328
қалған ұлттық мəдениетіміз бен өркениетіміздің
баға жетпес асыл мұраларын
заңды иесіне қайта ұсынуға талпынған Қазақстандық ғалымдардың еңбегі зор.
Сондықтан біздің философиялық ізденісіміздің негізгі міндеті - əлемдік
өркениеттер тарихынан ерекше орын алатын жəне өзіндік шежіресі мол
көшпелілердің
даланың
өркениетіне
тарихи-философиялық
жəне
методологиялық түсіндірме беру.
Қазақтың жəне оның ата-тектерінің əлемдік өркениеттілік дүниесіне қосқан
басты құндылықтарға жататындары:
1) Еуразиялық көшпелілер кеңістікті игеруде адамзат тарихындағы бірінші
жетістікке жетті.(К. Ясперс атап өткен жылқыны үйрету)
2) Номадалар адамдандырылған қоршаған ортаны кеңейтті, шөл мен
шөлейттерді үйлесімді игере алды.
3) Еуразиялық көшпелілер тарих катализаторлары қызметін атқарды,
олардағы миграциялық үрдістер жаңа өркениеттердің
қалыптасуының себебі
болды.
4) Ұлы жібек жолы жəне басқа да мəдени коммуникациялық жүйелер
арқылы ілкі түркілер мен түркілер Батыс пен Шығыстың арасында дəнекерлік
қызмет атқарды, олардың сұхбатына себепкер болды.
5) Қазақтың арғы тектері əлемдік өркениеттіліктің шалбар, алдаспан, киіз
үй, күйме, металл өңдеу, зергерлік, ұсталық
сияқты артефактыларын
алғашқылардың бірі болып енгізді.
6) Түркілердің əмбебапты дүниетанымдық жүйесі – тəңіршілдік адамдық
ынтымақтастықпен келісімдіктіңғ маңызды формасы болды.
7) «Адам бол» ұстанымы, əлемді жарық деп түсіну адамның көңіл күйіне
мəн беру, ғарыш жəне басқа адамдармен үйлесімділікте болу жасы келгендер
мен баланы қастерлеу сияқты қазақ дəстүрлі əдебінің құндылықтары қазіргі
руханиятта ерекше орын алады.
2014 жылы 11 қараша күні Қазақстан халқына арнаған өзінің «Нұрлы
Жол» Жолдауында Президент Н.Ә. Назарбаев ел тағдырын алдағы күрделі
жылдарда айқындайтын терең идеяларды ұсынады. Экономикалық мəселелерді
айта келе, Елбасы, бұрын өзі ұсынған, «Қазақ елі мəңгілік»
ұстанымын ұлттық
идея ретінде тағы да дəлелдеп береді: «Біз Жалпыұлттық идеямыз – Мəңгілік
Елді басты бағдар етіп, тəуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға
айналдырдық.
Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы жолда
бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Məңгілік Ел –
елдің
біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан 2050»
стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас
идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық Патриотизм дегеніміздің өзі – Мəңгілік
Ел! Ол – барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы»
Достарыңызбен бөлісу: