«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры


Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы



Pdf көрінісі
бет203/270
Дата22.04.2023
өлшемі1.63 Mb.
#472577
түріБағдарламасы
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   270
8afa34252265722d01b4a137000ac038

Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы—қазақ халқының ұлы ақы-
ны, философ, ағартушы, композитор. 1845 жылы қазіргі Шы-
ғыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қасқабұлақ жайлауын да 
дүниеге келіп, 1904 жылы Шыңғыстауда қайтыс болған. Бейіті 
Жидебай қыстауында. Қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы.
Абақ —керей тайпасының бір тармағы. Керейдің «Төр ше-
жіресі» керей этнонимінің Абақ (Әппақ) деген әйелімен бай-
ланыстырып, Абақ керей сол ананың ұрпағы дейді. Ел ішінде 
«Абақ—үйсін Сармырзаның қызы. Күйеуі қайтыс болған соң 
Шымыр деген ұлын алып, төркініне кеткен. Нағашысы әлгі 
баланы кішкентайынан ашамайға мінгізіп «менің ашамайлы 
керейім» деп ертіп жүреді екен» деген аңыз сақталған. Абақ 
соңғы күйеуінен Құттықожа деген ұл туады. одан Майқы (би 
Майқы емес), Майқыдан: Ермен-изен, Жусан туады. Абақ 
керейдің қазіргі 12 атасы осыдан өрбиді. Абақ керей руы 
ХVIII ғасырдың соңына қарай өздерінің атамекендері Қара 
Ертіс алқабына, Алтайға оралады.
Абыл Тарақұлы /1820-1892/—халық күйшісі. Маңғыстау 
өңірінде туып-өскен. Шын аты Абылай. Абыл бала кезінде 
еркелетіп атаған есімі. Жасынан ән мен күйді серік етіп, Боғ -
да, Қошқар сынды күйшілерді ұстаз тұтқан. олардың күй-


346
347
ҒылыМи ҚоСыМШАлАр
лерін үйреніп қана қоймай, бертін келе өзі де күй шыға рып, 
орындаушылық, күйшілік өнерімен танылған. Қазақстан ның 
батыс аймағын, Түркіменстан, Қарақалпақстан, Хиуа айма-
ғын аралап, сан рет күйшілер өнерінің сайысына түсті. Абыл-
дың «Абыл», «Ақжелең» (Абыл нұсқасы), «Нар ату», «Ақсақ 
құлан», «Кеңес», «Аранжанның шалқымасы» аталатын күй-
лері сақталған. Есбай (Тазбала), Алтынай, Сәулебай, өскенбай, 
Арал, Құлшар, Қауен, Есір т.б. күйшілер өздерін Абылдың 
шәкірті санаған, әрі оның күйшілік өнерін, орындаушылық 
дәстүрін жалғастырып, кейінгі ұрпаққа жеткізген. 
Абылай хан /1711-1781/—қазақтың ұлы ханы, мемлекет 
қайраткері, қолбасшы және дипломаты. Арғы тегі Жошы хан, 
бергі бабалары Қазақ ордасының негізін салған әз-Жәнібек, 
кейін ер Есім хан, Жәңгір хан. Абылай—Жәңгір ханның бе-
сінші ұрпағы. Жәңгірдің екі әйелі болған: қазақтан уәлибақы, 
қалмақтан Тәуке хан туады. уәлибақыдан Абылай. Ал енді 
Шәді Жәңгірұлы таратқан шежіре бойынша, Абылай Жошы—
Тоқайтемір әулетінің өзге бір бұтағынан тарайды және аштар-
ханид Әбілфайыз ханның (Бұхара ханы) баласы деп саналады. 
Абылай жекпе-жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр 
болған. Тұтқындарды аямай жазалағандықтан «қанішер Абы-
лай» атанған. Абылайдан Көркем уәли, одан Абылай (Әбіл-
мансұр) туады. Аңыз бойынша, Абылай жетім қалып, үйсін Төле 
бидің қолында тәрбиеленеді. Абылай қаһарлы хан болуымен 
қатар, қазақ халқының рухани мұрасынан еркін сусындаған 
дарынды күйші ретінде де белгілі. оның «Ақ толқын», «Ала-
байрақ», «Шаңды жорық» т.б. күйлері сақталған. Жетпіс жа-
сында жорықтан келе жатып, Арыс өзенінің жағасында қай тыс 
болған. Сүйегі Түркістандағы Қожа Ахмет яссауи кесене сінде 
жерленген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   270




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет