«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



Pdf көрінісі
бет95/270
Дата22.04.2023
өлшемі1.63 Mb.
#472577
түріБағдарламасы
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   270
8afa34252265722d01b4a137000ac038

177. «Қосбасқан» 
Халқымыздың салты бойынша, ең ауыр қылмыс, кешірімсіз 
күнә—қос басу. Салт бұзу жаман ырымға саналса да, қос ба-
сып, жылқы барымталау кездесіп тұрған. Бірде көршілес ха-
лықтың бір топ суық қол сұғанақтары ел тонап, қос басу емес, 
қыз басу, олжа салуға дейін барып, екі елдің арасын шие ле-
ніс 
тірген қырғын болыпты. Шырық бұзып, ырық кетірген 
тоң мойындардың қылығы екі елдің де шыдамын тоздырып, 
төзімін тауысыпты. Шыдай алмаған екі жақтың көрегендері бас 
біріктіріп, күнәһарларды жазаға тартуға бекінеді. Төреліктің 
бір жақ тізгінін—Тума би, екіншісін Сона би ұстапты. 
Төреліктің төріне, топтың алдына құныкерлер мен күнә-
һарларды шығарады. «Шырақтарым кім еді, көзін тігіп, арыңа 
тиген, намысыңды жер еткен, жүрекке жара салып, ақ жүзіңді 
қорлаған. Тап басып таны да, дәл көздеп көзінен ат кіріптар-
дың. Жебең тиіп көзі шықса, қолы сынып, басы жарылса, жү-
ректен өтіп, демі бітсе—арыңның садағасы. Жаза басып мүлт 
кетсең—жаныңның садағасы. Күрмелген жіп, күйінген жүрек 
жарасының шешімі, төрелігі сол болар, шырақтарым, садағың 
берер жазасын...»—деп, Сона төреліктің төрінде тұрған он екі 
қызға қорамсақты ұсына берген кезде, кек кернеген ызалы қыз 
гүлсана суырылып алға шығады. Болған жағдайды шұбыртып 
айта келіп, ашу қысып булыққан ол садағын шірене тартып, 
ұзын сойыл ұр да жық қара дойырды мұрттай ұшырып түсі ріп-
ті. Күй атасы атанған Бәжең осы оқиғаның желісін, оның күйі-
ніш-сүйінішін, төрелігін «Қосбасқан» деп ат қойып, домбыра-
ның көмейінен осылайша күй сөйлетіпті. 
УӘЛИҰЛЫ АБЫЛАЙ ХАН /1711-1780/
178. «Жетім торы» 
«Жауға барсаң, бәрің бар, дауға барсаң, бірің бар» дегендей, 
рулы елден шығатын батыр әдетте жалғыз-жарым болмаған. 
Алдағыға еліктеп, арттағыға үлгі-өнеге болатын үрдіс, әсіресе 
жоңғар шапқыншылығы кезінде игі дәстүрге айналған. Сол 
дәстүрдің бір айғағындай болып, Қанжығалыдан қарт Бөгем-
бай шыққанда, оның өкшесін басқан батырлар да аз болма-
са керек. Қанжығалы руының Жантай, үйсінбай, Арқандар 


172
күй аңыздар
атты ағайынды үш батырының жойдасыз ерлігі кезінде иісі 
қазақтың қайратын жаныған. «Жолбарысты ердің ері алады
болмаса ағайынды екеу алады» деген рас сөз. Қанжығалының 
үш батыры тізе қосып ұрыс салғанда, қамалдай болып қарсы 
келген жау 
ды қоғадай жапырушы еді дейді. Әсіресе өңінің 
сұстылығына орай «Қарабұжыр» деген қосақ аты бар Жантай 
батырдың ерен ерлігі аңыз болып тараған. Жантайдың жой-
қын батырлығына Абылай хан ерекше сүйсініп: «Елдің шетіне, 
желдің өтіне, жаудың бетіне тұтқан қорғаным, қайраулы қара 
қылышым!»—деп отырады екен. Шынында да, Қанжығалы 
Қарабұжыр Жантай әлекедей жаланған бес жүз қолды бастап, 
үнемі алғы шепте, тоспада жүретін болыпты. Жаугершілік за-
манда жаудың алдын торып жүру оңай емес. Айламен алып
қайратпен жеңетін қатал міндет. Бірақ Жантай жаудан жал-
таруды білмесе керек. Қандай қиын-қыстау кезде де қалмақ-
тың қарасынан көз жазбай, қопарыла қозғалар болса, алдымен 
Жантайдың қолы тоспаға шығып отырған. 
Жантай сияқты даңқты ағасын үйсінбай мен Арқандар арқа 
тұтады. Арқа тұтқан соң да қалмақтың қосынын қорықпай то-
руылдап, шеттеп қонған күреңінен олжа түсіріп қайтып жү-
реді екен. Сол әдетпен бір күні үйсінбай батыр үш-төрт түйе ол-
жамен оралыпты. Ауылға жете бергенде қарсы ұшырасқан інісі 
Арқандар еркелеп «Сауға» десе керек. Сонда інісін қайрағы сы 
келген үйсінбай: «Сауғам жоқ, қалмақта не көп—түйе көп, 
денің сау, қол-аяғың бүтін, өзің барып ал!»—деп жүре беріпті. 
Ағасының әзіл сөзін көңіліне алып, намысқа булыққан 
Арқандар жанына серігін ертіп, жауға аттанады. Сол бетінде, 
қалмақ күреңінің қарасы көрінгенде тізгінді бір-ақ тартады 
ғой. Баспалап қараса, желдеп жайылып шыққан бір келе түйені 
көреді. Күреңнен қара үзіп, ұзады-ау деген кезде түйе келе сін 
сырғыта қақпалап айдап жөнеледі. 
Жаугершіл кездің көзі қырағы емес пе, қалмақтар түйесіне 
жаудың тигенін сезіп қалып, қуғыншы шығарады. өкшелеп 
келіп қалған қуғыншыны көрген Арқандар серіктерін озды-
рып жіберіп, өзі тоспада қалады. Алғашқыда, жалғыз-жарым 
қуғыншы болса бетін бір қайырып тастайын деп қарсы алған 
Арқандар жау қарасының көп екенін көреді. Арқандардың 
тәуекелге бел буып, қуғыншыны жалғыз қарсы алудан басқа 
айласы қалмайды. Сарт-сұрт ұрыс басталып кетеді. 


172
173
күй және күйшілер туралы аңыздар
Бұл екі арада, қуғыншының күшінің басымдылығын бай-
қап қалған Арқандардың жеті серігі түйелерді тастай салып, 
көмекке ұмтылады. Бірақ бұлар жеткенше, саны көп қалмақ 
Арқандарды қаумалап қоршап, найзамен шабақтап кетеді... 
Жақсы көретін інісінің ойламаған жерден мерт болуы Жан-
тай мен үйсінбайды қатты күйзелтеді. Морт мінезді Жан-
тай: «Не өлемін, не жаудың қанын ішіп, Арқандардың кегін 
қайтарамын!»—деп бес жүз қолымен атқа қонады. Бұл жо-
рыққа Жантайдың ер жетіп қалған баласы Тоқыш пен інісі 
үйсінбай да қосылады. 
Жантай батырдың інісінің өлімі аяқсыз қалмайтынын біл-
ген қалмақтар да дүрлігіп, оң мың қолмен қарсы алады. осы жо-
лы, ашу үстінде шолғыншы серіктерінің бірі: «Жақа, жау дың 
қарасы көптеу екен, арттан келер күшті күтсек қайтеді»,—десе 
керек. Сонда Жантай түнерген қалпы: «Жаумен санап соғыспас 
болар!»—деп қынаптан қылышын суырған екен. Қалмақтың 
мұздай құрсанған он мың қолына Жантайдың бес жүз сарбазы 
жанынан түңіліп қарсы шабады. 
Бұл соғыс қазақ пен қалмақтың бірдей жанын түршіктір-
ген, қан қақсап қырғын болған. Соғыстың дәмін татып 
жүр ген Жантай батырдың сарбаздары ұрыс басталғаннан-ақ 
бас-ба 
сына жиырма қалмақтан келетінін бірден болжайды. 
Мұн дай да, түйіл ген жұдырықтай болып, араға жауды кіргізбей 
со ғы су қажет. Мұны жақсы білетін сарбаздар қоралана тұрып, 
құ жынаған қалмақтың баса-көктеуіне мүмкіндік бермей, ке-
зекке қойып соғысқандай діңкелетеді. 
Жан алып, жан берген соғыстың қанқызу бір сәтінде үйсін-
байдың қарнын қылыш сойып өтеді. Сонда тілінген қар нын 
шалғайымен басып, бір қолымен ұрыс салып жүрген үйсінбай 
ағасына: «Жантай батыр, қарын жарылса, тірі қалуға бола 
ма?»—деп сұраған екен. 
ұзақты күнге созылған шайқас Жантай батыр сегіз серігі-
мен қалады. оның біреуі Жантайдың баласы Тоқыш болса ке-
рек. Соғыстың аяқталуына көзі жеткен Жантай батыр астын да-
ғы торы тұлпарына баласы Тоқышты мінгізіп: «Тоқыш ба лам, 
мыналар болмады ғой, енді кегімді алар ешкім қалмас, бұзып 
шық та, елге жет!»—депті. Содан, қолынан қылышы түскен-
ше қалың жаумен жалғыз арпалысқан Жантай жойдасыз ерлік 
көрсетсе керек. 


174
күй аңыздар
осы соғыста әбден селдірей сиреген қалмақ жауынгерлері елі-
не жеткенде «Қазақтардан жеңіліп қалдық!» деп келіп еді дейді. 
Қарабұжыр Жантай батырдың қалай мерт болғанын есті-
генде Абылай хан: «Тасқа шапса, кетілмейтін қайраулы қара 
қылышым-ай!» деп күйіне қайғырған екен.
Содан, Абылай ханның өзі бас болып, Жантай батырды ару-
лап қояды. Батырдың әруағы риза болу үшін торы тұлпарын тұл-
дап, жал-құйрығын күзеп, жылында соятын етіп бос қоя береді. 
Қайғыны қайратқа жеңдіретін жаугершілік заман емес пе, 
аласапыран күндер бірінен соң бірі өтіп жатады. Талай рет 
дабыл қағылып, талай рет шаңды жорыққа шығып, талай ер-
лер шәйіт болып, талай рет жеңіс туы желбірейді. Күндердің 
бір күнінде Абылай хан ордасына қосын жиып, шеру тартып, 
кезекті бір жорыққа аттанбақшы болады. Жорық алдында 
әйгілі батырлар хан ордасына жиналып, пәтуаласқан сөздер 
айтылады. Ереуіл аттары кермені сүзе тартып, ерлерді қан 
майданға асықтырғандай тықыршиды. 
осындай шақта орда сыртынан ат дүбірі шығып, іле күмбір-
лей кісінеген дауыс естіледі. Хан ордасына атпен келу рәсімде 
жоқ. Абылай хан бастаған батырлар мен билер елең етісіп
сөздерін тыяды. Сол екі арада, әлденеге елегізгендей үнмен 
тағы да кісінеген дауыс естіледі. Төлеңгіттердің бірі ордаға 
кіріп: «Хан ием, Жантай батырдың тұлданған аты ғой, жорық 
дүбірін сезіп, иесін іздеп жүрген сияқты»,—деп тіл қатады. 
осы кезде Жантай батырдың торы тұлпары құйрығы сабаудай 
болып, орданың алдынан ойқастай өтеді де, батырлардың аты 
байланған үйреншікті кермеге барып тоқтайды. Сонсоң ішін 
тартып тағы бір қоңыраудай күмбірлеп кісінейді. 
Күтпеген көрініс ордадағылардың есіне Жантай батырды 
түсіріп, мұңайтып тастайды. Сонда Абылай хан да көзі боталай 
мұңайып: «Қайран Жетім торы, иесін сағынған екен ғой... Бізге 
де керек ер еді-ау!»—деген екен.
Абылай ханның «Жетім торы» атты күйінің дүниеге келуіне 
осы бір оқиға себепші болып еді дейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   270




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет