Мəдениеттану пəні дəрістер №1 Тақырыбы: МƏдениет ұҒымы жəне қҰрылымы жоспар



Pdf көрінісі
бет17/22
Дата25.03.2024
өлшемі2.27 Mb.
#496458
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Снимок экрана 2024—03—07 в 16.35.06

Ұлы Жібек жолындағы сауда
.
Жібек жолы бағытымен өткен керуен саудасы пайда əкелумен қатар, үлкен қауіп-
қатерге де толы еді. Сол себепті көпестер жолға жалғыз емес, қарулы адамдардан
тұратын ірі керуендермен шықты. Керуендер жүк артылған бірнеше жүздеген
малдан құралды. Олармен бірге саудагерлер, аудармашылар, нөкерлерін ерткен
елшілер, дін таратушылар да сапар шекті. Керуен саудасы арқылы жол бойында
тұрақты түрде қызмет көрсететін орындар ашылды. Сол себепті Ұлы Жібек жолы
бойында керуен сарайлар (жолаушылар тоқтап, демалатын жайлар) салынды.
Оларда көпестер мен керуенге қызмет көрсететін арнайы адамдар, демалыс
бөлмелері, тауар сақтауға, жүк артылған малға арналған қоражайлар, қажетті
жемшөп, азық-түлік пен қоймалар болды. Керуен сарайлар көпес үшін қажетті
тауарды сатып алатын, сататын орынға айналды. Айырбас сауда да дамыды. Жер
иелері кедендік баж салықтарынан пайда тапты. Бұл артықшылықты жоғалтып
алмау үшін Орталық Азия елдерінің билеушілері көпестерді қорғайтын заңдар
қабылдады. Сауданы дамытуда көшпелі малшылар маңызды рөл атқарды. Олар
керуендерге жол көрсетіп, азық жəне көлік малымен қамтамасыз етті.
Жібек
жолындағы қалалар.
Ортағасырлық авторлардың деректері мен археологиялық
қазба жұмыстары Жібек жолы бойындағы халықаралық сауданың IX ғасыр мен
XIII ғасырдың басында ерекше дамығандығын айғақтайды. Испиджаб, Кедер,
Отырар, Тараз, Науакент, Баласағұн қалалары ірі сауда орталықтары саналды. Осы
кезеңде Шу, Талас жəне Сырдария алқаптарында қала орталықтары қалыптасты.
Бұл қала орындары Арал бойындағы құрғақ, шөлейт аймақтарда жақсы
сақталған. Ұлтаралық жəне дінаралық төзімділік, өзге халықтың салт-дəстүріне
құрметпен қарау Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалардың басты ерекшелігі
болды.
2.Орталық 
Азия 
қалалары 
діни 
(буддизм, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет