350
күй аңыздар
Қаракесек. Әлімнің
алты тармағы болғанына қарай, ел ішінде
«Алты ата Әлім» деп те аталғаны мәлім.
Белгілі ақын Көлдейбек-
ұлы Ерімбет (1850-1911) шежіресінде Әлімұлына жаманақты
(шекті), қарамашақты (төртқара), айнықты (қарасақал), ұла-
нақты (қаракесек), тегінболатты (қарасақал), тойқожаны (ақ
кете) жатқызады. Мұны тарихшылар С.Толыбеков, Х.Маданов,
зерттеуші Қ.Салғараұлы, шежіреші ө.Ахметов те қостайды.
Әлімнің
тармағы алтау болғанымен, ұранға шыққаны—төртеу.
олар: жаманақ, ұланақ, қарамашақ, айнық.
Әшім Дүңшеұлы /1896-1962/—күйші. ҚХр,
Іле Қазақ
обылысының Күнес ауданында өмірге келген. Әкесі Дүңше
ағаштан түйін түйген шебер болған, домбыра да шерткен. Әшім
домбыра тартуды жас кезінен үйренеді. Шығыс Түркістанға
аты әйгілі күйші атанады.
Шыңжаңның көп жерін, Қытай дың
ішкі
өлкелерін аралап, өнер көрсетеді. өзі де «Ақ ерке», «Ақ
толқын», «Таң бұлбұлы», «Сыбызғы үні», «Аққу келді», «Күй
қайтарма», «Арман-ай» т.б. күйлерін шығарған.
Байбақты—қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре
бойынша, байұлынан таратылады. Байжиен, Батақ аталары-
на бөлінеді. Ертеде Еділ мен Жайық
өзендерінің аралығын қо-
ныстаған. Байбақты руынан атақты Жауғашты, Мәлке, Күш-
пен, Дәуімшар, Жомарт, Шолан, Сырым т.б. билер мен батыр лар
шыққан. ұраны—Дәуқара, таңбасы—бақан.
Достарыңызбен бөлісу: