«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



Pdf көрінісі
бет202/270
Дата22.04.2023
өлшемі1.63 Mb.
#472577
түріБағдарламасы
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   270
8afa34252265722d01b4a137000ac038

Алла (Аллаһ)ислам дінінде бүкіл ғарышты, тіршілік дү-
ниесін және қиямет қайымды жаратушы, баршаға бірдей, жал-
ғыз және құдіреті күшті Құдай есімі. 
Құран Кәрімде айтылғандай: «ол Алла біреу-ақ, Алла мұң-
сыз (әр нәрсе оған мұқтаж). ол тумады да, туылмады. Әрі оған 
ешкім тең емес».
Алла Тағала әлемді, жерді, өсімдіктерді, жануарларды 
және адамды жаратты. ол адамдардың тағдыры—жазмышты 
белгілейді. Қияметте Алла барлық өлгендерді тірілтеді де, пә-
нидегі істерін таразылап, біреулерін жұмаққа, енді біреулерін 
тозаққа жібереді. Адамдарды дұрыс жолға түсіру үшін, Алла 
Тағала оларға мезгіл-мезгіл пайғамбарларды жіберіп тұрған. 
Мұхаммед [с.а.с.]

Алланың адамдарға жіберген соңғы Елшісі. 
оған Алланың Құраны Жәбірейіл періштенің дәнекерлігі мен 
жиырма үш жылда толық түсті. 
Алланың нақты бейнесі жоқ және ол бейнеленуге тиіс те 
емес. Намаз оқып, сәждеге бас қою арқылы ғана оған берілген-
дік ті білдіруге болады. 
Алла Тағаланың құдіреттілігін, әділеттілігін, қайырым ды-
лығын т.б.с.с. өзіне ғана тән қасиеттерін оның тоқсан тоғыз 
есімі көрсетеді. Мысалы: Акбар (ең ұлық), Тағала (ең жоғары), 
Кәрім (жомарт), рахман (мейірімді), рахым (рақымды), Халық 
(жаратушы), Шариф (қасиетті), Ахад (жалғыз), Самад (мәңгі), 
Жаппар (құдіретті), Ғафұр (кешірімді) т.б.
Мұхаммед пайғамбар—ең соңғы пайғамбар, ислам діні-
нің негізін салушы. Мұхаммед (с.а.с.) 570 жылы Мекке қала-
сын да дүниеге келген. Пайғамбардың әкесі Абдулла Мұхаммед 
өмірге келместен екі ай бұрын қайтыс болған. Ал анасы Әмина 


346
күй аңыздар
Мұхаммед алты жасқа толғанда дүниеден өтеді. Мұхаммед 
Мұстафа (с.а.с.) алғашында сүт анасы Халиманың, онан соң ата-
сы Ғабдулмүтәліптің, ол қайтыс болған соң ағасы Әбутәліптің 
тәрбиесінде болған. Алғашқы уахи хазірет Мұхаммед Меккеден 
үш шақырым жердегі Хира үңгірінде ғибадат етіп отырған түні 
таң алдында рамазан айында түсті. Мұхаммед 610 жылдары 40 
жасында Алланы, яғни бір Құдайға табынатын дін—исламды 
уағыздай бастайды. Мұхаммед (с.а.с.) ислам дінін жария еткен-
де арабтардың басым көпшілігі пұтқа табынатын. олар ислам 
дініне қарсылық білдіріп, түрлі қастандық жасады. Сондық тан 
б.д. 622 жылы Мұхаммед (с.а.с.) өзінің жақтастарымен бірге 
Меккеден Мәдина қаласына қоныс аударады. Бұл жыл ислам 
жыл санауының басы деп есептеледі. оның арабша атауы—
«хижра», яғни «қоныс аудару» деген сөз. Мұхаммед Мұстафа 
(с.а.с.) бин Абдулла 633 жылы Мәдина қаласында қайтыс бол-
ды. Мұхаммед пайғамбардың «Мұстафа» (таза, нұрлы, сипат-
ты), «расул» (елші), «Хабибулла» (Алланың сүйіктісі), «Сағи-
дулла» (Алланың көмекшісі) т.б. эпитет есімдері бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   270




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет