Мәдениеттің мақсаты негізінен адамзаттың әр ұрпағының келесі ұрпаққа өлмес те, өшпес мұра қалдыру, олай болса, аталған Батыс п



Pdf көрінісі
бет105/130
Дата17.09.2024
өлшемі3.17 Mb.
#503684
түріОқулық
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   130
Философия Оқулық (3)

П.Сорокиннің мәдениеттің әлеуметтанымдық концепциясы. Питирим 
Сорокин (1889-1968) орыс жəне американ əлеуметтанымдық мектептерінің 
негізін қалаушы. Ол əлемнің барлық тілдеріне дерлік аударылған елуге жуық 
кітаптардың 
авторы. Ол 
өзінің 
макросоциологиясының 
шеңберінде 
өркениеттердің рационалды теориясының негізін қалады. Жəне бұл концепция, 
ең алдымен мəдениет типологиясы (өркениет) тұрғысынан қызық. Бұл 
концепция оның "Әлеуметтік жəне мəдени динамика", "Біздің дəуірдің 
дағдарысы" деген еңбектерінде айқын сипатталып, онда батыстық мəдениеттің 
дағдарыстық дхуалын суреттейді. 
Оның пікірінше "қазіргі дағдарыс экстраординарлық сипатқа ие. Бұл тек 
экономикалық немесе саяси олқылықтар емес, дағдарыс бүкіл батыстық 
мəдениет пен қоғамды, оның барлық басты институттарын бір мезгілде қамтып 
отыр. Бұл өнер мен ғылымның, философия мен діннің, құқық пен моральдың
өмір тəртібі мен əдеттердің дағдарысы. Бұл – неке мен отбасы формаларына 
дейінгі əлеуметтік, саяси жəне экономикалық ұйымдардың формаларының 
дағдарысы... бұл - батыстық қоғамға тəн ойлау т!əртібі мен жүріс-тұрыс 
қалпының, бүкіл өмірдің дағдарысы. Егер дəлірек айтсақ бұл дағдарыс соңғы 
төрт жүз жылғы батыстық мəдениет пен қоғамның негізін құрайтын 
формалардың күйреуімен сипатталады". М.Вебермен келісе отырып ол 
"мəдениет бір-бірімен ешқандай байланыссыз, қатар өмір сүретін алуан түрлі 
құбылыстардың жиынтығы ғана емес, бүкіл құрамдас бөліктерінің өн бойы 


275 
жалғыз негіз құраушы принциппен қамтылған жəне жалғыз əрі басты 
құндылықты білдіретін тұтастық немесе индивидуалдық болып табылады. Дəл 
осы құндылық барлық мəдениеттің негізі жəне ірге тасы қызметін атқарады", – 
деп есептейді. Сондықтан құрамдас құндылықтың біреуі өзгерген жағдайда
қалған өзгелері де осындай өзгерістерге ұшырайды. Мəдени типтердің 
құндылықтары қатарына ғалым мыналарды жатқызады: өнер мен ғылымның, 
философия мен діннің, этика мен құқықтың басым қасиеттері, əлеуметтік, 
экономикалық жəне саяси ұйымдардың, əдет-ғұрыптардың өмір тəртібі мен 
ойлаудың (менталитеттің) негізгі формалары. 
П.Сорокин мəдениеттің үш типін бөліп көрсетеді: идеационалды, 
идеалистік жəне сезімдік. Жалғыз нақтылық пен құндылық ретінде Құдайдың 
сезімнен тыс жəне ақылдан тыс екендігі туралы принципке негізделген 
мəдениеттің унификациялық жүйесін ол идеационалдық деп атайды. Бұл типке 
брахмандық Үндінің, буддистік, лаоистік мəдениеттерді, б.з.д. VІІІ-VІ 
ғасырлардағы грек мəдениетін жəне батыстың ортағасырлық мəдениетін 
жатқызады. П.Сорокиннің пікірінше, "ортағасырлық Батыс мəдениеті əртүрлі 
мəдени нақтылықтардың, құбылыстардың жəне құндылықтардың жиынтығы 
емес, барлық бөліктері объективті нақтылық пен маңыздылықтың тек бір ғана 
жоғары қағидатын білдірген жалғыз тұтастық болды: Құдайдың мəңгілігі, 
шексіздігі, ақылдан, сезімнен тыс екендігі, əлем жəне адамды жаратқан 
құдіреттілігі, əділдігі, əдемілігі".
Идеалистік мəдениеттің негізгі принципі объективті нақтылық жəне оның 
мəнін сезімталдықпен байланыстыру арқылы сипатталады. "Біздің тек 
көретініміз, еститініміз, иісін сезетініміз, сезім органдары арқылы 
қабылдайтынымыз ғана нақтылыққа жəне мəнділікке ие болады". Осы сезімдік 
нақтылықтан тыс ештеңе де жоқ, біз сезіне алмайтын нəрсенің болуы мүмкін, 
бірақ ол нақты еместің, өмір сүрмейтіннің эквиваленті. Мəдениеттің күйреп 
бара жатқан идеационалдық жəне туындап келе жатқан идеалистік типтерінің 
принциптерінің қосылуы, П.Сорокиннің пікірінше, Батыста XІІІ-XІV 
ғасырларда жүзеге асты жəне мынадай жаңа принципті қалыптастырды: 
объективті нақтылық жартылай сезімнен тыс жəне жартылай сезімтал. Мұндай 
идеалистік мəдени жүйе б.з.д. V ғасырда Грекияда өмір сүрді.
Бұл мəдениет жартылай сезіммен, жартылай ақылмен қабылданатын 
шексіздікті нағыз шынайы нақтылық жəне құндылық ретінде бекітіп
идеализмнің негізгі тұжырымдарын орнықтырды. Бұл мəдениет идеационалды 
жəне сезімдік типтердің арасында орналасады, өйткені, оның құндылықтары 
аспанға да, жерге де бірдей тиесілі. Алайда бірте-бірте идеационалды мəдениет 
күйзеліске ұшырап, ал идеалистік тип өзінің қарқынын күшейтті. Осылайша 
XVІ ғасырдан бастап жаңа принцип (əлемнің сезімділігі) үстемдік ете бастады, 
сонымен бірге, оған негізделген жаңа мəдениет, яғни объективті нақтылық пен 
оның мəні сенсорлы (сезімді) деген принципке негізделген жаңа сезімдік 
мəдениет қалыптасты. Соңғы төрт жүз жыл бойы мəдениеттің осы типі басым 
болды, алайда онда идеационалды мəдениеттің де элементтері кездесті. 
Кез-келген мəдениет тек бір ғана ұстанымға негізделген абсолютті таза 
күйінде өмір сүрмейді, онда бір басты қағидат қана басым болуы мүмкін. 


276 
Батыстық мəдениеттің сезімдік типі ХХ ғасырда күйрей бастады, ол өзінің 
жаратушы потенциалын тауысты. Оның орнына енді мəдени принциптердің 
кезекті интеграциясы келеді. Жəне жаңа интегралды мəдениет жаңа
шығармашылық дəуірге түседі. П.Сорокиннің пайымдауынша бұл барлық 
типтерді (идеационалды, идеалистік, сезімдік), мысыр, вавилон, грек-рим, үнді, 
қытай жəне т.б. мəдениеттерінің тарихынан кездестіруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   130




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет