Мәдениеттің мақсаты негізінен адамзаттың әр ұрпағының келесі ұрпаққа өлмес те, өшпес мұра қалдыру, олай болса, аталған Батыс п



Pdf көрінісі
бет18/130
Дата17.09.2024
өлшемі3.17 Mb.
#503684
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   130
Философия Оқулық (3)

Атомистер ілімі. Бұл бағытқа ежелгі грек ойшылдары Левкипп
Демокрит, Эпикур жəне Ежелгі Рим өкілі Лукреций Кар т.б. жатады. Бұл 
ойшылдардың шығармаларында кейін материалистік бағыт деп аталып кеткен 


40 
дүниетанымдық көзқарас толығымен қалыптасып, өзіндік ерекшеліктері бар 
философиялық ілімге айналды. Атомистік бағыттың қалыптасуына үлкен үлес 
қосқан ойшыл Левкипп (шамамен б.д.д. V ғ.) болды. Ол əлем бөлінбейтін ұсақ 
бөлшектерден, “атомдардан” тұрады жəне олар бос кеңістікте алқұйын 
қозғалыста болады да, бір-бірімен байлынысқа түсіп, жеке денелерді құрайды. 
Космостың өзі шексіз көп əлемдерден тұрады, олар бір-біріне ауыспайды, бірақ 
əрқайсысы жеке алғанда пайда болып, даму шыңына жетіп, жоғалып жатады. 
Левкиптің бұл пікірлері демокрит ілімінің қалыптасуына зор əсер етті. 
Демокрит (шамамен б.д.д. 460-371 жж.) 70-тен астам шығармалар жазған: 
“Пифагор”, “Планеталар туралы”, “Табиғат туралы”, “Ақыл-ой туралы”, 
“Үлкен əлем құрылысы”, “Кіші əлем құрылысы” т.б. 
Демокриттің ілімінше, дүниенің бастамасы – атомдар (шын болмыс) жəне 
бос кеңістік (бейболмыс). Болмыс пен бейболмыс бір-біріне қарама-қарсы 
құбылыстар. Егер болмыс өзіндік пішіні бар жəне ол өте тығыз болғандықтан 
бөлшектенбейтін атомдардан тұратын болса, бейболмыс - өзіндік пішіні, түрі 
жоқ, шексіз бос кеңістіктерден тұрады. Болмыс – сансыз көп ұсақ бөлшектердің 
жиынтығы. Ұсақ бөлшектер – атомдардың негізгі қасиеттері: мəңгі бөлінбейді, 
өзгермейді, өзіне өзі тең (ұсақ), қоғалмайды. Бұл қасиеттер атомдардың ішкі 
мəні. Ал олардың сыртқы қасиеттеріне өзіндік пішін, түрлерінің жəне көлемінің 
болуы жатады. Атомдар шар, бұрыш, қармақ, ойма т.б. тəріздес болады. 
Атомдарды бос кеңістік бөліп тұрады. Атомдар бос кеңістікте өз табиғатына 
тəн үздіксіз қозғалыста болады, бір-бірімен соқтығысқанда, өздерінің қозғалыс 
бағыттарын өзгертеді. Атомдарда бояу түрлері, иіс, дыбыс т.б. Сияқты сезімдік 
қасиеттер жоқ. Бұл қасиеттер атомдар адам түйсіктерімен кездескенде ғана 
пайда болады. Демокрит алғашқылардың бірі болып сезімдік қасиеттедің 
субъективті түрде болатындығын айтқан ойшыл. 
Атомдар бос кеңістіте соқтығысып, бір-бірімен бірігіп жəне байланысып, 
заттар əлемін құрайды. Атомдар өзгермейтін мəңгі болса, олардан құралған 
заттар уақытша, өтпелі жəне өзгерісте болады. Денелердің пайда болуын
Демокрит былай түсіндіреді. Бос кеңістіктегі атомдардың тығыздығы əртүрлі 
болғандықтан, оның бір бөлігінде тығыз орналасқан атомдар құйындатып 
қозғалысқа түседі де, ортасында ауыр салмақты атомдар, ал шетке таман – 
жеңіл салмақты атомдар топтасып, əртүрлі денелер пайда болады. Мысалы, жер 
мен аспан ауыр салмақты атомдардан жаратылған. Ал аспаннан – от, ауа жəне 
ауа құйындап қуып жүрген жұлдыздар пайда болады. 
Тіршіліктің шығуын Демокрит табиғи заңдылықтардың салдары деп 
түсіндіреді. Бұл жерде ешқандай да жоғары күштердің де жандары бар. Жандар 
шыққан қайнар көз бар тіршілікті тудырған – жылулық. Жандар əр түрлі 
болады. Космостың жаны жоғары деңгейе емес, одан гөрі жануарлардың жаны 
жылылықты көбірек қабылдағандықтан əлдеқайда жоғарырақ. Ал адамның 
жаны болса, ол ең жоғары сатыда тұр, себебі, онда жылумен қоса, от та бар. 
Басқаша айтқанда, адам мен жануарлар жандарының айырмашылығы – біріне 
ақыл тəн болса, екіншісінде ол жоқ. Ал жанның ақылдылығы мен ақылының 
жоқтығы оның өз бойына қабылдаған жылуының мөлшеріне байланысты. Олай 


41 
болса, жан – атомдарың жиынтығы. Демокриттің ілімінде ақылды жан – “сана” 
ұғымымен синонимдес ұғым. 
Өмір сүрудің қажетті жағдайы – дем алу. Жан атомдары дем алу арқылы 
қоршаған ортадан өздеріне керекті от атомдарын қабылдаса, дем шығарғанда, 
жанның кейбір атомдары денеден шығады, оның толық шығып кетпеуіне 
қайтадан алған дем кедергі болады. Дем алмай, тек дем шығарылса, онда дене 
өледі, себебі жан атомдары деммен бірге денеден толығымен шығады. Денеден 
шыққан жан атомдары ауада шашырап кетеді. Сөйтіп, денемен бірге жан да 
өледі 
Демокриттіі пікірінше, шын мəнісіне өмір сүретін атомдар, бос кеіістік 
жəне олардан туындайтын заттардан басқа, адам ақыл-ойында да өмір сүретін 
құбылыстар бар. Олар – пікір арқылы қалыптасқан сезімдік қасиеттер (дəм, 
бояу түрлері, иіс т.б.). Бұл қасиеттер шындығында өмір сүрмейді, олар сезімдік 
заттарға тəн емес, олар тек адамдардыі пікірінде ғана бар құбылыстар. 
Осы екі түрлі құбылыстардың өмір сүруіне сəйкес танымның да екі түрі 
болады: 
а) сезім мүшелері арқылы танып-білу. Олардың берген мəліметтері 
көмескі білім болғандықтан олардың ақиқатты тануда ешқандай пайдасы жоқ; 
ə) ақыл-ой арқылы алған білімдеріміз заңды туылған білім болғандықтан, 
оның ақиқат туралы пайымдаулары дұрыс болады. Себебі, дүниенің алғашқы 
бастамасы атом мен бос кеңістікті сезім мүшелері арқылы көріп-біле алмаймыз, 
ал олардың мəнін, табиғатын түсіну үшін ақыл зер салып ойлануы керек. Дей 
тұрғанмен де, Демокрит сезімдік танымды ақыл-ой танымына қарсы қоймайды. 
Ақыл-ой сезімдік таным арқылы алған ақпараттарын əрі қарай өрбітіп, 
қорытынды жасайды. 
Жалпы 
таным 
үдерісінің 
ақиқатқа 
жетудегі 
қайшылықтарын, 
қиындықтарын түсінген демокрит, танымның субъектісі болу кез-келген 
адамның қолынан келмейді, ол тек данышпандарға ғана тəн деп есептейді. 
Данышпандар сабырлылық, үйлесімділік, симметрия, алаңсыз тыныштық, 
қызықпаушылық, əділдік т.б. Осы сияқты моральдық қағидаларға сүйеніп, 
философияға беріліп, елеусіз өмір сүруінің арқысында мəнділіктің мəнін, 
табиғатын дұрыс түсініп-білуге мүмкіндік алады. Егер барлық адамдар осы 
моральдық қағидаларды басшылыққа алып өмір сүретін болса, онда заңның 
қажеті болмас еді деп түйеді Демокрит. Заңды адамдар ойлап тапқан, ол 
тобырларды өз қолында ұстап тұру үшін қажет. 
Демокрит қоғамның дамуы жəне мемлекет мəселелері туралы соны 
пікірлер айтқан. Адамда аңға ұқсас кезінде аңдар сияқты өмір кешті (əр 
қайсысы жеке өмір сүрді, бір-біріне көмектесуді білмеді, жеміс-жидек жеп қана 
күн көрді т.б.), Ал аң сияқты қалыптан мұқтаждықтың арқасында өркениетке 
өткенде, олар бір-біріне көмектесіп, бір жерде жинақталып, үңгірлерде, 
ағаштың қуысында өмір сүрді. Бұл кезде олар патшасыз, əскербасыларсыз, бір-
бірімен соғыспай, ұрлықсыз, қарапайым да еркін өмір кешті. Кейінірек келе 
отты пайдалана алатын болды, қулық-сұмдықтар да көбейді, осымен қатар өнер 
де пайда болды. Осы айтқан жағдайға адамдарды мұқтаждық пен өздерінің 
тəжірбиелері жеткізді. Адамдар əлімсақта сөйлей алмайтын-ды. Адамдардың 


42 
бір-бірімен араласып, қарым-қатынасқа түсуінің арқасында түсініксіз дыбыс 
шығарудың орнына сөз арқылы қатынас орнады. Сөйтіп, тіл пайда болды. Тіл 
көптүрлі болып, адамдардың тұрған ортасына қарай қалыптасты. 
Дін де тіл сияқты тарихи құбылыс. Алғашқы кезде дін болмаған. Діннің 
шығуына себеп болған – адамдардың табиғаттың дүлей күштерінің себебін 
білмей қорыққандығы. Құдай деп жүргеніміз шын мəніндегі құдайлар емес, тек 
олар туралы қалыптасқан бейнелер ғана. 
Платон (б.д.д 427-347 жж) Сократтан дəріс алған, оның ілімін əрі қарай 
жалғастырушы, өзінің терең де мағыналы философиялық ойларымен жалпы 
философия ғылымының дамуына үлкен əсер еткен ғұлама-ойшыл. Платон оның 
лақап аты (жалпақ, кең деген мағына береді), шын аты – Аристокл. 20 жасында 
Сократтан дəріс алған, кейін Афинада Гекадем (гректердің батыр құдайы) 
атындағы гимназияда ұстаздық етеді. Бұл мектеп алғашқыда гекадемия деп, 
соңғы кезде академия деп аталынады. Негізгі шығармалары: “Апология” 
(Сократты қорау), “Китон” (заңды сыйлау туралы), “Кратил” (тіл туралы), 
“Федон” (əділеттік туралы), “Мемлекет” (идеялар теориясы), “Теэтет” (білім 
туралы), “Тимей” (космогония), “Заңдар” т.б. 
Платон пікірінше, шын болмыс – ақылмен ғана білуге болатын денесіз 
идеялар əлемі. Платонның болмысы парменидтікіндей біртұтас болмыс емес 
керісінше, өздеріне тəн идеялары бар рухани көпшілік. Әр идея өз алдына мəңгі 
жəне өзгермейді, ол өзіне өзі тəн. Идеялардың саны көп, бірақ шексіз емес. 
Әлемде қанша бір тектес, бір-біріне ұқсас заттар, құбылыстар, процестер, 
қатынастар т.б. көп болса, соншама идеялар бар. Идеялар бір-бірімен тек қана 
қарым-қатынасты емес, сонымен бірге бір-біріне бағынышты, немесе бірнеше 
түрлі идеялар бір ортақ идеяға бағынышты қатынастарда болады. Платон 
рухани əлемнің жеке-жеке идеялары туралы айтқанда, көбінесе “эйдос” деген 
ұғымды қолданады. Ежелгі грек тілінде идея да, эйдос та бір-біріне ұқсас 
мағына береді: түр, пішін, кейіп, тəсіл т.б. эйдостар сезімдік заттар үшін бір 
мезгілде əртүрлі міндет атқарады: 1. Себептілік. 2. Заттардың жаратылу кескіні 
үшін үлгі. 3. Заттардың түпнегізін бейнелейтін ұғым.
Материалдық денелер өзгермелі, құбылмалы, ал эйдостар (идеялар) мəңгі, 
өзгермейді, сондықтан Платон оларға қосымша тағы бір ұғым – “хораны” 
(материя) кіргізді. Хора-материя көрінбейтін, түрсіз, еленбейтін, өзіне өзі тең 
құбылыс. Бірақ ол кез келген түрді қабылдап, пішінделген (түрленген) материя 
болуға қабілетті. Оны денелі, немесе денесіз деп айтуға болмайды. Платонның 
материясын танып-білуге болмайды, ол бейболмыстың бір түрі. Осыған 
қарамастан, материя көп түрліліктің, жалқылықтың, заттанудың, өзгерістердің, 
туу мен өлімнің, табиғи қажеттіліктің, жамандықтың жəне еріксіздіктің қайнар 
көзі. Материя мəңгі, ол өмірге идея (эйдостар) арқылы келмейді. 
Платон материяның бұл түрінен физикалық материя түрін ажыратып 
қарастырады. Физикалық материя антикалық көзқарастарда қалыптасқан төрт 
түпнегіз – от, жер, су, ауа – түрінде өмір сүреді. Сезімдік заттар – 
заттандырылған идеялар мен материяның туындылары. Материалдық денелер 
өзгермелі: уақытша дүниеге келіп, мəңгі жоғалып жатады. Заттар иеялармен үш 
түрлі байланыста болады. Біріншіден, заттар өзінің идеяларына ұмтылады, сол 


43 
идеяларға ұқсатуға тырысады. Екіншіден, əрбір затта идеяның бөлшектері бар, 
сондықтан заттар өз идеялары сияқты болады. Бұл пікірді былай деп 
түсіндіруге болатын сияқты. Егер заттар өз идеяларынан басқа болса, онда 
олардан бөлек жəне жоғары сатыда тұрған, заттар мен идеяларды біріктіретін, 
тағы бір идея болуы керек. Мысалы, адам идеясы мен адамнан басқа, осы 
екеуін біріктіріп қамтитын үшінші адам идеясы болуы керек. Үшіншіден, 
сезімдік əлемдегі заттар оң идеяларымен бірігіп кетеді. Себібі заттар 
идеялардың көлеңкесі, олардың бейленуі, ал идеялар – заттардың алғашқы 
түрлері, пішіндері. өзінің осы ілімін түсіндіру үшін платон “үңгір” туралы 
аллегориясын келтіреді: адамның өмірі үңгірде өмір сүретін адамдардың 
қоршаған ортаны танып-білуімен өте ұқсас. Үңгірдегі адам затардың өзін емес, 
тек олардың көлеңкесін ғана көріп таниды жəне оларды табиғаттың шын 
құбылысы екен деп есептеп, үңгірден сыртқа шыққанда шынайы құбылыстарды 
көріп, оларды шын мəніндегі заттар ретінде мойындамайды, осы пікірдің қате 
екендігін түсіндіріп айтқан адамды жынды сынап, өлтіруге дейін барады. 
Платонның ілімі бойынша идея мен материядан басқа үшінші бастама – 
əлемдік рух, немесе космос рухы шығармашылық күштің, қозғалыстың, 
тіршіліктің, жанның, сананың жəне таным процесінің қайнар көзі ретінде 
идеялар əлемі мен заттар əлімін қосып, байланыстырады ол заттарды идеяға 
ұқсауға, ал идеяларды заттарда болуына көндіреді. Осы екі əлемді біріктіріп, 
байланыстыру үшін космостық рухтың өзі қарама-қайшылықта болуы керек. 
Шынында да, ол қарама-қарсы үш бөліктен тұрады: бірінші – өзіне өзі тең бөлік 
(идеялар əлемі), екіншісі – өзгермелі бөлік (материя) жəне үшіншісі – сол 
екеуінің қосындысынан тұратын бөлік (сезімдік заттар əлемі). Космосқа рух 
беретін – демиург. Ол космостың мəңгі бастамасы, себебі жəне жүйеге 
келтіруші. Әлемдердің пайда болу себебі – демиругтің жігері. Олай болса 
космос – демиург жігерінің материя арқылы заттандырылуы жəне сол əлемнің 
тірі организмдерге айналуы. Космостың тіршілік иелерінікі сияқты арқылы мен 
жаны бар. 
Космостық денелер материядан (от, жер, ауа, су) тұрады. Бұл түпнегіздер 
əртүрлі пішінді болғандықтан, өзара байланыса келіп, көптүрлі денелер 
құрайды жəне жоғарыда айтқандай өзіне өзі тең бөлікпен (идеялар əлемі) 
өзгермелі бөлікті (материя) қосып космос рухын дүниеге келтіреді. Космос 
рухы, немесе əлемдік рух екі түрлі (ішкі жəне сыртқы) қозғалысты тудырады. 
Сыртқы қозғалыспен – күн, ай планеталар қозғалады. Бұл əлемдік рухтың 
бірінші қызметі. 
Космос рухының екінші қызметі – танып-білу. Ол өзіне-өзі тең бөлігінің 
біріккен бөлігі арқылы заттар əлемі танып біледі. Ал адамдардың денесі төрт 
түпнегіздің қосылуынан жаралғандықтан, өлгеннен кейін олар космосқа қайтып 
оралады. Дененің басты міндеті – жан орналасатын қорғап болу ғана, 
сондықтан ол жанға тəуелді, оның құлы. Жан тіршіліктің (өмірдің) идеясы 
ретінде мəңгі. Дене өлгеннен кейін ыдырап космосқа кері қайтса, жан аспанға 
он мың жылдан кейін (əлемдік бір жыл) ғана оралады жанының өзі əртүрлі 
болады. Бір түрі – философия арқылы тазарып денесіз өмір сүретін жандар 
болса (бұл жандар қатарынан үш рет философтардың денесіне енуі мүмкін), 


44 
екіншсі – өз өмірін қиянатсыз, бірақ философтардан бір саты төмен өмір сүрген 
адамдардың жандары жəне үшіншісі – күнаһар өмір сүрген адамдар жаны. 
Демируг жаратқан жандар аспанда болған кезінде идеялар əлемін көріп, 
танып-біледі, бірақ жерге түсіп, адамдардың денесіне орналасқанда көрген-
білгеннің бəрін ұмытып қалады. Осыған келіп, платон таным процесі – ол 
жанның ұмытып қалған идеялар əлемін еске түсіруі деп деп қорытынды 
жасайды. Материалдық денелер идеялардың бейнесі болғандықтан, жан оларды 
көргенде ұмытып қалған идеялар əлемі туралы білгенін есіне түсіреді. Жанның 
осы жолмен алған білімі нағыз ақиқатқа жатады. Аспан əлемінің гармониясын 
зерттейтін ғалымдар арқылы алған білім ақиқатқа жақын, себебі олар идеялар 
əлемі туралы тікелей білім бермесе де, соған жақындатады. Ал сезімдік денелер 
туралы күнделікті тəжірбие арқылы алған білім шындыққа жанаспайды, себебі 
ол болмыс (иедялар əлемі) туралы білім емес, олардың көлеңкесі туралы 
алынған білім. Осыдан келіп, платон сезімдік танымның ақаиқатты тану 
жолында ешқандай маңызы жоқ, себебі түйсіктер арқылы алған деректер 
заттардың өзіндегі құбылыстар туралы білім емес, тек адамдардың пікірінде 
ғана қалыптасқан ұғымдар. Ал заттардың көзге көрінбейтін шын мəнін 
(идеясын) тек ақыл-ойдың (жанның) күші арқылы білуге болады. Сондықтан 
шын ақиқатты түсіндіріп білу үшін, ол заттар əлемінен аластатылып, жанның 
идеялар əлемінде көрінгендерін есіне түсіруге мүмкіндік алуы керек. Бұл жолда 
оған эрос көмектеседі, себебі ол адамдарды шығармашылыққа жетелейтін 
құдыретті күш. 
Идеяны, эросты басшылыққа алған өмір, өнегелілік идеясын (игілік, 
қайырымдылық) жүзеге асырады. Ол тек рухани махаббат (Платонша махаббат 
дегеніміз осы) негізінде ғана мүмкін. 
Игілік (қайырымдылық) дегеніміз жанның реттілігі мен гармониясы. 
Платонның түсінігінше, данышпандық, естелік жəне əдеттілік. Бұл игіліктер 
адамдардың бəріне бірдей дарымайды. Осы игіліктердің даруына қарай 
қоғамдағы əлеуметтік топтарды үш топқа бөлуге болады. Олар: игіліктердің 
төрт түрінің дарыған философтар, сондықтан олар мемелекетті басқарулары 
керек; данышпандықтан басқа қалған үш игілік дарыған – əскербасылар т.б. Ал 
игіліктің соңғы екеуі ғана дарығандар – қолөнершілер, шаруалар, саудагерлер 
т.б. Осы аталған əлеуметтік топтардың əр қайсысы мемлекетке пайдалы жəне 
өте қажет. Сондықтан мемлекет өз тарапынан азаматтарын игілік рухында 
қалыптастыруға, тəрбиелеуге жағдай жасауы керек. Идеалды мемлекетте 
жоғарыда аталған үш əлеуметтік топ бір-бірімен жарасып, əр қайсысы өз ісімен 
айналысады да, мемелекетте қайырымдылық (игілік) орнайды. өзінің идеалды – 
мемлекет идеясын жүзеге асыруға (Дионисияда, қазіргі Сицилияда) тырысқан 
Платонның іс-əрекеті сəтсіз болды. 
Платон мəдениет тарихында өшпен із қалдырған ұды ойшыл. Оның 
көптеген ой-пікірлері кейінгі ұрпақ - философтарға үлкен ықпалын тигізіп, 
күні бүгінге дейін өміршеңдігін көрсетіп келеді. 
Ежелгі Грекия философиясының биік шыңдарының бірі ұлы ғұлама 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   130




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет