ТАЛАС-III БІТІКТАСЫ
Атын сиырын ол итере .................
Бек Чұр ұлы Асұқ
...........ұлы................
....Қара Толы етілді
...............................
.................................
ТАЛАС-IV БІТІКТАСЫ
+ылған иесіз
Атты ерді иесіз Оғлан Чұр ұласу қалған
Аты Чұр: отыз
ұлан Сағчық айыр+
.................қалған
¡ÀÇÀ¡ÑÒÀÍÍÀÍ
ÒÀÁÛËFÀÍ
Ò¬Ðʲ Á²Ò²Ê
ÅÑÊÅÐÒʲØÒÅв
244
245
ҮРЖАРДАН ТАБЫЛҒАН ҚЫТАЙ ҚОЛА АЙНАСЫНДАҒЫ
ТҮРКІ БІТІГІ
Ер-азамат шарап /ішу/ мезгілсіз /уақытсыз/ өлу
ЕРТIСТЕН ТАБЫЛҒАН ҚОЛА АЙНАДАҒЫ
ТҮРКІ БІТІГІ
Жебеуші қызыл күрең айдаһар
Əйел күншілдігін азайтса, құты қонады
Ò×Ðʲ
ÕÀËÛ¡ÒÀÐÛÍÛ£
ÌÀ¡ÀË-̶ÒÅËÄÅв
246
247
Құс қанатымен,
Ер атымен.
* * *
Ым білсе, ер өлмес.
* * *
Батыр соғыста,
Қорқақ жанжалда.
* * *
Еріншекке есік те (табалдырық та) асу болар.
* * *
От дегенге ауыз күймес.
* * *
Заман өтер, кісі тоймас,
Адам баласы мəңгі қалмас.
* * *
Қазан айтар: «Түбім алтын»,
Шөміш айтар: «Мен қайданмын?!»
Бұл мақал өзін танитын адамдардың алдында бөсе беретін мақтаншақ кісілерге
бағыштап айтылады.
* * *
Иірі болса, ер өлмес.
(Иір – іш ауруына пайдаланылатын емдік тамыр).
Бұл мақал əр нəрсенің алдын алу керек деген мағынада қолданылады.
* * *
Түлкі өз ініне үрсе, қотыр болар.
Бұл мақал өз елінен, жерінен, шаһарынан, тұқымынан безген сатқындарға арнап
айтылады.
* * *
Ауыз жесе, көз ұялар.
Бұл мақал біреудің затын сатып алған, яки жеген, бірақ оны қайтара алмай қиналған
адамдарға арнап айтылады.
* * *
Өгіздің аяғы болғанша,
Бұзаудың басы болғаны жақсы (игі).
* * *
Адам аман болса, өмірден көп көрер.
(Есен болса жаның – көрерің көп).
Бұл мақал адамның жаны аман болса, алдында көрері көп дегенді насихаттайды.
* * *
Аңшы қанша айла білсе,
Аю сонша жол білер.
Бұл мақал əккі, өте тəжірибелі екі адам бір-бірімен айтысып, дауласып, ерегісіп
қалғанда айтылады.
* * *
Ауылда лақ туса,
Арықта оты өнер.
(Арық – өріс, от – шөп мағынасында).
Бұл мақал азық пен ырыздық үшін өте көп қайғырудың қажеті жоқ дегенді
уағыздайды.
* * *
Сарттың азығы адал болса,
Жол үстінде жер.
(Сарт – саудагер).
Бұл мақал өзін адал, таза санап, кеудесін керетін кісілерге арнап айтылады.
* * *
Үлкеннің ауырлығы кішіге қалар.
Аттың арқасындағы (шоқтығындағы) жауыр əсте тез жазыла қоймайды. Ұзаққа
созылады. Сөйтіп, ол бірте-бірте ұлғая беретіні сияқты, кедей, кембағал əкенің
төленбеген қарызы да артындағы баласының еншісіне қалады. Міне, бұл мақал осы
жағдайды ескертіп айтылады.
* * *
Барын ортаға салса (қойса), жоққа саналмас.
* * *
Күнде жырық (сызат) жоқ,
Бекте қайту жоқ.
Бұл мақал бектердің айтқан сөздері мен ойына алған істерін орындамай қоймайтын
мінездерін марапаттап айтылады.
* * *
Еңбекқордың еріні майлы,
Жалқаудың басы қанды.
Бұл мақал жалқаулықты қойып, жалықпайтын еңбекқор болуға үгіттейді.
248
249
* * *
Алушы – арыстан,
Беруші – тышқан.
Қарызын талап етуші адам құдды арыстанға, ал төлем төлеуші кембағал қорық-
қанынан тышқанға ұқсап кетеді. Бұл мақал дəл соларға арнап айтылады.
* * *
Атанның жүгі ас болса (да),
Аш (адамға) аз көрінер.
* * *
Есендікте асығыс жоқ.
Дені сау адам əсте асықпайды. Бұл мақал əрқандай істе асығыстық жасамауға,
сабырлы болуға шақырады.
* * *
Аш не жемес,
Тоқ не демес.
Аш адам алдына келген астың барлығын таңдамай жей береді. Тоқ адам
аузына келгенді көпіріп айта береді. Бұл мақал осы жаман қасиеттен қашық болуға
шақырады.
* * *
Аурудың өсиеті ізгілік болар.
Бұл ауру адамды өсиет айтуға уағыздайтын мақал.
* * *
Айламен арыстан ұстар,
Күшпен құрт та ұстай алмас.
Бұл мақал күші жетпеген іске айла мен тəсілді барынша қолдану керек екендігін
ескертеді.
* * *
Толған айды қолмен ымдамас (көрсетпес).
Толған айды көзі бар адамның барлығы көреді. Сол сияқты бұл мақал барлық
мəшһүр нəрсеге мысал етіп айтылады.
* * *
Жанжал шықса, ағайын ақылдасар,
Жау келсе, ел тебіренер.
Бұл мақал əрбір іске сергек қарап, қай кезде де ұйымшыл болуға үндейді.
* * *
Адам аласы ішінде,
Жылқы аласы сыртында.
Бұл өзі жағымды көрініп, жан дүниесіндегі жамандық пен арамдықты жасыратын
сұрқия жандарға бағышталады.
* * *
Белгі болса, жолдан адаспас,
Білімді болса, сөзден жаңылмас.
Белгі болса, жолаушы жолдан адаспайды. Білімді кісі ешқашан сөзден жаңыл-
майды. Бұл мақал дəл сондай болуға үндейді.
* * *
Қонақ келсе, құт келер.
Құт-береке қонақпен бірге келеді. Қонақ – жақсылықтың белгісі, нышаны.
Сондықтан осы мақал қонақты ренжітпей, қуана қарсы алуға шақырады.
* * *
Көзең кішкентай болса, саптаяқтың үлкенін қой.
Бұл мақал көпшіліктің алдында кішкентай нəрсені үлкейтіп көрсетуді айтады.
* * *
Серкештің еті ем болар,
Ешкінің еті жел болар.
* * *
Қашық жердің хабарын керуен келтірер.
* * *
Бөтен кісінің малы – мал саналмас.
Өйткені ол өз малын қайтсе де қайтарып алады.
* * *
Ортақ адамнан артық алмас.
Бұл мақал ынсапты болуға шақырады.
* * *
Тауды арқанмен имес,
Теңізді қайықпен бөгемес.
Бұл мақал үлкен істі кішкентай затпен қайтаруға болмайтынын түсіндіреді.
* * *
Қаз ұшса (кетсе), көлді үйрек иемденер.
Бұл мақал халық арасындағы білімдар данышпан адам өмірден кетсе немесе басқа
жаққа ауысса, оның орнына ақылсыз, даңғой жанның келгенін тəмсіл етеді.
* * *
Еркекқұмар (жезөкше) күйеуге тимес,
Алаңғасар (желөкпе) үйіне жетпес.
Күйеуге тиюге асыққан бұзық əйелдің əрқашан да жолы болмайды. Өйткені ол
асығып-аптығып жүріп үйлену шарттарының бірде-біреуін орындамайды. Сол сияқты
250
251
алаңғасар, желөкпе жан да далбалақтап жүріп, астындағы атын болдыртып, үйіне жете
алмайды. Бұл мақал əрқашан асықпауға, сабырлы болуға шақырып айтылады.
* * *
Ізгілік болса, ер өлмес (арымас),
Іштік болса, ат жауыр болмас.
Бұл мақал əрбір істің алдын ала жай-жапсарын жан-жақты ойластырып алуға
шақырады.
* * *
Инабатты қонақ үй иесін құрметтер.
Бұл мақал əсілінде қонақты құрметтеуге арнап айтылады.
* * *
Əдептің басы – тіл.
Бұл мақал əдепті, əсем, сыпайы сөйлеген адам əрқашан да абырой мен құрметке
бөленетінін насихаттайды.
* * *
Еңбек егінде (ескерусіз) қалмас.
* * *
Андыз болса, ат өлмес.
(Андыз – емдік тамыр).
Кептірілген тамырды ұнтақтап, ауру аттың тұмсығына сепсе, жазылып кетеді. Бұл
мақал жолаушыларды жолға шығарда жабдығын түгендеп жүруге үндейді.
* * *
Итке ұят бітсе, өлексе жемес.
Бұл мақал ұятты, ізетті болуға үндеп, адамдарды жаман қасиеттерден қашық
болуға шақырады.
* * *
Бойдақ елу кез кездемеден дамбал тіге алмас.
Өйткені жат адам (тігінші) оны аямайды, өзі күйінбейді. Сондықтан бұл мақал тез
үйленуге шақырады.
* * *
Лақ жіліксіз,
Бала білімсіз.
* * *
Інген ыңыранса, бота боздар.
* * *
Бес саусақ бірдей емес.
Бұл мақал адамдар əр алуан болатынын айтады.
* * *
Ұмайға табынса, ұлды болар.
(Ұмай – жас нəрестенің өмірге келердегі жолдасы).
Кімде-кім екі қабат қатынның босануына көмектесіп, қызмет етсе, ол да ұлды
болады. Қатындар оны жақсылыққа жориды.
* * *
Арпасыз ат (қыр) аса алмас,
Арқасыз батыр əскер басқара алмас.
(Арпасыз – жемсіз. Арқасыз – жəрдемсіз).
Бұл мақал ағайын-туғандардың бір-біріне мейірімділігін білдіру үшін айтылады.
Адамдарды əрқандай істе бір-біріне жəрдемдесіп жүруге үндейді.
* * *
Жылан өзінің иірлігін білмес,
Түйенің мойнын иір дер.
Бұл мақал өзінің кемшілігін білмей, басқа кісінің бойындағы мінге күлетін
ғайбаткерді тəмсіл етіп айтылады.
* * *
Жалқауға бұлт (көлеңкесі де) жүк болар.
* * *
Батыр жігітті қорлама,
Сəйгүліктің арқасын жауыр қылма.
Осы мақалмен ақсақалдар бектерге ақыл-кеңес айтады.
* * *
Тұрмысты адам тез қартаймас.
* * *
Азықты адам арымас.
* * *
Бала емізетін қатын ашқарақ болар.
Сондықтан оған қалаған тамағын беру керек дейді мақал.
* * *
Тасты қозғауға болмаса, сүю керек.
Бұл мақал адам ойлаған мақсатына жету үшін кішіпейіл, инабатты болу керек деп
насихаттайды.
252
253
* * *
Күміс күнге қонса,
Алтын (өз) аяғымен келер.
Бұл мақал негізгі мақсатқа жету үшін мал мен ақшаны жұмсау қажеттігін
насихаттайды.
* * *
Отты жалынмен өшірмес.
Бұл мақал арамзалықты пасықтықпен емес, ақылмен аяқтау керектігіне арналады.
* * *
Ет тырнақтан ажырамас.
* * *
Ит ырылдамас, ат теппес деме.
* * *
Батырлармен ұрыспа,
Бектермен тұрыспа.
* * *
Екі бура үйкенісер,
Ортасында сона жаншылар.
Бұл мақал екі бек ұрысса, арасындағы адам жапа шегеді деген мағынада қол-
данылады.
* * *
Шөліркеген (жанға) сағымның бəрі су көрінер.
Бұл мақал аса қажетті əр нəрседен өз қажетін үмітпен күте береді деген мағынада
қолданылады.
* * *
Адам – үрленген қап,
Ауызы ашылса – бос қалар.
* * *
Қураған ағаш иілмес,
Қураған шыбық түйілмес.
Бұл мақал көп қолданылып, ескірген зат орнына қайтып келмейді деген мағынада
қолданылады.
* * *
Мақтаншақ дамбалын былғар.
Бұл мақал мақтаншақтықтан аулақ болуға шақырады.
* * *
Тай өссе, ат тынығар,
Ұл өссе, əке тынығар.
* * *
Құлақ естісе, көңіл білер,
Көз көрсе (сүйіктісін), əуес келер.
* * *
Құралын ұмытса, тұтқын болар.
Бұл мақал əрқандай іске дайын болуға үндейді.
* * *
Су ішкізбеске сүт бер.
Бұл мақал жамандық жасаған адамға жақсылық жасауды насихаттайды.
* * *
Жуаспенен ұрыс,
Ұятсызбен ұстаспа.
Жуас ауырыңды көтереді. Арсыз сені масқара етеді деп ескертеді бұл мақал.
* * *
Шалбары бүтін (жан) қалаған жеріне отырар.
Бұл мақал жаны таза, ісі адал адамға ешқандай қиыншылық тосқауыл бола алмайды
деген мағынада қолданылады.
* * *
Бүркіт шаңқылдаса, өлер.
* * *
Кеңесті білім оңалар,
Кеңессіз білім бұзылар.
* * *
Сынамаса алданар,
Сақтанбаса ұтқызар.
Бұл мақал əрқандай істі алдын ала сынап көруге, бақылап алуға үндейді.
* * *
Оң істе өзгерер.
* * *
Кешқұрым бұлт қызарса –
Қатыны ұл тапқандай болар.
254
255
Таңертең бұлт қызарса –
Үйге жауы кіргендей болар.
Түріктер осы екі жағдайдың соңғысын жақсылыққа жорымайды.
* * *
Жағасындағы жалаймын деп қолындағысынан айырылар.
Бұл мақал бір затқа құмартқан адамға қолындағы барын сақтауды есінен шығармауға
шақырып айтылады.
* * *
Қарға қазға еліктесе, бұты (сирағы) сынар.
Бұл мақал əркім өз əліне қарай іс-əрекет жасау керектігін ескертеді.
* * *
Бір тойынның басы ауырса,
Барлық тойынның басы ауырмас.
(Тойын – кəпірлердің дінбасы)
Бұл мақал достары бір жұмыс істеп жатса, яки қабылдап, азықтанып жатқан жерде
басқа бір адамның сол істі істемегенін кінəлап айтылады.
* * *
Иегін еркелетіп (сипалап), сақалын ұқсатар.
Бұл мақал арам ниетін айла-тəсілмен іске асырмақшы болып, жылмаңдаған сұрқия
жандарға арнап айтылады.
* * *
Қарыз кешіксе, қадам бітер.
Бұл мақал қарыз кешіксе, иесі табанынан таусылады деп ескертеді. Демек, əрқандай
істе сақ болған жөн.
* * *
Үлкенді сыйласа, құт болар.
* * *
Жауды елемесе, басқа шығар.
Бұл мақал əрқашан да сақ болуға, дұшпаныңды өзіңнен кем санамауға үйретеді.
* * *
Көк сөгетке құс қонар,
Көрікті кісіге сөз келер (ерер).
Бұл мақал ұқыпты болуға үндеп айтылады.
* * *
Кім қатыгез болса, (сол) тасжүрек болар.
* * *
Құзда қар ерімес,
Қойда май ерімес.
* * *
Момын кісінің сөзі даңқты болмас.
Бұл мақал кісілерді жақсы атанып, ел құрметіне бөлену үшін ұқыпты, мұқият
болуға үндеп айтылады.
* * *
Иесіз затқа ие болмас.
Бұл мақал өз затыңа берік бол деген мағынада қолданылады.
* * *
Құтыдағы – хош жұпар.
Бұл мақал қыз-келіншектердің аузынан шыққан хош иісті жұпарға бағалағанда
ғана айтылады.
* * *
Қыстың қонағы – от (көк шөп).
* * *
Құл – жау,
Ит – бөрі.
Құл өзінің қожайынының малын қолына түсірсе, дереу құртып жібереді. Мүм-
кіндік тапса, қашып кетуді ойлайды. Ит те, үй иесіне бөрімен бірдей. Оның жейтін
нəрсесін тапса, өзін ұстай алмайды. Сондықтан бұл мақал құлдың қожайынына опа
жасамайтынын ескертеді.
* * *
Күл үрлегеннен, шоқ үрлеген жақсы.
Бұл мақал ұсақ-түйек істен гөрі үлкен істі бастаған, істеген жақсы деп дəріптейді.
* * *
Күнге қараса, көз ұялар.
* * *
Қырық жылға дейін баймен жарлы теңелер.
Өлім-жітім мен заманның өзгеруіне орай, қырық жылға дейін бай мен жарлының
теңелетінін ескертеді бұл мақал.
* * *
Татсыз түрік болмас,
Бассыз бөрік болмас.
(Тат – оңбаған, арамза, опасыз деген мағынада).
* * *
Қара бұлтты жел ашар,
Хан есігін пəре ашар.
Бұл мақал ойға алған ісіңді тез бітіру үшін дүние-мүлікті аямай жұмсаған жөн
дегенді уағыздайды.
256
257
* * *
Сөгетке жұмсақтық (жарасар),
Қайынға қаттылық (жарасар).
Бұл мақал əрқандай заттың өз тегіне тартқаны дұрыс деген мағынада қол-
данылады.
* * *
Қос қылыш бір қынға сыймас.
Бұл мақал екі адам бір іске таласқанда немесе екі жігіт бір қызға үйленбекші
болғанда, соларға арнап айтылады. Хақания бектерін Қылыч хан деп атайды. Бұл
əрқандай істе өткірлік жасайтын Өткір хан деген ұғымды білдіреді.
* * *
Бар – бақыр,
Жоқ – алтын.
Бар болса, мыстай қадырсыз; жоқ болса, алтындай қастерлі болады. Бұл мақал
туған-туысқандарының арасында беймəлім жүрген жанның сол ортадан алыстап
кеткенде қадірінің артуына арнап айтылады.
* * *
Көк темір тек тұрмас.
Темір тиген жерін бүлдіріп, жаралап кетеді. Мұның бір мағынасы бар. Қырқыз,
ябақу, қыпшақ, тағы басқа халықтар ант ішіп, қасамдасып, серттескенде қылыштарын
қынабынан шығарып, орталарына қояды да:
– Бұл темір кірсін, қызыл шықсын! – дейді. Бұл серт бұзылса, қылыш қанға боялсын
деген сөз. Сондықтан түріктер темірді əрқашан да ерекше бағалайды.
* * *
Қаш-қаш болса, қасындағысын көрмес.
* * *
Ол өткелді су əкетті.
Бұл мақал болар іс болып қойды. Енді орнына қайтып келмейді. Оған өкінудің
қажеті жоқ деген мағынада қолданылады.
* * *
Құдықта су бар, иттің тұмсығы тимес.
Армандаған ісіне қолы жетпейтін, яки біреулердің қолындағы ас пен затқа көзі түсіп,
құмартса да, өзінің қолына түсіре алмайтын адамдарға арнап осы мақал айтылады.
* * *
Балық(тың өзі) суда, көзі сыртта.
Бұл мақал бір істі біліп тұрып, білместікке салынған арамза адамдарға арнап
айтылады.
* * *
Жаяудың аты – шарық, күші – азық.
Бұл мақал ұзақ сапарға шыққанда осы екі нəрседен жапа шекпеу үшін алдын ала
дайындық жасап алудың қажет екенін ескертеді.
* * *
Құрғақ қасық ауызға жарамас (жақпас),
Құр сөз құлаққа жараспас (жақпас).
Бұл мақал, егерде біреуден көмек сұрағың келсе, оған да сый-сияпат дайындауың
керек екенін ескертеді.
* * *
Жүгері басының сирегі жақсы.
Себебі сирек болса – дəнді, қалың болса – дəнсіз болады. Бұл мақал күткен
мақсатына аз шығынмен жетуге тырысатын еңбекқор адамдарға арнап айтылады.
* * *
Пышақ қанша өткір болғанымен, өз сабын жона алмас.
Бұл мақал өз ісін орындай алмай тұрып, басқалардың ісі жайында үлкен ой айтатын
адамдарға арнап айтылады.
* * *
Тезек қарда жатпас,
Жақсы мен жаман қосылмас.
Себебі тезек (жас жапа) өз ыстығымен қарды ерітіп жіберетіні сияқты, жақсы мен
жаман бір-бірімен ешқашан қосыла алмайды деп насихаттайды бұл мақал.
* * *
Тесік суда білінер,
Бұл мақал кейбір істі атқаруда төсін қағатын мақтаншақ адамға арнап айтылады.
Өйткені ол атқарған істің жақсы-жаманы артынан белгілі болады деген мағынада
қолданылады.
* * *
Аш – албырт,
Тоқ – бейғам.
* * *
Батыр соғыста,
Дана дауда (тірлігінде).
* * *
Асау өзен өткелсіз болмас.
Бұл мақал бір істің шешімін, түйінін таба алмай, қиналып тұрған адамға «Мұның
да түйінін табылып қалар» деп ақыл ретінде айтылады.
258
259
* * *
Қылықтана білсе – қызыл киінер,
Жарамсақтана білсе – жасыл киінер,
(Қылықтанғысы келсе – қызыл киінер,
Жарамсақтанғысы келсе – жасыл киінер).
Бұл мақал қатындарды əрқашан күйеуіне жақсы, сүйкімді көрінуге, адал болуға
шақырып айтылады.
* * *
От түтінсіз болмас,
Жігіт жазықсыз болмас.
* * *
Жер жыртарда ұқыпты болса,
Қырман уақытында жанжал болмас.
Бұл мақал əрқандай істің ақырында ұрыс-жанжал болмауы үшін алдын ала келісіп
алған жөн деп ақыл айтады.
* * *
«Туғаның» дегенге қарамадық,
«Құда» дегенде жалт қарадық.
Бұл мақал ағайын-туған, жекжат-жұраттардың арасында құданы құрметтеп,
арнайы сыйлауға бағышталып айтылады.
* * *
Қарияның сөзі бекер болмас,
Жалғыз шыбық бақша болмас.
* * *
Ханның ісі болса, ханымның ісі қалар.
* * *
Қауыны таланса, иесі қос қолдап тартар.
Бұл мақал иесінің өз дүниесіне күйінішін білдіреді.
* * *
Мүсəпірге мың жаңғақ,
Көппен бірге айрықша таяқ.
* * *
Үйірлі құлан көсемсіз (айғырсыз) болмас.
Бұл мақал біреуді басқа кісіге қосып жіберу үшін арнайы қолданылады.
* * *
Қарғаның кəрісін кім білер,
Адамның аласын кім табар.
* * *
Тауғаш (қытай) ханының торқасы көп,
Өлшемей пішпес.
Бұл мақал əрқандай іске мұқият болып, ысырапшылық жасамауға шақырып
айтылады.
* * *
Бақыттың белгісі – білім.
* * *
Тілімен дастарқанға жетер.
(Тілді адам бай дастарқанға жетеді).
Əрбір адамның пейілі өзінің тілінен белгілі болады деп үгіттейді бұл мақал.
* * *
Кезіккен кісі өзің болмас,
Жат пен жақын бірдей болмас.
Кезіккен кісінің барлығы өзіңдей болмайды. Сондықтан шын сырыңды оған айта
берме. Сондай-ақ жат пен жақының да бірдей бола бермейді деп ескертеді бұл мақал.
* * *
Өлетін тышқан мысықтың тасағын қасыр.
Өлімі біреуге байланысты адам сол маңнан айналсоқтап кете алмайтынына арнап
айтылады осы мақал.
* * *
Құстың жаманы – сауысқан,
Ағаштың жаманы – азған (итмұрын),
Жердің жаманы – қаз(ыл)ған,
Адамның жаманы – барсыған(дықтар).
(Махмуд Қашқари бұл жерде жауыз деген сөзді жаман деген мағынада қолдан-
ған. – Тəрж.)
Құстың жаманы сауысқан болса, ағаш тектес өсімдіктің жаманы – итмұрын.
Итмұрын – ақ, сары гүл ашатын маржандай тізілген қызыл миуасы бар өсімдік. Біздің
жақта мұны бақшаның айналасына егеді. Ол отынға жарамайды. Жақсаң, ұшқындары
шашырап, киім-кешек пен үй мүліктерін күйдіріп жібереді. Жердің жаманы ойлы-
шұңқыр қазылған, батпақты жерлер саналады. Өйткені ондай жерлерге шатыр тігуге,
егін егуге болмайды. Адамның ең жаманы барсығандықтар. Себебі олардың мінезі
жаман, өздері опасыз келеді.
* * *
Бөрінің (табысы) ортақ,
Құзғындікі ағаштың басында.
* * *
Үйдегі бұзау өгіз болмас.
Бұл мақал өз еңбегімен ел көзіне түсіп, құрметке бөленіп, бірақ ағайын-туғандар-
дың арасында жас саналып жүрген кісілерге бағыштады.
260
261
* * *
Қырдағы қырғауылды аулаймын деп,
Үйдегі тауығыңды ұмытпа.
Бұл мақал жоқ нəрсені іздеп, қолындағы барыңнан айырылып қалма дегенді
насихаттайды.
* * *
Көсеуі ұзын болса, қолы күймес.
Бұл мақал қолғабыс жасайтын бала-шағасы көп жан рахат өмір сүреді деген
мағынада қолданылады.
* * *
Құтсыз құдыққа кірсе, құм жауар.
* * *
Қанша ақымақ болса да, жолсерік жақсы,
Қанша бұрыс болса да, даңғыл жол жақсы.
* * *
Жердің бастырығы – тау,
Елдің бастырығы – бек.
Бұл мақал жер тауларменен, ел бектермен тыныш тұрады. Қарапайым халықты
бектер басып отырады деп насихаттайды.
* * *
Жартаста шөп болмас,
Айна тазда ар болмас.
* * *
Ақылды сөз алтын табаққа жеткізер.
* * *
Мал сойсаң, құйрығына жеткенде пышағыңды сындырып алма.
* * *
Қызбенен күреспе,
Қысырақпен жарыспа.
Қызбенен күреспе. Өйткені ол күшті, сені жығып кетеді. Қысырақпенен жарыспа,
себебі қысырақ байтал аттан əрі күшті, əрі жүйрік болады. Хақания қыздарының бірі
некелескен күні түнде сұлтан Масұдты теуіп, ұшырып жібергені үшін осы мақал тарап
кеткен.
* * *
Қалың (топ) қаз көсемсіз болмас.
Бұл мақал қандай бір істе болмасын, жөн білетін кісіге жүгіну керектігін ескертіп
айтылады.
* * *
Есек айтар:
Аман болса басым, теңізден де су ішермін.
Бұл мақал өз мақсатына жету үшін ұзақ ғұмыр сүруге тырысқан адамдарға арнап
айтылады.
* * *
Ат қасқасы ай болмас.
Бұл мақал кішкентай істі үлкейтіп көрсететін адамдарға арнап айтылады.
* * *
Мазарда үй болмас,
Шөлде ау болмас.
* * *
Астық бастыру теңізшінің ісі емес.
Бұл мақал күші жетпейтін үлкен іске талпынған əлжуаз адамдарға арнап
айтылған.
* * *
Болатын өгіз бұзауында-ақ белгілі.
Бұл мақал болашағы зор жастарға арнап айтылады.
* * *
Көркіне қарама, абыройын тіле.
* * *
Ағашыңды ұзын кес,
Теміріңді қысқа кес.
* * *
Безілдек (жан) бөктергі ұстар,
Əумесер (адам) лашын ұстар.
Бұл мақал əрқашанда сабырлы болуға шақырып айтылады.
* * *
Əумесер шыбын сүтке түсер.
Бұл мақал əрқашанда сабырлы болуға шақырып айтылады.
* * *
Мысықтың мəулені мияулап туар.
Бұл мақал мінез-құлқы əкесіне аумай тартқан балаларға арнап айтылады.
* * *
Тазының жүйрігін түлкі сүймес.
Бұл мақал білімпаздығымен өзінің ортасындағыларға ұнамайтын белгілі адамдарға
арнап айтылады.
262
263
* * *
Ұл су төгер, үлкен (нің жамбасы) сынар.
Бұл мақал кішілердің қателігінен үлкен адамдардың зиян, жапа шегетінін
ескертеді.
* * *
Тілмен түйгенді тіспен шешпес.
Бұл мақал берген уəдесіне берік болуға үндейді.
* * *
Тікпейінше өнбес,
Талпынбайынша болмас (жетпес).
Бұл мақалды əрқандай істе мақсатқа жету үшін талпыну керек екендігін насихаттап
айтады.
* * *
(Шақпақты) шақса – (от) тұтанар,
(Сөз) ұғындырылса – (ой) білінер.
* * *
Ел қал (са) да, əдет қалмас.
Бұл мақал əдет-ғұрып бойынша істеуге шақырады.
* * *
Бір қарғаменен қыс келмес.
Бұл мақал жора-жолдастары үлгіріп келгенше əркім өзінің ісін ұқыпты жүргізуге
арнап айтылады.
* * *
Таздың келетін жері бөрікші (нің дүкені).
Жарасын жасыру үшін таз адам амалсыз бөрікшінің дүкеніне барады. Бұл мақал
өзіне қажет болған заттан қашқан адамдарға арнайы айтылады.
* * *
Ұстаспай (жағдай) түзелмес,
Жел тұрмай (ауа) ашылмас.
Бұл мақал ұрысып қалған екі адамды татуластыруға тырысқан кісіге арнап
айтылады.
* * *
Түтінді түрткілеген ыстанар.
Бұл мақал пəле іздеген адамға пəле жабысады деген мағынада қолданылады.
* * *
Жүк көтерген түйе шөмішті де көтерер.
* * *
Атаның ұлы атасына тартып туар.
* * *
Көкке (аспанға) түкірсе, жүзіне түсер.
Бұл мақал үлкендерге жамандық жасаса, өзіне де жамандық тиетінін ескертеді.
* * *
Адам баласы мұңая бермес,
Иттің күшігі жата бермес.
* * *
Соғысып ұрысар,
Ортада тон жыртылар.
Бұл мақал кісілерді ұрыс-жанжалдан аулақ болуға үндейді.
* * *
Кішкентай үлкенге қарсы тұра алмас,
Қырғи сұңқарға қарсы шыға алмас.
* * *
Тау таумен қауышпас,
Кісі мен кісі қауышар.
* * *
(Биіктегі) майға жете алмаған мысық айтар:
– (Басқа) кісінікі (маған) жараспас.
Бұл мақал өз ойынан шыға алмай, артынан сол ісіне өкінетін адамды тəмсел етіп
айтылады.
* * *
Ізгілікті судың түбіне тастап,
Бетінен ізде.
* * *
Көрпеден артық көсілген аяқ үсір.
Бұл мақал адамдарды өз мүмкіндігінен асып кетпеуге шақырып айтылады.
* * *
Арыстан күркіресе, аттың аяғы тұсалар.
Бұл мақал əлсіздердің өзінен əлділердің алдындағы дəрменсіздігін көрсетуге арнап
айтылады.
* * *
Күздің келуі жазда білінер.
Бұл мақал əрбір іс əу басында-ақ белгілі дейді.
264
265
* * *
Үй иесі тойдырса, (мейманның) көзі жолда болар.
Бұл мақал құрметтен кейін қайтуға ұрықсат сұрап, асыққан қонақтарға арнайы
айтылады.
* * *
Берекесізден құт қашар.
* * *
Түйе сілкінсе, есекке жүк шығар.
* * *
Кішкентай тайында қиналса, үлкейгенде сүйсінер.
* * *
Таттың көзіне (ұр),
Тікеннің түбіне (тамырынан шап).
Тат – тохси мен яғма тайпаларының ұғымында мұсылман болмаған ұйғырлар. Мен
мұны олардың өз елінде естідім. Таттауғаш дейді екен. Бұл ұйғыр немесе шындық
деген сөз. Жоғарыдағы мақал сол шындық, ұйғырларға арнайы айтылады. Өйткені олар
опасыз келеді. Сондықтан тікенді тамырынан шауып тастайтыны сияқты, ұйғырларды
да көзінен ұру қажет деп насихаттайды бұл мақал.
* * *
Қылыш даттанса, іс бұзылар,
Ер даттанса, пейіл былғанар.
Бұл мақал азаматты қайтпас ерлікке баулып, əрқандай нəрсенің өз жынысына қарай
өмір сүруінің қажеттігін үндеп айтылады.
* * *
Ер жігіттің сөзі бір(еу),
Ердің көгі үш(еу).
Бұл мақал ер-азаматтарды айтқан сөзі мен уəдесінде тұруға шақырып айтылады.
* * *
Заман қартайтқанға бояу айыпты емес.
* * *
Əкесі ащы алма жесе, ұлының тісі қамалар.
Бұл мақал əкесі жасаған қылмыстың зардабы артындағы ұлына қалатынын
насихаттайды.
* * *
Атпатұзақтан (бір мəрте) қорыққан құс
Қырық жылға дейін аша ағашқа қонбас.
* * *
Аттың басын ноқталап мүжі.
Бұл мақал атты пайдалану үшін ең алдымен ноқталап ал, сонда ғана дегеніңе жете-
сің деп насихаттайды.
* * *
Жасауы мол келіннің күйеуі жуас болар.
* * *
Іс ыңғайына (қарайды),
Сарт пайдасына (қарайды).
Саудагер пайданы көрсе, ең қымбат затын да сатып жіберетінін ескертеді бұл
мақал.
* * *
Тозған қорамсақтан тұқыл жебе шығар.
* * *
Алдырған анасының қойнын ашар.
Бұл мақал затын жоғалтқан əумесер жанның қандай жерден болса да іздеуге
қақылы екенін айтады.
* * *
Көп сөзді ұғуға болмас,
Биік шоқыны июге болмас.
Бұл мақал сөзді ұзартпауға үндеп айтылады.
* * *
Жауырын жарылса, елге қайғы түсер.
* * *
Жақұты бар жанға жасыл түспес.
Мынандай бір тəмсіл сөз бар. Асыл тас əр түрлі болады. Адамдар оны жүзікке көз
етіп салады. Сондай жүзікті саусағына салған адамға ешқашан жасыл түспейді. Тіпті
оның табиғи қасиеті соншалықты, бөзге орап отқа тастасаң, бөз де, тас та жанбайды.
Бұл тəжірибеден өткізілген. Егер əбден шөлдеген адам сол жақұтты таңдайына салса,
шөлін басады.
* * *
Жібек жамау жібекке (жарасар),
Бөз жамау бөзге (жарасар).
Бұл мақал əрқандай зат өзінің тегіне қарай жіктеледі деген ойды насихаттайды.
* * *
Тесік інжу (моншақ) жерде қалмас.
Бұл мақал кəнизектер де (күңдер де) жерде қалмайды. Оларға да үйленетін жігіттің
табылатынын ескертеді.
266
267
* * *
Астың дəмі – тұз,
(Тұзды) уыстап жемес.
Бұл мақал адамдарды ынсаптыққа шақырып айтылады.
* * *
Қаралы күн тумай, Қаражалға көшпе.
(Қаражал – Түрік елі мен Ферғананың ортасындағы асу).
* * *
(Айлалы) анасы нанын жұқа жабар,
(Ақылды) баласы қос-қостап асар.
Бұл мақал екі ақылды адамның бір-біріне парапар келгеніне бағыштап, арнайы
айтылады.
* * *
Қаншалықты көнерсе де, кебенек жаңбырға жарар.
Бұл мақал өзінің қол астындағы кісілердің бірі оны биліктен шеттетпек болған
жағдайда, сол адамға арнап айтылады. Бəрібір, оның қаншалықты кемшілігі болса да,
бір қажетіне жарайды. Оны іске қойсаң, өзің демаласың дейді.
* * *
Жылан күзеннен қашар,
Қайда барса да, күзенге тап болар.
Бұл мақал өзін жек көретін нəрсеңнен қанша қашсаң да, бəрібір, алдыңнан ол
қайталап келе береді деп насихаттайды.
* * *
Жаттың майлы бөкпенінен,
Жақыныңның қанды жұдырығы жақсы.
Бұл мақал жақын адамдардың арасы алшақтағанда, оларды жақындастыру үшін
арнайы айтылады.
* * *
Дұшпандікі болса да (мал) керек,
(құрығанда) тезегі қалады.
* * *
Көк шөп күймес,
Елші өлмес.
* * *
Жұпар қалтадан жұпар кетсе де, иісі қалар.
Бұл мақал байлығы кеткенімен, ниеті қаз-қалпында қалады деп кеңпейілді, ақжүрек
адамдарға арнайы айтылады.
* * *
Қызмет тас жарар,
Тас бас жарар.
Бұл мақал қожайынынан жақсылық күтетін əрі оның жеңіске жетуі үшін көмек-
тесетін қызметші адам қақында айтылады.
* * *
Адаспайтын аңшы болмас,
Жаңылмайтын данышпан болмас.
* * *
Түйе мініп, қой арасына жасырынбас.
Бұл мақал əшкере болған істі жасыруға болмайды деген ойды үндеп айтылады.
* * *
Құтты адамға қос-қостап жауар.
* * *
Адам мəңгі жасамас,
Көрге кірсе – кері қайтпас.
* * *
Қанды қанменен жумас.
Бұл мақал жанжалды жанжалмен басуға болмайды. Адамдарды бір-бірімен
келістіру, жарастыру қажет дегенді айтады.
* * *
Əкесінің тоны ұлына жарасса, əкесін жақтырмас.
* * *
Түнде жүрген күндіз сүйсінер,
Жасында үйленген қартайғанда сүйсінер.
* * *
Күшті есіктен кірсе,
Төре түңіліктен шығар.
Зорлық-зомбылық есіктен кірсе, əдеп есіктен шығады. Зəлімді, Кумəчі, Күштіні
Кучлук деп атау осыдан шыққан.
* * *
Шарап болмай тұрып, сірке суы болма.
Бұл мақал өзін үлкендердің санатына қосатын жастарға ақыл ретінде айтылады.
* * *
Құлан құдыққа түссе,
Құрбақа айғыр болар.
268
269
* * *
Мұздан су тамар.
* * *
Қорыққан кісіге қойдың басы қосарланып көрінер.
Бұл мақал бір нəрседен қатты қорыққан əрі сол уақиғаны ойлағанда есінен тана
селкілдеп кететін адамға арнап айтылады.
* * *
Тілі ащы бектен гөрі тұл қатын артық.
* * *
Адам баласы мұңсыз болмас.
* * *
Баланың ісі – іс болмас,
Лақтың мүйізі сап болмас.
* * *
Жауыр ат жүк көтере алмас.
* * *
Тура кеткен киіктің көзінен басқа жарасы жоқ.
Бұл мақал ауыр іске душар болып, басқа жандардың əжуасына ұрынған жандарға
қаратып айтылады.
* * *
Жазда қатты қимылдаса, қыста сүйсінер.
* * *
Бейтаныс адамнан таныс шайтан жақсы.
Бұл мақал таныс адамдардың мерейін көтеріп, оның өзін құрметтеуге арнайы
айтылады.
* * *
Таяқты жан таймас,
Бос сөзбен куə жеңбес.
* * *
Түйенің өзі үлкен болғанымен, құмалағы кішкентай.
Бұл мақал өзін үлкен санайтын атақты адамдардың шəкірттеріне арнап айтылады.
Үлкендік саған емес, сенің ұстазыңа жарасады деген сияқты.
* * *
Əмірлерге өкпелеп, əскерлерге сөйлемедік.
Бұл мақал біреудің жасаған теріс ісіне өкпелеп, басқа адамға теріс қарайтын
жандарға арнайы айтылады.
* * *
Бөрі көршісін жемес.
Бұл мақал көршіні құрметтеуге арнап айтылады.
* * *
Қалың бұлтты боран айдар,
Қараңғы істі пəре ашар.
Бұл мақал пəреге сенген адамға айтылады.
* * *
Жеті басты – жалмауыз.
(Бөке – айдаһар, жалмауыз).
Ябақулар үлкендерін Бөкə Бұдраж деп атайтындары сияқты, кейбір батырларды
да осылай атайды. Бөкə Бұдражбен бірге болған кəпірлердің саны жеті жүз мың еді.
Қырық мың ғана əскері бар Арыстан Тегін Қазыға қарсы болған соғыста Тəңір оларға
масқара жеңіліс тапқызды.
Мен сол соғысқа қатынасқан кісіден кəпірлер соншалықты көп бола тұрып, қалай
жеңіліп қалды деп сұрадым. Ол:
– Біз де бұған қайран қалдық. Жеңіліс тапқан кісілерден «Сендер соншалықты көп
бола тұрып, не себепті жеңіліп қалдыңдар?» – деп сұрасақ, олар: «Барабан соғылып,
керней тартылып, соғыс басталғанда төбемізден төніп келе жатқан ғаламат үлкен тауды
көрдік. Ол таудың ашық тұрған сан-санақсыз есігі бар еді. Сол есіктен жаһанамның
жалыны шашылып, біздің құт-берекемізді қашырды. Қатты қорқып кеттік. Сөйтіп бізді
жеңдіңіздер!» – деді.
Мен мұны пайғамбарымыздың мұсылмандарына жасаған жақсы лығы деп түсіндім.
* * *
Құстың балапаны қорқынышты,
Иттің күшігі сүйкімді.
Бұл мақал əрқандай нəрсе өсе келе басқаша болады деп насихаттайды.
* * *
Тамұқтың қақпасын пəре (тауар) ашар.
Бұл мақал ойына алған істі бітіру үшін кез келген адамды пəре беруге үндеп
айтылады.
* * *
Күндестің күліне дейін дұшпан (жау).
* * *
Бидайдың арқасында бидайық су ішер.
Бұл мақал басқа біреудің жақсылық көмегінің арқасында дегеніне жеткен адамға
арнап айтылады.
270
271
* * *
Құпияның барлығы келінде.
(Келіндікінің барлығы құпия).
Өйткені жас келін жақсысының барлығын күйеуіне сақтайды деп насихаттайды
бұл мақал.
* * *
Бір түлкінің терісін екі мəрте соймас.
Бұл мақал жақсылық жасаған адамнан тағы да жақсылық талап етпеу үшін арнайы
айтылады.
* * *
Далада бөрі ұлыса,
Үйдегі иттің бауыры солқылдар.
Бұл мақал жақын адамдарды бір-біріне көмектесуге шақырып айтылады.
* * *
Жамылғылы (жан) су болмас,
Ауыздықты (ат) арындамас.
Бұл мақал əрқандай іске алдын ала дайындалу керектігін ескертіп айтылады.
* * *
Адамның қадірі тіршілігінде.
* * *
Кемпір би білмес,
– Жер тар, – дер.
Бұл мақал өтірік мақтанып, нағыз іс кезінде сылтауратқыш адамдарға арнап
айтылады.
* * *
Арыстан қартайса, тышқанның інін аңдыр.
Бұл мақал үлкен істерге шамасы келмей, ұсақ-түйек іске риза болған үлкен
адамдарға арнап айтылады.
* * *
Тиірменде туған тышқан
Көктің (найзағайдың) күрілінен қорықпас.
Бұл мақал басынан көп қиыншылықтар өткен адамды ұсақ-түйек істермен
қорқытпақшы болғандарға арнап айтылады.
* * *
Іш май сұйық майдай бола алмас.
* * *
Орнын таппаған тиірмен,
Абайсызда жарға құлар
Бұл мақал істі орынсыз істеген адамға арнап айтылады.
* * *
Кең (тігілген) тон тозбас,
Кеңесілген іс бұзылмас.
Бұл мақал бір іс істегенде өзім білермендікке салынбай, үлкендермен ақылдасып,
кеңесіп отыруға шақырады.
* * *
Құс тұзаққа жем үшін ілінер (түсер).
Бұл мақал тамақ іздеп, азып-тозған адамға айтылады.
* * *
Ер жігітті мұң басар,
Тау тұмсығын жел қағар.
Бір-бірлеп мың болар,
Тама-тама көл болар.
Бұл мақал аз болса да əрқандай затты қабылдап алу керек деп насихаттайды.
* * *
Сүзеген сиырға тəңір мүйіз бермес.
Бұл мақал басқа кісіге зиянын тигізетін залал істі істей алмай қалған адамға арнап
айтылады.
* * *
Көзден алыстаса, көңілден де алыстар.
(Көзден кетсе, көңілден болар ұмыт.)
* * *
Жақсы адамның сүйегі шірігенімен, аты қалар.
Бұл мақал адамдарды жақсылық жасауға үндеп айтылады.
* * *
Қалың берсе, қыз алар.
* * *
Қуанышы көп болса ақырында аһ ұрар.
Бұл мақал шамадан тыс шаттануға болмайды дегенді насихат тайды.
272
273
* * *
Тойын (күнде) табынар,
Тəңірдің (онда) шаруасы жоқ.
(Тойын – кəпірлердің дінбасы).
Бұл мақал басқаларға ұнайды деп жасаған ісі оңалмаған адамдарға арнап
айтылады.
* * *
Хас батыр өткінші жаңбырдай,
Білімді мірдің оғындай.
Бұл мақал бір істі қайта жасап, сонысы үшін сауға сұрамаған кісіге қаратып
айтылады.
* * *
Екі қошқардың басы бір қазанда піспес (қайнамас).
Бұл мақал бір қалада екі бектің бір-бірімен келісіп тұра алмайтындығы, əйтеуір,
біреуінің кетіп тынатындығына орай айтылады.
* * *
Əкесі бір бірін-бірі көре алмас,
Анасы бір мейірімсіз бола алмас.
Əкесі бір, анасы басқа бауырлар ешқашан бірін-бірі көре алмайды. Күншілдікпен
күн өткізеді. Керісінше, анасы – бір, əкесі басқа бауырлар бір-біріне мейірімді келеді.
Олар əрқашан да бірін-бірі өрге тартып, көмектесіп жүреді деп насихаттайды бұл
мақал.
* * *
Жалғыз қаздың үні шықпас.
Бұл мақал əрқандай істе басқалардан жəрдем сұраудың қажет екенін ескертеді.
* * *
Кəрі өгіз балтадан қорықпас.
Бұл мақал адамды əдеттеніп алған ісінен тайдыруға қорқытпақшы болғандарға
арнап айтылады.
* * *
Суды көрмей, етігіңді шешпе.
* * *
Жалықтырса да май жақсы,
Күйдірсе де күн жақсы.
Ò×Ðʲ
ÕÀËÛ¡ÒÀÐÛÍÛ£
Á¶É²ÒÒÅв
274
275
Бір ұйғыр сайысуға келді маған,
Жазасын мықтап тұрып бердім оған,
Денесі парша-парша болды содан,
Ол енді аш бөріге жем болады.
* * *
Азамат кеше жүрген қаза болды,
Қу дүние қалып артта аза көрді.
Өшіккен заман оған жаза берді,
Жүрегім қайғысынан жараланды-ау.
* * *
Үш адамды жақсылыққа бастағанды ғалым біл,
Оның ісін жұртқа жайып, қолдан келсе тəлім қыл.
* * *
Тоныңды асып тастама,
Асыңды бер басқаға,
Қонағыңды жасқама,
Даңқыңды ол жаяды.
* * *
Көзімнің жанары сөнді,
Басыма ажал төнді,
Шыбыным қайда қонды
Ұйқыдан мені оятар.
* * *
Татар дəмін тауыстым,
Үрейін алдым өзгеше,
Ажал уымен қауышты,
Терлеп іше ме, сезбесе.
* * *
Ұлым, менің өсиетіммен жанды ауызыңа қаратқын,
Ғалым болып, біліміңді ел ішіне таратқын.
* * *
Меңдіқыз жанарыңмен ғашық еттің,
Ойлауды сені ғана кəсіп еттім,
Отына орап қойып қасіреттің,
Жаным-ау, неге қашықтайсың?
* * *
Ел басшысы болсаң егер, жағымды істі кəсіп ет,
Бек қасында адамдарға жақсылықты тасып өт.
* * *
Жанымды жыр күйігі жабырқатты,
Басқаны менің дертім таңырқатты.
Күндерден көңіл мұңы ауыр тартты,
Содан да жапырақтай сарғаюым.
* * *
Тау-даланы жайқалтқан Еділ суы,
Көлшік-көлдер маңайда оның буы,
Ақ шортандар жүзеді айдынында,
Жағалары көз тартқан қалың нуы.
* * *
Жігітім, кеттің неге жылы орныңнан,
Айырылып қолыңдағы бар қорыңнан,
Қайтейін, жаяулығың өз сорыңнан,
Атыңнан бұдан былай үмітіңді үз.
* * *
Көріп неге қашпадың,
Қу нəпсіңнен аспадың,
Биік таудан аспадың,
Қолға түстің қор болып.
* * *
Жасалар қыстың қамы құтты жаздан,
Ойласаң, шіркін, ғұмыр тіпті аз да.
* * *
Қонақжай жомарт кетіп, дүние қараң қалды,
Жинапты бұл мекенге өңкей қу-сараңды.
* * *
Тəңірін ұмытып, дүние жинады,
Туысын тиынға бола қинады.
276
277
* * *
Білімді адам еткен инабатты,
Талайлар жан нұрыңнан сыйға батты,
Ешкімді астамдықпен қинамапты,
Халыққа үлгілі істі өсиет қып.
* * *
Қонақты қарсы алғын, асыңды күттірме,
Қуана жар салғын, бір затын зыттырма.
* * *
О, аяулы сүйіктім,
Басып жолын киіктің,
Таудан асып биік тым,
Қалай жеттің бұл жерге?
* * *
Қар кетіп, туды, міне, көктем айым,
Ал енді, суға қарық əрбір сайым.
Сөзімді тыңда күлмей, еркетайым,
Жайнады жарық жұлдыз көк аспанда.
* * *
Бұлақтан су ішелік сылдыраған,
Жайқалтып жапырағын сылдыраған,
Арудың əнін естіп сыңғырлаған,
Келелік қайғы-мұңды алыстатып.
* * *
Залым жан қонақты ұры деп қарайды,
Ел сыйын серінің жолда тонайды.
* * *
Өзгерді заман күймелі,
Парасатты ой сиреді,
Естіні есікке сүйреді,
Білімсіз зұлым басшы боп.
* * *
Ақымақ есін жиып ірге құрсын,
Қастаспай қой мен қасқыр бірге жүрсін,
Жайқалған өмір бетін гүлге бұрсын,
Береке ел ішіне тəртіп орнап.
* * *
Деді сенің жолыңда,
Азап тарттым сүйіктім,
Тас үгілді қолымда,
Аштысынан күйіктің.
* * *
Көршіңді, туысыңды құрметте,
Таралар тəлімі оның сыры көпке,
Сый алсаң қарымына құры кетпе,
Онан да артық бұйым дайындағын.
* * *
Қыс ызғары басылды,
Барша гүлдер ашылды,
Жердің беті жасыл-ды,
Жайнады əлем жəннəттай.
* * *
Қаһарланып атылдым,
Арыстандай ақырдым,
Батырын жерге батырдым,
Енді мені кім ұстар.
* * *
Күліп келген адамның бетіне күл шашпағын,
Жақсылық ет қашан да, қалыбыңнан аспағын.
* * *
Тағдырдың жазуынан аса алмайсың,
Кез болар тасқын суды тоса алмайтын.
* * *
Тұлпардың туа біткен шабысы бар,
Басатын жолдың жақын, алысы бар,
Нөсердің кездестірер сан ісі бар,
Келемін жануармен желдей есіп.
278
279
* * *
Көңілді шарап ішіп жылыталық,
Өмірдің қалды бізді дуы танып,
Қайғыны аз да болса ұмыталық,
Бір мезгіл өзімізге ерік беріп.
* * *
Бұзыраш жəне құтырды,
Ісі бардай ұтымды,
Келу жолын ұсынды,
Батырларын іріктеп.
* * *
Алудан аманатты зерікпеді,
Тойымсыз əдетіне ерік берді,
Айламен алаңдатты көрікті елді,
Достықтың адамшылық шартын бұзып.
* * *
Аңызақтан əуе айналып жерге түсті,
Таратты опасыз дос қалың күшті,
Үрейлі сонан халық күйге түсті,
Жау қолы Қара Ертістен өтпекші боп.
* * *
Заманның қас дұшпаны сұғанақ қол,
Апарар сұмдықтарға сүреңсіз жол,
Тұс-тұстан оған атса қаптаған қол,
Су тартылып, ау болды жермен жексен.
* * *
Арланды қоймай қуып, əлсіреттім,
Жөніне жіберсін бе аршын екпін,
Жотасын күжірейтіп айбат шекті,
Мен оны сойылмен тартып өттім.
* * *
Қыс пенен жаз тартысты,
Кездері бар əр түсті,
Қырын қарап айтысты,
Бірін-бірі ұтуға.
* * *
Шөл дала көктемде жайқалыпты,
Өзгеше таулар басы ой танытты.
Бар жəйі дүниенің байқалыпты,
Өрімдей уыз гүлдер шешек атып.
* * *
Оқты көзбен атысып, шықты ерлер майданға,
Ондай кезде сын болар өз сертінен тайғанға.
Қақтығысты қарулар, оңай соқпай жай жанға,
Қынапқа қылыш сыймады, қанмен жүзі қалыңдап.
* * *
Қар, мұз түгел еріді,
Ағу – судың ерігі.
Ақ бұлттың желігі –
Қайық боп көкте жүзеді.
* * *
Бөрідей шулап жыласты,
Өзекті өртеп мұң ащы.
Дауыстар көкке ұласты,
Көз жастан көп жан соқыр боп.
* * *
Жарасы жайсаң ердің ауыр тартты,
Жанын көп қан тоқтамай, жабырқатты.
Сонан да қайран сабаз тауға тартты,
Енді оны қалтарыстан кім табалар.
* * *
Ту тігілді шатырға,
Дабыл қақты батыр да.
Жау айналып пақырға,
Тұтқындалар қашқаны.
280
281
* * *
Ұйқыдан енді оянды,
Ісіне дұшпан өкініп.
Ел болуға ой алды,
Алған соң біз бекініп.
* * *
Жау тұтқынға алынды,
Азаптан қорқып жалынды,
Қылмысына малынды,
Бар еркінен айырылып.
* * *
Жеткіз менің сөзімді білімді адамдарға,
Тай ат болса – енесі артына алаңдар ма.
* * *
Өз құнын малмен төлеуге,
Болсын деп ісі елеуге,
Теңемей оны селеуге,
Тұтқынның бірін босаттым.
* * *
Құлан қырда жосылды,
Архар – құлжа қосылды,
Жайлап жазық төсіңді,
Ойнақтайды оркиік.
* * *
Əкім осы асқынған,
Өз еліне қас қылған,
Жазықсызды басқа ұрған,
Отыр енді бүкшиіп.
* * *
Көз жасым бұлақ болып толып ақты,
Аққу, қаз жүзуге оған келіп жатты.
* * *
Сүйіктім мойыныма асылады,
Шырқалып назды үнімен тасып əні.
Көңілім сəулешіммен ашылады,
Жайдары жаны таза еркетайым.
* * *
Батыр шықты əр түсті,
Өш алуды айтысты.
Сақалдарын тартысты,
Кеуделерде көк жанып.
* * *
Алуан гүл түрге еніп жайқалыпты,
Көркімен көңілдерге ой салыпты.
Табиғат талай жанға нəр танытты,
Əлемде өзгермейтін еш нəрсе жоқ.
* * *
Жазғы жайлау жасыл-ды,
Тұман түсіп, ашылды.
Жылқы үйездеп, қасынды,
Құлын-тайы кісінеп.
* * *
Батырлар қарсыласын аямайды,
Жан салып майдандасын аялайды,
Ешқашан төккен терін санамайды,
Ерлігін бір-бірінің алғыстаумен.
* * *
Қауышып жардың өзімен,
Нəр алып нəзік сөзінен,
Мөлдір қара көзінен,
Қуат алғам жаныма.
* * *
Көңілім сəулемді ойлап тыншымады,
Жанымды ғашық оты шымшылады.
Əсерлі əуенімен мұң шығады,
Өзіңді сəулетайым есіме алсам.
282
283
* * *
Көктем күн табиғатты идіреді,
Тасқын су салындыны үйдіреді.
Тазалап, адам оны күйдіреді,
Əр жерде қурап қалған көң-қоқсықты.
* * *
Кеште бұлт болса – əйелі ұл тапқандай қуанады,
Күзде күнде күн жауса – диқандар мұңаяды.
* * *
Парасатпен жалықпастан үйренсең зор білімді,
Көрсетесің дандайсымай сынақта асыл сырыңды.
* * *
Ай дағы құлақтанып, қораланды,
Ақша бұлт көк аспанды орап алды.
Малшыды бастағы əсем орамалды
Толассыз нөсерлетіп жаңбыр құйып.
* * *
Жігіттер, жеміс өсер жайқалатын,
Көңіл де тынса жұмыс жай табатын.
Адамға аң аулауда ой салатын,
Қайталық серуендеп желпініп бір.
* * *
Ізіңнің санап тізбегін,
Бақытым, сені іздедім,
Үмітімді үзбедім,
Көзімнен ағып қанды жас.
* * *
Азық берсең мүсəпір алғыстаған,
Ренжітсең ондайды қарғыс саған.
* * *
Жаз болса, жылқы ойнақтап жарысады,
Үйірін кісінесіп табысады.
Семіз ат ауыздықпен алысады,
Мырзалар сəйгүлікпен сейіл құрып.
* * *
Дұшпаннан таңғұт бегі тасаланды,
Əдісі уақыт еткен аса мəнді.
Басына бақыт-дəулет жасаған-ды,
Тəңірім оған медет бергендіктен.
* * *
Басқа дүние қиялымды не болса да жеңбейді,
Сəулешімнің басқан ізі жанарымды емдейді.
* * *
Аязда таңғұт қолын басып алды,
Қорланған қатын-қызы жасыған-ды.
Батырлар жеңісіне тасыған-ды,
Олжалап, мал-мүлкін көп түсіріп.
* * *
Бір жігіт асулардан асып кепті,
Мейлінше дүниені шашып-төкті.
Ақыры масқара боп қашып кетті,
Атының атырылған арынымен.
* * *
Бақыт-дəулет берсе Тəңір қолына,
Сəтті күндер туады оның жолына.
* * *
Ендіріп Ертіс суын түрлі түске,
Жұмсадық қалың қолын барлық іске.
Сүйеніп ашу-кекті зорлық күшке,
Дұшпандар бізге қарсы жиналмақта.
* * *
Тəңірім аспанды кең жаратыпты,
Жұлдыз бар онда ғажап, дара тіпті.
Асылды ауаменен оратыпты,
Адамды болмысымен таңырқатып.
* * *
Іс бітірдік, тындырып.
Қашты дұшпан шыңғырып.
284
285
Бұтқа дəрет сындырдық,
Қолымыз алға өрледі.
* * *
Ел түрік деп таныса,
Оның өзі бас бəйгі.
Халықты тура бастайды,
Одан ешкім аспайды.
* * *
Күн күркіреп, найзағай жарқылдайды,
Тау мен дала аңызақтан алқынбайды.
Қара боран соғудан тартынбайды,
Бұлтты түріп барады шалғай жаққа.
* * *
Батырлар шақырысты жекпе-жекке,
Кернетіп тұла бойын ашу-кекке.
Құралын қандамады олар текке,
Қынапқа қылыш қаннан сыймай қалды.
* * *
Малың сенің көбейсе – айналаңа жан толар,
Дастарқаның болмаса – маңайыңа кім жолар.
* * *
Сескенбей ұлықпенен майдандастым,
Қасқайып қара атыммен тауларды астым,
Белгісіз талай сырлы ойларды аштым,
Отарға оғын атқан сыйлық етіп.
* * *
Айырдым дұшпандарды батырынан,
Пəш болды талай ісі жасырынған.
Көп əскер қолға түсті бас ұрудан,
Күмісін алтынымен олжаладық.
* * *
Ханышаға жыр жүректен есіледі,
Қызметшің жаңа міндет өтінеді.
* * *
Көңілденсе патша-ханым алтын-күміс жаудырар,
Мейіріменен талайларды есінен де тандырар,
Бізге қарап бір жымиса жүрегімді жандырар.
* * *
Сүйіктім, менің ғана ай маңдайлым,
Өзіңнен басқа жанға айналмаймын.
* * *
Жасырын құрған тұзаққа,
Ілігіп сəулем ауырдым.
Еміңді созсаң ұзаққа,
Жанымды орар ауыр мұң.
* * *
Қонақты құт деп білген ерлер кетті өмірден,
Қалыпты жаны жаман, пейілі қар көмірден.
* * *
Қой, түйе, жылқы болса қолыңызда,
Дəулеті жарар өмір жолыңызға.
Гүл түрі бір-біріне көрік берер,
Көктемде көтеріліп ерікті өнер.
Адамдар құшақ-құшақ теріп келер,
Айнымас əсемдікке таңданумен.
* * *
Соғыстан талай бастар домалады,
Бүлінді небір жердің соны алаңы.
Ел қалай бұл алаңға қона алады,
Аққан қан, төбе-төбе сүйек жатыр.
* * *
Соғысты бастаушыны ұстап алып,
Жеткізсем жұрттың көзін іске анық.
Ондайды өлтірмей-ақ жөнге салып,
Бəлемді жіберер ем қарыздар ғып.
* * *
Бұл өмір оны ауыр жаралады,
Тек қана сенің емің дауалады.
286
287
* * *
Өзіңді бір сұлу қыз алдап кетті,
Жүргенде сен жай басып, таңдап көпті.
Қыр мұрын, қыпша белді есіңе алып,
Ол жайлы əлі талай өкінерсің.
* * *
Сыйлық алсаң сен оны ақым деме,
Жүз моншағын тегінде жақын көрме.
Айып болар жоқты айту ақылды ерге,
Данышпандар бос сөзді жаратпайды.
* * *
Тірлікте бейнетке жан жаншылады,
Рахат көргенше өмір таусылады.
* * *
Құс салып, ит жүгіртіп, аң аулайды,
Қырларда қызыл түлкі алаулайды.
* * *
Тармақтың тасқын суы толқындайды,
Орманын саялаудан ел танбайды.
* * *
Қарғаны мұз шоқытқан –
Қу құлқынның ісі еді,
Құл болса егер жоқтықтан,
Тұзаққа өзі түседі.
* * *
Құрметте, білімдінің сөзін тыңда, жігітім,
Үйреніп парасатын, ақта əділ үмітін.
Аттардың жал-құйрығын жеңілдеттік,
Түн қатып жау шебіне келіп жеттік.
Бөгелмей өткелдерден жеңіл өттік,
Мыңлақтың басын алдық адамының.
(Мыңлақ – қыстақтың аты. – Тəрж.).
* * *
Жаз шығып, түйін тастап, бүр ашылды,
Аспаннан түрлі гүлге нұр шашылды.
Құс сайрап, сай-саладан су тасыды,
Сұлулық көзді тартты таңғажайып.
* * *
Өнім бермес жер жаман,
Қайырымсыз, озбыр ел жаман.
Оған себеп кер заман,
Сауысқандай саққұлақ.
* * *
Ақылды адамға артық жалынбайды,
Үлгілі өсиетті қабылдайды.
* * *
Атты баптап жолға анық,
Қалқан, найза қолға алып.
Қырындай болып қомданып,
Айбынмен жауға баралық.
* * *
Бөктерлеп шықтым тау жаққа,
Қарадым анық жан-жаққа.
Дұшпанның қолы ар жақта,
Көрінді жау қарасы.
* * *
Жасалды келісім-шарт аса күшті,
Хан өзі соғыспауға қасам ішті.
Тəртіпті қайта бастап жасап ішкі,
Енді заң бұзғандардың басын алып.
* * *
Қатал қыс жазды қуды жадыраған,
Мұз басар сықырлатып қазір адам.
Бүрісіп түліктер де қожыраған,
Аяздан жан-жануар тітіркеніп.
288
289
* * *
Өмірді білмесең – білімің жоғалар,
Талғамды қашан да – бос сөзді доғарар.
* * *
Оғрақтың азаматы батыр келер,
Меймандос жомарттыққа басым келер.
Лақтың қонағына басын берер,
Қымызы сабасында үзілмеген.
* * *
Аттың түйіп құйрығын,
Тəңірдің күтіп бұйрығын.
Алуға өмір сыйлығын,
Із тастап кейін шегіндік.
* * *
Жіберіп аттың тізгінін,
Уақыт еді күзді күн.
Құртуға жауыз құзғынын,
Жеттік ұшып ұйғырға.
* * *
Түсіріп еске бар жайды,
Бектер зарлап сарнайды.
Қайғыдан жүзі сарғайды,
Афрасияптың қазасына.
* * *
Соғыс болмайды айласыз,
Онда жалбару пайдасыз.
* * *
Басында бітімге келмедің,
Қоқаңдап қарумен ерледің.
Ал енді, бағынсаң тездегін,
Болмаса, басыңды жер жұтар.
* * *
Сараңдар өмірге кең қарамайды,
Сол үшін ішкен асы тарамайды.
Дəм бітсе, ол бір тиынға жарамайды,
Алтынды өз бойындай жинаса да.
* * *
Мейіріне жардың тұнық қашан көңілім қанады,
Алауына махаббаттың ойым өрт боп жанады.
* * *
Еңіреген ер еді,
Ойы елге төр еді.
Адамның асыл зерегі,
Ажал оны əкетті.
* * *
Өртті талай өшірген,
Басынан көп іс кешірген.
Шешендік сөзге көсілген,
Қайран ер ерте көз жұмды.
* * *
Қанатын қақса қалың құс, үйрек көлде жылжиды,
Аздығын оқтың білгендей, қасқалдақ суға сүңгиді.
* * *
Қыс, сенде бүрсеңдейді жан-жануар,
Жаз – менде бар сұлулық мəн бағы бар.
Бұлбұлдар сайрағанда гүл бақшада,
Адамға туады ойдан таңданулар.
* * *
Ямар суын ішелік,
Тұнығына түселік.
Алып одан күшейіп,
Дұшпанды біз қуалық.
* * *
Жауды жаппай қоршалық,
Жолына да мор салып.
Неден енді қорқалық,
Əлсіреді қалың жау.
290
291
* * *
Дүние қызынды,
Адам азып, бұзылды.
* * *
Өсек сөзбен бір əйел атпақшы боп сыртымнан,
Байсыз қалды ақыры тыныш жүрмей құтырған.
* * *
Қасқырды атым менің тарпып жықты,
Серпіні жануардың артып мықты.
Даусым да сонда менің шалқып шықты,
Көңілімнің құдыреті артып тіпті.
* * *
Күлгенде сен де ашық көңіл сыйла,
Көретін қызығынан оны тыйма.
* * *
Кем санасаң жауыңды,
Болар күнің дауылды.
* * *
Көзің түсіп басқаға,
Мені алып тастама.
Жанарымды жасқама,
Көз жасымды көлдетіп.
* * *
Ел ісіне келгенде ерекше ол ер еді,
Адам үшін асылды жер бетінен тереді.
Қыста келген қонаққа асын дəйім береді,
Жұртын тастап азамат оралмасқа кетіпті.
* * *
Жақсылыққа жайсаң жан,
Ізгілікке ой салған,
Жауды талай қайтарған,
Ажал оны əкетті.
* * *
Жадырап жаз шыққаны ол анық-ты,
Жер беті мəуе баққа ораныпты,
Жүретін жануарға жол анық-ты,
Өрісте қалың сиыр ойнақтайды.
* * *
Жауға қатты ашындым,
Қаруымды асындым,
Əдісімді асырдым,
Дұшпан содан шегінді.
* * *
Пайдаланып орайын құлынымды ұрлады,
Нəпсіге еріп қомағай қойымды алып, жырғады,
Өз сертінде өзгермей, туралықпен тұрмады,
Шартын бұзды бірліктің, кетсін енді бетімен.
* * *
Жаз бен қыс бір-бірімен айтысты кеп,
Өзгеше өнерімен тартысты көп.
Ушығып кетті күрес əр түрлі боп,
Кектеніп аралары алыстады.
* * *
Туысын түгел шақырды,
Қаруларын асынды.
Ашуланып ақыры,
Өш алмақшы жиналып.
* * *
Өзі еді орай құда болам деген,
Сұраған ризалықты оған менен.
Ашуым қатты келді оған деген,
Тұрымтай құлымды алып қашып кетті.
* * *
Күй бола ма қолға түскен адамда,
Істің бəрі айналды енді жаманға,
Ат, адамы тізімделді табанда,
Оның сөзін бұдан былай кім тыңдар.
292
293
* * *
Ақ жауыннан гүл қауызы ашылды,
Жаз нұрынан жерге моншақ шашылды.
Жасыл орман жамылыпты асылды,
Хош иістен жадырайды жанымыз.
* * *
Тоқтады енді от жүрегі қызулы,
Демі бітіп, оның үні үзілді.
Аты дағы бар тізімнен сызылды,
Тірлігінің іргетасы бұзылды,
Татар дəмі жер бетінен таусылып.
* * *
Ат өнерін жүрісімен асырған,
Шабысына əркім дағы бас ұрған.
Тұяғынан қазғанда от шашылған,
Құмар болдым жүйрік атқа жасымнан.
* * *
Аттан түсіп, жүгіріп,
Таса жерге бұғынып,
Барар жолды ұғынып,
Жауды қоршап алалық.
* * *
Білімдінің қасына бар күнде, балам, ерінбей,
Төмен тұрып үйрен толық, тəкəппар боп көрінбей.
* * *
Махаббаттың мейіріне нəзік жаның иеді,
Оның ыстық теңізіне бойың балқып күйеді.
Білім деген мəуелі ағаш өз жемісін береді.
* * *
Шүкіршілік жазғанымда шешек атып өнеді.
Өмірімде тоқталуға жақындасып келеді,
Еңбегімді елім алсын, маған сол ғой керегі.
* * *
Төрт түлік пен алтын, күміс байлығыңа сүйенбе,
Білімсіз ол бос дүние жарамайды сүйеуге.
* * *
Жасырын ол махаббаттан айырылғанда, əшкере,
Көзін тіпті жұмса дағы, тұрады оған жас келе.
* * *
Атымды сұрап алып арықтатты,
Жем-шөпке жануарды жарытпапты.
Тəңірдің талқысынан қорықпапты,
Оңбаған ырысымды алыстатты.
* * *
Махаббаттың күйігінен есі мынау ауысқан,
Жапырақтай сарғаюмен жүрер жолын тауысқан.
* * *
Жолда жалғыз жатыпты,
Ұйқыға да батыпты,
Қызметшімді сатыпты,
Аулақ кетсін оңбаған.
* * *
Хан ием өзі келсе,
Жолыма жəрдем берсе,
Майданды көзі көрсе,
Əскерім күшейеді.
* * *
Басқа ол тайпаларды тұншықтырды,
Ығыр қып ел арасын тұншықтырды.
Ішіне қырсық алар қырсық кірді,
Төлем үшін құл болып сатылады.
* * *
Лайсаң жүрер жолды ауырлатты,
Ызғырық бөгіп бірге жауындатты.
294
295
Күшейіп күн күркіреп дауылдатты,
Аспанды қара бұлт торлап алды.
* * *
Көз-жасым азап-сордан тоқтамайды,
Ойымды серпілдірмей от қамайды.
* * *
Жүре-жүре табаным да ойылды,
Жылай-жылай көзде жасым қойылды.
* * *
Бекті бек көп азғырады,
Мадақтап көп озбырды.
Енді осылар аздырды,
Одан қалай құтылар.
* * *
Атымен Тəңірімнің білім жидым,
Өмірдің көңіліме сырын түйдім.
Гүліме таудың таза суын құйдым,
Мəртебем сонан менің биіктетті.
* * *
Халық дəйім сұғанақты жек көрген,
Талай істі басынан көп өткерген.
Ұлым, өзің дұрыс өткін өткелден,
Кішіпейіл жаннан тарар жақсы үлгі.
* * *
Сараңдық қып астықты,
Үй-ішіне бермедің.
Тышқан тасып, ас қыпты,
Қызығын да көрмедің.
* * *
Амалы жетік ақылды,
Жаны адамға жақын-ды.
Жауға қарсы атылды,
Оған ешкім тең келмес.
* * *
Сарқырап сай-саладан ағады су,
Бөлеген ақ моншаққа жағаны бу.
Жамылған жасыл жапырақ бағалы ну,
Қанатын көк жүзінде қағады қу.
* * *
Шешек атып алуан гүлдер жарасқан,
Көк теңіздей көрінеді жер, аспан.
Қырқаларды қызыға жан қарасқан.
* * *
Құстар ұшып келеді,
Жерден дəнін тереді.
* * *
Таудың ішін мекен етіп жатады,
Қой, қозысын ұйғырларға сатады.
* * *
Əмірімен Тəңірімнің кең əлем бұл байланған,
Оның бəрі жұлдыз-аспан, күндіз-түн боп байланған.
* * *
Бастады жау жорықты,
Сырттай талай торыпты.
Бізді көріп, қорықты
Істеріне өкініп.
* * *
Қонақ келсе өзін күт, ашықтырма атын да,
Ойнақтасын жануар ертесінде тақымда.
* * *
Оқтан қолым жаралы,
Ол ауыртып барады.
* * *
Адамды заман күйі əлсіретті,
Əйтеуір қолда барын талшық етті.
296
297
Айлалы аса пысық болса да епті,
Ажалдан ешкім қашып құтылмайды.
* * *
Ит жүгіртіп, құс салып,
Аңшылықтан сыр танып,
Ақша қарда түлкі алып,
Сейілдеп бір қайталық.
* * *
Қылыш тарт оңды-солды дұшпаныңа,
Аямай түсір оны қыспағыңа.
* * *
Көктемде құстар сайрайды,
Жарасып жердің қаймағы.
Құрт, құмырсқа ойнайды,
Ініне шығып, еркіндеп.
* * *
Жолдасыңды жамандап, артық пайда көздеме,
Туғаныңды жоғалтып, қырғауылды іздеме.
* * *
Мың кісің де құрбан болар өзіне,
Жанын қияр оның нұрлы көзіне.
* * *
Көл боп жасым төгілді,
Оған құстар шомылды.
* * *
Жақынын жамандап, дүние жияды,
Əйтеуір, амалдап туысын қуады.
* * *
Іс бастасаң асықпа, толғансаң ой өседі,
Асыға тартқан шақпағың тұтанып, тез өшеді.
* * *
Жеріме жетсем деген жете алмадым,
Өйткені ғашығыма алаңдадым.
* * *
Сымбатты өзі,
Сиқырлы көзі,
Əдепті сөзі,
Алды менің еркімді.
* * *
Бұлтпен бүркелді аспанның жолағы,
Тауларды жапты ол əппақ қар қонағы.
Жел шықса сүрі қар сай-сайға толады,
Сел болып ол енді сырқырап ағады.
* * *
Бүтіндей заман өзгерді,
Құтыртып жаман ездерді.
Адамдар өтірік сөзге ерді,
Парасатты бек кеткен соң.
* * *
Еңкейгенге – еңкейгін басың жерге жеткенше,
Шалқайғанға – шалқайғын төбең көкке жеткенше.
Жамандықтан аулақ бол жаның сонша күйгенше,
Жақсы сөзден жылылық мəртебеңді өсірер.
* * *
Қу адам əдетінен жаңылмайды,
Данышпан орынды ойды қабылдайды.
* * *
Байлықты да асқынбаған ұстайды,
Дəулетімен басқаларды қыспайды.
* * *
Ниетінен қайтыпты ол дұшпандар,
Келген елшісін де қыспаңдар.
298
299
Ел мұратын қобалжымай ұстаңдар, –
Деп сарбаздар бір-ақ жерге жиналды.
* * *
Басқаларға жүк көтертіп озбырлықпен үдеме,
Асыңды елге сарқып беріп, өзің қатып, жүдеме.
* * *
Жолдас болып танысты,
Алым-берім алысты.
Бір қуменен табысты,
Ұрлап алып ақшамды.
* * *
Айтып едім жолама деп Құлбаққа,
Суайт қой ол судай аққан қу жақта.
Сондағы кетіп қапты біз жоқта,
Басқа елден алып келген құлыммен.
* * *
Ол маған басын иіп сəлем етті,
Құрғатып көз жасымды құрмет етті,
Опалы еміне де көзім жетті,
Бірақ та жолаушыдай кетіп қалды.
* * *
Мақсатыма жетемін,
Ғылыммен еңбек етемін,
Өткелден сан өтемін,
Байлығымды сарып қып.
* * *
Қошқар, теке бөлінді,
Балалар да көңілді,
Тасып сүт те төгілді,
Қой, ешкілер сауылып.
* * *
Тегінде оқ себепсіз атылмайды,
Ол бірақ тау-даланы зақымдайды.
* * *
Əнші, күйші жиналды,
Бөлеп сазға бұл маңды.
Өнерлілер сыйланды,
Сайрандайық шалқып бір.
* * *
Көл толқыса – өзгеше тамға суы енеді,
Ақылдымен кезіксе – бұл сөзіме сенеді.
* * *
Дауыл шықты дамылсыз,
Жер-суыңды жалынсыз,
Аяз қатты үскірік,
Жіберді елді тысқырып.
* * *
Шайтан сені адастырды бал беріп,
Кетті сонан маңдайыңнан жан жеріп.
* * *
Жеткіз менің сөзімді білімді адамдарға,
Ұрпақ өссе, естілер өмірге алаңдар ма.
* * *
Күніне жаздың жайлы сеніп қалма,
Абайсыз жаман іске еніп, талма.
Бастайды ізгі ниет ерікті алға,
Сөйлеуге жақсы сөзді əдеттенгін.
* * *
Дəні бөртіп шүйгін қонақ піспеді,
Сүт сүзілді, қазан оттан түспеді.
Мені жібер майданға,
Ерлігімді көрсетем,
Өз сертімнен таймауға,
Бір сəйгүлік болса екен.
* * *
Қыс, сенен бар тіршілік жиренеді,
Түгелдей бүріскек бір түске енеді.
Кеңдікті жəндік жаздан үйренеді.
Бұлбұл құс бақшаларда еркін сайрап.
300
301
* * *
Қызыл ту көтерілді,
Шығарып нөсер үнді,
Оғрақтар есе білді,
Айналып соған кешіктік.
* * *
Достасып қара көңіл қашықтырды,
Жан екен жаны жаман жабық сырлы,
Ісі оның опасыздық налыттырды,
Жерімді басқаларға беріп қойып.
* * *
Жарық жұлдыз шыққанда,
Құс бар кейбір сайрайтын.
Оның үні ұққанға,
Жігеріңді қайрайтын.
* * *
Ақ қарды шаңға орап əскер келді,
Сардары жеңіс үшін бастар қолды.
Біледі дұшпанын да жасқар жерді,
Жеңілген Əліпая жасырынды.
* * *
Ауыр күн де кетеді,
Оған сабыр, шыдам қыл.
Бəрі бастан өтеді
Тұрмай ол жылан жыл.
* * *
Кеме ішінде тербеліп,
Ілеге қайық салғанбыз.
Ұйғырға өтіп, ерленіп,
Мыңлық елін алғанбыз.
* * *
Жаны кедей адамның құлқыны бір тоймайды,
Оны ешқашан күшпенен толтыруға болмайды.
* * *
Қордайдың аққу, қазы қаңқылдайды,
Төске алып тау самалын, салқындайды.
Сен неге сəл нəрсеге қырындадың,
Артыңа аз да болса бұрылмадың.
Көңіліңді бізге деген ырымдадың,
Қалдың ғой енді, міне, елеусіз боп.
* * *
Қараңғы түн тез атса деп тіледім,
Ұйқымды ой ашса екен деп тіледім.
Жеті қарақшы ол жұлдызын көп санаумен,
Жеңілденді менің күпті көңілім.
* * *
Алтын, күміс болса қолда əркім мекен салады,
Көңілі оның орныққан соң құдайды еске алады.
* * *
Махаббаттың дерті мені қинады,
Күндіз-түні жүрегімде тулады.
Толғанудан жаным да бір тынбады,
Көшіп кеткен жұртын көріп жарымның.
* * *
Жауың барда қанжарыңды қайрап жүр,
Қастық етсе, не істеуді ойлап жүр.
* * *
Аяздан жердің беті тынығып бір,
Айығар адамдар да ұғынып сыр.
«Сай-сайда қасат қарым тығылып тұр»,
Деп жазға қыс ақтарды өз болмысын.
* * *
Заманның күні-түні жолаушыдай өтеді,
Кімді келіп басса егер, оны əлсіз етеді.
* * *
Жарым мені көре сала емдеген,
Сусынымды қандырып еді шөлдеген.
302
303
Енді соның күйігінен əлсіреп,
Қайғы уы өзегімнен өрлеген.
* * *
Білімдіден ақылдылар қорланды,
Парасатты ой паршаланды зор мəнді.
Адамдарды бір-біріне қажатып,
Естілерді есер заман торға алды.
* * *
Сүйген жарым кетіп еді сапарға,
Көңілім менің оған берік байланған,
Онсыз жерде жүре алмадым қатарда,
Қайғысынан басым зеңіп, айналған.
* * *
Күйзелді түн қала халқы бірден,
Таңғұттың қолы мұнда жалпы кірген.
Ересен елін шауып, ойран етіп,
Тең болды бұл шаһардың қалпы күлмен.
* * *
Тоңғыттың ханын халық қарғыстады,
Төнсе де бастарына жан қыспағы.
Ол ханнан туыстары түгел безіп,
Əмірі онан кейін алға ұшпады.
* * *
Шыбын жанын қорғауға мекен-жайын сатпақшы,
Төлем беріп, ісіне дəмін жерден татпақшы.
«Зорлық түбі – қорлық» қой – қашаннан бұл айтылған,
Ол шындықты енді ұқты, тірі деген ат жақсы.
* * *
Есінен дұшпан ауысты,
Басар жолын тауысты.
Ажалменен қауышты,
Сөзге ауызы келместен.
* * *
Бұзырачтың құнын даулап баралық,
Ердің кегін ерлікпенен алалық.
Жан-жағынан жауды қоршап, қамалық,
Ал, жігіттер, тез жиналып, атқа қон.
* * *
Уəде бер, қаракөз,
Естіртші бір жақсы сөз.
Қасіретіңе болдым кез,
Жан күйімді түсінші.
* * *
Барыңды шашуға сен асықпағын,
Мақтанып, ойыңды онша тасытпағын.
Жаныңа қайғы деген қас болады.
Көңіліңді шығынды ойлап, жасытпағын.
* * *
Жаз, сенде жылан-шаян еркін дейді,
Шағуға адам, малды еркімдейді.
Сан мыңдаған улы жəндік желпілдейді, –
Деп қыс та бар шындықты баян етті.
* * *
Саған деген қалың малды, аяулым,
Дей алмаймын табу үшін аяндым.
Шаршап жүріп, өзіңді ойлап ояндым,
Əкем алып барады оны, қабыл ал.
* * *
Қайғым менен шаттығымды дауалайтын емім бар.
Мекенімді жəннəт дейтін менің жақын елім бар.
* * *
Тəңір жолын берген артық ойлана,
Шек келтіріп, оныменен ойнама.
* * *
Адамдар мəңгілікке туылмаған,
Күн, жұлдыз аспанда ол суынбаған.
* * *
Дүниеге құнықсаң сені орға жығады,
Данышпандар шыныққан оның мəнін ұғады.
304
305
* * *
Меніменен кеңесті,
Кездесетін дөңесті.
Дұшпанымен егесті,
Батырларын жинап ол.
* * *
Қайнасып қара бұлт қалың шықты,
Нөсерден сел ағызды тасып тіпті.
Қалың ел түнде ұйықтамай қорқып шықты,
Нажағай, күн күркіреп жарқылдады.
* * *
Шиебөрі секілденіп,
Дұшпан бегін ұстады.
Шашын жұлып, зеку беріп,
Оны əбден қыстады.
* * *
Қан майданға қасқайып кір, жігітім,
Елдің ақта саған артқан үмітін.
* * *
Туласын аса, долығы шықсын іштегі,
Шыланып терге, ерттеулі тоқым ішпегі.
Арыны біраз басылған осы көздегі,
Жөнге оны көндіруге күштеді.
* * *
Ұлым, саған əдепті мирас етіп қалдырамын,
Жағалағын жайқалған білімдінің бал құрағын.
* * *
Қарт адамға көрсетпегін ірге күш,
Ауырлыққа халықпенен бірге түс.
Достарыңызбен бөлісу: |