1. Абстракциялықтан нақтылыққа көшу әдісі. Әрбір теорияның негізгі
тұжырымдары, яғни оның постулаттары, қағидаттары мен аксиомалары
білімнің қалған өзгелері осылардан туындайтын іргетасты құрайды. Сондықтан
да бұл тұжырымдарға енген абстракцияларды фундаменталды (іргелі) деп
атайды. Әрбір ғылыми теорияның абыройы түпкі фундаменталдық
абстракциялардың қаншалықты дұрыс қалыптасқанына, олардың зерттелетін
объектілердің арасындағы терең ішкі байланыстарын қаншалықты дұрыс
бейнелейтініне байланысты.
Ең алдымен, қағидаттардың, постулаттардың жəне аксиомалардың
зерттеліп отырған пəндік саланың түпкі, неғұрлым универсалды жəне терең
байланыстары мен қатынастарын білдіретінін ескерейік. Оларға енген ұғымдар
аз нəрсені ғана бейнелегенімен, объекттің неғұрлым мəнді, неғұрлым маңызды
қасиеттері мен ерекшеліктерін бейнелеуі тиіс. Ең болмағанда, мұндай ұғымдар
(абстракциялар) оның тек бір ғана қырын немесе кейбір жекелеген қасиеттерін
білдіре алады. Мұндай қасиеттер мен қырларсыз берілген құбылыстың өмір
сүруі, қызмет етуі мен дамуы мүмкін болмаған жағдайда ғана олар маңызды
деп саналады. Олар құбылыстың негізін құраса, ал соларға сəйкес ұғымдар
теорияның
фундаменталды
абстракциясын
білдіреді.
Мұндай
абстракциялардың танымдық функциясы (қызметі) салдарларын қостауға
немесе терістеуге болатын ғылымның негізгі заңдарын қалыптастырумен
сипатталады. Егер қосталған жағдайда абстракциялар дұрыс, ғылыми, ал
терістелгенде – жалған, ғылыми емес деп есептеледі.
Теорияның дамуы барысында жаңа заңдарды құрастыру үшін жаңа
құбылыстарды түсіндіру немесе болжау үшін енгізілген əрбір жаңа ұғым
алдыңғы ұғымдармен жымдаса отырып, олармен байланысады. Мұндай жаңа
ұғымдар енді заттардың жекелеген қырларын ғана бейнелемей өзара
байланысқан қасиеттер мен қатынастардың, қырлардың бірнешеуін, көпшілігін
бейнелейді. Бұларды нақты ұғымдар деп атайды. Fалым неғұрлым дамыған
сайын, оның ұғымдары соғұрлым нақтыланып, объективті құбылыстар мен
процестерді дəлірек, толығырақ, жан-жақты сипаттай отырып, бейнелейді.
"Абстрактылы" жəне "нақтылы" деген қарама-қарсы категориялардың терең
диалектикалық бірлігін айқындай отырып, К.Маркс былай деп жазды:
"Нақтылық көптеген анықтамалардың синтезі ретінде алуан түрліліктің
тұтастығының жалғасы болғандықтан ғана нақтылық".
113
Нақты ұғымдар мен нақты заттардың, ахуалдардың, құбылыстардың жəн
т.б. айырмашылығын айыра білу қажет. Нақты зат немесе оқиға – бұл өзінің
барлық көрінісі мен байланыстарында біздің сезім органдарымызбен тікелей
қабылданып, тікелей санамен сараланатын нəрселер. Ұғымдар болса, мейлі ол
ең нақты ұғымдар болсын берілген құбылысты бейнелейтін немесе оларды
бейнелеу үшін қолданылатын қандай да бір белгілік конструкциялар, тілдік
белгілер болып табылады.
Қазіргі физиканың ұғымдарын құрастырудағы жағдай да осындай. Ең
алдымен айталық "электрон" жəне "протон" ұғымдары енгізіледі. Кейінірек
өзге бөлшектер мен əртүрлі физикалық өрістердің ұғымдары пайда болады.
Онан кейін бұл бөлшектер мен өрістердің физикалық қасиеттерінің ұғымдары
нақтыланады, олардың өзара əрекеті мен өзара алмасулары сипатталады. Бұл
жағдайда "бөлшектің массасы", "ықпалдың кванты", "магниттік сəт", "спин"
жəне т.б. ұғымдар алдыңғы физикалық теориялардағы абстракциялық
ұғымдардың үстіне мінгеседі, өздерінің құрамына кіргізеді, ал кейде оларды
түпкілікті түрде қайта өңдейді.
Абстрактылықтан нақтылыққа көшу – ғылыми теориялар құрастырудың
логикалық жалғастығын реттейтін жалпы метод. Fалымдар көбіне оның барлық
бөлшектері мен мүмкіншіліктерін аңғармай, стихиялы түрде қолданады. Бұл
методты философиялық талдау жəне пайымдау оның қолданысын неғұрлым
адекватты етуге ықпал етеді.
Кез келген ғылыми теория өз объектісін белгілі деңгейге дейін сипаттайды.
Бұл оған тəн қызмет ету жəне даму заңдарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Алайда, сол объектті сипаттаудың өзге де мүмкіндіктері бар. Егер біз
капитализмнің пайда болу тарихын бөлшектеп, əрбір қадамын сипаттайтын
болсақ, біз оның мəнін, оның негізгі заңдарын тани алар едік. Капитализмнің
дамуы жағдайында мұндай тарихи сипаттаудың болуы мүмкін, бірақ іс жүзінде
өте қиын. Тарих тура жолмен емес, бұралаң жолдармен жүреді. Онда бізді
қызықтырған үдерісті тұмшалайтын, ал кейде, тіпті, тура бұрмалайтын да
миллиондаған оқиғалар болып жатады. Шындығында, тарихи сипаттау, əдетте,
бізді қызықтырушы объект – берілген жағдайда капитализм – өзінің дамыған
күйінде қалыптасқаннан кейін ғана мүмкін болады. Тек сонда ғана оған
логикалық талдау жасап жəне оның фундаменталдық абстракцияларымен қоса
теориясын қалыптастыруға болады. Ол ғасырлар қойнауынан жеткен сан-алуан
оқиғалардың ішіндегі ең маңызды үдерісер мен құбылыстарға жарық беріп,
олардың жалғастығын анықтайтын заңдылықтарын бекітеді.
Осылайша, абстракциялықтан нақтылыққа көшу зерттеу объектісіндегі ең
маңызды сəттерді бөліп алып, тарихи зерттеудің логикалық қаңқасын
қалыптастырады. Сонымен қатар, тарихи талдау ғылыми теориядағы
фундаменталдық абстракциялатр мен заңдылықтардың дұрыстығын бекітеді.
Жаратылыстанымда мұны əсіресе космология тарихы жақсы бейнелейді.
Астрономдар Fаламды əуел бастан мəңгіге құрылған жетілген, дайын объект
ретінде қарастыра отырып, бұл объекттің дамуы туралы мəселені қойған жоқ.
Жинақталған эмпирикалық материал мен теорияның дамуы Fаламға тарихи
тұрғыдан қарауға мүмкіндік берген тұста астрономиялық теориялардың аса
114
маңызды логикалық тораптары Fаламның қалыптасуының ең маңызды сəттерін
бөліп, тарихи сипаттамасын жоғары деңгейде ұйымдастыруға жағдай жасады.
Мұнан шығатын қорытынды зерттеудің тарихи жəне логикалық методтары
неокантшыл философтар Риккерт пен Виндельбанд жəне сыншыл
рационализмнің көсемі Поппер айтқандай бірін-бірі теріске шығармайды,
керісінше бір-бірін өзара толықтырады. Осылайша, дамушы жəне қызмет етуші
жүйелерді зерттеудегі тұтастықты бекіту үшін жəне жүйелерді функционалдық
жəне тарихи-генетикалық көзқарас тұрғысынан сипаттайтын теорияларды
келісімге келтіру үшін негіз қалыптасады.
2. Үлгілеу (модельдеу) әлісі және жүйелілік қағидаты. Танымдық
əрекетте жəне əсіресе ғылыми зерттеуде ең кеңінен таралған тəсілдің бірі
гносеологиялық алмастыру болып табылады. Алмастыру процедурасы
былайша өтеді. Қандай да бір себептер мен тікелей зерттеуге көнбейтін əйтеуір
бір объектті зерттеу қажет деп алайық. Ол өте күрделі өте көлемді,
зерттеушіден қашық, өткенге қатысты жəне т.б. болуы мүмкін. Тіпті, бізді
қызықтырып отырған объекттің əлі өмірде болмауы жəне оны енді құрастыру
керек болуы мүмкін. Мұндай жағдайда өзге объекттің – объект-орынбасардың
көмегіне сүйенеді. Оларды кейде дайын күйінде (макака-резус маймылы
адамның орынбасары ретінде пайдаланылды), кейде арнайы жасайды (болашақ
ГЭС-ң макеті, үлгісі). Егер, объект-орынбасардың құрылысын, қызмет ету мен
даму заңдылықтарын зерттеп, осылайша алынған білімді белгілі бір
түзетулермен бастапқы объектке көшіріп жəне оны таным үшін пайдалансақ,
онда объект – орынбасар үлгі деп, ал бастапқы объект – прототип деп аталады.
Үлгілеу үдерісі неге негізделген?
Ерте замандардың өзінде-ақ адамдар табиғаттың, қоғамның жəне ойлаудың
əртүрлі салаларына жататын əртүрлі құбылыстардың, процестердің жəне
əрекет түрлерінің арасында бір ұқсастықты бекітуге болатынын аңғарған.
Мысалы, адам мен оның мүсіндік портретінің арасында геометриялық
ұқсастық бар, ал қалған қатынастарда – материалында, түсінде, қозғалуы мен
ойлану қабілетінде олардың түбірлі айырмашылықтары бар. Есесіне адам мен
макака-резус сырттай бір-бірінен айырмашылығы болғанымен, олардың
қандарының құрамы өте ұқсас, тіпті адам қанының орнына маймылдың қанын
алып зерттеп, осы зерттеудің нəтижелерін кейін адамға қатысты қолдануға
болады. Дəл осылайша, адам қанының резус-факторы ашылған болатын. Осы
айтылғандардан шығатыны объект-орынбасар прототиптен барлық жағынан
барынша ерекшеленуі мүмкін, ал тек бір жағынан – үлгілеуге болатын жағынан
ұқсас.
Үлгілер мен прототиптердің таза сыртқы механикалық немесе
геометриялық ұқсастықтарын пайдалану үлгілеудің ең қарапайым жағдайын
білдіреді. Бірақ үлгілеу қызмет ету немесе даму заңдарын бекіту үшін де,
прототиптердің құрылымын зерттеу үшін де қолданылады. Сондықтан да
үлгінің қызмет етуші, дамушы жəне құрылымдық түрлері, сонымен қатар
олардың комбинациясының қызмет етуші-дамушы, қызмет етуші-құрылымдық
жəне т.б. түрлері болады. Үлгілердің прототиптен тек көлемі, материалы
жағынан ғана емес, өз болмысының тəсілі жағынан да айырмашылығы
115
болатынын ескеру қажет. Мысалы, жобаланған суландыру жүйесі аймағында
күрделі экологиялық жүйенің (өсімдік, жануарлар, топырақ, климат) өзара
əрекетінің барлық мүмкін болатын түрлерін зерттей келе, ғалымдар зерттеуді
мынадай кезеңдерге бөледі: 1) күрделі прототиптің ең маңызды элементтері
мен жай жүйелерін бейнелейтін негізгі абстракциялар жиынтығын табу; 2)
бақылаулар мен эксперименттердің көмегімен олардың арасындағы негізгі
байланыстар мен өзара əрекеттерді анықтау; 3) ауыспалы шамалары олардың
математикалық байланыстары жəне айналымдарымен қоса алғанда қарапайым
түрде болса да айқындалған абстракциялар мен байланыстарды бейнелейтін
тақырыптық теңдеулердің жүйесін құру; 4) ЭЕМ көмегімен теңдеулер жүйесін
шешу үшін математикалық бағдарлама жасау; 5) бастапқы теңдеулердегі
айнымалыларға əртүрлі сандық мəн бере отырып, олардан машиналық шешу
процесінде жаңа сандық мəндер алу; 6) осы соңғыларын зерттеліп отырған
жүйенің гидроирригация құрылысы жұмысының əртүрлі жағдайлар мен
режимдердегі болашақ жағдайының сипаттамасы ретінде түсіну.
Мұнда протиптің үлгісі ретінде теңдеулер жүйесі мен оларды шешу
процедурасы көрінеді. Прототип – бұл мыңдаған табиғи жəне техникалық
элементтер мен жай жүйелерді қамтитын материалдық жүйе болса, ал үлгі
математикалық жүйе болып табылады. Осы жəне осыған ұқсас өзге
жағдайларда үлгілеу методы мен жүйелілік принципі арасындағы терең
байланысты аңғаруға болады. Жүйелілік қағидаты бізді қоршаған
құбылыстардың күрделі жүйелерден құралатынын бекітіп қана қоймай, мұндай
жүйелерді зерттеу сəйкес жүйелік үлгілерсіз мүмкін еместігін дəлелдейді.
Мұндай үлгілер көбіне математикалық болып табылады жəне өзіне арнайы
бағдарламалар мен қазіргі тез қимылдайтын ЕЭМ-ын қолдануды қажет етеді.
Жүйелілік принципі сонымен қатар, жүйелілік үлгілеудің басты міндеті күрделі
прототипті дұрыс қарапайымдандыру жəне зерттеуге оңай үлгінің қарапайым
түрін құрастыру екендігін көрсетеді. Ол зерттеу барысында ешқандай ақпарат
жоғалтпайтындай оның күрделі жүйелік прототипке қайта өту мүмкіндігінің
міндетті түрде сақталу шартын қанағаттандыруы тиіс.
Үлгілеу методтары үлгінің типтері сияқты қазіргі ғылымда өте алуан түрлі.
Мұндағы жалпы философиялық жəне методологиялық мəселе əртүрлі
материалдық жəне белгілік жүйелердің өзара байланысын терең түсінуге
жетумен сипатталады. Бұл түсініктің негізі қарама-қайшылықтың өзара
байланысы мен тұтастығы, алуан түрліліктің бірлігі философиялық
принциптері болып табылатынын аңғару қиын емес.
Достарыңызбен бөлісу: |