Мәдениеттің мақсаты негізінен адамзаттың әр ұрпағының келесі ұрпаққа өлмес те, өшпес мұра қалдыру, олай болса, аталған Батыс п



Pdf көрінісі
бет128/130
Дата17.09.2024
өлшемі3.17 Mb.
#503684
түріОқулық
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   130
Философия Оқулық (3)

(Кішібеков Д. Кочевое общество: 
генезис, развитие, упадок. - Алма-Ата: Наука, 1984. – 324 с.).
Оған халық бейсаналық түрде қарсыласуда (мемлекет, зиялылар 
тарапынан саналы əрекеттер болмаса да). Осыдан барып, халықтың 
психикалық көңіл-күйі нашарлауы, зарлы үні, ыза-кек тууы, т.б. аффекттер 
көрініс алады. Халық дағдарыстан шығуға рухани серпіліс, күш ала алмайды.
Шынымен де, дəстүрімізге, ұлттық мəдениетімізге үңілсек, халықтың не 
нəрседен "мөлшер" принципін, гармония заңын ұстағанына қайран қаласыз. 
Ал ХХІ ғасыр осыны – гармония, даналық, тұтастық, универсалдықты қажет 
етіп отыр. Қазақ менталитетінде дуализм, антагонизм (бір нəрсені абсолюттік 
дəрежеге көтеріп жіберу тым табынып кету) жоқ, тепе-теңдік бар.
Рухани тəуелсіздіктің философиялық мəнін адамның дүниеге көзқарасы 
жүйесінен іздеу қажет. Біздің рухшылдығымыздың бастауы сонау ежелгі 
қытай философы Конфуцийден, орта ғасырдағы Әл-Фарабиден, кейінгі 
Абай мен Шəкəрім идеяларынан нəр алды. Олардың негізгі ойлары 
антропоцентризм философиясының : Әлемнің тірегі адам деген тұжырымның 
төңірегінде болды. 
«Өзіңді таны жəне өзгерт» - бұл даналақтың үлгісі, халқымыздың ойлау 
жүйесінің өзекті мəселесі. Өзін-өзі шыңдау, жасампаздық – адамның өзіндік 
дамуының мəңгілік процесі.
Қазір "модернизация" термині де жиі қолданылып жүр. Яғни сөзбе сөз ол 
ұлтты қазіргі заманға бейімдеу, уақыт талабына сай жетілдіруді білдіреді. 
Әрине, бұл термин де əлі жан-жақты қаралуы керек. Жалпы мағынасы дұрыс 
болғанымен (ұлттың тарих көшінен қалып қалмауы, замана талабына сəйкес 
жұмылып, дамуы, т.с.с.), "қазіргі заман" деген желеумен озық тəжірибемен 
қатар, зиянды, ұлт діліне, руханиятына нұқсан келтіретін əдет-ғұрыптар, 
түсініктер де таралуын естен шығармауымыз керек. Қазіргі социология, 
философия осы "модернизация да əр түрлі аймақтық, өркениеттік 
варианттары бола беретінін, (əсіресе Шығысқа тəн), ол этникалық, діни, 
менталитеттік ерекшеліктерді ескеруі қажет екенін мойындайды, қысқасы, 
модернизация – ұлтсыздану, батыстану (немесе орыстану – кешегі КСРО) 
емес. Бұл жерде Шығыс халықтары, мұсылман əлемі қазіргі заманғы деп 
аталатын (түбін қусаңыз, əрине, еуропалық-батыстық) құндылықтар мен 
дəстүрлі, тұл қасиеттерді ұштастыруда белгілі бір тəжірибе жинаған. 
Қазақ халық өз тарихында бірнеше түбегейлі трансформация дəуірлерін 
басынан кешірді. Негізінен ол бізге белгілі екі үлкен белес, күрделі, 
өзгерістерге толы кезең: 1) мұсылмандануға байланысты, орта ғасырда 
болған араб-мұсылман əлеміне ену; əлемдік монотеизм дəстүрін игеру; 2) 
еуропалық өркениетпен араласудан басталған қазіргі күнге дейін жалғасып 
жатқан əлемдік өркениетке кіріп, өз орнын табу (ХІХ-ХХІ ғғ.).
Жалпы осы тарихи эволюция, ұлт трансформациясына байланысты бір 
нəрсені дұрыс түсіну керек: əр түрлі идентификациялар дұрысында бір-бірін 
жоққа шығармай, үйлесе беру керек. Сондықтан ұлттық интеграция мен 
жалпықазақстандық, еуразиялық, əлемдік жаһандануды бір стратегия ішінде 


342 
қарау, бірегейленудің екі деңгейі бар деу (азаматтық-саяси жəне қазақтық-
ұлттық), вестернизация өрісіндегі қазақстандық төлтума мəдениетті қорғау 
мəселесін айтуы – орынды.
Ұлттық мəдениеттің трансформациясының кезеңдеріне қысқаша 
тоқталсақ, онда ортағасырда əлемдік дінді қабылдауға байланысты оның 
өзгеруі ізгі салдар туғызып жəне халықтың этнопсихикасына бəлендей 
қайшылыққа келмей өтті. Оның себептері əртүрлі: көшпелі түркілер мен 
мұсылман халықтардың əлеумет-экономикалық деңгейі арасында үлкен 
айырмашылықтың 
болмауы 
араб, 
парсылар 
мен 
түркілердің 
этнопсихологиясында белгілі бір үйлесім болуы, т.б. Ал ең басты себебі – 
ислам өркениетінің ол кезде рухани сипатта болуы, этикаға негізделуі. 
Сондықтан онымен байланыс арқылы прогресс, ілгері басу анық байқалды, 
шапағат келді. Философия, мистицизм, ғылымдар, өнер, білім жедел 
қарқынмен дамып, түркілер "Мұсылман ренессансына" терезесі тең жұрт 
ретінде ат салысты. Бірақ, сол ислам дініне байланысты дəстүрдің 
жаңаруының өзі мүлде қайшылықсыз өтті деу қиын.
Қазіргі постмодерндік қоғамдастықта тұлғаның төмендегідей қасиеттері 
жоғары бағаланады: автономдық, атомарлық, жасампаздық, еркіндік
шығармашылық. Осындай дара тұлға үшін ең басты – "құлдық ділден“ 
арылу. Ол “коллектившілдік нарциссизмнің “ де мəнісін түсінеді. 
Орталықсыздандырылған дискурс постмодеріндік əлеуметтік мəдениеттің 
басты белгісіне жатады. Адам – негізгі капиталға айналды жəне бұл жай 
айтыла салған сөз емес. Бір мысал келтірейік. Американдық ғалымдардың 
санағы бойынша, ол елдегі жинақталған адам капиталы 45 трлн. долларды 
құрайды екен. Бүкіл АҚШ корпорацияларының табысы 1985 жылы 12 трлн. 
доллардан сəл артық байлықты құрастырған екен. АҚШ университеттерінде 
бір бітірушіні дайындауға 1 млн. доллардан артық қаржы жұмсалады екен. 
Осыны қазіргі Қазақстан оқу орындарында əр студентке бөлінетін 5 мың 
доллардай қаржымен салыстырып көріңіз. Мəдениеттанушы Б. Сатершинов 
постмодеріндік əлеуметтік құрылымды жоғары бағалады. “Мəдениеттаным 
үшін постиндустриалды қоғамның “постэкономикалыққа” айналуының өзі де 
маңызды құбылыс болып табылады. Нарықпен реттелген бұрынғы 
материалдық игіліктер мен қызметтер өндірісіне қоса “адам өндірісі” 
секторы ерекше мəнге ие болды. Рухани өндіріс “адамдық ықпалға” бет 
бұрып, негізгі мақсатқа жəне жетекші компонентке айнала отырып
доминантты рөл атқара бастады. Жеке корпоративтік жəне индустриалды-
капиталистік меншікпен қатар рухани құндылықтармен өлшенетін 
интелектуалды-индивидуалдық жəне постиндустриалдық меншік қалыптаса 
бастады. Өндірістік саладағы нарықтық қатынастар жаңа социомəдени 
ықпалдарға жол берді: тұлғаның интеллектуалдық шығармашылық жəне 
əлеуметтік потенциалын, материалдық өндіріске бөлінетін шығын мен қаржы 
ғылым, білім беру, əлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтауды 
арттырды, олар бірте-бірте өндірістік корпорациялар мен бизнесмендерге 
емес, зерттеу мен дамудың корпорацияларына, институттар жəне 
университеттерге көшеді” 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   130




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет