Мәдениеттің мақсаты негізінен адамзаттың әр ұрпағының келесі ұрпаққа өлмес те, өшпес мұра қалдыру, олай болса, аталған Батыс п


(Шығ. тол. жин.,- Л.,1959,т.8, - 808 б.)



Pdf көрінісі
бет97/130
Дата17.09.2024
өлшемі3.17 Mb.
#503684
түріОқулық
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   130
Философия Оқулық (3)

(Шығ. тол. жин.,- Л.,1959,т.8, - 808 б.).
Сəулет өнерінің арқасында “екінші табиғаттың” құрамдас бөлігі – адам 
еңбегінің арқасында дүниеге келген жəне оның өмірі мен əрекеті сонда өтетін 
материалдық орта пайда болады. 


256 
Живопись (сұңғат өнері). Живопись өнердің ең ежелгі түрлерінің біріне 
жатады. Живопись өзінің қазіргі түсінігінде жазудың бір түрі ретінде 
қарастырылады. Өзінің не істегенін жазуға талпыну, графикалық түрде 
көрсетуге ұмтылу адамға əуел бастан-ақ тəн. Алғашқы қауымдық адамның 
жартасқа салған суреттері осыны дəлелдейді. “Живописьті өз ерекшелігінде 
ұғыну үшін, біз оның ең маңызды элементі – түсті назарға алуымыз керек. 
Живопись түсті жазу немесе жазу мен түстің синтезі болып табылады. 
Живописьтің толық анықтамасын алу үшін түс пен жазуға сызықты (линияны) 
қосуымыз керек: живопись – сызуы бар түсті жазу. Осылайша жазу, түс жəне 
сызу жинақталып живописьтің мəнін құрайды
” (Нұржанов Б.Ғ. Культурология: 
курс лекции. 77-бет.)
.Түсті, суретті, коммуникацияны, бояуды пайдалана отырып 
живопись табиғаттың, адамның өмірі мен əлеуметтік процестер туралы кең 
көзқарасты білдіріп, нақтылықтың колоритті байлығын, оның кеңістіктілігі мен 
материалистілігін бейнелейді. Материалдардың (түс пен сызу) белгілі бір 
бояушы пигменттерді таңдау нəтижесінде олардың қолдану техникасының 
жəне оларды байланыстырушыларының (май, желім т.б) жиынтығы живопистің 
əртүрлілігін тудырады: майлы живопись, сылақтағы живопись (фреска) жəне 
т.б. Көрерменге терең эмоциялық əсерін тигізетін живопистегі жанрлар 
(тарихи, тұрмыстық, пейзаж, портрет, натюрморт) мен түрлердің 
(монументалды-декоративті, станокты живопись немесе картина, икон жазу, 
панорама жəне диаграмма) адамдардың рухани мəдениетінің, дүниетанымының 
қалыптасуына ықпал етеді. 
Мүсін өнері (скульптура.) Мүсін өнері – құбылыстардың өмірлік бейнесін 
бере алатын, материалдарда таңбаланатын, əлемді пластикалық образдарда 
игеретін кеңістіктік-бейнелеуші өнер. Мүсіндік туындыларды мрамор, гранит 
жəне басқа тастардан қашайды, ағаштан ойып, саз балшықпен жабыстырады. 
Жұмсақ материалдар уақытша деп есептеледі, олармен жұмыс барысында онан 
ары сақталу үшін қоладан, шойыннан құю көзделеді. Адам мүсін өнерінің 
жалғыз болмағанымен ең басты обьекті. Анималистер жанурлардың бейнесін 
сомдайды. Дөңгелек мүсін адамды қоршаған ортаның бөлшектерін ғана 
бейнелейді. Мүсіннің барьелеф жəне горельеф сияқты түрлері живопиське, 
графикаға жақындайды.
Әдебиет. Әдебиет əлемді көркем сөзбен игереді. Оның саласына табиғи 
жəне коғамдық құбылыстар, ірі əлеуметтік катаклизмдер, халық бұқарасының 
қозғалыстары, тұлғаның рухани өмірі, оның сезімдері енеді. Барлық адамзаттық 
тілмен байланысты жəне тілге қатысты бар нəрсе адамға тəн. Халық тудырған 
тіл бүкіл тəжірибені өзіне жинақтайды жəне ойлау формасына айналады. 
“Тілдер – бұл жылнамалар үзінділерінде сақталмаған тарихи мəліметтердің 
қоймасы, тілдер – бұл өртенбейтін, жанбайтын, шайылмайтын, идеология 
ықпалына берілмейтін архив. Ата-бабалардың сансыз ұрпақ алмасуларынан 
бізге қалған басты интеллектуалдық мұра” 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   130




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет