–IX ғасырларда орнатылған бітіктас. «Барық ескерткіштері»,
«Барық екінші ескерткіштері» деп аталады. Барық өзенінің шығыс жағалауында
Ийи-тал ауылынан оңтүстікке қарай 11 шақырым қашықтықтағы төбешіктер айнала-
сын дағы 6 ұстынтас ескерткіштерінің бірі.
Бітіктас қызыл қоңыр құмдақ тастан жасалынған. Бітіктастың бетінде барлығы 4
жол ғана мəтін жəне төменгі тұсында «бақан» секілді таңба қашалған.
1943 жылы Данзынұлының ұйымдастыруымен Қызылдағы Тува музейіне əкелін-
ген. Қазір сонда сақтаулы.
1891 жылы алғаш тапқан Д.А. Клеменц. 1961 жылы И.А. Батманов тарапынан
қайтадан тексеріліп, Тува музейіне əкелген.
Н.Базылхан
БАРЫҚ-III (Е-7) БІТІКТАСЫ
Шамамен VIII–IX ғасырларда орнатылған. «Барық ескерткіштері», «Барық үшінші
ескерткіштері» деп аталады. Барық өзенінің шығыс жағалауында Ийи-тал ауылынан
11 шақырым оңтүстіктегі төбешіктер айналасындағы 6 ұстынтас ескерткіштерінің
бірі.
Қызыл қоңыр құмдақ тастан жасалған. Бітіктастың бетінде барлығы 4 жол мəтін
жəне төменгі тұсында «бақан» секілді таңба қашалған.
1943 жылы Данзынұлының ұйымдастыруымен Қызылдағы Тува музейіне
əкелінген.
1891 жылы алғаш тапқан Д.А. Клеменц. 1961 жылы И.А. Батманов тарапынан
қайтадан тексеріліп, Тува музейіне əкелінген.
Н.Базылхан
ЕЛЕГЕСТ-I (Е-10) БҰҒЫТАСЫ
Тарихи-хронологиялық жағынан VIII–IX ғасырларда тұрғызылған ескерткіш.
«Элегест бірінші ескерткіші» деп аталады.
Бұғытас Элегест өзені бойындағы қорғанда орнатылған. Аржандағы кіші қорған-
ның құрамдас бөлігі болып табылатын бұғытас. Қара сұр сланец тастан жасалынған.
Екі қапталы жəне екі қыры – барлығы 12 жол мəтін қашалған. Екі «көсеу» мен «ашамай»
іспетті таңбасы, бұғытастың 6 жол жазуы бетінің төменгі тұсында қашалған.
Бұғытасты 1915 жылы А.В. Адрианов Минусинск музейіне əкелген.1888 жылы
И.А. Аспелин тапқан.
Н.Базылхан
Достарыңызбен бөлісу: |