Мәдениеттің мақсаты негізінен адамзаттың әр ұрпағының келесі ұрпаққа өлмес те, өшпес мұра қалдыру, олай болса, аталған Батыс п



Pdf көрінісі
бет120/130
Дата17.09.2024
өлшемі3.17 Mb.
#503684
түріОқулық
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   130
Философия Оқулық (3)

 
ПЫСЫҚТАУ СҰРАҚТАРЫ 
1. Адам өмiрiндегi дiннiң рөлi.
2. Қазiргi қоғамдағы дiни қақтығыстардың өршу себептерi туралы не білесіз? 
3. Дiни фундаментализм жəне оның себептерi.
4. Әлемде бiр дiндi қалыптастыру мүмкiн бе ?
5. Қазақтардың діни мəдениетінің қандай ерекшеліктерін білесіз? 
 
 
 
 
 
15-ТАҚЫРЫП. «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕЯСЫ МЕН «РУХАНИ 
ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ
Тақырыптың мақсаты: Қазақстанның ұлттық идеясын анықтайтын мемлекеттік 
бағдарламаларға философиялық талдау беру 


326 
15.1. Қазақстанның болашақ бағдарлары: «Мәңгілік Ел» және «Ұлы 
Дала» идеялары 
Қазақстанның болашақ бағдарлары «Мəңгілік Ел» жəне «Ұлы Дала» 
идеяларында, Елбасы Н.А.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: қоғамдық 
сананың жаңғыруы» мен «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаларында сарапталған.
Елімізде «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы мен «Мəңгілік Ел» 
Стратегиясы қабылданды. Енді осы бағдарды ұлттық идея тұрғысынан
философиялық түрде тұжырымдап өтелік.
Ғалымдар ұлттық идеяны ақыл таразысынан өтіп халықтың басым бөлігі 
қабылдаған ұлттық құндылықтар жүйесі деп түсінеді. Ұлттық идея Қазақстанда 
жүріп жатқан мəдени мұраларды жаңғырту үрдісі мен əлемдік өркениет 
ықпалымен туындаған жаһандану процесінің арақатынасында қарастырылуы 
тиіс. Соңғы үдерістің объективтік негіздеріне өркениеттің ақпараттық 
толқынының қарыштауы, Кеңес Одағы тарқағаннан кейін батыстандыру мен 
америкаландырудың жаңа пəрменге ие болуы, бұқаралық мəдениет үлгілерінің 
жаңа тəуелсіз елдерде барынша таралуы, этникалықтан өркениеттіліктің 
басымдылыққа ие болуы т.т. жатады.
Қазақстанда ұлттық идеяның қалыптасуына үш суперөркениеттердің
тоғысуында орналасуы (православтық, мұсылмандық жəне конфуцийлік), 
мəдени-əлеуметтік транзиттік, тоталитарлық жəне атеистік сана қалдықтары, 
номадалық діл архетиптері ықпал етеді. Басқа да ТМД елдерінде сияқты
Қазақстанда ұлттық идеяны іздеу амбивалентті құбылыс болып табылады. 
Қазіргі өркениеттік жəне ұлттық-рухани құндылықтарға қарай бетбұрыс
əлемдегі елу озық елдердің қатарына қосылуға себебін тигізе алады.
Шығыс халықтары ұлттық идеяларының құндылығы мəселесін
қарастыруда бірінші тұғырнамаға баяғыдан белгілі еуропоцентризм жатады.
Егер классикалық еуропоцентризим тек жалғыз Батыс өркениеттілігі бар,
басқалары «аборигендік», «жабайылық», «варварлық» деңгейден шыққан
жоқ жəне Шығыс мəдениеттерінің болашағы жылдам вестернизацияға
енумен айқындалады деген пікірлер төңірегінде өрбісе, онда қазіргі
жаһанданып келе жатқан жəне мозаикалы өркениеттерде аталған ұстаным,
əрине, мимикрияға ұшырайды.
Қазақтың ұлттық идеясына қатысты батысшылдық ұстындармен қатар
əсіре-исламдық тұғырнама туралы да айтып өткен жөн, əрине, біз бұл
жерде исламның қазақ мəдениеті үшін құндылығына, өркениеттік
функциясына күмəн келтіріп отырғанымыз жоқ. Алайда, діннің өзіндік 
құндылықтары мен діни қайраткерлердің пікірін ажырата білген дұрыс. 
Айталық, логика пəнінен дəріс оқитын ұстаздың қателіктері логиканың өзін 
төмендетпейді. 
Тарихтан Орта ғасырларда христиандық теологияның Еуропада білімнің 
барлық түрлерін өз қолжаулығына айналдырғаны белгілі. Сол себептен 
секуляризация қозғалысы Батыс Еуропада ой еркіндігіне де жеткізе алды. 
Қазақстан тəуелсіздік алғаннан кейін, əрине, діни қайта өркендеу басталғанын 
жəне осының оң құбылыс екендігін бəріміз білеміз. Атеистік жəне 


327 
тоталитарлық санадан арылу өте маңызды үдеріске жатады. Бірақ басқа 
мұсылман елдеріне діни білім алуға барған жастар көбінесе сол біліммен қатар 
бөтен өркениеттік сананың ықпалына да енді, төлтума мəдени құндылықтарға 
деген оларда нигилистік көзқарастар қалыптасты.
ХХ ғасырда қалыптасқан жаңа гуманизм идеялары бойынша «тұрпайы», 
«жабайы», «қиратушы», «дөрекі», «анайы» сияқты бағалау үлгілерін ежелгі 
тарихи нормаларға қолдану қазіргі адамның өзінің арғы тектеріне деген 
шовинизмі болып табылады. Осындай ұғымдардың орнына ежелгі қоғамды 
адамзаттың сəбилік шағы деп бағалау, қай жағынан алсаңда, əбден орынды. 
Тағы бір тарихи-мəдени паралельге назар аударайық. Х-ХІ
ғасырларда Орталық Азияда Ислам Ренессансының өзінің шарықтау
шегіне жеткенін «көзқамандардан» басқалардың бəрі аңғара алады.
Алайда моңғол шапқыншылығынан басталып, түркілердің өзара
этникалық тартыстарымен жалғасқан бұл үрдістер, Ш. Уəлихановтың
сөздерімен айтқанда, бұрын білім ордаларына, обсерваторияларға, т.б.
бай өлкеде кертартпа билеушілер мен дінибасыларына, «зындандар» мен
«кенеханаларға» толы иеліктермен аяқталды. Бұл тарихи санадан
айырылудан айдын көрінісіне жатады. 
Ежелгі көшпенділерге танылған «соғысқұмарлық» жəне «кісі өлтірушілік» 
туралы бірер сөз айтайық. Э. Фромм өзінің «Адамдық қиратушылықтың 
анатомиясы» атты еңбегінде «алғашқы қасқыр-адам» туралы мифті 
этнографиялық деректермен бекерге шығарады. Мəселе көнені идеализациялау 
туралы болып тұрған жоқ. Сұрақты былай қоюға болады: адам туа біте, өзінің 
табиғаты бойынша жақсылыққа ма, əлде зұлымдыққа ма бейім? Шынайы 
теология мен ғылым бұл жерде бірауызды жауап береді: адам – құдайдың 
таңдаулы пендесі, ең жетілген форма; жасанды кедергі жоқ жағдайда ол 
міндетті түрде өзінің адамгершілік мəнісін жүзеге асырады. Ал соғысқұмарлық 
пен кісіні өлтірудің сұмдық көріністерін ежелгі заманнан гөрі қазіргі тарихта 
көбірек кездестіреміз (ХХ ғ. екі дүниежүзілік соғыстар, этникалық геноцидтер, 
Балқан түбегіндегі, Камбоджадағы т.б. қырғындар). 
Ежелгі түркілік немесе арийлік көшпенділерде «бірге жерлеу» рəсімі 
болған шығар. Бірақ діни соғыстарда адам қанының судай тасығаны тарихи 
куəлік. Алайда, мəселе қатігездік деңгейінде емес, ал нақтылы тарихи-мəдени 
типтің адамдық өркениеттілік қорына қосқан үлесінде тұр деп білеміз. Сол 
«қатал дəстүрлің сақтар атақты «аң стиліменң өздерін бүкіл əлемге паш еткен, 
олардың арасынан шыққан ғұлама философ Анахарсисті ежелгі гректер 
«Әлемдегі жеті дананың бірі» деп мойындаған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   130




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет