«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



Pdf көрінісі
бет208/270
Дата22.04.2023
өлшемі1.63 Mb.
#472577
түріБағдарламасы
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   270
8afa34252265722d01b4a137000ac038

Барақ Сатыбалдыұлы /1743-1840/—батыр, Кіші жүз 
қа 
зақтарының ұлт-азаттық қозғалысы басшыларының бірі. 
Ба рақтың батыр атағы 18 жасында торғауыт батыры Ала кө-
бекті жекпе-жекте жеңгеннен кейін шықты. 18 ғасыр 
дың 
70 жылдарына дейін шөмішті-табын қолын бастап, Еділ мен 
Жайық арасында қалмақтармен соғысты. 1785-1792 жыл-
дары Сырым Датұлы бастаған ресей отаршылдығына қарсы 
күрес басшыларының қатарында болды. Батырдың тегеу рін-
ді қарсылық әрекеттері орыс отаршыларының зорлық-зом-


352
күй аңыздар
былығын шектеп, Жайықтың оң жағалауындағы қазақ жер-
лерін сақтап қалуға септігін тигізді. Батыс Қазақстанның 
отарлануын тежеді, әскери бекіністердің көптеп салынуына 
жол бермеді.
Бейсенбі Дөненбайұлы /1803-1872/—күйші. Қазіргі ҚХр
Шыңжаң өлкесінің Алтай аймағына қарасты Буыршын ау-
данында туып-өскен. Әділ билігімен, дәулескер күйшілігмен 
танылған Бейсенбіні халық қастерлеп, «Бежең» атаған. Әкесі 
Дөненбай Бейсенбінің 14 жасында қаза тауып, осы оқиғаның 
әсерінен «Жеке батыр» күйін шығарған, туысы Маман бидің 
тәрбиесінде өскен. Жас та болса зерделі баланы Маман би ел 
ішінің жай-жапсарына көз қанықтырсын, байламды билік 
айтудың жөн-жобасын үйренсін деп ертіп жүреді. Маман биге 
атқосшы болып керей, найман, уақ рулары бас қосқан жиынға 
барғанында аға сұлтан Құнанбайдың батасын алып, жиынның 
төбе биі ретінде билік айтқан. 1840 жылы үштас жайлауында 
Ажы төре басқарған жиында төрт бидің бірі болып сайланған. 
Алтай, Тарбағатай, Баян өлгий аймағындағы қазақтардың 
саяси-әлеуметтік тағдырын шешкен келелі істердің басы-қа-
сын да болған. Бейсенбінің «Ажар», «Ақ жол, Кәрі боз», «Ала 
кү зен», «Арман», «Бейсенбі-Көкен», «Қара ала ат», «Құс қаш-
қан», «Көк шұбар ат», «Майда қоңыр», «Төрт бидің кеңесі» т.б. 
күйлері болған.
Беріш—қазақ халқын құрған тайпалардың бірі. Шежіре 
бойынша, Кіші жүздегі байұлы бірлестігі құрамына енеді. 
Есенқұл, Қаратоқай, Жайық, Жаңбыршы, Себек, Бегіс, Есен 
аталарына таратылады. Беріш тайпалық бірлестігінің тарихы 
тым ертеден бастау алатыны тарихи деректерде айтылады. иса-
тай, Махамбет…


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   270




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет